Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01506 География в Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

  • Жалпы Жертану
    Несиелер: 8

    Курс Жер және табиғат компоненттері жайлы түсінік қалыптастыруға, географиялық қабықтың құрамы, құрылымы, динамикасы, заңдылықтары жайлы білім мен дағдыны дамытуға бағытталған. Студенттер табиғат компоненттерінің өзара байланысын географиялық зерттеу әдістер арқылы талдайды, географиялық қабықтағы табиғи құбылыстарды және үрдістерді сыни тұрғыдан бағалайды, табиғи ортаға танымжорықтар жоспарлайды, метеорологиялық бақылауларды ұйымдастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогикалық кәсіпке кіріспе
    Несиелер: 3

    Бұл курс мұғалім мамандығына алғашқы кіріспе ұсынады. Атап айтқанда, студенттер тұтас педагогикалық процесті түсіну және олардың кәсіби жеке бағдарларын қалыптастыру, педагогикалық және психологиялық мәселелер мен жағдайларды сыни тұрғыдан шешу үшін қажетті базалық білім мен дағдыларды дамытады. Курс студенттерге мұғалім мамандығын игеруге деген ынтасын қайта қарауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
    Несиелер: 3

    Курс салауатты, қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында мектеп жасындағы оқушылардың өсуі мен дамуының физиологиялық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Студенттер балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық және гигиеналық ерекшеліктерін, сонымен қатар физиологиялық функциялардың педагогикалық әсерге жауап беру ерекшеліктерін талдайды. Сонымен қатар, курсты оқу барысында студенттер мүшелердің, мүшелер жүйесінің, жалпы организмнің сыртқы ортамен байланысты қызметінің ерекшеліктерін салыстырады. Осыған байланысты студенттер оқу процесін ұтымды етуге, аурудың алдын алуды жүзеге асыруға бағытталған оқушының үйлесімді дамуы мен функционалдық мүмкіндіктерін арттыру әдістерін қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Педагогикалық психология
    Несиелер: 3

    «Педагогикалық психологиясы» курсы педагогикалық процесс және оқыту тұжырымдамаларына, білім беру психологиясының негізгі бағыттарына, түсініктері мен категорияларына шолу ұсынады. Студенттер оқу іс-әрекетінің құрылымын сыни тұрғыдан бағалауға және талдауға, педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық заңдылықтары мен оқу-тәрбие процесінің әр түрлі кезеңдеріндегі педагогикалық әсерге шағылыстыруды үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Картография топография негіздерімен
    Несиелер: 6

    Курс географиялық карталардың проекциялары, мазмұнының ерекшеліктері, картографиялық жинақтаудың түрлеріне шолу жасап, карталарды құрудың дəстүрлі жəне қазіргі заманауи əдістерін анықтауға бағытталған. Студенттер топографиялық, ірі жəне орта масштабты карталардың номенклатурасы және жер бетінде қашықтықтан жүргізілетін түсірулердің түрлеріне, географиялық нысандар мен құбылыстарды кескіндеу ерекшеліктеріне талдау жасайды. Курс студенттерге жергілікті жерде жүргізілетін далалық жоспарлы, жəне жоспарлы-биіктіктік түсірулердің түрлері қашықтықтан түсіру əдістерінің карталарды құрастырудағы алатын орнын айқындауға көмектеседі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жалпы гидрология
    Несиелер: 5

    Курс гидрологиялық құблыстар мен су объектілердегі үрдістердің географиялық ортамен байланыстарын зертеуге бағытталған. Студенттер су нысандарының жалпы ерекшеліктерін және олардың жер шары бойынша таралуын сараптайды, географиялық ортаның гидросферадағы үрдістердің даму заңдылықтарына әсер етуін бағалай отырып, сипаттайды, су алаптарының негізгі морфометриялық сипаттамаларын және олардың географиялық ерекшеліктерін анықтайды. Курс студенттерге берілген гидрометриялық өлшеулерге алғашқы өңдеулер жүргізуге көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Бұл курс педагогикаға ғылым ретінде шолу, оның диалектикалық, қарама-қайшылықты және әдіснамалық ерекшелігін ұсынады. Студенттер дүниетанымды, әлеуметтік және жеке маңызды педагогикалық мәселелерді талдайды, тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері туралы сыни тұрғыдан ойластырады. Білім беруді цифрландыру жағдайында педагогика, киберпедагогика, киберкеңістік және кибер әлеуметтендірудегі киберонтологиялық тәсілге ерекше назар аударылатын болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Геоморфология
    Несиелер: 5

