Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B03201 Журналистика в "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институты

  • Журналистикаға кіріспе
    Несиелер: 5

    Журналистиканың негізгі функциялары мен принциптері, БАҚ типологиясы, журналистік кәсіптің ерекшеліктері, журналистік шығармашылықтың спецификасы, журналист жұмысының әдістерімен танысады. Журналистиканың қалыптасу үрдісі, журналистиканың басты элементтері мен қызметі, классикалық және күнделікті журналистиканың ерекшеліктері, БАҚ-тың біріктірушілік және даралаушылық қызметі түсіндіріледі. Пәннің мақсаты – ақпаратты жинау, өңдеу және тарату, қоғамның өзекті мәселелерін жеткізу, зерттеу және айқындауға машықтандыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел журналистикасы
    Несиелер: 6

    Шетелдік журналистиканың тарихы, шетелдік БАҚ-тың қазіргі даму бағыттары, АҚШ, Еуропа, Шығыс Еуропа елдері, Араб елдері, Азия, Шығыс Азия, Орта Азия, Африка журналистикасының даму бағыттары, жаңа халықаралық ақпараттық процесс, БАҚ-тың монополиялануы және шетелдік күнделікті басылымдардың типологиясы қарастырылады. Пәннің мақсаты-әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының даму ерекшеліктерімен және жаңа технологиялық жаңалықтарымен таныстыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Журналистика тарихы
    Несиелер: 5

    Әлем журналистикасының тарихы, журналистиканың қоғамдық өмірдегі алатын орны мен атқаратын қызметі, әлеуметтік, саяси маңызы, тәуелсіз мемлекет құру кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарына сүйенетін демократиялық принциптер мен міндеттері қарастырылады. Мақсаты – журналистика тарихы мен бүгінгі даму ерекшеліктерін игере отырып, мамандықты қазіргі қоғам тұрғысынан бағалау дағыдаландыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерінің модулі (Экономикалық теория негіздері, Кәсіпкерлік негіздері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері)
    Несиелер: 5

    Болашақ мамандарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың экономикалық шаралар жүйесі туралы тұтас түсінік қалыптастыру, сондай-ақ ол үшін экономикалық ғылымның заңдылықтары мен әдістерін пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгілерін зерделеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздерінің модулі (Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігі негіздері және еңбекті қорғау)
    Несиелер: 5

    Экология мәселелері, экологияның жаһандық, ұлттық мәселелері баяндалады. Табиғи ресурстар, есепке алу, бағалау, ұтымды пайдалану және қорғау мәселелері, жасыл экономика мәселелері қарастырылады. СтуденттердІ әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларда халықты және аумақтарды инженерлік қорғау негіздерімен таныстырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әдебиеттануға кіріспе
    Несиелер: 5

    Әдебиеттануға кіріспе курсының құрылымымен, көркем шығармаға талдау жасаудың ғылыми принциптерімен, әдебиет пен фольклорды зерттеп үйренуге қажетті білімді меңгереді. Әдеби туындының ішкі, сыртқы аспектілерін саралай алуға, жан-жақты талдауға үйретеді. Пәннің мақсаты - әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшеліктері мен даму заңдылықтарын, көркемдік әдіс, стиль, жанр мәселелерін, көркем туындының құрылысын, сюжетін құрастыру, әдебиет туралы ғылымның сөз өнері теориясы мен әдебиеттану ғылымын талдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі
    Несиелер: 5

    Стилистикалық морфология, синтаксис, бұқаралық байланыс құралдарының тілі мен стиліне әлемдік және кәсіптік құбылыстардың әсер етуі, баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлар мен материалдар, бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспасөз басылымы, радио мен теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс бейне жазбасы және дәстүрлі және жаңа медианың тілдік және стильдік ерекшеліктері қарастырылады. Пәннің мақсаты – текстің түрлері және редактордың олармен жұмыс істеу стилистикасымен таныстыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазіргі журналистиканың жанрлық түрлері мен қызметі
    Несиелер: 4

    Ақпаратты жинау, өңдеу және тарату әдістері қарастырылады. Түрлі ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ақпарат берудің түрлері мен жанрлары талданады. Студенттер журналистика жанрларының жіктелуін, материал мақсатының форманы таңдауға әсерін зерттеуге дағдаланады , әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына ақпараттық журналистік мәтіндер жазуға машықтанады. Пәннің мақсаты-журналистиканың әртүрлі жанрларындағы зерттеу әдістерін талдау қабілетін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мультимедиалық журналистика
    Несиелер: 4

