Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01509 Математика в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Сызықты алгебра I
    Несиелер: 6

    Бұл курс сызықтық алгебра негіздерінің қысқаша түсініктемесі болып табылады. Осы курсты оқу барысында студенттер сызықтық алгебраның негізгі түсініктерімен және фактілерімен танысады: негізгі алгебралық құрылымдар теориясы, комплекс сандар, матрицалар мен анықтауыштар теориясы, көпмүшеліктер теориясы, сызықтық теңдеулер жүйесі және оларды шешу әдістері. Информатика мен экономиканың математикалық және қолданбалы есептерін шешуде сызықты алгебра әдістерін қолдану мүмкіндіктері қарастырылды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Планиметрия бойынша есептерді шешудің теориялық негіздері
    Несиелер: 6

    Курстың мазмұны білімдерді қолданылу аясы есептер болып табылатын қолданбалы теоремалармен толықтыруға, планиметриялық есептерді шешудің тәсілдері мен әдістері туралы түсініктерді кеңейтуге және тереңдетуге бағытталған. Курс теориялық түсініктірді дәл және сауатты тұжырымдау, сызбаларда геометриялық фигураларды бейнелеу, алгебра, тригонометрия және геометриялық түрлендіру аппараттарын есептеу, дәлелдеу және салу үшін планиметриялық есептерді шешуде қолдану дағдыларын меңгеруге арналған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Элементар математика
    Несиелер: 6

    Элементар математика пәні мектеп математикасы курсының мазмұнына сүйенеді. Элементар математиканың негізгі ұғымдары, фундаменталды идеялары оқытылады. Алған білімдері мен іскерліктерін кәсіби қызметтерінде қолдану дағдыларын қалыптастырады. Элементар математика есептерін щығарудың әртүрлі әдіс-тәсілдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Планиметрия бойынша есептерді шешу практикумы
    Несиелер: 6

    Практикумның мазмұны келесі тақырыптардағы есептерді шығару дағдыларын кеңейтуге бағытталған: Үшбұрыштағы метрикалық қатынас. Медианалардың, биссектрисалардың, биіктіктердің қасиеттері. Үшбұрыштың аудандары туралы теоремалар. Төртбұрыштардағы метрикалық қатынастар. Төртбұрыштардың аудандары туралы теоремалар. Хордалардың, жанамалардың және қиюшылар арасындағы метрикалық қатынастар. Үшбұрыштарға іштей сызылған және сырттай сызылған шеңберлер. Тікбұрышты үшбұрыштарға іштей және сырттай сызылған шеңберлер. Шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар. Шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштардың аудандары. Птолемей теоремасы. Бұл курс планиметрия бойынша негізгі білімді кеңейтуге және тереңдетуге арналған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Дифференциалдық есептеулер
    Несиелер: 5

    «Дифференциалдық есептеулер» курсында нақты айнымалы функция қарастырылады, математикалық талдаудың маңызды тұжырымдары мен анықтамалары енгізіледі: нақты сандар (сандық түзу), функция, шекара, үздіксіздік. Туынды және дифференциалдың негізгі түсініктерін оқытады, сондай-ақ олардың функцияларды зерттеудің қолдану әдістері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Студенттерді оқыту және тәрбиелеудің теориялық негіздерімен таныстыру, педагогикалық құзыреттілік деңгейін жоғарылату, студенттің тұлғалық қасиеттерін біртұтас көзқарас ретінде қалыптастыру, білім беру мен кәсіптік қызметті меңгерудің және жетілдірудің, оқыту дағдыларын дамыту, зияткерлік жұмыс мәдениетін, өзін-өзі оқытуды дамыту факторы ретінде; педагогикалық білім негізінде міндеттерді тиімді шешу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Математикалық талдау I
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында студенттер нақты сандар, , тізбектер, тізбектің шегі, бір айнымалылы функция шегі, функцияның үзіліссіздігі, бір айнымалылы функция үшін дифференциал есептеу, Тейлор формуласы, сияқты математикалық талдаудың негізгі түсініктерімен танысады және осы теориялардың негізгі әдістерін игереді. Сонымен бірге функцияның өзгерісін зерттеуде туындыны қолдану тәсілдерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Инклюзивті білім беруде АКТ
    Несиелер: 5

