Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01507 Химия - Биология мұғалімін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 5

    Мамандыққа кіріспе жоғары білімнің жұмыс істеуінің жалпы принциптері, оның нормативтік-құқықтық базасы, жоғары оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру туралы білім жүйесін құрайды, сонымен қатар студенттерді болашақ мамандықтың теориялық негіздерімен, оның қоғамдағы орны мен оны игеру құралдарымен таныстырады, студенттерге оқу пәнін игерудің перспективаларын ашады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Бейорганикалық химия
    Несиелер: 8

    Оқу курсы химияның негізгі ұғымдары мен заңдарын, Зат құрылысы теориясын, периодтық заңын, термодинамика және кинетика негіздерін, ерітінділер мен электрохимиялық процестердегі заттардың негізгі заңдылықтарын қарастырады. Ғылыми-зерттеулерде модельдеуді қолдану, есептерді шешуде ЦБР-ды пайдалану, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ботаника
    Несиелер: 5

    Өсімдіктердің құрылысы, дамуы, классификациясы, таралуы, табиғаттағы маңызы, таксономиялық категориялары, жеке және эволюциялық даму барысындағы қалыптасу процесі мен заңдылықтары қарастырылады. Өсімдіктер дүниесінің қазіргі жағдайы мен мәселелері, зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдауда білімді практикада қолдану, пәнаралық білімдерді интеграциялау, комуникативтілігі мен ақпараттық мәдениетін көрсету жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Элементтер химиясы
    Несиелер: 6

    Периодтық жүйенің химиялық элементтерінің қосылыстарын қарастырады: ядро заряды, атомдардың электронды формулалары, валенттілік, химиялық байланыс, тотығу күйі, радиус, химиялық қасиеттер, топ пен периодтың өзгеру сипаттамалары, есептерді шешу. Теориялық білімді практикада қолдану, химияның ғылымдағы рөлі, орны, жобалық жұмыстарды орындаудағы коммуникативтілік, пәнаралық білімді интеграциялау сипатталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жасуша биологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мазмұны студенттерде жасушаның құрылысы мен физиологиясының негізгі заңдылықтары, ағзадағы негізгі ұлпалар жүйесі мен жіктелуі туралы түсініктерді қалыптастырады. Жасушаның биология ғылымдарындағы орны мен рөлін дәйектеу және жоба бойынша жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету сипатталады. Пәнаралық білімдер интеграцияланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Аналитикалық химия 1
    Несиелер: 6

    Периодтық жүйедегі элементтер иондарының және олардың химиялық қосылыстарының қасиеттері мен сапалық сипаттамалары қарастырылады. Химиялық қосылыстар, шикізат пен өндірістік өнімдердің заманауи зерттеу әдістерін қолдану, мәселенің шешімін талдау, пәнаралық білімдерді интеграциялау, ақпараттық мәдениет көрсету жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Зоология
    Несиелер: 5

    Пән жануарлар дүниесінің алуан түрлілігін, филогениясын, ұйымдасуын, экологиясын, негізгі таксондарының практикалық маңызын, материалистік жаратылыстану-ғылыми дүниетанымды қалыптастыруды, жануарлар патшалығының мегасистемасының қазіргі жағдайы мен мәселелерін қарастырады. Жүйелі ойлау негізінде білімді практикада қолдану, комуникативтілігі мен ақпараттық мәдениетін көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері
    Несиелер: 5

    Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи жетістіктері негізінде ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі теориялық ережелері, технологиялары, операциялары, практикалық әдістері мен әдістері бойынша білім алуға және ғылыми зерттеулерді меңгеруге мүмкіндік береді ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми ізденіс, талдау, эксперимент, деректерді өңдеу, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, негізделген тиімді шешімдерді алады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Педагогика ғылымының метапәндік идеяларына негізделген оқу-тәрбие процесінің білімі мен түсініктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдарын практикада қолданылуы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Жасерекшелік психологиясы
    Несиелер: 4

    Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Аналитикалық химия 2
    Несиелер: 8

    Химиялық қосылыстардағы еріткіштер, қатты үлгілердегі әртүрлі компоненттердің сандық құрамын анықтау, экспериментальды жұмыстарды жүргізу, титрлеу, нақты аспаптарда жұмыс істеу қарастырылады . Химиялық қосылыстар, шикізат пен өндірістік өнімдердің заманауи зерттеу әдістерін қолдану, мәселенің шешімін талдау, пәнаралық білімдерді интеграциялау, ақпараттық мәдениет көрсету жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Органикалық химия 1
    Несиелер: 8