    Пән интерактивті мультимедиалық технологиялармен, вирустық маркетингпен, конференциялармен, бейне алмасумен, бейне құрумен және редакциялаумен таныстырады, веб-журналистика саласында шығармашылық ойлауды дамытады, мультимедиялық журналистика дағдыларын меңгеруге ықпал етеді. Пәннің мақсаты-Интернет-сайттарда түрлі жанрлар мен мультимедиялық журналистика технологиясы бойынша жарияланған материалдарды талдай білу дағдыларын көрсету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ публицистикасының қалыптасу және даму проблемалары
    Несиелер: 5

    Журналист жұмысының ерекшелігін қарауға, жанрлар жүйесін меңгеруге, белгілі қазақ публицистері шығармаларымен таныстырады, дәстүр мен жаңашылдық ұғымын терең түсінуге оқытады. Мақсаты – болашақ журналистерді журналистика жанрларын кеңінен ұғынуға, өрелі ой айтуға қалыптастырып, қоғамдық пікір туғызудағы шеберліктерін шыңдап, журналистік қызметтің қыр-сырын үйретіп, оның қоғамдағы атқаратын рөлін көрсету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 5

    Ежелгі түркі поэзиясы мен жырау поэзиясының идеялық-көркемдік сабақтастығы, жыраудың қоғамдық-әлеуметтік портреті, жырау поэзиясының көркемдік негіздері, Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғас, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар жырау, Көтеш, Шал шығармашылығын қамтитын жырау мұрасы туралы айтылады. Пәннің мақсаты - қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму бағыттарын анықтау дағдыларын ашу, көркем шығармаларға теориялық талдау жасау, әдебиетті қоғамдық ойлау призмасы арқылы зерттеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қоғаммен байланыстың қазіргі технологиялары
    Несиелер: 5

    Қоғаммен байланыстың мәні мен маңызы, заманауи коммуникациялық технологиялар, қоғаммен байланыс әдістері мен баспасөз конференциялары, пресс-релиздерді дайындау тәсілдері түсіндіріледі. Мақсаты - студенттерді интернет пен желілік журналистиканың пайда болуымен, дамуымен, желіні пайдалану әдістерімен, веб-парақтарды әзірлеудің шығармашылық процесімен, сайттарды басқару жүйесімен таныстыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Журналистиканың құқықтық негіздері
    Несиелер: 5

    Журналистиканың құқықтық негіздері, журналист этикасы, журналистің адамгершілік-моральдық бейнесі, журналистің ұстанымы, принциптері мен міндеттері, құқықтары оқытылады. Пәннің мақсаты - студенттерді Қазақстандағы журналистиканың құқықтық негіздерін дамыту кезеңдерімен жан-жақты таныстыру, журналистистің қызметі мен міндетін түсіндіру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Телерадиожурналистика
    Несиелер: 5

    Телевизиялық техника, компьютерлік бейне монтаж, телерадиожурналистика жанрының қалыптасу тарихы қарастырылады. Тікелей эфирді жүргізу және техникалық қамтамасыз ету, БАҚ-та ақпаратты жинау, өңдеу және таратудың практикалық дағдыларын қалыптастырады. Пәннің мақсаты - сценарий жазу, студияда жұмыс істеу, бағдарламаға қатысушыларды дайындау, жетекші және диктор, редактор, оператор, режиссер және басқа да кіші топтардың функцияларын білу және дамыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақстандағы экологиялық журналистика
    Несиелер: 5

    Экологиялық ақпараттарға қол жеткізу құқығын іске асырудағы экологиялық шарттар мен БАҚ-тың рөлі, қоршаған ортаны қорғау мәселелері, іскерлік басылымдардағы экология тақырыптары талданады. Экологиялық жауапкершілік міндеттелген кәсіпорындар мен өндіріс орындарымен байланыс және ақпараттарға қолжетімділік заңдылықтары оқытылады. Пәннің мақсаты – экологиялық ақпараттарды табу және оны қолдану жолдарын үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • БАҚ және жаңа технология
    Несиелер: 5

    Бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа технологиялары, отандық БАҚ-тың құрылымы мен типологиялық сипаттамаларына жаңа технологиялардың әсері қарастырылады.Пәннің мақсаты – озық ақпараттық технологиялардың БАҚ-тың дамуына, оның қоғам дамуы үдерісінде лайықты орнығуына және БАҚ қызметіне ықпалын оқыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Теледидардағы компьютерлік дизайн
    Несиелер: 5

