Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B06103 Компьютерлік инженерия в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Математика-1 (Mатематикалық талдау, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика)
    Несиелер: 9

    «Математика-1» пәнін меңгерудің мақсаты: математикалық талдау және ықтималдық теорияларының есептері мен теоремаларын, әдіс-тәсілдерді, қолданбалы математика мен информатика есептерін шешуге қолдану дағдыларын меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік
    Несиелер: 5

    Мақсаты: экономикалық ойлау тәсілін; коммерциялық іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға бағытталуды қалыптастыру үшін қажетті өз бизнесін құрудың теориясы мен практикасы саласында базалық білімдерді қалыптастыру. Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнестің ішкі және сыртқы ортасының негізгі шарттары; мемлекеттік реттеу және мемлекеттің кәсіпкерлік орта үшін рөлі мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылыми зерттеудің әдістері
    Несиелер: 5

    Мақсаты - заңдылықтарды, тұжырымдамаларды, кәсіби қызметті ғылыми зерттеуді ұйымдастыру мен басқарудың ерекшеліктерін қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пән қазіргі ғылыми әдістемеге сәйкес ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды жоспарлау дағдыларын; ғылыми әзірлемелер, ғылыми байланыстар мүмкіндігі, әр түрлі деңгейдегі ғылыми гранттарға өтінім беруге, ақпараттарды іздеу тәртібінің дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Императивті программалау
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты императивті программалау тәсілінің негізінде программаны жазу қабілетін қалыптастырудан тұрады. Пән зерттеуге бағытталған тақырыптар: C++ программалау тілінің құрылымы, мәліметтердің базалық типтері, шартты операторлар процедуралар мен циклдар, функциялар, массивтер, көрсеткіштер, құрылымдар мен бірлестіктер.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Абай ілімі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - болашақ мамандардың кәсіби білімін, түсінігін, қабілетін елдің ынтымағы мен бірлігін нығайту, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттыру мақсатында қолдану құзіреттілігін қалыптастыру. Қарастырылатын мәселелер:Абай ілімі туралы түсінік; Абай ілімінің қайнар көздері; Абай ілімінің құрамдас бөлімдері; Абай ілімінің категориялары; Абай ілімінің өлшеу құралдары; Абай ілімінің мәні мен маңызы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты тірі организмдердің тіршілік ету ортасымен өзара әрекеттесу заңдылықтары, биосфераның жұмыс істеуі, зиянды, зақымдайтын факторлардан адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздері, қауіптерден қорғау тәсілдері, авариялар, апаттар, табиғи апаттар салдарын жою жөніндегі іс-шаралар, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану туралы білімді қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын жетік білетін, құқық қолдану тәжірибесінде қолдана алатын, сыбайлас жемқорлықты дұрыс саралайтын жоғары білікті мамандарды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Оқытылатын болады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің жүйесі, жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар, оған қарсы саясат, жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әл-Фараби және қазіргі заман
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Компьютерлік жүйенің архитектурасы
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты - деректерді тиімді сақтау, жіберу және өңдеу үшін аппараттық құралдарды қолдану құзіреттілігін қалыптастыру. Қарастырылатын мәселелер: Компьютерлік талдау және арифметикалық-логикалық құрылғының дизайны; Жад иерархиясы, кэштер және виртуалды жад; Орталық процессор мен перифериялық құрылғылардың, шиналардың өзара әрекеттесуі; Параллельді программалау; Компьютерлік архитектураны жобалау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Тілдер және программалау технологиялары
    Несиелер: 9