    Курс студенттерде заманауи ақпараттық технологиялардың көмегімен кәсіби есептерді шешудің теориялық және тіжңрибелік дағдыларын қалыптастыруға, дербес компьютерде жұмыс жасауды жоғары пайдаланушы деңгейде қолдануын дамытуға, бағытталған. Іскерлік ақпараттарды өңдеудің әдістері мен бағдарламалық құралдары мен тәсілдерін меңгеруге, мамандандырылған компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасау дағдаларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Интегралдық есептеулер
    Несиелер: 6

    «Интегралдық есептеулер» курсының негізі - Ньютон-Лейбниц формуласымен байланыстырылған айтарлықтай әр тұрлі ұғымдар болып табылатын, бір айнымалы функцияның анықталмаған интегралы мен Риман интегралы болып табылады.Бұл курсты оқу математикадағы геометриялық және физикалық есептерді шешу мүмкіндігін кеңейтеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сызықты алгебра II
    Несиелер: 6

    Бұл курс Сызықтық алгебра I курсының жалғасы болып табылады. Мұнда білім алушылар сызықтық кеңістік теориясымен тереңірек танысады: кеңістік пен ішкі кеңістіктің базисі, кеңістік базистерін түрлендіру, сызықтық операторлар, сызықтық оператордың меншікті векторлары және инварианттық ішкі кеңістіктері, матрицаның Жордандық қалыпты түрі, евклидтік кеңістік теориясы және квадраттық формалар.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Математикалық талдау IІ
    Несиелер: 6

    Пәнді оқу барысында студенттерматематикалық талдаудың негізгі ұғымдарының бірі анықталмағанинтеграл, Риманинтеграл ұғымдарымен танысып, олардыесептеудің негізгі әдістерін меңгереді және Риманинтегралын қолданып жазық фигураның ауданын, дененің көлемін, қисықтың ұзындығын есептеуді үйренеді. - n-өлшеуішті кеңістігі, көп айнымал функциялары ұғымдарымен танысып, n-өлшеуішті кеңістіктетізбек пен функцияның шегі, функцияның үзіліссіздігі, көп айнымал функцияның дербес туындылары сияқты ұғымдарды игереді. Көп айнымалылыфункцияның локальдық экстремумын, шартты экстремумдарындифференциалдықесептеудің әдістерімен табуды меңгереді .

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған бағдарламалық мазмұнды бейімдеу
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттің мінез-құлық және жеке мәселелерін анықтау үшін психологиялық-диагностикалық құралдарды қолдану, студенттің даму деңгейін және динамикасын бағалауды қалыптастырады. Ақыл-парасы бұзылған балаларды шет елде және Қазақстанда оқыту және тәрбиелеу теорияларының мен тәжірибелерін қалыптастыру мен дамыту оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогикалық психология
    Несиелер: 6

    Курстың мазмұны болашақ мамандардың нақты психологиялық білімдер жүйесін қалыптастыруға бағытталған, бұл оларға педагогикалық жағдайды сауатты талдауға және педагогикалық психологияның негізгі ғылыми тұжырымдамалары туралы теориялық идеяларды кәсіби қызметтің тәжірибелік аспектілерімен байланыстыра отырып қолдануы туралы білімдер жүйесін қамтиды

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл курста психологиялық ғылымның осы бөлімінің теориялық компонентінің негізін құрайтын негізгі теориялық көзқарастарды және маңызды бағыттар мен тұжырымдар зерттеледі; Оқу жұмысымен танысу тақырыптары мен мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық– педагогикалық зерттеулер нәтижелері мен әдістерін талдау процесі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Рухани жаңғыру
    Несиелер: 5