    Компьютерлік дизайн жасаудың қыр-сырымен және телебағдарламаларды дайындау кезінде дизайнердің жұмысымен таныстырады. Жаңа технологиялар оқытылады. Мақсаты - теледидар дизайнын құру және дайындау, сонымен қатар компьютерлік дизайнердің жұмысының мәнін түсіндіру, компьютерлік дизайнының бағдарламалық өнімдерінде практикалық жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Стилистика және редакциялау
    Несиелер: 5

    Тілдің стилистикалық байлығы, стилистикалық нормалары, олардың тарихи өзгергіштігі, тілдік құралдарды қолданудың стильдік түріне байланысты әртүрлі нұсқалар қарастырылады. Мәтіндегі стилистикалық қателерді табу, сөйлеу, олармен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру дағдыларына тәрбиеленеді. Мақсаты - студенттерді стилистика ғылымының теориялық негіздерімен таныстыру, қазақ әдеби тілінің стилистикалық құралдары, стильдік тармақтары туралы түсінік беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Баспасөздегі әдеби өңдеу
    Несиелер: 5

    Пән теледидарда, радиода, баспасөзде жарияланған журналистік материал мәтінімен жұмыс жасау кезінде редакторлық мамандықтың теориялық, практикалық әдістерін игеруге бағытталған. Пәннің мақсаты - БАҚ материалдарының тілдік, стильдік ерекшеліктерімен таныстыру және студенттерге оларды пайдалану дағдыларын үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Журналистік шеберлік
    Несиелер: 5

    Журналистік шеберліктің негіздері, электронды БАҚ-тың жаңа технологиялары, журналистиканың түрлері мен жанрлары, теледидар мен тікелей эфирдің ерекшеліктері, телевизиялық қойылым бағдарламалары мен деректі фильмдерді дайындау және журналистің саяси сауаттылығын арттыру дағдылары қарастырылады. Мақсаты: олардың кәсіби шеберлігін арттыру, журналистік шығармашылықтың қыр-сырымен таныстыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • БАҚ-тағы ақпараттық қауіпсіздік
    Несиелер: 5

    Пән мемлекеттің қауіпсіздік мәселелерін, БАҚ туралы заңдарды, БАҚ-та ақпараттық қауіпсіздікті сақтауды қарастырады. Мақсаты: студенттерге ақпараттық қауіпсіздік -ұлт қауіпсіздігі деген ұғымды қалыптастыру, ақпаратты қорғаудың құқықтық аспектілерін талдауды, ақпарат таңдауды үйрету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ журналистикасының тарихы
    Несиелер: 5

    Қазақ журналистикасының тарихи алғы шарттары және оның 1917 жылға дейінгі даму ерекшеліктері, Қазақ басылымдарының шығу тарихы мен қазақ газеттерінің бағыты, ұстанымы, Қазақ газеттерінің көтерген мәселелері мен оған патшалық Ресей билігінің көзқарасы. Советтік қазақ журналистикасының қалыптасуы мен дамуы туралы түсінік береді. Мақсаты - қазақ газеттерінің қоғам дамуындағы орны мен қазақ журналистикасы дамуындағы қилы белестер туралы білім беру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Cөйлеу мәдениеті мен сөйлеу техникасы
    Несиелер: 5

    Сөз өнерінің тарихы мен сөйлеу техникасының теориясы қарастырылады. Сөйлеу мәнерінен диалект сөздерді, қажетсіз сөз тіркестерін алып тастау, дауыс ырғағын қалыптастыру, дыбыс тазалығын сақтау дағдыларын дамытады. Мақсаты: студенттерді мәнерлеп сөйлеуге, шешендікке, тіл тазалығын сақтауға, аудиторияға ақпаратты дұрыс жеткізе білуге үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Радиожурналистика жанрларының мазмұны мен пішіні
    Несиелер: 5

    Радиохабарларға қойылатын талаптарды, тікелей эфирде суырып салу өнерні, тіл шеберлігін, сөйлеу мәдениетін меңгереді. Радиохабарлардың мазмұны мен жанрларын игереді. Мақсаты - студенттерді радиожурналистиканың ерекшелігімен, радионың пайда болу және хабар тарату, қазақ радиосының даму кезеңдерімен, жұмыс істеу әдістерімен, радиохабар әзірлеудің шығармашылық процесімен және этикалық ережелер және қағидалармен, радиожурналистиканың қазіргі теориялық мәселелерімен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Талдамалы журналистика
    Несиелер: 5