    Курс рельефтің пайда болуы мен даму заңдылықтарын барлық геоморфологиялық комплекс тұрғысынан қарастырып, жер бедерінің қалыптасуының себептерін анықтауға бағытталған. Студенттер жер бедерін жан-жақты салыстырады, пішіндерін талдайды, бедер пішіндерінің морфологиялық жиынтығын, өзара байланысын, жер бедерінің генезисін анықтайды, жіктейді. Курс жер бедерінің практикалық мәнін бағалауға, оның дамуына болжау жасауға, Қазақстан аумағындағы қазіргі геоморфологиялық процестерді сараптау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жалпы геология
    Несиелер: 5

    Курс Жердің құрамы, құрылымы және даму заңдылықтарын зерттеп, Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың жаралу тегі жайлы ғылыми деректерді сараптауға бағытталған. Студенттер пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтарын анықтап, Жер қыртысындағы экзогендік және эндогендік процестерді зерттеу дағдылыры қалыптасады. Курс Жердегі минералдар мен пайдалы қазбалардың түзілуіндегі геологиялық жағдайларды зерттеу, өндірістік маңызы, географиялық таралуын жайлы зерттеулер жүргізуге көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экологиялық мәдениет
    Несиелер: 5

    Экологиялық мәдениет курсы экологиялық сауаттылық және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес салауатты, қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету үшін экологиялық мәдениеттілікті дамыту жолдарын және тіршілік қауіпсіздігі негіздерін үйренуге бағытталған. Студенттер қоршаған ортаның өзара әрекеттесуін сыни тұрғыдан бағалайды, төтенше жағдайларда қорғанудың әдіс тәсілдерін меңгереді, экологиялық мәдениет дамыту үдерісін белсенді ұйымдастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Биогеография
    Несиелер: 6

    Курс қауымдастықтар құрылымының және жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлар аймақтарының кеңістіктік құрылымы мен динамикасының маңызды заңдылықтарын зерттеуге бағытталған. Студенттер өсімдіктер мен жануарлар топтарын жүйелейді, тірі организмдердің географиялық таралуы мен экологиялық маңыздылығын сыни бағалайды және оларды сипаттайды. Курс студенттерде зоогеографиялық және фитогеографиялық аудандастыру бойынша өз бетінше жұмыстар жүргізу үшін қажетті құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 4

    Білім жүйесіндегі менеджменттің ғылыми негізін студенттерде қалыптастыру, басқару жүйесі түрлерін игерген теориялық білімін нақты тәжірибелік дағдылармен іске асыра білуі; игерген теориялық және тәжірибелік білімдерінің негізінде білім беруді басқаруды дамытады,басқару жайлы білімді өздігінен жаңартады, басқарудың тәжірибелік ғылыми негізі шығармашылық тұрғыда болуы керектігін түсінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ұлы даланың педагогикалық мұралары
    Несиелер: 4

    Курста Ұлы даланың ұлы ағартушылары мен ғалымдарының педагогикалық мұраларына шолу жасалады. Оқу барысында студенттер Ұлы Дала ғалымдарының өмірі мен шығармашылығына талдау жасайды: әл-Фараби, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов. М.Жұмабаев, Ы.Алтынсарин және басқалар Курс студенттерге Қазақстандағы педагогика ғылымының пайда болуы мен дамуы мәселесінде ұлы ғалымдардың еңбектерінің маңыздылығын қайта қарастыруға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Адал азамат құндылықтары
    Несиелер: 5

    Студенттердің бойында жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында адал азаматтың құндылықтарын қалыптастырады. Адалдықтың құндылығы мен азаматтық ұстанымды жүйелі білім арқылы меңгереді. Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде адал азаматты қоғам ортасында қалыптастыру мәселелері жүйеленеді. Білім алушылардың ішкі тұлғалық мәдениетін нығайту негіздерінің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, адамгершілік-этикалық аспектілері талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Климатология
    Несиелер: 5

