Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01508 Математика-Физика мұғалімін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Алгебра және сандар теориясы
    Несиелер: 5

    Классикалық алгебраның матрицалар, анықтауыштар, векторлық алгебра, сызықты теңдеулер жүйесі, сызықты операторлар, көпмүшеліктер теориясы бөлімдері, сандардың бөлінгіштік теориясы, сандық функциялар, салыстырулар мен олардың қасиеттері, индекстер мен алғашқы түбірлер тақырыптарында қамтылған математиканың негізгі ұғымдары, теоремалары, тұжырымдары және дәлелдеулер қарастырылады. Тапсырмаларды құрастыру мәселелерін талдау, пәннің ғылымдағы орнын дәйектеу, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Элементарлық математика
    Несиелер: 4

    Мектеп математикасындағы сандар, өрнектер, фунциялар, теңдеулер мен теңсіздіктер және олардың жүйелері, математикалық анализ элементтері бөлімдерінде қамтылған математиканың негізгі ұғымдары жоғары математикалық көзқарас тұрғысынан талданады, есеп шығарудың әдіс-тәсілдері, практикада қолданулары, және есеп шығаруды бағалаудың критерилері қарастырылады. Есеп шығару дағдыларын меңгеруде теориялық және практикалық әдебиеттерді талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Аналитикалық және проективті геометрия
    Несиелер: 6

    Жазықтықтағы және кеңістіктегі сызықтар мен беттер теориясының негізінде, координаталық жүйе мен векторлық алгебра элементтерін пайдалану арқылы сызықтар мен беттердің теңдеулерін құру және олардың қасиеттерін зерттеу мен есеп шығарудың әдіс-тәсілдері, проекциялау элементтері, практикалық қолданулары қарастырылады. Қолданбалы бағыттағы тапсырмаларды құрастыру мәселелерін талдау, пәннің ғылымдағы орнын дәйектеу, пәнаралық білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Механика
    Несиелер: 6

    Кинематика, динамика, статиканың негізгі заңдары, Галилейдің салыстырмалылық принципі, АСТ, қатты дене механикасы, бүкіләлемдік тартылыс заңы, гидродинамика, тербелмелі қозғалыс, толқындар, механикалық негізгі заңдарды қолдану арқылы есептерді шығарудың әдіс-тәсілдері, практикалық қолданылуы, лабораторялық зерттеулердің әдістері қарастырылады. Лабораториялық жұмыста жіберілген салыстырмалылық қателікті талдау, пәннің ғылымдағы рөлін дәйектеу, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жасерекшелік психологиясы
    Несиелер: 4

    Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Математикалық анализ 1
    Несиелер: 5

    Бір айнымалы функциялар, шек, туынды, дифференциал, жоғары ретті туындылар, аудан, көлем есептеудегі анықталмаған және анықталған интегралдар бөлімдерінде қамтылған негізгі ұғымдар, теоремалар мен тұжырымдар, дәлелдеулер мен есеп шығарудың әдіс-тәсілдері және практикалық қолданулары қарастырылады. Шамалар арасындағы тәуелділіктерді сандық қатынастар тұрғысынан зерттеу әдістерін талдау, пәннің ғылымдағы орнын дәйектеу, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Молекулалық физика
    Несиелер: 6

    Агрегаттық күйдегі денелердің құрылысы, олардың сыртқы әсерлердің нәтижесінде өзгеруі, Максвелл, Больцман таралулары, газдардың молекулалық-кинетикалық теориясы, изопроцестер, термодинамика заңдары, фазалық тепе-теңдік, ауысу процестері, заттардың кризистік күйі, әр түрлі фазалардың бөліну шекараларындағы беттік құбылыстар қарастырылады. Есептерді шығарудың, лабораториялық жұмыс жасаудың әдістері, нәтижелерін жинақтау, практикалық қолданылуы, пәннің ғылымда алатын рөлін дәйектеу, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Педагогика ғылымының метапәндік идеяларына негізделген оқу-тәрбие процесінің білімі мен түсініктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдарын практикада қолданылуы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Математика мен физиканы оқытудың инновациялық және компьютерлік технологиялары
    Несиелер: 6

