Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі в Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

  • Сынып жетекшінің жұмыс әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушыларда сынып жетекшілігінің теориялық және әдістемелік негіздерін, бала құқықтары туралы нормативтік құжаттарды, ересектердің балаларға қатысты міндеттерін, оқушылар ұжымының даму кезеңдері мен шарттарын, тәрбие жұмысын жоспарлау әдістемесін, бастауыш сынып оқушылары және олардың ата-аналарымен тәрбие процесін ұйымдастыру мазмұнын, әдістерін, формаларын, стратегияларын, технологияларын қалыптастыру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Математика бойынша практикум
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушыларды бастауыш мектептің математика курсының қиын теориялық мәселелерін қарастыру және рәсімдеудің нормативтік талаптарына сәйкес немесе стандарттық емес есептер, жаттығуларға сәйкес бірнеше шешу тәсілдері бар стандарттық мәтіндік есептерді шешу тәсілдері және барысын, жазуын рәсімдеу дағдыларын қалыптастыру, ол өз кезегінде талдау, салыстыру, жалпылау, классификациялау, дедукция, синтездеу, индукция сияқты логикалық әрекеттерді меңгеруге ықпал етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Бастауыш мектепте робототехника және легоқұрастыру
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты білім алушылардың модельдеу, құрастыру, ақпараттық және технологиялық мәдениетті дамытудың негізінде жатқан ғылыми-техникалық және шығармашылық дағдыларын игерту, конструкторлық есептерді шешу тәжірибесін игеруге, ұсынылған нұсқаулықтар бойынша жұмыс істеуге ықпал ететін, өзіндік жұмыс алгоритмін жасауға, шығармашылық және логикалық ойлауды, қиялды, зейінді, шығармашылық белсенділікті дамытуға ықпал ететін сабақтарды құру әдістемесін, шешім қабылдаудағы дербестік, жауапкершілікке тәрбиелеуді игерту болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушыларды дене тәрбиесінің басты ғылыми және теориялық негіздерімен, дене шынықтыру процесін дамыту, қызмет ету, басқару заңдылықтарымен, қозғалыс әрекеттерін оқытудың бағдарламалық және нормативтік талаптармен, құралдармен, әдістермен, формалармен, технологиясымен, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу әдістемесінің ерекшеліктерімен таныстыру болып табылады, валеологиямен, емдік дене шынықтырумен, спорт теориясымен, физикалық оңалтумен интеграциялау қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Қашықтықтан оқыту, бастауыш мектепте оқу үдерісін ұйымдастырудың перспективті формасы ретінде
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушыларды ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялармен, оқытудың әртүрлі құралдарымен таныстыру болып табылады: электрондық оқу құралдары, оқыту бағдарламалары, оқу бейнелері және аудио материалдары, электрондық анықтамалықтар, білімді бақылау мен бағалауды жүзеге асыруға арналған компьютерлік тестілеу. Курстың мазмұны танымға, белсенділікке және дербестікке, сыни ойлауды дамытуға, танымдық іс-әрекеттің әртүрлі әдістерін қолдана отырып, ақпаратпен жұмыс істеуге ықпал етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Балалардың арт-қызметі
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты білім алушыларды арт-іс-әрекетті психологиялық-педагогикалық түзету әдісі ретінде, арт-терапияның негізгі ұғымдарымен, категорияларымен, ерекшеліктері және процестерімен, әртүрлі санаттағы балалардың эмоционалды-мінез-құлық көріністерін түзету әдістерімен таныстыру, әртүрлі терапия түрлерінің қызметтерімен, материалдарымен таныстыру: сурет терапиясы, драматерапия, қуыршақ терапиясы, музыкалық, би, құм, ойын, фототерапия, хромотерапия, фольклор, ароматерапия, кітап терапиясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Болашақ педагогты даярлауды әдістемелік қамтамасыз ету
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты заманауи мектептің өзгермелі жағдайларында білім алушыларды тәрбиелеудің нәтижелілігін, білім беру мен оқытудың сапасын қамтамасыз ететін кәсіби құзыреттіліктерді жетілдіру, қалыптастыру болып табылады. Пән әртүрлі типтегі сабақтарды, сыныптан тыс іс-шараларды жоспарлауға, жобалауға, білім алушылардың субъективті іс-әрекетін ұйымдастыруға, оқу және тәрбие процесінің әртүрлі кезеңдерінде осы қызметті басқаруға, өз қызметін де, білім алушылардың қызметін де талдауға және бағалауға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Бастауыш білім берудегі заманауи педагогикалық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушыларды бастауыш мектеп кезеңінде оқу және тәрбие процесінде қолданылатын инновациялық ғылыми негізделген негізгі білім беру, тәрбие, ақпараттық, интерактивті технологиялармен, педагогикалық техника тәсілдерімен, оқыту құралдарымен, оқушылармен ынтымақтастығы үшін білім беру орасын құруға, оқыту сапасын арттыратын бастамашылдығын, дербестігін, белсенділігін, креативтілігін қолдаушы, оқыту сапасын артыратын оқығандық деңгейін дамытуға ықпал ететін сараланған оқыту негіздерімен таныстыру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Сөйлеу қызметін қалыптастыру практикумы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушыларды коммуникативті құзыреттіліктерін, сөйленімдік білімдерін, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, тілді практикалық меңгеру дағдыларын жетілдіру: әдеби тілдің нормаларын ескере отырып, этикалық және эстетикалық сауатты тілдік коммуникация және тиімді сөйлеу негізінде ықпал ету тәсілдерін игеру, лингвистикалық ойлау деңгейін арттыру және жазбаша мәтіндердің орфографиялық, пунктуациялық және тілдік рәсімделуін жетілдіру.