    Қазіргі заманның талабына сәйкес қоғам дамуының іргелі қағидасының бірі жастардың білімге, прагматизмге, бәсекеге қабілеттілікке деген ұмтылыс болуы қажет. Студент жастардың зердесі мен санасының ашықтығы – рухани жаңғыруды тиімді жүзеге асырудың басты шарты болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көп айнымалылардың интегралдық есептеуі Integral calculus of many variables
    Несиелер: 6

    «Көп айнымалылардың интегралдық есептеуі» курсы - «Математикалық талдау II» курсының кеңейтуі болып табылады да көпайнымалы, қисық сызықты және беттік Риман интегралдар теориясын зерттеуді қамтиды. Бұл курсты оқу математикадағы кеңістіктік геометриялық және физикалық есептерді шешу мүмкіндігін кеңейтеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Математикалық талдау IIІ
    Несиелер: 6

    Бұл курс математикалық талдаудың негізгі фундаментальды тұжырымдамаларын - сандық және функционалдық қатарлар, меншіксіз интегралдар, параметрлерге тәуелді интегралдар, тригонометриялық Фурье қатарларымен таныстыруға және бекітуге бағытталған. Мақсаты - оқушылардың логикалық ойлау мен математикалық мәдениетін дамыту, математикалық түйіндерді дамыту, сонымен қатар басқа математикалық әдістерді және басқа математикалық пәндерді оқуға дайындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология негіздері және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пән адамның қоршаған ортамен қауіпсіз өзара әсер тәсілдерін, қауіпсіз ортада тіршілік етуін, экологиялық факторларды, орта сапасының ғаламдық өзгерістерін және олардың салдарын қарастырады. Су ресурстарының, әуе бассейнінің экологиялық қауіпсіздігін, жер ресурстарының деградациясы мен тозуын, экологиялық тәуекел, ҚР азық түлік қауіпсіздігі, антропогенді әс-әрекетпен байланысты табиғи, техногенді апаттарды және олардан қорғану тәсілдерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
    Несиелер: 5

    Пән - студенттерге ұлттық заң салалары туралы қажетті жалпы идеяларды беру, Қазақстан Республикасының заңнамасының негізгі нормаларына, оның ішінде конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық және өзге де нормативтік құқықтық актілермен танысуға итермелейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік және бизнес
    Несиелер: 5

    Пән үш бағытты қамтиды: бизнесті басқару, қызметтің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аясы; бизнес идея және бизнес жоспарды дамыту; пәннің негізгі бағыттарының бірі ретінде студенттерді жеке жауапкершілікке, ынталандыруға, инновациялыққа, талпынысқа және қоғам алдындағы жауапкершілікке үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Аналитикалық геометрия
    Несиелер: 5

    Бұл курсты оқып-үйрену барысында студенттер векторлар, координаталық жүйелер, бірінші және екінші ретті кисықтар мен беттер сияқты аналитикалық геометрияның негізгі ұғымдарымен танысып, теориялық және қолданбалы мәселелерді шешу дағдыларын меңгереді. Геометриялық нысандардың математикалық сипаттау әдістері оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Математиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 7

    Бұл курс келесі мәселелерді қарастырады: математиканы оқытудың жалпы әдістемесі, жеке әдістемесі және нақты әдістемесі; мектептік математика бөлімдерін оқыту технологиялары. Бағдарламада оқушылардың білім мазмұнының негізгі компоненттерін меңгерудің замануи педагогикалық технологияларына, математиканы оқытудың түрлері мен әдістеріне көңіл бөлінеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Аффиндік және Евклидтік геометрия элементтері
    Несиелер: 5

