Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01702 Шетел тілі: екі шетел тілі в Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Сөйлем құруға, қарапайым сұрақтар құрастыруға қажетті грамматика және фонетика негіздерін, сонымен қатар ауызша және жазбаша сөйлеуде өмірдің негізгі салаларына қатысты сөз тіркестерін қолдану дағдыларын меңгереді
  • Кәсіби қызметте тілдің фонетикалық құрылымдарын: фонетикалық базаны, синтагманы, фоностилистика қолданады.
  • Тілдің құрылымы, оның жүйесі, ерекшеліктері, ана тілімен ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы білімдерді меңгеру, сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін пайдалану, тиімді грамматикалық құрылымдарды дұрыс қолдану дағдыларын көрсетеді.
  • Жазбаша және ауызша сөйлеуде грамматика мен фонетика негіздерін сауатты пайдалана отырып, нақты тақырыптар бойынша күрделі мәтіндердің, оның арнайы мәтіндердің жалпы мазмұнын түсінеді.
  • Шет тілін ғылыми және оқу қызметін жүзеге асыру құралы ретінде қолдануды, сондай-ақ халықаралық сертификаттарды (IELTS) алу үшін шет тілін қолдану дағдыларын көрсетеді.
  • Шетел тілін оқытудың инновациялық әдістері мен студенттердің жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, олардың тілдік дағдыларын бағалау стратегияларын жобалайды және кәсіби-педагогикалық сөйлеу дағдыларын игереді.
  • Екінші шет тілінің (қытай, түрік, корей тілдері) грамматикалық, фонетикалық, лексикалық және стилистикалық құбылыстарын қолданады және дамытады.
  • Педагогикалық қызметті тиімді қамтамасыз ету үшін сөйлеудің әртүрлі функционалдық стильдерін, тілдік және стилистикалық нормаларды, шетел тілінде ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын меңгереді.
  • Оқыту сапасын арттыру мақсатында мәтінді лексикологиялық талдау, лингвистикалық әдістерді зерттеу және рефлексия дағдыларын қолданады.
  • Оқу үдерісі мен тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін педагогика және психология саласындағы теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қолданады.
  • Оқушылардың өз бетінше даму және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған оқу үдерісін және критериалды бағалау жүйесін тиімді басқару дағдыларын көрсетеді.
  • Қазіргі ғылыми жетістіктерді талдауға және бағалауға қабілетті; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясын қалыптастырудың негізгі тәсілдерін біледі; қауіпсіз және зиянсыз өмір сүру жағдайларын құрудың білімі мен практикалық дағдыларын меңгереді; құқық, экономика, экология ұғымдарының негізгі категориялары мен ұғымдарына сүйенеді.
Top