    Оқу жылы - 1
  • Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі жетілдіру әдістері мен тәсілдері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушыларды бастауыш сынып оқушысының даралығын жетілдіруге бағытталған Г.К. Селевконың өзіндік дамытушы оқыту технологиясымен таныстыру болып табылады. Курс мазмұны оқушыларды психологиялық және педагогикалық диагностикалауды жүргізу әдістемесін меңгертуге, әрбір оқушы, жекелей алғанда жалпы сыныпты дамытудың жекелеген дамыту бағдарламасын құрастыруға, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі бекіту, өзін-өзі ретету бойынша тренингтер, жаттығулар өткізуді үйретуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Педагогикалық мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - мұғалімнің кәсіби шығармашылық жолының қалыптасу кезеңдерімен таныстыру және таңдалған педагогикалық мамандық туралы дүниетанымын тереңдету, педагогикалық іс-әрекетке деген мотивациясын арттыру, дайындық жүйесі, жұмыс ерекшеліктері, шарттары, механизмдерін және білім беру мекемелерінде жетілдірілген және өнімді жұмыс істеу үшін қажетті жеке тұлғаның маңызды қасиеттерін және өз әлеуетін жүзеге асыру үшін қажетті құзыреттіліктерін қалыптастыруды зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Тірі табиғат бұрышында жұмыс істеу әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушыларды тірі табиғат бұрышында әр түрлі жастағы балалармен жұмыс істеу әдістемесімен, табиғат бұрышы тұрғындары мен өсімдіктерін күтіп баптау, ұстау, іріктеу талаптары, табиғатпен танысу барысында, оқытудың көрнекі құралдарымен, экологиялық тәрбиенің әдістері мен құралдарымен таныстыру процесінде экспермент жүргізу әдістемесімен таныстыру, танымдық іс-әрекетті дамыту құралы ретінде табиғатты бақылау әдісін қолдану болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Бейнелеу өнерінің негіздері
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты білім алушыларды табиғат құбылыстарының, адамның, ғимараттардың бейнелерін жасау, кескінемеде көркем бейнелер, көркем құрастыруда, сәндік-қолданбалы өнерде, мүсіндеуде бейнелер жасаудағы көркем материалдармен, бейнелеу іс-әрекетінің негізгі бағыттары мен түрлерімен, көркем бейнелеу құралдарымен (ритм, пішін, сызық, түс, көлем, фактура, композиция) таныстыру болып табылады, өздерінің креативті, практикалық іс-әрекеттерін ұйымдастыруда тәжірибе жинақтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Баланың мектепке бейімделу мәселесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушыларды бірінші сынып оқушыларының оқу-тәрбие процесіне бейімделу кезеңінде психологиялық және соматикалық денсаулықты сақтаудың ерекшеліктері, заңдылықтары мен әдістері туралы білімдер жүйесімен таныстыру, жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес мектептегі жетілу деңгейіне кешенді психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізу, түзетушілік, дамытушылық және профилактикалық сабақтарды ұйымдастырумен таныстыру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Стандартты емес есептерді шешу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушыларды бірнеше шешу тәсілдері бар күрделілігі жоғары логикалық, комбинаторлық, стандартты емес, мәтіндік есептермен таныстыру; осындай түрдегі және жаттығулардағы есептерді шешу алгоритмі, оны қысқаша жазу ресімдеу әдістемесімен таныстыру. Курстың мазмұны ақыл-ой еңбегі мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін логикалық ойлауды дамытуға, математикалық білімді тереңдетуге, келесідей ақыл-ой амалдарын жетілдіруге ықпал етеді: жіктеу, талдау, салыстыру, синтездеу, жалпылау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Қазіргі базалық математикалық білім берудің теориялық негіздері