    Пәнде талдамалы мақалаға қойылатын талап-шарттар, сараптамалық материалдың жазу ерекшеліктері, тақырып таңдау және оны аша білу әдістері қарастырылады. Мақсаты: Бұл курс болашақ журналистерге маңызды ақпаратты дәл уақытында ала білуге, көкейтесті проблемаларды дер кезінде көтеріп, батыл пікірлер айта білуге үйрету. Түйткілді мәселені зерттеп, зерделеуге, деректерді талдап, дәйектеуге машықтандыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Баспасөздегі әдеби сын
    Несиелер: 5

    Бұл пән журналист жұмысының ерекшелігін, әдеби жанрларды игеруді, белгілі қазақ публицистерінің шығармаларын талдауды қарастырады. Мақсаты: журналистиканың қыр-сырын түсінуге, жанрларды жетік меңгеруге, көрнекті қазақ публицистерінің әдеби материалдары мен шығармаларын талдауға үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Халықаралық журналистика
    Несиелер: 5

    Шетелдік БАҚ-тардың дамуы мен жариялану процестері, шетелдік ақпараттық агенттіктермен ақпарат алмасу процесі оқытылады, әлемдік деңгейдегі маңызды ақпараттарды өңдеуге және талдауға және оны отандық БАҚ-та пайдалануға үйретеді. Пәннің мақсаты - әлемдік дамудағы халықаралық журналистиканың рөлін зерттеу, мемлекеттер арасында ақпарат алмасу, шет елдердің экономикалық, әлеуметтік, саяси ақпаратын іріктеу дағдыларын қалыптастыру, шетелде болып жатқан оқиғаларды талдау және қорыту, маңызды ақпараттың мазмұны мен мәнін, оның саяси салмағын талдай білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Алаштану мәселелері және баспасөз
    Несиелер: 5

    Пән Алаш қайраткерлерінің қалыптасуы мен журналистикасы, Алаш Орда мемлекетінің тарихы мен оның қазақ мемлекеттілігіндегі саяси маңызы, Алаш баспасөзіндегі сол уақытта көтерілген қазақ мәселелерін зерттеуді қарастырады. Сондай-ақ Алаш Орда қайраткерлерінің қазақ баспасөзінің қалыптасуындағы роліне маңыз береді. Мақсаты – Алаш идеясымен таныстыру, Алаш идеясының ұлттық идеологиядағы саяси маңызын анықтау, Алаштану мәселелерін талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кәсіби және салалық журналистика
    Несиелер: 5

    Пәннің мазмұнында салалық басылымдар мен электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының салалық жанрлары, салалық журналистиканың негізгі функциялары, салалық журналистиканың мәселелері мен ерекшеліктері қарастырылады. Мақсаты-экономикалық, саяси, мәдени, әскери, медицина, Экология, Су ресурстары, ғылым және білім бойынша салалық журналистикаға болашақ маманды бейімдеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Фотожурналистиканың қалыптасуы мен дамуы
    Несиелер: 5

    Фотография, фото публицистика, фото ісі және фото журналистика саласының ерекшеліктері қарастырылады. Өзекті фотоақпаратты алудың, жинаудың, өңдеудің және сақтаудың заманауи техникасын пайдалану дағдылары қалыптастырылады, оны баспа, электрондық және интернет БАҚ-та жариялауға дайындайды, жарнамалық және медиа ресурстарды құру мен іске асырудың ақпараттық технологияларын игеруге үйретеді. Мақсаты - фото камералардың әртүрлі маркаларымен және оның мүмкіндіктерімен, сондай-ақ линзалардың түрлерімен, фото ісіндегі және фоторепортаждағы жарықтың маңызын түсіндіру және фотосуреттің композициялық құрылымымен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Радиохабар даярлау технологиясы
    Несиелер: 5

    Радио бағдарламаларды дайындау, жанрдың ерекшеліктерін, мазмұнын және радио форматтарындағы жаңа формаларды анықтау дағдыларын қалыптастырады. Мақсаты - радиорепортаж, жаңалықтар, қойылымдық хабарлар дайындауды, оқиға орнынан тікелей репортаж жүргізуді үйрету, эфирге қосылу мүмкіндіктерін меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ спорт журналистикасы
    Несиелер: 5