    Математика мен физиканы оқытудың жаңартылған бағдарламаға негізделген мазмұны, тәсілдері, әдістері құралдары, оқыту мен бағалаудың инновациялық технологиялары және оларды қолданудың тиімділігін креативті бағалау тәсілдері қарастырылады. Оқу жетістіктерін критериалды бағалау, диагоностикалау, ҚМЖ және оқу кейстерін жасау, АКТ арқылы кері байланыс орнату, жоба жұладыстарын орындауда пәндік білімді интеграциялау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Математикалық анализ 2
    Несиелер: 5

    Көп айнымалы функциялар теориясы, интегралдар және интегралдау әдістері, жуықтау теориясы және қатарлар бөлімдерінде қамтылған негізгі ұғымдар, теоремалар мен тұжырымдар, дәлелдеулер мен есеп шығарудың әдіс-тәсілдері және практикалық қолданулары қарастырылады. Пәннің дифференциалдық теңдеулер мен матфизиканың классикалық және классикалық емес есептерін шешудегі рөлін дәйектеу, мәселелерді шешу жолдарын талдау, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Электр және магнетизм
    Несиелер: 5

    Электростатика заңдары, электрлік өріс, Кулон заңы, суперпозиция принципі, тұрақты, айнымалы ток заңдары, Ом заңы, Кирхгоф ережелері, Ампер, Джоуль, Ленц заңының физикалық негізін, газдағы, электролиттегі электр тогы, заттың магниттік қасиеттері, магнит өрісі қарастырылады, есептер шығарудың тәсілдері, лабораториялық жұмыстарда негізгі параметрлерді өлшеу әдістері, нақты өмірдегі орны, ғылыми дәлелдемелерді жинақтау, білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері
    Несиелер: 5

    Пәнді меңгерудің мақсаты білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдыларын қалыптастыру, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі ғылыми және ғылыми-ақпараттық дереккөздерімен жұмыс жасау жолдарын меңгерту. Пән студенттердің жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық - прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, өзі ұстанатын тіл арқылы жазба тіл мәдениетін жетілдіреді, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптері жайлы мағлұмат береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Математиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Математиканы оқыту әдістемесі пәні, математиканы мектепте оқыту мақсаты мен міндеттері, ұстанымдары, әдістері, қалыптары және мазмұны, ұғымдарды қалыптастыру, теоремаларды дәлелдеу, есеп шығаруға үйрету, сабақты және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу, бейіндік оқыту, білімін практикада қолдану мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Бағалаудың заманауи технологиялары
    Несиелер: 4

    Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерін, дифференциалды бағалаудың тәсілдерін, диагностикалаудың негіздерін, білім беруде және оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды жас ерекшеліктеріне сәйкес пайдалана отырып, мектептегі оқыту мен басқару және өзін-өзі бағалаудың негіздерін сыни ойлау тұрғысынан қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Дифференциалдық теңдеулер
    Несиелер: 5

    Қарапайым сызықтық дифференциалдық теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шешудегі классикалық есептердің қисынды қойылуы және оларды шешудің белгілі әдістері, практикада қолданулары қарастырылады. Сандық әдістер, оптималды басқару, вариациялық есептеу салаларындағы күрделі мәселелерді шешудегі алатын орны, модельдеуді қолдану негізінде проблемаларды талдау, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Оптика
    Несиелер: 5

    Жарықтың табиғаты жайлы, оның затпен әсерлесуі, таралуынан байқалатын негізгі құбылыстар, заңдылықтарды, жарықтың сынуы, шағылу заңдарын, линзаның қасиеттерін қарастырады, геометриялық, толқындық оптикадан алған білімдерін қоғамда, техникада, тұрмыста, медицинада қолдану, есептер шығарудың тәсілдері, лабораториялық жұмыстарда негізгі параметрлерді өлшеу әдістері, пәннің нақты өмірдегі орнын анықтап, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Теориялық физика 1
    Несиелер: 6