    Курс Жер шарының әртүрлі аймақтарындардағы климат ерекшеліктері мен климатқалыптастырушы факторларды зерттеуге арналған. Студенттер атмосфераның құрылысы, ауаның құрамы туралы, қысым, температура және ылғалдылықтың кеңістік өзгеру заңдылықтарының өзегерістерін, жалпы атмосфера айналымының заңдылықтары және климаттың құрылуын анықтайды. Курс студенттерге атмосферада жүріп жататын физикалық процесстердің табиғи негізін сараптап, климат құраушы жағдайларды бағалауға көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Геоэкология және табиғатты қорғау
    Несиелер: 6

    Курс геоэкология және табиғатты қорғаудың мәні, мазмұны, бағыттары және негізгі категорияларына сипаттауға бағытталған. Студенттер геоэкологиялық антропогендік факторларды сараптайды, қоршаған ортаға антропогендік әсер әрекетін азайту жолдарын қарастырып, сыни тұрғыдан бағалайды, сонымен қатар жаһандық экологиялық мәселелерді талқылайды, қоршаған ортада экологиялық іс-шараларды ұйымдастырады. Курс студенттердің табиғатты тиімді пайдалануда, экологиялық қауіпсіз таза ортаны қалыптастыруға қажетті білім мен дағдыларды дамытуға көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
    Несиелер: 6

    Курс материктер мен материктер табиғатының ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Мұхиттар олардың құрамына кіретін жоғары дәрежелі физика – географиялық аймақтар. Курс негізгі білім мен дағдыларды дамытуға көмектеседі табиғи ортаны ұтымды пайдалану, қоршаған ортаны пайдаланудың қолайсыз салдарымен күресудің аймақтық міндеттерін шешу үшін қажет. Студенттер қоршаған орта, материктер мен мұхиттардың табиғи кешендерінің құрылымын анықтайды, табиғи компоненттердің өзара тәуелділігін сыни тұрғыдан бағалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Дүниежүзінің табиғи-территориялық кешендер географиясы
    Несиелер: 6

    Курс дүниежүзінің табиғи-территориялық кешендерінің кеңістіктік жіктелуінің қалыптасу заңдылықтарын зерттеуге бағытталған. Студенттер табиғи-территориялық кешендердің қалыптасуы мен дамуының географиялық ерекшеліктерін бағалайды, кешенді сипаттама қағидаларын зерттеу әдістерін қолданады, физикалық-географиялық аудандастыру принциптерін сараптайды. Курс студенттерге табиғи-территориялық кешендерді планетарлық, аймақтық (регионалдық) және жергілікті жерлік (локальдық) деңгейлерде сыни тұрғыдан бағалауға көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ландшафттану
    Несиелер: 5

    Курс Жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әр түрлі территориялық табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың кұрамын, байланысын бір-біріне тигізер әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылыктарына шолу жасайды. Студенттер ландшафттардың түзілу заңдылықтарын, кұрылымын, дамуын, эволюциясын, аймақтың дифференциациясын және ландшафт интеграциясын анықтайды, олардың компоненттері мен бөліктері арасындағы өзара ішкі байланысты, зат пен энергия алмасуды, табиғи факторлармен адам әрекеті әсерінен пайда болатын ландшафт қасиеттерінің өзгерістерін анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    "Кәсіпкерлік негіздері" курсы студенттерге кәсіпкерлік қызметті басқару саласындағы теориялық дайындықтың негіздеріне кең шолуды ұсынады. Студенттер кәсіпкерлік тетіктерін талдайды, кәсіби қызметте ұтымды шешімдер қабылдау механизмін сыни бағалайды. Кәсіпкерлік саласындағы жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау әдістерін талдайды. Студенттер осы проблемалық мәселеде жаңа әдіснамалық тәсілдерді қайта қарастырады, кәсіпкерлік объектілері мен субъектілерін жіктейді. Кәсіпкерлікті жоспарлау, қаржыландыру, талдау және бағалау саласында дағдыларды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Географияны оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Курс географиялық білім берудің мақсаттары мен міндеттерін, құрылымын, мазмұнын меңгеруге бағытталған. Курс студенттердің болашақ география мұғалімі ретінде қалыптасуға қажетті негізгі білім мен дағдыларды дамытуға көмектеседі. Студенттер географияның мектеп курсы мазмұны бойынша замануи әдіс-тәсілдерді пайдаланып қысқа мерзімді жоспарын жасайды, қалыптастырушы және жиынтық бағалау үшін Блум таксономиясы негізінде бағалау критерийлер мен тапсырмаларын құрастырады, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс жұмыстардың әзірлемесін дайындайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Бұл курс қазіргі әлемдегі инклюзивті білім беруге шолу жасап ұсынады. Студенттер «инклюзия» ұғымын ажырата алады, арнайы білім беруді реформалау мәселесін аша алады, ұлттық арнайы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихын қарастырады, балаларды интеграциялау модельдерін талдайды және салыстыра алады, мүмкіндігі шектеулі, инклюзивті білім беруді басқарудың құқықтық және этикалық негіздерін түсіндіреді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақстанның физикалық географиясы
    Несиелер: 5