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты білім алушылардың натурал сан, мөлшер, жиындар теориясы ұғымдарын зерттеу әдістері, математикалық ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар, қасиеттері туралы теориялық және ғылыми білімдеріне негізделетін ғылыми дүниетанымын қалыптастыру Курстың мазмұны есептеу, графикалық, өлшеу дағдыларын дамытуға, келесідей теориялық әдістерді меңгертуге бағытталған: модельдеу, эксперимент, бақылау, деректерді жинау, жіктеу және өңдеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Логопедия негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - логопедияның негізгі ұғымдары туралы жүйелі түсініктерді қалыптастыру, логопедия ғылымының қазіргі даму кезеңі туралы бідімді сіңіру, логопедиялық әсердің принциптерімен, әдістерімен, жолдарымен, формаларымен, мазмұнымен теориялық және практикалық танысу; сөйлеу патологиялары, олардың баланың жалпы психикалық дамуына әсері, сөйлеу бұзылыстарын жеңу бойынша түзету жұмыстарының бағыттары туралы жүйелі ақпарат қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Бастауыш мектептегі жобалау қызметі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушыларды креативтілікті дамыту, сыни ойлау, ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттерін дамытуға бағытталған жобалау технологиясымен, жобалау-зерттеушілік іс-әрекетімен таныстыру болып табылады. Курстың мазмұнында жоба түрлері, құрылымдық элементтері, жобалық құжаттама, бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және ізденіс іс-әрекеттерін сүйемелдеу бойынша мұғалімнің жұмыс алгоритмі (талдау, ізденіс, практикалық, бақылау, презентациялау) қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Білім берудегі балалар психологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушыларды өмірлік жағдаяттарда психологиялық-педагогикалық талдауды сауатты жүзеге асыруға, жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесінде проблемаларды анықтауға, бала-педагог-ата-ана субъектілік қатынастарының үштігіндегі өзара қарым-қатынастары, даму ерекшеліктерін зерттеудің әдістерін таңдауды негіздеуге, "жақын даму аймағы" негізінде баланың даму жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін баланың психикалық дамуы туралы заңдылықтарын, пәнін, құбылыстарын, білімдерін тереңдету болып табылады, түзету және дамыту жаттығуларын тәжірибеде қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Қазіргі қазақ (орыс) тілі негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушыларды қазіргі қазақ/орыс әдеби тілі жүйесі және оның деңгейлері, оның жұмыс істеу заңдылықтары туралы ғылыми білімдермен таныстыру; сөйлеудің лексикалық-грамматикалық құрылымын байыту және кеңейту, сөйлеу іс-әрекетінің жазбаша және ауызша түрлері мәдениетін, тілді өзара әрекеттесудің әртүрлі жағдайларында қолдану тәсілдері мен ережелерін меңгерту; маңызды коммуникативтік құзыреттіліктерге ие болу болып табылады.