    Классикалық механика ғарыштағы ғаламшарлардың, жұлдыздар мен галактикалардың, т.б. астрономиялық нысандарының, сондай-ақ снарядтардың, машиналар бөлшектерінің қозғалысын сипаттайды. Электродинамика пәні электрлы және магниттік құбылыстардың, электромагнитті жарқыраудың, электр тогы мен оның электромагниттік өріспен әрекеттесуі арасындағы байланыстарды сипаттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Атом және атом ядросы физикасы
    Несиелер: 4

    Атом құрылысы, оның планетарлық моделі, Бор теориясы және оның қиыншылықтары, атом ядросының модельдері, радиоактивтілік және оның қасиеттері, элементар бөлшектер физикасы, пән бойынша есептер шығарудың тәсілдері, лабораториялық жұмыстарда негізгі параметрлерді өлшеу әдістері қарастырылады. Атом ядросы мен элементар бөлшектер физикасы құбылыстарын талдау, пәннің ғылымдар жүйесіндегі орнын дәйектеу, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Математикалық логика және дискретті математика
    Несиелер: 4

    Логикалық алгебра, дискреттік функциялар, графтар, басқару жүйелерін синтездеуге қатысты негізгі ұғымдар, теоремалар мен тұжырымдар, дәлелдеулер мен есеп шығарудың әдіс-тәсілдері қарастырылады. Математикалық тілдің әртүрлі берілуі, теорияның қайшылықсыздығын, тәуелсіздігі мен толықтығын дәлелдеу әдістері, мәселенің шешімін талдау, пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлі, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Геометрия негіздері және дифференциалдық геометрия
    Несиелер: 6

    Геометрия негіздері бойынша теориялық білімді игеру, геометрияның логика-аксиоматикалық құрылымдарды талдау және практикада өлшеу теорияларының негіздерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Евклидттік кеңістіктегі сызықтармен беттерді дифференциалдық геометрия әдістерін қолданып зерттеу. Беттің ішкі геометриясына шолу жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Физиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Физика пәнінің мұғалімін дайындау жүйесін, орта мектепте физиканы жоғары дәрежеде оқытуды қамтамасыз ету мәселелерін және минимакс, бірізділік, вариативтілік, шығармашылық принциптерінің негізінде әрбір сабақта оқушылардың дүниетану ынта-ықыласы мен қызығушылығын арттыру тәсілдерін қарастырады. Cабақ жоспарын жасау, пәндік білімді интеграциялау, инклюзивті білім берудегі креативтілікті бағалау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Еселі интегралдар және өрістер теориясы
    Несиелер: 6

    Математиканың классикалық математикалық анализ саласының еселі интегралдар теориясы, қисық сызықты интегралдар, стереометрия, механика, физикадағы беттік интегралдар, өрістер теориясының элементтері бөлімдерінде қамтылған негізгі ұғымдар, теоремалар мен тұжырымдар және дәлелдеулер мен есеп шығарудың әдіс-тәсілдері, практикада қолданулары қарастырылады. Пәннің ғылымдағы орны мен рөлі, модельдеуді қолдану негізінде проблемаларды талдау, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
    Несиелер: 5

    Ықтималдықтар теориясының оқиғалар алгебрасы, кезейсоқ шамалар, үлкен сандар заңдары, болжау түрлерінің заңдылықтары, математикалық статистиканың бастапқы және негізгі теориялары қарастырылады. Есептің шешімдер жиынын табу жолдары мен комбинаторикалық анализ негіздерін практикада қолдану, танымдық-ғылыми зерттеулерде модельдеу, мәселенің шешімін талдау, пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлі, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Функциональдық және комплексті анализ элементтері
    Несиелер: 6