    Оқу процесінде студенттер келесі негізгі міндеттерді шешеді: - бар бағдарламалау технологияларымен танысу; – құрылымдық және объектілі-бағытталған бағдарламалау технологиясымен танысу; – құрастыруды бағдарламалау технологиясымен танысу; - экстремалды бағдарламалау технологиясымен танысу; - қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу негіздерімен танысу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Математика-2 (Алгебра және дискретті математика)
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты қолданбалы есептерде алгебра және дискретті математика білімдерін қолдана білу қабілетін қалыптастырудан тұрады. Комплекс сандар. Матрицалар және анықтауыштар. Сызықты алгебралық теңдеулер жүйесі. Көпмүшелер. Жиындар және қатынастар және оларға қолданатын амалдар. Сандар теориясы мен комбинаторика элементтері. Графтар теориясының элементтері және буль функциялары.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Программалық қамтаманы жобалау және құру
    Несиелер: 9

    Пән мақсаты: әр түрлі күрделіліктегі ғылыми, жобалық және технологиялық есептерді шешу үшін программалық қамтаманы құрудың өмірлік циклінің барлық кезеңдерін орындау қабілетін қалыптастыру, программалық қосымшаны құру, оны тестілеу, дебаггинг, рефакторинг, заманауи құрылғылар мен технологияны пайдаланып тиімділеу, қажет болса үзліссіз интеграцияны, кеңейтілімділік және жеке релизді қамтудан тұрады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Автоматтар мен тілдер теориясы
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты: заманауи бағдарламалау тілдерін пайдаланып бағдарламаларды құрудың негізгі принциптерін баяндау, көпфункционалды қосымшаларды құрудың негізгі әдістерін үйрету. Қарастырылатын мәлелелер: Программалау тілдерінің жалпы сипаттамасы; Заманауи прогаммалау тілдерінің базалық конструкциялары; функциялар және әдістері; Процедуралық, логикалық, функционалдық және объектіге-бағытталған программалау. Программалау технологиялары. Объектіге-бағытталған программалаудың әдістемесі; программалық қамтаманы тестілеу және верификация.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Машиналық оқытуға кіріспе
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: мәліметтер талдаудың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру, деректерді алдын ала өңдеу, талдау әдісінің параметрлерін орнату және нәтижелерді интерпретациялау. Пәнді оқу нәтижесінде студенттердің қабілеттерін қалыптастыру: - машинамен оқытудың негізгі принциптерін, әдістерін, міндеттерін айту; - логикалық, ықтималдық, метрикалық машиналық оқыту модельдері үшін алгоритмдерді әзірлеу және бағдарламаларды жазу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Деректер базасы
    Несиелер: 6

    Курс мәліметтер қорын жобалау, құру және жүргізудің негізгі мәселелерімен таныстырады. Мәліметтер қорын жобалау процесі концептуалды көзқарас тұрғысынан қарастырылады. Дерек қорын жоспарлау, дерек қорын таңдау және дерек қорын басқарумен байланысты мәселелерді зерттеледі. Қазіргі ДҚБЖ жұмыс істеу принциптері қарастырылады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Компьютерлік желілер және қауіпсіздік
    Несиелер: 9

    Мақсаты - желінің архитектурасы туралы, желіні жобалау және қолдану аймақтары туралы, желінің перспективті үлгілері туралы және желі ішінде ақпаратты басқару туралы жалпы сипаттама беру. Желілерді жобалау және қолдау негіздері, қауіпсіздік мәселелері; архитектурасы, желілерді жобалау және қолданудың негізгі тәсілдері, желілердің перспективалық үлгілері және желілер ішіндегі ақпаратты басқару туралы түсінік беру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Кластерлік жүйелерді ұйымдастыру
    Несиелер: 6

    Бұл курс жүйелік бағдарламашыларды, өнімділігі жоғары есептеу кластерлеріне қызмет көрсету және басқару бойынша мамандарды дайындауға арналған. Курс компьютерлік кластерлердің негізгі мүмкіндіктеріне шолуды, Windows ОЖ негізіндегі кластерлік орнатуларды бағдарламалауға және басқаруға қажетті ақпаратты қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Криптография
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: криптографиялық әдістер және мысалдар көмегімен ақпаратты қорғау принциптеріне түсінік беру. Қарастырылатын мәселелер: Шифрды математикалық моделі. Құпияның Шеннон теориясы. Блок шифрлары. Кейдейсоқ бірізділік және ағымдық шифрлар. Сандық қолтаңба схемалары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Электроника және схемотехника
    Несиелер: 9