    Курста аффиндік кеңістігінің аксиоматикалық құрылымы, ондағы бейнелер, көп-өлшемді жазықтықтар қарастырылады. Жазықтықтың векторлық және параметрлік теңдеулері мен көп-өлшемді жазықтықтардың өзара oрналасуын анықтау жолдары көрсетіледі. Біртектес емес сызықтық теңдеулер жүйесі шешімдері жиынының геометриялық талқыламасы беріледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мектеп математика курсында ықтималдықтар теориясының қолданысы
    Несиелер: 5

    Мектеп курсындағы математикада ықтималдықтар теориясының қолданысы курсы, жаңаланған орта білім бағдармаласы аясында, мектеп курсындағы математикада ықтималдықтар теориясының есептерін шешудің әдістерін үйретуде қолданылатын инновациялық педагогикалық технологияларды үйрету мен салыстыруға бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жаратылыстану-ғылыми пәндердің интеграциясы
    Несиелер: 5

    Жаратылыстану ғылыми пәндерді біріктіру ұғымдары мен олардың тәжірибелік түрде жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырады. Сонымен қатар, біріктіруді жүзеге асырудың үш деңгейі: пәнішілік, пәнаралақ, транспәндік деңгейлері оқытылады. Пәнаралық біріктіру әдістері пәнаралық байланыстарына, кіріктірілген сабақтар мен кіріктірілген курстарға тоқтала отырып егжей-тегжейлі сипатталады. Пәнаралық біріктірудің проблемалары мен оларды жеңу әдістері оқытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
    Несиелер: 5

    «Ықтималдық теориясы және математикалық статистика» пәні оқиғалардың заңдылықтарын зерттеуге бағытталған, оның нәтижесін және олардың негізгі сипаттамаларын болжау мүмкін емес. Зерттеу барысында зерттелген оқиғалардың практикалық іске асырылу әдістері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Математикалық логика және алгоритмдер теориясы
    Несиелер: 6

    Математикалық логика және алгоритмдер теориясы курсында дәстүрлі түрде зерттелетін тақырыптар қарастырылады: логика алгебрасы және пікірлерді есептеулер, предикаттардың логикасы мен есептеулері, формальды аксиоматикалық теориялар, алгоритмдер теориясы және есептеу күрделілігі теориясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Алгебра бойынша есептерді шешу практикумы
    Несиелер: 6

    Курста мектептің алгебра курсының бөлімдеріінің есептерін шешудің жалпы тәсілдері туралы негізгі мәліметтер беріледі. Курсты оқу барысында студенттердің мәтіндік есептерді, алгебралық және тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуге, элементар функцияларды зерттеуге, элементар функциялардың туындыларын, алғашқы бейнелерін және интегралдарын табуға байланысты және басқа да есептерді шығару дағдыларын дамыту және жетілдіру көзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дискреттік математика және математикалық логика
    Несиелер: 6

    Дискретті математика мен математикалық логиканың негізгі ұғымдары, осы салада қолданылатын математикалық нысандардың анықтамалары мен қасиеттері, пайымдаулардың тұжырымдары мен олардың дәлелдеулері, олардың қолданылуы мүмкін саласы оқытылады. Дискретті математика мен математикалық логиканың әртүрлі бөлімдерінің теориялық және тәжірибелік сипаттағы есептерін шешу әдістері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Алгебра бойынша есептерді шешудің теориялық негіздері
    Несиелер: 6

    Курста алгебра пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыру мен жүргізудің мәні, ерекшеліктері туралы негізгі мәліметтер қамтылып, дидактиканың теориялық және әдістемелік негіздері, оның негізгі заңдылықтары, қызметтері мен әдістері ашылады. Курсты оқу студенттерге жалпы білім беру ұйымдарында, орта кәсіптік және қосымша кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқу процесін ұйымдастырудың оңтайлы әдістемесін әзірлеу және кадрларды қайта даярлау жолдарын үйренуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Графтар теориясы және оның қолданбалары
    Несиелер: 5