    Функциональдық және комплексті анализдің негізгі элементтеріне қатысты ұғымдар, теоремалар мен тұжырымдар және дәлелдеулер мен есеп шығарудың әдіс-тәсілдері, праткикада қолданулары қарастырылады. Проблеманы талдау, дифференциалдық теңдеулер, қисынды, қисынсыз қойылатын классикалық емес есептерін шешуде функционалдық және комплексті анализдің алатын орны және пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Физикалық есептер шығару практикумы
    Несиелер: 6

    Мектеп физикасының оқулығында қарастырылатын ұғымдар мен есептерді шешудің әдіс-тәсілдері, есеп құрастыру жолдары мен бағалау критерийлерін анықтау және оларды практикада дидактикалық материалдар ретінде қолдану мәселелері қарастырылады. Есептерді шешуде ЦБР-ды пайдалану, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Теориялық физика 2
    Несиелер: 6

    Кванттық механика – микробөлшектердің (элементар бөлшектердің, атомдардың, молекулалардың, атом ядроларының) және кванттық жүйелердің (мысалы, кристаллдардың) қозғалу заңдылықтарын анықтап, бөлшектер мен кванттық жүйелерді сипаттайтын физикалық шамалардың макроскопиялық тәжірибеде тікелей өлшенетін шамалармен байланысын сипаттайды. Статистикалық және термодинамикалық - макроскопиялық жүйелердегі өтетін физикалық процестерді бірін-бірі толықтыратын екі әдісті - статистикалық (молекулалық кинетикалық) және термодинамикалық әдістерді нақты есептерді шешуде қолдануды үйретеді, макроскопиялық жүйелердегі өтетін процестердің физикалық мағынасы сипатталады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Астрономия
    Несиелер: 6

    Аспан денелерінің құрылымы, қозғалысы, дамуы жөнінде жалпы ұғымдарды қарастырады. Ғаламның дамымалы моделінің ғылым дамуындағы орнын дәйектеп, аспан денелерінің, олардың жүйелерінің қозғалысын, құрылысын, пайда болуын, аспан моделін қарастырғанда, тәжірибе нәтижесін өңдеуде цифрлық білім ресурстарыны қолданады, топпен бірлікте жұмыс жасап, пәндік интеграциялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Математикалық есептер шығару практикумы
    Несиелер: 5

    Жай және құрама есеп түрлерін шығару, сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу, есепті шешуде тірек сұлбаны талдау, есептерді әртүрлі тәсілдермен, арифметикалық, алгебралық әдістермен шығару қарастырылады. Математикалық білімін практикада қолдануға, пәндерді интеграциялауға, сын тұрғысынан, позитивті ойлауын дамытуға, АКТ-ны пайдалану арқылы оқу үрдісін ұйымдастыруға бағдарланған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON10

    технологияларды қолдану мен инклюзивті білім беру тәжірибесінде, даулы жағдайларда туындаған проблемалар шешімдерінің креативтілігін бағалайды.

  • Код ON6

    инновациялық технологияларды оқытудың мақсат-міндеттеріне және оқушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкес қолданады;

  • Код ON5

    оқу үдерісін оқушының жеке мүддесіне сай ұйымдастыруда және пәнді оқытуда АКТ-ны пайдаланады;

  • Код ON2

    тұжырымдарды дәлелдеу мен ой-қорытулар жасауда, есептер шешуде, эксперименттер жасауда сыни тұрғыдан қарау және жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолданады;

  • Код ON4

    пәннің нақты өмірдегі, ғылымдар жүйесіндегі орны мен рөлін дәйектейді;

  • Код ON8

    тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілігін, командада жұмыс істеу дағдыларын және ақпараттық мәдениетін көрсетеді;

  • Код ON3

    танымдық, кәсіби және ғылыми зерттеулерде модельдеуді қолдану негізінде мәселелерді шешу жолдарын талдайды;

  • Код ON1

    математика мен физиканың базалық және бейіндік пәндері бойынша білімі мен түсініктерін көрсетеді;

  • Код ON9

    оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыруда, өмір бойы білім алуда пәндік және пәнаралық білімді интеграциялайды;

  • Код ON7

    критериалды бағалау, диагностикалау, қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасау технологияларын пайдаланады;

Top