    Цифрлы құрылғылардың негізгі логикалық элементтерінің схемотехникасы; комбинационды және тізбектемелі типті цифрлы құрылғылардың құрастыру және жұмыс жасау принциптері; жартылай өткізгіштік жады құрылғыларының жұмыс жасау ерекшеліктері және олардың құрастырылу әдістері; операционды күшейткіштер негізінде аналогты сигналдарды түрлендіру әдістері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ендірілген жүйелер
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: заманауи технологиялар мен тәсілдерді пайдалана отырып, ендірілген жүйелердегі бағдарламалық өнімдерді тестілеу және жөндеу процестерін ұйымдастыру. Қарастырылатын мәселелер: GPU архитектурасы. Өнімділік және параллелизм. GPU эволюциясы. CPU және GPU архитектурасын салыстыру. GPU және CPU салыстыру. CUDA бағдарламалық моделі. CUDA-да жады иерархиясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Бейнені сандық өңдеу
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: студенттерді нақты визуализация және анимация есептерімен, компьютерлік графиканығ негізгі есептерімен, алгоритмдер және олардың шешімдерімен, қажет есептеу геометриясы мен геометриялық модельдермен таныстыру. Қарастырылатын мәселелер: Растрлік графика. Векторлық графика. Мәліметердің графикалық пішіндері. Үш өлшемді графика. Фрактальды графика.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Операциялық жүйелер
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: студенттерге операциялық жүйелердің мақсаты, функциялары, құрылымы және жұмыс істеу принциптері туралы теориялық білімдерді меңгерту. Студент келесі қабілеттерге ие болады: операциялық жүйелердің негізгі мазмұнын сипаттау; операциялық жүйенің стандартты бағдарламаларымен жұмыс істеу; компьютерлік жабдықтарды ұтымды пайдалануды пайдаланушыға ыңғайлы ететін операциялық жүйелерді зерттеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Енгізілген микроконтролерлер
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: студенттердің мультипроцессорлы жүйелерді жұмыс жасату мен құру үрдістері және мәліметтерді өңдеуді параллелдеудің теориялық негіздерін игеру. Қарастырылатын мәселелер: Көппроцессорлы жүйелерді жұмыс жасату мен құру үрдістері және мәліметтерді өңдеуді параллелдеудің теориялық негіздері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Ақпараттық қауіпсіздік стандарттары
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: студенттерді заманауи бағдарламалық құралдармен және компьютерлік жүйелерді қорғау әдістерімен таныстыру, рұқсат етілмеген кіруден ақпаратты қорғау есептерін шешу әдістерін меңгерту. Қарастырылатын мәселелер: Автома тандырылған жүйелерінде ақпаратты қорғау міндеттері. Техникалық арналар арқылы ағып ақпаратты қорғау әдістері. Компьютерлік жүйелерде қатынасты басқару.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Операциялық жүйелер қауіпсіздігі
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: операциялық жүйелердің концпциясын, операциялық жүйелерді жоблаудың және құрудың фундаментальды принциптерін зерттеу. Қарастырылатын мәселелер: Операциялық жүйелердің құрылымы. Аппараттық интерфейстер және абстракциялар. Процестерді диспетчерлендіру, ағындар, синхрондау, процесс аралық қатынас, жадыны басқару, файлдық жүйелер, жүйені қорғаужәне қауіпсіздік.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Жоғары өнімді есептеулердің архитектурасы
    Несиелер: 6