    Оқу жылы - 1
  • Отбасылық тәрбиелеу негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушыларды отбасылық тәрбие тарихымен, әртүрлі халықтардағы отбасылық-неке дәстүрлерімен, отбасылық реттеудің нормативтік және заңнамалық актілерімен таныстыру болып табылады. Пәнді оқу барысында қазіргі заманғы отбасының құрылымы, атқаратын қызметтері, өзекті мәселелері туралы біртұтас көзқарастарын қалыптасады, некенің әртүрлі аспектілері, балалар мен ата-аналар арасындағы тұлғааралық қатынастар, педагог пен ата-аналар ынтымақтастығының инновациялық технологиялары, формалары, әдістері зерттеледі

    Оқу жылы - 1
  • Жаратылыстану бойынша практикум
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушыларды қазіргі заманғы әлемнің ғылыми-табиғи бейнесі, табиғи құбылыстар мен процестердің даму заңдылықтары, зерттеудің келесідей ғылыми әдістерін қолдана отырып, табиғаттағы зерттеу әдістемесі туралы теориялық және практикалық білімдермен және дағдылармен таныстыру болып табылады: бақылау, салыстыру, сипаттау, есептеулер жүргізу, биологиялық-географиялық-экологиялық есептерді шешу, материалды жинау және камералдық өңдеу, бастауыш сыныптарда экскурсия ұйымдастыру және өткізу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Біртұтас педагогикалық үрдістің теориясы мен практикасы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - Қазақстанда және шет елде әртүрлі кезеңдерде білім беру жүйелері туралы түсініктерін қалыптастыру. Пән тәрбие мен білім берудің әдістері, формалары, құралдары, принциптері, инновациялық технологиялары, стратегиялары, бағалау критерилері, ынтымақтастық ортасын құру тәсілдері, оқу және тәрбие қызметін модельдеу және басқару, оны әдістемелік сүйемелдеу, мониторингті жүзеге асыру туралы теориялық білім беруге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
  • Жылжымалы ойындарды өткізу әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - студенттердің ашық ойындарды өткізу әдістемесін игеру, оқу, сабақтан тыс жұмыстарда, мектеп жанындағы немесе сауықтыру лагерінде жас ерекшеліктеріне сәйкес ойын әдісін қолдану. Пән ойындар тарихын, ойындардың жіктелуін, ұжымдық және жеке ойындарды, әр түрлі халықтардың ұлттық ойындарын зерттеуге бағытталған, бұл жеке тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал етеді, физикалық жаттығулардың тәуелсіз сабақтарына қатысады және ұйымдастырушылық, педагогикалық, практикалық жұмыс дағдыларын игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Экономика және кәсіпкерліктің негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты экономика негіздері мен кәсіпкерлікті қалыптастыру болып табылады. Пән кәсіпкерлік қызметтің даму тенденциясы мен рөлін, бизнесті жүргізудің ұйымдастырушылық және қаржылық негіздері мен кәсіпкерлікті аспаптық қолдауды, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу, өміртіршілігінің әртүрлі салаларында экономикалық білім мен экономикалық ғылымдардың әдістерін қолдануға, кәсіпкерлік қызмет саласында оңтайлы ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Бейнелеу өнері мен еңбекті оқытуда дидактикалық материалдарды дайындау әдістемесі
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты білім алушыларда білім алу мекемелерінде еңбектік оқыту бойынша дидактикалық материалдарды құрастыру жөнінде теориялық білімді, сыни ойлауды және практикалық дағдыларын қалыптастыру, дидактикалық материалдарды дайындау үшін материалдарды таба білу іскерлігін, оларды бейнелеу өнерінің түрлері бойынша өңдеу және шығармашылық қиялын дамыту, технологиялық процестерді білу негізінде сәндік және қолданбалы өнер пәндерін құрастыру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • «Жаратылыстану» және «Дүниетану» оқу пәндерін оқыту әдістемес
    Несиелер: 6