    Қазақстандық спорттық басылымдар, спорт журналистикасының ақпараттық-аналитикалық жанрлары, спорттық жанрларды дайындау ерекшеліктері, сұхбат, мақала, спорттық болжам, комментарий, жол-сапар очерктері, әлем спортынының даму үдерісі, әлемдік спорт комментаторларының тәжірибесі оқытылады. Мақсаты - қазақ спорт журналистткасының қалыптасуы мен дамуы, жанрлық, пішіндік ерекшеліктері, спорт комментаторының жазу және сөйлеу стилі, ерекшеліктерін үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бұқаралық коммуникация және халықаралық қатынастар
    Несиелер: 5

    Пән халықаралық қатынастар тарихы мен сыртқы саясат туралы толық ақпарат береді. Адамзат қоғамының соңғы елу жылындағы маңызды халықаралық қатынастардағы саяси оқиғалардың дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтары қарастырылады. Жаңа ақпараттық технологиялардың үлгілерімен, ерекшеліктерімен танысады. Мақсаты: халықаралық қатынастарға терең талдау жүргізу, студенттердің жаһандық ақпараттық қоғам жағдайында халықаралық қатынастарға ғылыми көзқарас қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Радиожурналистиканың қалыптасу тарихы
    Несиелер: 5

    Радионың шығу тарихы, Қазақстанда радожурналистиканың қалыптасуы, қазақ радиожурналистерінің шығармашылығы, радио технологияларының даму кезеңдері, дыбыс жазу апапараттарының түрлері және оны пайдаланудың ерекшеліктері оқытылады. Мақсаты - радио жанраларын, форматтарын, пішіндерін, радио жанрларын, радиода жаңалықтар қызметі, ақпарат тарату, драмалық қойылымдар, радиопостановкалар, радиоконцерт, тікелей репортаж жасауды үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі газет жанрлары
    Несиелер: 5

    Газет жанрлары, олардың тілдік, стильдік ерекшеліктері, жаңалықтар жанры, корреспонденция, очерк, эссе, публицистика ерекшеліктері, газет жанрларының стиліне қойылатын талаптар, баспасөздегі тіл мәдениеті мәселелері түсіндіріледі. Мақсаты - газет жанрлары бойынша жазылған мәтіннің тілдік, стильдік ерекшеліктерін меңгеру, ақпараттарды шынайылығын сақтай отырып, өңдеп, оларды материалдарда қолдануға машықтандыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Медиаменеджмент және медиамаркетинг
    Несиелер: 5

    Бұл пән БАҚ менеджменті мен маркетингі теориясын, әлемдік медиа-бизнестің тәжірибелерін қарастырады. Шетелдік медиа магнаттардың маркетингтік бағдарламалары талданады. Медиа-маркетологтардың маркетингтік саясатын жүргізу, медиа-өнім тұтынушыларының сұранысын саралау машықтары қалыптасады. Мақсаты: медиа саланы басқару қабілетін дамыту, медиа өнімдерді сату және тарату тәсілдерін, медиа құрылымның шығармашылық және экономикалық перспективаларын оқыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Саясат және журналистика
    Несиелер: 5

    Саяси тақырыптарға жазатын немесе саяси оқиғаларды, мемлекеттің даму қадамдарын сараптайтын сарапшы журналисті дайындауды қарастырады. Бұл бағытта пән мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік құжаттар мен заңдарды, мемлекет дамуының бағытын, геосаяси мәселелерді, азаматтық қоғам үдерісін оқыту және әлемдік саяси жаңалықтарды талдауға машықтандырады. Мақсаты: студенттерге мемлекеттік құжаттарды, ҚР Заңдарын оқып-түсінуге және мемлекеттік дамуды, стратегиялық, экономикалық бағыттарды, мемлекеттік реформаларды, саяси науқандарды талдап, саралауды үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Медиадизайн
    Несиелер: 5

    Студенттердің шығармашылық, графикалық, сызықтық, тональды және түсті композицияның негізгі заңдылықтарын түсінуін дамыту. Жарнамалық материалдың дизайнерлік элементтерін, фирмалық эмблемалардың, жапсырмалардың, композициялық орналасу ерекшеліктерін қарастырады. Мақсаты - дизайндық шығармашылықты дамыту, компьютерлік бағдарламаларды пайдалану дағдыларын игеруге ықпал ету. Жарнамалық жобаларды жасау кезінде қаріптерді дұрыс пайдалану.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мерзімді басылымдардағы құқық тақырыбы
    Несиелер: 5