    Курста графтар теориясының негізгі ұғымдары мен іргелі фактілері, графиктерді метрикалық және құрылымдық талдау әдістері, графиктердегі төтенше мәселелерді шешу алгоритмдері көрсетілген. Графтардың маңызды кластары қарастырылады: ағаштар, екі бқлшекті және жазық графтар. Сонымен қатар графтар теориясының әртүрлі қолданбалы қосымшалары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ақпаратты қорғаудың математикалық негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл курста сандар теориясының кейбір тараулары қарастырылады және оның қорғалған коммуникациялық желілер мен ақпаратты қорғау құралғыларымен байланысы көрсетіледі. Ақпаратты шифрлеу және дешифрлеуде қолданылатын математикалық әдістер қарастырылады. Симметриялы және асимметриялы алгоритмдер егжей-тегжейлі оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Білім беруде IT қолдану
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқу информатика пәні бойынша жалпы білім беру бағдарламасы біліміне негізделеді. Қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологияларды жасау, әкімшілендіру электрондық білім ресурстарын қалыптастыру пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Одан басқа, заманауи ақпараттық білім беру ортасында білім алушылардың жобалық қызметті ұйымдастырудың тәсілдері оқытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Білім алушыларды оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі республикалық және халықаралық бағдарламаларға дайындау
    Несиелер: 5

    Курс студенттерді «математикалық сауаттылық» бойынша білім беру жетістіктерін бағалаудың ұлттық және халықаралық (PISA) бағдарламаларына дайындау әдістеріне арналған. PISA зерттеулеріндегі математикалық сауаттылықты анықтау мен бағалаудың тұжырымдамалық негіздері, тапсырмалардың математикалық мазмұны, математикалық сауаттылық деңгейлерін бағалау шкаласы, математикалық тапсырмалардың сипаттамалары, өткен жылдардағы PISA тапсырмалардың мысалдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Сандар теориясы
    Несиелер: 5

    Курс сандар теориясының негіздерін зерттеуге арналған. Бөлінгіштік қасиеттері, сызықтық диофанттық теңдеулер, мультипликативті функциялар, тізбекті бөлшектер оқытылады. Натурал модуль бойынша қалдындылар кластары сақиналарының құрылымы және салыстыруларды шешу әдістері зерттеледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Стереометрия есептерін шешу практикумы
    Несиелер: 5

    Практикум мазмұны келесі тақырыптар бойынша есептерді шығару дағдыларын кеңейтуге бағытталған: Кеңістіктегі түзулер, жазықтықтар және бұрыштар. Призма, пирамида, цилиндр, айналу денелері, көпжақтар мен айналу денелердің комбинациясы. Көпжақтардың және айналу денелердің беттер аудандарын мен көлемдерін табу. Векторлар және олардың стереометриялық есептерді шешуге қолданылуы. Курс стереометрияның негізгі білімін кеңейтуге және тереңдетуге арналған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дифференциалдық геометрия және топология
    Несиелер: 5

    Курстың мазмұны қисықтар мен беттердің анықталуына, локальді зерттеулерге арналған. Мұнда қисықтықтар теориясы, беттердің негізгі инварианттары, бірінші және екінші квадраттық формалар, беттің бойындағы негізгі қисықтар (асимптотикалық, қисықтықтар, геодезиялық), беттің ішкі геометриясы қарастырылады. Курс дифференциалды геометрияның негізгі ережелерін теориялық тұрғыда әзірлеуге, проблемаларды шешудегі практикалық дағдыларды игеруге арналған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дифференциалдық теңдеулер
    Несиелер: 5