    Пәнді оқыту мақсаты оқушыларда әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыру, оның көптүрлілігін, біртұтастығын, құндылығын және ондағы адамның ролін түсінуге ықпал ету, тәжірибелерді жүргізу, себеп-салдарлық байланыстарды айқындау және мәнін анықтау, экскурсиялық сабақтан тыс және оқу сабақтары, тәжірибелік және эксперименттік зерттеулерде табиғи және әлеуметтік объектілер, құбылыстар туралы түсініктерін кеңейту, табиғат, қоғам, адам туралы пратикалық білімдерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
  • Кіші мектеп жасындағы оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушылардың 6-10 жастағы бала ағзасының жұмыс істеу ерекшеліктері мен заңдылықтары, оның қоршаған ортамен қарым-қатынасы, денсаулықты сақтау және оны күту тәсілдері, оқу процесін ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар туралы теориялық білімдерді игерту, қоршаған орта жағдайларына бейімделу және оны реттеу механизмдерін, денсаулықты сақтау және оның бұзылуының алғышарттарын анықтаудың негізгі әдістері мен тәсілдерін зерттеу.

    Оқу жылы - 1
  • Педагогтың әдістемелік қызметінің психологиялық-педагогикалық аспектілері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - болашақ мұғалімнің әдістемелік мәдениетін және кәсіби құзыреттілігін, өз бетінше ойлануын қалыптастыру. Пән жаңартылған білім беру бағдарламасын, білім беру ортасын ұйымдастыру әдістерін, білім алушылардың дамуының психикалық және психофизиологиялық ерекшеліктері негізінде оқу және тәрбие процесін жүзеге асырудың әдістерін пайдалануға мүмкіндік беретін оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық педагогикалық технологияларын пайдалануға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Бастауыш мектепте пән бойынша сабақтан тыс жұмыстары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушыларды білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде сыныптан тыс жұмыстармен таныстыру, тұлғаның креативтілігін қалыптастыруға және дамытуға ықпал ететін және жекелей оқытуды қолдану мүмкіндігімен таныстыру болып табылады. Курсты оқу барысында білім алушылар сыныптан тыс жұмыстың принциптерімен, формаларымен, түрлерімен, пәндер бойынша вариативті бағдарлама құрастыру, тәрбие жұмысының бағыттарына сәйкес іс-шаралар сценарийін құрастырумен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Оқыту мен бағалаудағы жаңа тәсілдер
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – инновациялық технологиялармен, құралдармен, нысандармен, жолдармен, әдістермен, әдістемелермен, стратегиялармен және оқыту құралдарымен, сапалық және сандық бағалау көрсеткіштерімен, инновациялық бағалау тенденцияларымен және оларды оқу-тәрбие қызметінде практикалық қолданумен таныстыру. Пән іс-әрекеттің мазмұны мен түрін дамытуға, бағалау нәтижелерін қадағалауға, талдауға, рефлексия жүргізуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
  • Көркем еңбек практикумы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты білім алушыларды көркем еңбек негіздерін оқытуға дайындау, көркемдік-бейнелеу іс-әрекетінің практикалық дағдыларын жетілдіру, мазмұнымен, әдістерімен, ұйымдастыру тәсілдерімен таныстыру, әртүрлі жастағы балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, іс-әрекеттің өнімді түрлерін басқару (құрастыру, мүсіндеу, жапсыру, сурет салу), оқыту формалары мен әдістерін: жобалау іс-әрекеті, эксперимент, зертханалық жұмыс, ақпараттық және интерактивті технологияларын меңгерту болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Математиканың бастауыш курс негіздері