    Органикалық қосылыстардың жіктелуі, Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы, номенклатурасы, изомериясы, түрлі кластарының химиялық қасиеттері, реакция механизмдері, қолданылуы қарастырылады. Теориялық білімдерді практикада қолдану, мәселенің шешімін талдау, химияның нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Химияны оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану
    Несиелер: 5

    Химияны оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану компьютерлік технологияда студенттерді сапалы жаңа деңгейде оқыту үшін таусылмайтын мүмкіндіктер бар екендігіне байланысты. Олар студенттердің жеке басын дамытуға және олардың қабілеттерін жүзеге асыруға кең мүмкіндіктер береді. Компьютерлік технологиялар химияны оқуға деген ынтаны едәуір арттырады, оқытудың Даралану деңгейін арттырады, оқу процесін күшейтеді және т. б.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Молекулалық биология
    Несиелер: 5

    Молекулалық биология - бұл ағзаның тіршілік етудегі молекулалық негіздерін, зерттеулердің негізгі бағыттарын, генетикалық ақпараттарды сақтау механизмдерін, оларды іске асыру және тарату жолдарын қарастырады. Молекулалық биологияның қазіргі заманғы жетістіктері мен даму перспективаларын, ғылыми зерттеулерде модельдеу, инновациялық технологияларды қолдану, проблемаларды шешудің креативтілігін бағалау және білімді практикада қолдану сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Физикалық және коллоидты химия
    Несиелер: 7

    Химиялық реакцияның жылдамдығы, химиялық тепе-теңдік, термодинамика заңдары, электролит ерітінділері, электролиз, металдардың коррозиясы, дисперсиялық жүйелердегі беттік құбылыстары, түзілу теориясы, коагуляция қарастырылады. Физколлоидтық химияның тұжырымдарына дәлелді ой-қорытулар жасауда сыни тұрғыдан қарау негізінде білімді практикада қолдану, мәселенің шешімін талдау, химияның нақты өмірдегі орнын, рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдер интеграциялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Химия-биологияны оқытудың әдістемесі
    Несиелер: 6

    Мектепте оқыту мақсаты мен міндеттерін, ұстанымдарын, әдістерін, қалыптары мен мазмұнын, ұғымдарды қалыптастыруды, есеп шығаруға үйретуді, сабақты және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу, бейіндік оқыту, білімін практикада қолдану мәселелерін қарастырады. Сабақ жоспарын жасау, пәнаралық білімдерді интеграциялау, ақпараттық мәдениет көрсету, инклюзивті білім беруде инновациялық әдістерді қолдану жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Органикалық химия 2
    Несиелер: 8

    Циклді қосылыстардың алифатты органикалық қосылыстармен химиялық қасиеттерін, құрылысын байланыстыратын жалпы заңдылықтарды, номенклатурасын, изомериясын, түрлендіру жолдарын, реакция механизмдерін қарастырады. Реакциялық тұжырымдарын дәлелді ой-қорытулар жасауда сыни тұрғыдан қарау негізінде білімін практикада қолдану, мәселенің шешімін талдау, химияның нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Бағалаудың заманауи технологиялары
    Несиелер: 5

    Жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту мәселелері. Білім беру сапасы туралы түсінікті, оқыту сапасын бақылауды ұйымдастырудың әдіснамасын, оқудың сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін сипаттай отырып, оқыту барысында оқу нәтижелерін бағалаудың заманауи құралдардын қолдануды, бағалаудың шығу тарихын, оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау түрлерін меңгереді. Бағалаудың өлшемдері мен қызметі, әдістері мен формалары туралы білімін жетілдіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Генетика
    Несиелер: 6

    Генетика – тірі материяның екі іргелі қасиеттерін, яғни тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін біріктіруші биологиялық пән. Генетиканың интеграциялаушы рөлі, ол – тірі материяның әмбебап қасиеттерін ағзаның барлық ұйымдасу деңгейлерінде және барлық таксономиялық топтарында зерттейді. Ғылыми зерттеулерде модельдеу, инновациялық технологияларды қолдану, проблемаларды шешудің креативтілігін бағалау және білімін практикада қолдану сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Микробиология және вирусология
    Несиелер: 6