    «Ықтималдық теориясы және математикалық статистика» пәні оқиғалардың заңдылықтарын зерттеуге бағытталған, оның нәтижесін және олардың негізгі сипаттамаларын болжау мүмкін емес. Зерттеу барысында зерттелген оқиғалардың практикалық іске асырылу әдістері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Математикадан жобалық жұмыстарды ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Математикадан жобалық әрекеттің математикалық сауаттылық пен мәдениеттің қалыптасуына, ықпалын бағалауға арналған,жұмыстарды ұйымдастыруға арналған. Оның ішінде студенттің математиканы оқу барысындағы зерттеу әрекетінің жақсы жағы талданған. Жобалық әдіс қандай да бір алтернативті сыныптық-сағаттық жүйеде қарастырылады. Студенттердің шығармашылық деңгейлерін анықтауға басым көңіл бөлінеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Нақты айнымалы функциялар
    Несиелер: 5

    «Нақты айнымалы функциялар теориясы» пәні жалпы теориялық математикалық дайындықтың негізін құрайды, «Функционалдық талдау» пәнін оқу үшін іргелі база рөлін атқарады. Осы пәннің оқытудың негізгі мақсаты: Лебег өлшемі және интегралы туралы көзқарасты, нақты айнымалы функциялар теориясының іргелі заңдарды қолданудың білігі мен дағдысын кәсіби іс әрекет жүйесінің негізі ретінде қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Проективті геометрия
    Несиелер: 5

    Бұл курста проективтік түзу мен жазықтықтың негізгі аксиоматикалық мәселелері және Дезарг теоремасы, толық төрттөбелік геометриясы, екінші ретті қисықтар мен олардың классификациясы, т.с.с. проективті геометрияның классикалық бөлімдері баяндалады. Курста проективті түзулер мен жазықтықтардың проективті бейнелеулері және түрлендірулері қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мектептік математика курсының ғылыми-әдістемелік негіздері
    Несиелер: 5

    Курс мектептік математиканың ғылыми негіздері жүйелі түрде баяндалады. Мектепте оқытылатын геометрия, алгебра және анализ бастамалары курстарының логикалық құрылымы, математикалық белгілер тілі мен мен математикалық логиканың бастамасы, қазіргі математика құрылымының тұжырымдамасы және мектеп математикасының негізгі құрылымдарын шолулары қарастырылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Математиканы тереңдетіп оқытатын сыныптарда математиканы оқыту
    Несиелер: 6

    Оқу пәні педагогикалық пәндер циклына жатады және студенттерді мамандандырылған мектепте математикалық білім беру мазмұнын жобалаудың заманауи тәсілдерімен таныстырады. Курста студенттерді математика сабақтарында жандандырудың түрлі тәсілдері, математиканы тереңдетіп оқыту бағдарламалары, сонымен қатар дарынды балалармен жұмыс істеу ерекшеліктерін қарастыралған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Интегралдық және дифференциалдық теңдеулер
    Несиелер: 5

    Курс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде «Дифференциалдық теңдеулер» қарапайым дифференциалдық теңдеулер теориясының негізгі түсініктері мен анықтамалары енгізіліп, бірінші және жоғары ретті теңдеулердің белгілі бір түрлерінің интегралдау әдістері қарастырылады. Екінші бөлім «Интегралдық теңдеулер» Фредгольм және Вольтеррдің сызықты интегралдық теңдеулерді шешу әдістерін зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Стереометрия бойынша есептерді шешудің теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Курстың мазмұны стереометриялық есептерді шешудің әдістері мен тәсілдері туралы теориялық білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге, стереометрия бойынша білімдерді жүйелеуге, стереометриялық есептерді шешудің координаталық және векторлық әдістерімен танысуға, теориялық білімдерді күрделі есептерді шешуде қолдана білу дағдыларын, кеңістіктік бейнелерді елестетуді дамытуға, көп қырлы модельдерді құру кезінде графикалық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Олимпиада және стандартты емес есептерді шығару әдістемесі
    Несиелер: 6

    Курс көптеген оқушылар үшін стандартты емес олимпиада еспептерін шешуге арналған бірқатар классикалық идеяларды қарастырады. Әрбір идея түсіндірмемен, есептерді шешудің мысалдарымен және өзіндік жұмыс үшін тапсырмалармен қамтамасыз етіледі. Олимпиадалық және ғылыми зерттеу есептері түріндегі есептер жиынтығы келтіріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеулерге кіріспе
    Несиелер: 5