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты білім алушыларда іргелі математикалық ұғымдардың (жиын, жиындар бойынша амалдар, комбинаторика элементтері, предикат, мәлімдеме, логикалық операция, сәйкестік, ұғымдарды анықтау, теорема, функция, бейнелеу) теориялық негіздерін қалыптастыру Курсты аяқтағаннан кейін жиынмен амалдардың қасиеттері мен заңдарын білу, ұғымдарды анықтау құрылымын талдай білу, қарапайым пайымдау мен жіктеуді орындау, комбинаторлық есептерді шешуді меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • «Көркем еңбек» оқу пәнін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты білім алушыларды қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелерімен, құралдарды, жабдықтарды, материалдарды пайдалануға қойылатын санитарлық және гигиеналық талаптармен, тесу және кесу құралдарын пайдалана кезінде жұмысты жүзеге асыру үшін қойылатын қауіпсіздік техникасы жөніндегі талаптармен, оқу бағдарламасын құру ерекшеліктерімен, сабақ конспектісін дайындаумен және шығармашылық және технологиялық білім, іскерлік, дағдыларды, оқытудың әдістемелік негіздерін қалыптастырумен таныстыру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Жаратылыстану ғылымының негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты болашақ педагогтарды жаратылыстанудың негізгі тұжырымдамаларымен, жансыз және тірі табиғатты, қоғамды дамытудың біртұтас процесі ретіндегі қазіргі заманғы жаратылыстану-ғылыми түсініктермен, қоғам мен табиғат дамуының іргелі заңдары мен заңдылықтары, жаратылыстану ғылымыныңәдіснамасы, табиғатты рационалды пайдаланудағы ғылым жетістіктерін практикалық қолдану және тұлғалық және кәсіби өсуді дамыту негізіне алынған әрбір оқушының интеллектуалдық әлеуетінің алғышарттарын дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Ғылыми зерттеу негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларда ғылыми зерттеулердің негіздері, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшін қажетті ғылыми танымның негізгі тәсілдері мен әдістері туралы білім жүйесін қалыптастыру. Пән ғылыми зерттеулердің принциптерін, заңдарын, нысандарын зерделеуге және зерттеу әдістерін таңдау, іске асыру, зерттеу процесін ұйымдастыру технологияларын қолдану, талдау, жалпылау, ғылыми зерттеу нәтижелерін ресімдеу дағдыларына бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Көшбасшылық: тиімді басшылықтың дағдылары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушыларда көшбасшылық принциптері, тұжырымдамалары, функциялары, талаптары, стильдері туралы түсініктерін қалыптастыру, менеджер тұлғасының құндылықтар жүйесімен және көшбасшылықты жүзеге асыру ерекшеліктерімен таныстыру, кәсіби дағдыларын жетілдіру: команданы қалыптастыру, қақтығыстарды басқару, шешім қабылдау, іскерлік коммуникативтік қарым-қатынастың практикалық біліктерін дамыту, көшбасшылық қасиеттерді дамытудың тиімді формаларын, әдістерін, басқару технологияларын таңдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушыларда экология негіздері және қауіпсіз тіршілік ортасы туралы білім жүйесін қалыптастыру болып табылады. Пән халықты табиғи және техногендік сипаттағы қауіптердің ықтимал салдарларынан қорғау бойынша экологиялық ойлау, болжау және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс шешімдер қабылдау дағдыларын, адам қызметінің қауіпсіздігі мен қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету әдістері мен құралдары туралы білімді қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Педагогикалық акмеология
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты білім алушыларды адам туралы, оның рухани әлемі туралы ғылыми идеялар жүйесімен, тұлағлық және кәсіби өсуді дамытудың акмеологиялық тұжырымдамасымен, қолданбалы акмеологияның түрлері туралы, акмеологиялық қызметтің іс-әрекеті, оның құрылымы, мақсаты, міндеттері мен жұмыс бағыттары туралы, адамның тұлғалық және кәсіби дамуын қолдайтын технологиямен таныстыру болып табылады: психологиялық кеңес беру, ойынды модельдеу, акмеограммаларды әзірлеудің практикалық дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • «Сауат ашу», «Қазақ (Орыс )» тілі оқу пәнін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушыларды мектепте оқытудың бастапқы кезеңінде қазақ/орыс тілінде сауаттылыққа үйрету бойынша жұмысты ұйымдастыру, оның мазмұны, мақсаттары салаларындағы білімдермен таныстыру болып табылады. Білім алушылар оқытудың үш кезеңімен танысады (дайындық, әріптік және әріптен кейінгі), бұл әр баланың тілдік және сөйлеуді дамытуын қамтамасыз етеді, функционалды сауатты тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді және жас оқушыға өзін тілдік тұлға ретінде тануға көмектеседі.