    Курс Қазақстан территориясының табиғат кешендеріндегі құбылыстар мен үрдістерді, ландшафт бірліктерінің күрделі құрылымдарының физикалық-географиялық ерекшеліктерін қарастыруға арналған. Студенттер Қазақстанның ландшафттардың биіктік белдеулерінің құрылымын анықтайды, аймақтардың орографиялық және гидрографиялық жобасын жасайды, табиғи құбылыстарды және үрдістерді сыни тұрғыдан бағалайды, табиғи ортаға танымжорықтар жоспарлайды, метеорологиялық бақылауларды ұйымдастырады. Курс студенттердің Қазақстан аумағы туралы зерттеулердің деректеріне сүйене отырып, бүгінгі таңдағы табиғаттың болмысын талдап зерттеу үшін қажетті білім мен дағдыларды дамытуға көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Географиядан есептер шығару әдістемесі
    Несиелер: 6

    Курс теориялық материалды терең игеру үшін қажетті географиялық есептерді шешудің арнайы математикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Студенттер географиядағы типтік, логикалық, картографиялық, физикалық және экономикалық бағыттағы есептерді шығаруда әр түрлі шешу жолдары мен әдістемелерін пайдаланады. Курс әр түрлі деңгейдегі географиялық есептердің және логикалық тапсырмалардың шешу нұсқаларын ұсынуға көмектеседі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақстан топонимикасы
    Несиелер: 5

    Курс Қазақстан топонимикасы, географиялық атаулардың семантикасы, тарихи даму және ғылым әдістері бағытындағы заманауи түсініктерді қарастырады. Студенттер топонимдерді жіктеу сызбаларын жүйелейді, топонимикалық фактілер мен құбылыстардың алуан түрлілігін, олардың қазіргі әлемдегі рөлін талдайды. Курс студенттерге туған өлкенің топонимикасын зерттеу үшін білімі мен дағдыларын дамытуға көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу әдістемесі және академиялық жазу
    Несиелер: 5

    Ұсынылып отырған курс студенттердің зерттеу құзіреттілігі мен академиялық сауаттылығын дамытуға бағытталған. Курс студенттерге сапалық және сандық әдістерді қолдана отырып, ғылыми зерттеулерді, оның ішінде білім беру саласындағы зерттеулерді сауатты жүргізуге, ғылыми зерттеу этикасына сәйкес жоба жазуға мүмкіндік береді. Мәліметтерді өңдеу мен талдауды жүзеге асырудың практикалық дағдылары студенттерге зерттеу нәтижелерін әртүрлі академиялық формада (мақала, тезис және т.б.) ұсыну үшін пайдалы. Сонымен қатар, студенттерге іс-әрекеттегі зерттеулер мен жағдайлық зерттеулерді қисынды жүргізуге мүмкіндік беріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 4

    Бұл курс болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының міндетті компоненті болып табылады. Бұл пәнді игеру студенттерге «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясына сәйкес мектеп оқушыларымен тәрбие жұмысын жүргізуге, жоспарлар мен конспекттер жасауға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге мүмкіндік береді. Курс студенттерге заманауи мектепте сынып жетекшісінің қызметін қайта қарауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Педагогикалық шеберлік
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттердің ішкі өзгерістерін сезіну және бекіту тетіктерін, шығармашылық, педагогикалық іс-әрекетке ұмтылуды ұсынады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер педагогикалық шеберліктің құрамдас бөліктерін сипаттай алады, педагогикалық техниканы көңіл-күйін, эмоциясын, сөйлеу техникасын, дауыс ырғағын студенттерді тәрбиелеу мен тәрбиелеу саласындағы өзіндік мінез-құлқын талдауды, кәсіби сапасын бағалау меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар
    Несиелер: 6