    Бұл пәнді игеру барысында есептеу процестерінің және жүйелерінің модельдерінің негізгі түсініктері мен анықтамаларын; MPI көмегімен параллельді бағдарламаларды құру әдістерін; Параллельді бағдарламалардың тиімділігі мен тиімділігін бағалау әдістерін құруды; Параллель есептеуіш модельдерін; Ақпараттық графикке сәйкес алгоритмдерді параллелдеу туралы білімдерін жетілдіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Веб- қосымшаларды құру
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты: индустриялық деңгейдегі веб-қосымшаларды әзірлеу үшін веб-құрастырудың және веб-программалаудың практикалық тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілетін қалыптастырудан тұрады. Қарастырылатын мәселелер: Веб-желідегі негізгі стандарттар. Веб-қосымшалардың тұжырымдамасы және оларды құру тәсілдері. Веб-қосымшалар әзірлеу технологиясы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Көпесепті бағдарламалау үшін платформа
    Несиелер: 6

    Бұл курста сіз осы тақырыпты игеруге көмектесетін әртүрлі ұғымдарды білесіз. Бұл Java тарихы, оны неге үйрену керек және неге соншалықты танымал. массалар арасында ағынның өмірлік циклі, Java мультипликациясы, көп ағынды және тағы басқалар сияқты тақырыптар бар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Зияткерлік модельдеу
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: студенттердің мәліметтерді интеллектуалды талдау алгоритмдері және әдістері туралы білімдерін қалыптастыру, практикалық есептерді шешуде интеллектуалды талдау алгоритмдері мен әдістерін пайдалануға дағдыландыру. Қарастырылатын мәселелер: Курс Data Mining құралдарын қолдануды, егжей-тегжейлі әдістерін қарап Data Mining технологияларын тыңдаушыларға таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • VLSI жобалау және модельдеу
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: студенттердің заманауи талаптарға сай VLSI (СБИС) арнайы жобалаулары үшін қажетті тәжірибелік дағдыларын зерделеу және жетілдіру. Қарастырылатын мәселелер: Жобалау сатылары. СБИС өндірістік үрдісіне шолу. КМОП технологиясы. Cadence бағдарламалық өнімдерін пайдаланып жобалау үрдісі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Бейнелерді тану теориясына кіріспе
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты: әртүрлі жүйелерде бейнелерді өңдеу әдістері мен кейіптерді тану әдістеріне жүйелік талдау жасау, оларды өолдануды үйрету және меңгерту. Қарастырылатын мәселелер: Бейнелерді көрсету және машиналық танудың негізігі әдістері. Нейрон желісі негізінде бейнелерді тану әдістері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жасанды интеллект жүйелерімен қолданбаларды әзірлеу
    Несиелер: 6

    Курстың мақсаты – студенттердің жасанды интеллект жүйелерін құру және жұмыс істеу саласындағы білімдері мен дағдыларын дамыту, деректерді талдау тапсырмаларына машиналық оқыту әдістерін қолдану қабілетін дамыту. Пәнді оқу нәтижесінде студент: 1. жасанды интеллект жүйелерінің мақсатын, функцияларын, жіктелуін сипаттау; 2. мәліметтер негізінде машиналық оқыту принциптерін түсіндіру;

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Ақпаратты қорғау құралдары мен әдістері және ДҚ қауіпсіздігі
    Несиелер: 9

    Курстың мақсаты - студенттерді ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі ұғымдарымен, сонымен қатар, қауіпсіздік модельдерін құру әдістерімен таныстыруға, ғылыми зерттеулер туралы тұтас көзқарасты және ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлаудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға арналған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Желілердің коммутациясы мен маршрутизациясы
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты: коммутация және маршруттау хаттамаларының кеңейтілген конфигурациясын пайдалану, қауіпсіз және тиімді желілік өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін қолжетімділікті бақылау тізімін конфигурациялау қабілетін қалыптастырудан тұрады. Пән бойынша келесі аспектілер қарастырылады: Желілерді жобалау. Конвергенті желі. Коммутталған желі. Комутталған желіні басқару.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • GPU-да бағдарламалау
    Несиелер: 6