    Ғылыми зерттеудің негізгі анықтамалары, мақсаты мен міндеті және олардың әртүрлі негіздемелеріне сай классификациялары, ғылыми зерттеудің негізгі талаптары, түрлері мен әдістері қарастырылады. Маңызды ғылыми проблемаларды топпен талдау жұмыстары, пікірталастар мен проблеманың жағдайын бағалаау, әртүрлі әдістерді қолданып шешу жолдары талқыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Комплекс айнымалы функциялар
    Несиелер: 5

    Курс студенттердің комплекс айнымалы функциялар теориясының негізгі әдістерін меңгерулеріне бағытталған. Курсты оқу барысында комплекс жазықтығындағы тізбектер, қатарлар, функциялар (аналитикалық, элементар), олардың қасиеттері, комплекс жазықтығындағы интегралдар, Коши интегралы, қалындылар теориясының элементтері және олардың қолданулары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Топтар, сақиналар және өрістер теориясының негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттерді қазіргі алгебраның негізгі ұғымдарымен және теориясымен таныстырады. Курста топтар, сақиналар және өрістер теориясының негізгі фактілері көрсетіледі: олардың түрлері, құрылымдары, мысалдары, негізгі теоремалар. Сондай-ақ, топтардың, сақиналардың және өрістердің бірқатар маңызды сыныптары қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON12

    математикалық білім беру және ғылым саласындағы ғылыми-зерттеу мәселелерін қалыптастыру және шешу үшін жүйеленген теориялық және тәжірибелік білімін пайдалануға дайын

  • Код ON3

    әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі

  • Код ON6

    өзінің болашақ мамандығының әлеуметтік маңыздылығын түсінуге дайын, кәсіби іс-қимыл жасауды ынталануға ие, кәсіби этика негіздері мен сөйлеу мәдениетіне ие, білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес кәсіптік қызметке дайын

  • Код ON11

    жеке, пәнаралық және объективті оқу нәтижелеріне жету үшін білім беру ортасының мүмкіндіктерін пайдалана алу және оқытылатын математикалық цикл пәндерін оқыту мен тәрбиелеу процесінің сапасын қамтамасыз ету, білім алушылардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруға, олардың қызметін, бастамашылығын және тәуелсіздігін қолдауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға қабілетті

  • Код ON7

    білім алушылардың әлеуметтік, жас, психофизикалық және жек ерекшеліктерін ескере отырып, білім беруді, тәрбиелеуді және дамытуды жүзеге асыруға дайын, оқу үрдісінде психологиялық-педагогикалық әдістерді қолдануға дайын

  • Код ON9

    білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес математикалық мамандықтар бойынша оқу бағдарламаларын жүзеге асыра алу, білім беру үрдісінде оқытудың заманауи әдістерін және технологияларын қолдану

  • Код ON2

    ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу

  • Код ON4

    дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу

  • Код ON5

    құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау

  • Код ON10

    математикалық ғылымның классикалық бөлімдерінің негізгі ережелерін, математиканың негізгі идеялары мен әдістерін, негізгі математикалық құрылымдардың жүйесін меңгеру, алған білімдерін кәсіби қызметінде қолдана алу, оқытудың нәтижелерін талдай және бағалай білу

6B01509 Математика
Бакалавриат

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01509 Математика
Бакалавриат

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01509 Математика-Информатика
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01509 Математика-Физика (көптілді білім беру)
Бакалавриат

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01509 Математика – информатика
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01509 Математика-Физика
Бакалавриат

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01509 Математика-Информатика мұғалімін даярлау
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01509 Математика және информатика мұғалімдерін дайындау
Бакалавриат

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01509 Математика және информатика мұғалімдерін дайындау
Бакалавриат

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top