    Оқу жылы - 1
  • Әдебиетті дамыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушыларды бастауыш сынып оқушыларының әдебиеттік оқу пәнінің ғылыми негіздерімен (психофизиологиялық, лингводидактикалық, психолингвистикалық, әдіснамалық) таныстыру; классикалық және қазіргі заманғы балалар шығармалары, ауызша шығармашылықты, жанрына, түріне, түріне байланысты көркем мәтіндердің мазмұнымен жұмыс істеу әдістемесін зерттеу, білікті оқырман дағдыларын қалыптастыру және дамыту технологиясын меңгеру және кәсіби құзыреттіліктерді жетілдіру болып табылады.

    Оқу жылы - 1
  • «Математика» оқу пәнін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты білім алушыларды бастауыш сынып оқушыларын оқыту бағдарламасымен, оқу материалының мазмұнымен, заңдылықтармен, принциптермен, оқушыларды дамытудың тенденциялары мен перспективаларымен таныстыру, оқу-танымдық математикалық оқу және сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістерін, формаларын, құралдарын, технологияларын игерту, пәнаралық және пәнішілік байланыстарды жүзеге асыру, стандартты және стандартты емес есептерді шешу әдістемесін, эвристикалық ойлау әдістерін пайдалануды меңгерту.

    Оқу жылы - 1
  • Педагогикалық профессиология
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушыларда психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны мен бірегейлігі туралы түсініктерді қалыптастыру болып табылады, педагогтың қалыптасуындағы тұлғалық даму перспективаларын түсінуге ықпал етеді, кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерді жетілдіреді, өзін-өзі дамытудың үздіксіздігін түсінуге, өзін-өзі жетілдіруге бағдарлайды, педагогикалық шығармашылыққа мотивациясын оятады, терең теориялық біліммен, оқу және танымдық еңбек мәдениетімен толтырады, педагог мамандықтың әлеуметтік маңызы мәселелерін түсінуге бағыттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Педагогикалық шеберлік
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты білім алушыларда педагогикалық іс-әрекеттің мәні, оқытушыға әсер ету құралдары мен тәсілдері, педагогикалық техника, педагогикалық этиканың нормалары мен принциптері туралы түсініктерін қалыптастыру, сөйлеу мәдениетін игерту және даулы жағдаяттарды болжау және шешу іскерлігін, әмбебап сипаттағы кәсіби іс-әрекет саласындағы әлеуемттік-тұлғалық мәселелерді тиімді шешуге ықпал ететін психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерді игеру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Кәсіби қызметтің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің құқықтық негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – болашақ мамандардың құқықтық мәдениеті мен саналы парасаттылығын қалыптастыру. Пән білім алушыларды әлеуметтік процестерді құқықтық реттеудің негізгі жолдарымен, мемлекетті, экономиканы басқарудағы, құқықтық тәртіп пен ұйымдастыруды қамтамасыз етудегі құқықтың рөлімен таныстыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білім мен болашақ кәсіби қызметтегі осы құбылысқа қатысты азаматтық ұстанымды, дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Инклюзивтті білім беру