    Бұл пәнді оқу негізінде студенттер кәсіби мақсатта мобильді бағдарламаларды құру үшін қолданылатын технологиялардың мүмкіншіліктерін сапалы және ұтымды пайдалануы; қолданушыға түсінікті және ыңғайлы мобильді құрылғыларға арналған бағдарлама интерфейстерін жобалау; құрылған бағдарламалардың жоғарғы өнімділігін қадағалаулары тиісті.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Адам компьютерлік өзара әрекеттесу
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: прототиптерді жылдам құру және пайдаланушы интерфейстерінің әр түрлі нұсқаларын бағалау үшін әдістерді қолдану қабілетін қалыптастырудан тұрады. Қарасытырылатын мәселелер: Адам-компьютер өзара әрекетесуінің парадигмалары. Заманау интерфейстердегі графикалық көрсетумен техникалық және психологиялық аспектілері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Веб қосымшалары және желі қауіпсіздігі
    Несиелер: 9

    Курстың мақсаты: студенттерге Web-қосымшаларды әзірлеу тұжырымдамасы бойынша негізгі теориялық білімдер жүйесін және веб-сайтты әзірлеудің іргелі принциптері бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру. Ғимарат архитектурасы мен дизайнының негізгі принциптері мен үлгілерін түсіну табысты шешімдерді әзірлеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Параллель бағдарлмалау
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: көп ядролы процессорлар мен кластерлік жүйелер үшін әртүрлі программалау модельдерінде параллельді программаларды құру қабілетін қалыптастырудан тұрады. Қарастырылатын мәселелер: Параллельді есептеу жүйелерінің құрылу принциптері. Параллель есептеулерді модельдеу; Параллель алгоритмдерді және программаларды құру; Параллель программалар жүйесін әзірлеу; Есептеу математикасындағы параллель сандық алгоритмдерді шешу үшін типтік практикалық міндеттерді шешу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қорғалған бағдарламалық қамтаманы құру
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: жобалау, тестілеу, ретке келтіру, енгізу және бағдарламалық қамтаманы сүйемелдеу саласында білім мен дағдыны қалыптастыру. Қарастырылатын мәселелер: Бағдарламалық қамтамасыз ету өмірлік цикл. Бағдарламалық жүйеге талаптарды анықтау. Бағдарламалық қамтамасыз ету архитектурасы және дизайны.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жасанды интеллект жүйелері
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты: жасанды интеллект жүйесінің жұмыс істеу және құрудың іргелі принциптерімен; жасанды интеллект жүйесінің құру мен жобалаудың инструментальды құралдарымен, технологияларымен таныстыру. Пән бойынша келесі аспектілер қарастырылады: Жасанды интеллектке кіріспе. Интеллектуалды агенттер. Prolog бағдарламалау тіліне кіріспе.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мультиагентті бағдарламалау
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты: агентті бағытталған әдістерді қолдау арқылы жүйеледі жобалу және талдаудың негізгі ерекшеліктерін үйреу. Пән бойынша келесі аспектілер қарастырылады: Агенттер теориясының негізгі түсініктері. Таратылған есептерді шешудың заманауи тәсілдері. Агенттедің жалпы классификациясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • LAN және WAN желілерді жобалау
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты: принциптерді дамыту, әдістері, технологиялары және стандарттар негізіндегі, жергілікті, өңірлік және компьютерлік желілер мен ақпараттық жүйелер жаһандық, сондай-ақ компьютерлік желілер мен деректерді өңдеу бөлінген жүйелері үшін жалпылама техникалық шешімдерді әзірлеу. Қарастырылатын мәселелер: PAN, LAN, CAN, MAN, WAN.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Параллельді есептеулерді ұйымдастыру
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты: жоғары өнімді есептеу жүйелері және параллельді бағдарламалау әдістері саласында теориялық білімді қалыптастыру және практикалық дағдыларды бекіту. Пән бойынша келесі аспектілер қарастырылады: Параллельді есептеулерді ұйымдастыру мақсаты, есептері және мәселелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Программалық қамтаманы тестілеу және верификациялау
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: дұрыс және бас тартуға төзімді программалық жүйелерді құру үшін программалық қамтаманы тестілеу және верификациялау процестерін жүзеге асыру қабілетін қалыптастырудан тұрады. Пән бойынша келесі аспектілер қарастырылады: Пәнге кіріспе. Тізбектелген жүйелерді модельдеуді ауысатын жүйелермен белгі ретінде (Крипке) қарастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON12