    Курс тиімді оқыту мен оқыту үшін сандық әдіснамаларды шығармашылық тұрғыдан дамытуға және қолдануға бағытталған. Студенттер цифрлық платформалар мен оқыту, оқыту және бағалау құралдарын (Quizizz, PadLet, Google) қолданады.classroom, AR-books), сонымен қатар, "face-to-face", "blended" және "online" оқыту стратегияларын сауатты ұштастырады, төрт кезеңді процеске (жобалау/салу/оқыту/қайта қарау) сәйкес онлайн-курстың мазмұнын ұйымдастырады, құрылымын жобалайды және әзірлейді. Курс студенттерге қолайлы және қауіпсіз оқу ортасын құру үшін онлайн-студенттердің табиғаты туралы түсінік алуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дүниежүзінің экономикалық географиясы
    Несиелер: 7

    Курс Дүниежүзінің тұтас, жекелеген аймақтары, жеке елдеріндегі шаруашылық пен халықтың дамуы және орналасу зандылықтарын зерттеуге бағытталған. Студенттер Дүниежүзілік экономика салаларының сипаттайды, Дүние жүзі шаруашылығы мен халықаралық экономикалық қатынастарын зерделейді, қазіргі демографиялық, этникалық және геоэкономикалық мәселелерді локальдық, аймақтық және ғаламдық тұрғыдан талдайды. Курс Халықаралық қатынастар, адамзаттың ғаламдық мәселелері және коғам мен табиғат арасындағы өзара қатынас мәселесін шешуде қазіргі әлемнің даму сатысын, дүниежүзіндегі ТМД елдері мен Қазақстан Республикасының экономикадағы орнын сипаттауға көмектеседі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әлемнің шаруашылық географиясы
    Несиелер: 7

    Курс әлемдік шаруашылықтардың халықаралық сауда жүйесінедегі даму жолын зерттеуге бағытталған. Студенттер әлемдік шаруашылықтағы еңбек ресурстарының орналасу үдерісіне анализ жасайды. Дүниежүзілік шаруашылықтың әлемдік экономикада жұмыс істеу ерекшеліктерін, зерттеудің негізгі әдістерін демонстрациялайды. Қазақстанның ауыл шаруашылық, егіс шаруашылық салаларының ұлттық экономикадағы үлесіне баға береді, стратегиялық даму жоспарын талқылайды. Ішкі және халықаралық өндіріс пен кәсіпорын қатынастарының дамуын талдайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Аймақтық география
    Несиелер: 7

    Курс Қазақстан аумағының қазіргі экономикалық даму жағдайының, аймақтық географиялық орналасу ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Студенттер Қазақстанның әр аймағының әлеуметтік-экономикалық даму тенденцияларын талдайды, Қазақстанның экономикалық аймақ бойынша табиғи ресурстарының жағдайын, халықтың әлеуетінің өсу динамикасын жасайды. Қазақстанның әр аймағының индустриалды инновациялық потенциалды даму индексін сыни тұрғыдан бағалайды, Курс студенттерге заманауи цифрлық және сапалық географиялық деректерді анықтауға, өңдеуге және ғылыми жобалық жұмыстарды әзірлеуге көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстанның рекреациялық географиясы
    Несиелер: 6

    Курста Қазақстанның рекреациялық аймақтар дамуының деңгейі мен шаруашылықтарын қарастырады. Студенттер территориялық рекреациянық жүйенің құрамдас компоненттері (басқару бөлімі, жүйенің инфроқұрылымы, қызмет көрсетушілер, демалушылар) жағдайын сипаттайды, Қазақстанның дүниежүзіндегі халықаралық туризім инфроқұрылымдық қозғалыс саласының даму жолын анықтайды, Қазақстанның рекреациялық аумақты дамытудың әлемдік тәжірибесін сипаттайды. Курс экскурсия және туризм бағытындағы бағдарламаларды жасауға көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Географиядан практикалық дағдыларды дамыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Курс географиялық ақпаратты талдаудың практикалық дағдыларын дамытуға арналған. Студенттер географиялық деректерді картографиялық, геоақпараттық, географиялық модельдеу, сандық, аудандастыру, географиялық мониторинг әдістері арқылы өндейді, сонымен қатар географиялық эксперименталды жұмыс түрлері бойынша жобалау жұмыстарын жоспарлайды және жүргізеді, зерттеу нәтижелерінің түрлі формаларын ұсынуға үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Халықаралық экономикалық қатынастар географиясы
    Несиелер: 6