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты –білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, оларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту туралы түсініктерді, диагностикалық технологиялар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту әдістері туралы білімдер жүйесін қалыптастыру. Пән білім алушының ерекше қажеттіліктерін ескеретін кедергісіз дараланған білім беру инклюзивті ортасын құру үшін ұйымдастырушылық-басқару, тәрбиелік, әлеуметтік-педагогикалық, мәдени-ағартушылық дағдылар мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
  • Экология және тұрақты даму
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушылардың экология және биосфераның дамуының іргелі заңдылықтары, әртүрлі деңгейдегі экожүйелер, жалпы тірі организмдер және олардың тұрақтылығы, биосфера компоненттерінің өзара әрекеттесуі және адам іс-әрекетінің салдарларынан табиғатты қорғау, атап айтқанда табиғатты пайдалану және интенсификация туралы білімдерін қалыптастыру болып табылады. Курстың мазмұны республикадағы тұрақты даму тұжырымдамалары, стратегиялары, практикалық міндеттері туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Код ON1

    білімдерін көрсету: кәсіпкерлік саласындағы экологиялық, экономикалық, кәсіби және басқа да мәселелерді шешуде өмір қауіпсіздігі, құқықтық мәдениет, жоғары саналы тәртіпті, төзімділік пен адалдықты көрсету

  • Код ON2

    инновациялық технологияларды, оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін қолдана отырып, бастауыш мектеп теориясын, әдіснамасын, педагогикасын, бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыту әдістері, құралдары мен нысандарын білуге және түсіну негізделген кәсіби қызметті жүзеге асыру

  • Код ON3

    кіші оқушыларының жасына, жеке және ерекше білім беру қажеттіліктеріне сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық әдістерін, тәсілдерін, құралдарын таңдау

  • Код ON4

    өзінің кәсіби деңгейін жетілдіру және көшбасшылық қасиеттерін дамыту мақсатында ғылыми-практикалық зерттеулердің нәтижелерін пайдалана отырып, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеу, педагогикалық рефлексия арқылы тұлғалық кәсіби өсу мен жетілдіруге ұмтылуын көрсету

  • Код ON5

    Кіші жастағы оқушылардың тәжірибелік-эксперименттік іс-әрекеттері мен дүниетану және жаратылыстану білімінің бастапқы курсын, табиғаттағы бақылауларды зерттеу процесін ұйымдастыру үшін іргелі жаратылыстану заңдары тұрғысынан өзгерту

  • Код ON6

    ана тілі, қазақ (орыс) және шет тілдерін білу, ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдері мен құралдарын пайдалана отырып, ауызша және жазбаша диалог, монолог, іскерлік хат алмасуды жүргізе алады

  • Код ON7

    кіші оқушыларға эстетикалық тәрбие мен көркемдік білім беру құралы ретінде бейнелеу қызметін пайдалана отырып, білім беру үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру

  • Код ON8

    білім беру үдерісін ұйымдастыру үшін негізгі математикалық ұғымдар мен теорияларды, математикалық фактілерді талдау дағдыларын пайдалану

  • Код ON9

    қазіргі білім беру талаптарына сәйкес әдістердің, формалардың және құралдардың кең спектрін қолдана отырып, бастауыш сыныптарда пәндерді оқыту әдістемесін білу негізінде оқу-білім беру процесін құру

6B01301 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

"Астана" Университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top