    Ғылыми теорияларды тексеру үшін қолданылатын әртүрлі әдістерді қолдану принциптерін түсіну; жоғары дәрежеде дербестікпен оқуды жалғастыру үшін қажетті ақпаратты, идеяларды, мәселелерді және оқу шешімдерін жеткізу.

  • Код ON4

    Әртүрлі құралдарды қолданып интегралдық схемаларды әзірлеу және тестілеу әдістерін, құрылыс заңдылықтарын және схемалық диаграммалар мен электрлік схемаларды есептеу әдістерін қолдана білу.

  • Код ON11

    Зерттеу сапасын түсінуді көрсету, кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс істеуімен байланысты есептеу және ақпараттық процестердің математикалық және бағдарламалық модельдерін құру және зерттеу.

  • Код ON7

    Табиғат пен қоғамның қызмет етуі мен дамуының негізгі заңдылықтарын зерттеу саласына тән әдістерді қолдану және зерттеу, әртүрлі әлеуметтік-экономикалық, саяси және төтенше жағдайларда бағдарлай білу.

  • Код ON9

    Қазақстан Республикасының көптілді және көпмәдениетті қоғамында және халықаралық аренада қарым-қатынас мәселелерін шешу үшін тілдік және лингвомәдени білімдерді сауатты пайдалану.

  • Код ON8

    IoT құрылғыларының сипаттамалары мен жұмыс режимдеріне сәйкес IoT құрылғыларын басқару, талдау және бақылау, сондай-ақ IoT құрылғыларына арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау және әзірлеу.

  • Код ON6

    Заманауи бағдарламалау тілдерін және бизнес логикасын құру үшін танымал фреймворктарды, сондай-ақ әртүрлі бағдарламалау үлгілерін пайдалана отырып, бағдарламалық жасақтаманың құрамдастарын жасай білу.

  • Код ON2

    Операциялық жүйелер мен программалау тілдерін құру принциптерін білу, олардың негізінде ОЖ ядросымен әрекеттесу бағдарламаларын жазуға болатынын, желілік және процессор аралық байланыс принциптерін түсіну.

  • Код ON3

    Белгілі бір тапсырма үшін олардың сипаттамалары мен қолданылатын құралдар негізінде оңтайлы алгоритмдерді таңдай білу, сонымен қатар бағдарламалық-аппараттық кешендердің құрамдас бөліктерінің архитектурасын жобалау, аппараттық және бағдарламалық интерфейстерді өңдеу.

  • Код ON1

    Ақпаратты қабылдауға, талдауға, жалпылауға, мақсат қоюға және оған жету жолын таңдай білуге, сонымен қатар математика және физика негіздері бойынша білімі мен түсінігін көрсете білуге қабілетті болу.

  • Код ON10

    Әлеуметтік-құқықтық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды және әртүрлі мәдени және конфессиялық дәстүрлерге төзімділікті меңгеру.

  • Код ON5

    Бағдарламалық қамтамасыз етудің стандартты архитектурасын, реляциялық және реляциялық емес мәліметтер қорын құру негіздерін, ақпараттық жүйелерді әзірлеу, жобалау және тестілеудің негізгі құралдарын білу.

Top