    Курс әлемдік экономика мен Халықаралық экономикалық қатынастардың заманауи теориялық және практикалық мәселелерін қарастыруға бағытталған. Студенттер қазіргі халықаралық қатынастар мен әлемдік экономиканың жұмыс істеу ерекшеліктерін зерттеудің негізгі әдістерін талдайды, графикалық модельдер мен тұжырымдамалық аппаратты демонстрациялайды. Курс студенттерге әлемдік экономика мен Халықаралық экономикалық қатынастардың қазіргі тенденцияларын талдауда теориялық материалды қолдануға көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Географиялық зерттеулер жүргізу әдістемесі
    Несиелер: 6

    Курс географиялық зерттеу әдістерінің теориялық негіздерін тәжірибе жүзінде оқушылардың жоба жұмыстарын жүргізу әдістемелерін дайындауға бағытталған. Студенттер оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлайды, зерттеу нәтижелерін бағалау өлшемдерін құрастырады, ғылыми зерттеу аппаратын жасау жолын күтілетін нәтижелерді болжайды. Осы курсты оқу барысында студенттер оқушылармен жобалық іс-әрекетті жүргізу әдістемесін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Әлемдік географиялық зерттеулер
    Несиелер: 6

    Бұл курс әлемнің өңірлері мен елдері бойынша орналастырудың географиялық ерекшеліктері туралы білімдер негіздеріне кең шолуды ұсынады. Студенттер әр түрлі тарихи дәуірлерде, табиғи, әлеуметтік-экономикалық жағдайларда адамзат дамуындағы мәдени тенденциялардың алуан түрлілігін талдайды. Әлемдік географиялық ашылулардың тарихын зерттеу негізінде қазіргі методологиялық негіздер және география ғылымының теориялық проблемаларын бағалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық географиясы
    Несиелер: 6

    Курс Қазақстан Республикасының экономикалық әлеуметтік жағдайы даму тенденциясы географиялық орналасу ерекшелігін зерттеуге бағытталған. Студенттер Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайын талдайды, Қазақстанның ресурстары және табиғи жағдайын, халықтың өсу динамикасын, шаруашылығын сипаттайды, адам потенциалының даму индексін сыни тұрғыдан бағалайды, сандық және сапалық географиялық деректерді өндейді және талдайды. Курс Қазақстанның индустриалды инновациялық даму бағыттарын анықтауға және ғылыми жобалық жұмыстарды әзірлеуге көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қазақстанның қазіргі географиялық зерттеулері
    Несиелер: 6

    Бұл курста студенттер Қазақ жері және оның табиғат жағдайлары туралы әр кезеңдердегі зерттеулер мен зерттеушілер жайлы толық мағұлмат алады. Қазақстан аумағының географиялық зерттелуі бойынша дереккөздерді сыни бағалайды; өткен және қазіргі кездегі маңызды географиялық зерттеулерін жіктейді және салыстырады. Студенттер Қазақ жерін зерттеген Ұлы саяхатшылар мен ғалымдарды анықтап, олардың еңбектеріне талдау жасайды. Қазіргі Қазақстанның табиғатын, халқын, экономикасын және мәдениетiн бейнелейтiн еңбектерді қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Тұрғындар географиясы
    Несиелер: 6

    Курс әртүрлі әлеуметтік, экономикалық және табиғи жағдайларда халықтың және елді мекендердің (қоныстардың) қалыптасуы мен дамуының географиялық (аумақтық) ерекшеліктерін қамтиды. Студенттер статистикалық мәліметтер негізінде халық санының динамикасын талдайды, демографиялық жағдайды болжайды, халықтың жыныстық және жас құрылымын бағалайды, есептік-графикалық аналитикалық тапсырмаларды шығарады. Курс студенттерге қоғамның аумақтық ұйымдастырылуының күрделілігі мен жан-жақтылығын, оның қоршаған ортамен байланысын түсінуге көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қоғамдық география
    Несиелер: 6

    Курс қоғамның өмір сүру жағдайындағы аймақтық айырмашылықтарды, халық пен еңбек ресурстарының көбеюін, адамдардың кеңістіктік қозғалыстарын сипаттауға бағытталған. Студенттер әлеуметтік инфрақұрылым жүйелерін талдайды, әлемдегі демографиялық өзгерістерді болжайды, статистиканы салыстырады. Курс студенттерге қоғамдық-аумақтық жүйеде әлеуметтік зерттеулер жүргізу үшін білім мен дағдыларды дамытуға көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Геоинформатика және географиялық ақпараттар жүйесі негіздері
    Несиелер: 6