    Микроорганизмдер әлемімен және олардың негізгі қасиеттерімен таныстыру, микробиология саласындағы жетістіктердің жалпы биологиялық маңыздылығын анықтау, микробиологияның басқа биологиялық салаларымен байланысы айқындалады. Пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау, ақпараттық мәдениет көрсету жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Химиялық экология
    Несиелер: 6

    Табиғи ортадағы химиялық айналымды, ластану, алдын алу жолдарын, «Жасыл химияның» принциптерін, қалдықсыз және азқалдықты технологияларды, атмосфера, гидросфера, топырақ ортасында тіршілік ететін организмдердің көптүрлілігін, сақталу жолдарын қарастырады. Химиялық-экологиялық зерттеулерді практикада қолдану, пәнаралық білімдерді интеграциялау, ақпараттық мәдениет көрсету жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Өсімдіктер физиологиясы
    Несиелер: 6

    Пән өсімдіктердің функционалдық белсенділігінің негізгі заңдылықтарын, су тепе- теңдігін сақтау, фотосинтез, тыныс алу, қоректену ерекшеліктерін, өсімдіктердің қозғалысын, өсу мен дамуын қарастырады. Өсімдіктердің тіршілік әрекеті туралы негізгі базалық түсініктерді, ғылыми ақпараттарды іздестіруді меңгеру, оларда жүретін физиологиялық процестердің механизмін білу, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін практикада қолданукөзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Химия-биологияны оқытудың инновациялық технологиялары
    Несиелер: 5

    Мектептегі химия, биологияны оқытудағы заманауи инновациялық педагогикалық технологияларға сипаттама беру және оларды жүзеге асырудағы ерекшеліктер. Химияны оқытудағы инновациялық технологиялардың вариативтілік ауқымын көрсету және инновациялық қызметтегі психологиялық кедергілер мәселелерін талқылау; болашақ педагогикалық қызмет үдерісінде қолданылатын химия бойынша тақырыптарды таңдау; ҚР және дамыған шет елдердегі білім беру саласындағы инновациялық технологияларды салыстыру; химия және биология пәндері бойынша ашылған тақырыптың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде ең тиімді және қолайлы технологияның көптеген нұсқаларын талдауын сипаттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Химиядан типтік есептер шығару
    Несиелер: 6

    Мектеп химиясының оқулығында қарастырылатын химиялық есептерді шешудің әдіс-тәсілдері, есеп құрастыру жолдары мен бағалау критерийлері және оларды практикада дидактикалық материалдар ретінде қолдану жолдары қарастырылады. Есептерді шешуде теориялық білімді практикада қолдану, ЦБР-ды пайдалану, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Биохимия
    Несиелер: 6

    Биохимия тірі организмдердің химиялық құрамын, олардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін химиялық процестерді, биологиялық қосылыстардың құрылымы мен қасиеттерін, ағзадағы химиялық айналуын, оның тіршілік әрекетінің физика-химиялық негіздерін қарастырады. Биохимиялық анализ негіздерін, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану, ізденушілік-зеттеушілік әрекет дағдысын игеру, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON8

    тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілігін, командада жұмыс істеу дағдыларын және академиялық адалдық мәдениетін көрсетеді

  • Код ON3

    химия мен биология бойынша ғылыми жұмыстарды жүргізу кезінде ғылыми зерттеу әдістерін және академиялық жазбаларды пайдаланады;

  • Код ON1

    Саладағы мета-пәндік идеяларға негізделген химия-биология заңдарын тұжырымдайды;

  • Код ON9

    оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыруда, өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялайды;

  • Код ON7

    оқу үдерісінде критериалды бағалау, диагностикалау, қысқа мерзімді оқу бағдарламаларын әзірлеу технологияларын жоспарлайды;

  • Код ON10

    технологияларды қолдану мен инклюзивті білім беру тәжірибесінде, даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін бағалайды;

  • Код ON6

    инновациялық технологияларды оқытудың мақсат-міндеттеріне және оқушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкес жіктейді;

  • Код ON5

    танымдық, кәсіби және ғылыми зерттеулерде модельдеуді қолдану негізінде мәселелерді шешу жолдарын талдайды;

  • Код ON4

    пәнді оқытуда АКТ-ны пайдалана отырып, білімгерлердің жеке қызығушылығына сәйкес оқу процесін ұйымдастырады;

  • Код ON2

    химиялық теорияларды дәлелдеу мен ой-қорытулар жасауда, есептер шешуде сыни тұрғыдан жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолданады;

Top