    Бұл курс географиялық ақпаратты алу, жинақтау, өңдеу, көрсету қағидаларын, әдістері мен технологияларын жобалауға бағытталған. Студенттер географиялық ақпараттық жүйелерді мақсатына, тақырыптық бағытталуына қарай жіктейді, географиялық деректер базасын жүйелейді, талдайды, алынған ақпарат пен қорытындыларды әртүрлі графикалық нұсқада көрсетеді, оқу тапсырмаларын шешуде графикалық редактор түрлерін ажыратады, ГАЖ технологиясын меңгеріп геоақпараттық платформалармен жұмыс жүргізіп, геокеңістік сандық жүйенің материалдық мәліметтер базасын құра алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Елтану және геосаясат негіздері
    Несиелер: 6

    Курс әлем өңірлері мен елдерінің табиғаты, халықтың этникалық құрамы, жекелеген аймақтар шегінде орналасқан мемлекеттердің мәдениеті мен әлеуметтік-саяси ұйымының ерекшеліктері, сондай-ақ жаһандық ауқымдағы саясат туралы деректерді жүйелеуге және жинақтауға бағытталған. Студенттер халықаралық және ішкі қатынастар мен қатынастардың дамуын бағалайды, елдердің дамуын талдайды. Курс студенттерге әлемнің географиялық бейнесін қалыптастыру үшін елдер мен аудандардың географиялық ерекшелігі туралы қажетті білім алуға көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON2

    Географиялық жабдықпен, материалдармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын көрсетеді және эксперименттік, есептік деректерді академиялық сауатты талдайды

  • Код ON1

    Кәсіби ортада географиялық пәндер бойынша теориялық және тұжырымдамалық білімінің қажетті көлемін көрсетеді

  • Код ON3

    Білім беру жүйесінің даму тенденцияларын, Қазақстан Республикасының білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, адал азамат құндылықтарын, экологиялық мәдениет және кәсіпкерлік негіздерін біледі;

  • Код ON4

    Оқыту және оқу процесінде АКТ, ГАЖ, цифрлық білім беру ресурстарымен жұмыс істеу дағдыларын басқарады

  • Код ON5

    Заманауи оқыту әдістері, критериалды бағалау технологиялары негізінде тиімді оқыту мен оқуды тәжірибеде қолданады, оқу-бағдарламалық құжаттарды ажыратады, педагогикалық іс-әрекетке рефлексиялық талдау жүргізеді, кәсіби ортада қарым-қатынасты педагогикалық сауатты жүзеге асырады

  • Код ON6

    Білім беру және тәрбиелеу үрдісіне психологиялық-педагогикалық талдау жасайды, ұлттық идеялар мен мұралар негізінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырады

  • Код ON7

    Жас ерекшеліктеріне сәйкес салауатты, қолайлы және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырады, адамның қоршаған ортамен өзара әрекетін экологиялық тұрғыдан сауатты бағалайды

  • Код ON8

    Экономикалық және әлеуметтік география саласындағы білім мен дағдыларын қолданады, демографиялық мәселелерді шешеді, табиғи ресурстарды, рекреациялық әлеуетті, экономикалық жүйелерді бағалайды

  • Код ON9

    Эксперименталды және жобалық іс-шараларды ұйымдастыру және зерттеу, білім алушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру мен дамыту жолдарын сыни тұрғыдан таңдайды

6B01506 География
Бакалавриат

Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті)

БББТ: B014 География мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01506 География
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B014 География мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01506 География
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B014 География мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01506 География
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B014 География мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский
6B01506 География мұғалімін даярлау
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B014 География мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01506 География мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

"Сырдария" университеті

БББТ: B014 География мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01506 География мұғалімдерін оқыту
Бакалавриат

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B014 География мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01506 География пәні мұғалімі бойынша қосымша мамандандырылған географ - өлкетанушы
Бакалавриат

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: B014 География мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01506 География
Бакалавриат

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: B014 География мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01506 География мұғалімдерін оқыту
Бакалавриат

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

БББТ: B014 География мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01506 География
Бакалавриат

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B014 География мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top