    Құқықтық журналистиканың функциялары мен маңызы, әртүрлі жанрлар шеңберіндегі журналистің құқықтық тақырыптарды игеруі, журналистік ізденістердің журналистік зерттеулердегі орны мен мақалаға тергеу тұжырымдамасын қолдану әдістері түсіндіріледі. Пәннің мақсаты - студенттерге құқық қорғау саласының ішкі құрылымдық ерекшеліктерін, құқықтық сипаттағы журналистік зерттеулердің мақала дайындауда маңызын түсіндіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жаңалықтар дайындау
    Несиелер: 5

    Жаңалықтардың нысаны, мақсаты және идеясы қарастырылады. Спикерлер мен сарапшылардан, құзыретті тұлғалардан сұхбат алу тәсілдер, деректер мен ақпаратты жинау дағдыларын қалыптастыру, қажетті ақпаратқа қысқа мерзімде қол жеткізуді, жаңалықтар мәтінін жазуды меңгереді. Пәннің мақсаты: болашақ журналистің оқиға орнынан тікелей репортаж жасай білуге, оқиға ошақтарынан материалдар дайындауға, аналитикалық ойды қысқа түрде жеткізе білуге үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жарнама және БАҚ
    Несиелер: 5

    Жарнама саласының негізгі ұғымдары, теориясы мен практикасы, БАҚ-тағы жарнаманың рөлі және отандық жарнама технологиясының тәжірибесі, жарнаманың табиғаты, әмбебаптығы мен болашағы, қоғаммен байланыстың негізгі тетіктері зерттеледі. Мақсаты-PR-технологиялар мен жарнама дайындаудың түрлі тәсілдерін игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Деректі фильмдерді жасау
    Несиелер: 5

    Деректі фильмдерді жасау ерекшеліктері қарастырылады. Фильмге қажетті маңызды деректерді жинау, мұрағаттардан деректерді іздеу, шетелдік мұрағаттармен байланысу, интернет-ресурстардан мәліметтерді қарау, деректі фильмнің сценарийін жазу, режиссердің, оператордың, монтаждаушының жұмыс ерекшеліктерін меңгереді. Мақсаты: деректі фильм жасаудың технологиялық әдістерімен, бейне, фото, кино хроникаларын пайдалануды үйрету.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Журналистік зерттеу жүргізудің ерекшеліктері
    Несиелер: 5

    Пәнде репортаждың, сұхбаттың, журналистік зерттеулердің заманауи әдістері және аналитикалық материалдарға шолулар жасау ерекшеліктері оқытылады. Тартымды мәтін жазу, сот сараптамаларын талдау және күрделі сюжеттер мен газет материалдарын жасау дағдыларын қалыптастырады. Мақсаты-студенттерді ақпарат іздеуге, оны табуға және қоғамдық пікір қалыптастыруға үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Лонгрид
    Несиелер: 5

    Әлемдік баспасөз, интернет басылымдар мен телеарналарда орнығып үлгірген ақпаратты берудің Лонгридтік үлгісінің техникасы мен оны жасау жолдарын үйретеді. Мақсаты: Лонгрид жасауға қажетті қызықты ақпаратты таңдауды, оған қажетті материалды жинақтауды, әр жинақталған материалға анимациялық, сюжеттік, аудио, фото, графиканы қолдануды, қызықты, оқылымды, назар аударатын лонгрид дайындауды үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сыр өңірі журналистикасының тарихы және тәжірибесі
    Несиелер: 5

    Сыр өңірі баспасөзі дамуының тарихи, экономикалық, әлеуметтік факторлары, Қызылордада шыққан республикалық басылымдардың тарихы, өңірлік басылымдар тарихындағы қоғамдық-саяси жағдай, облыстық "Сыр бойы" газетінің, облыстық телеарналар мен радиолар дамуының өзекті мәселелері қарастырылады. Мақсаты: Сыр өңірінің бұқаралық ақпарат құралдарының тарихын, тәжірибесін, даму жолдарын талдау дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Ғылыми танымдық журналистика
    Несиелер: 5

    Ғылыми-танымдық журналистиканың ерекшеліктері, қалыптасу тарихы, даму проблемалары, ғылыми термин, салалық ғылым, ғылыми прогресс, жаңа технологиялар, ғылыми жетістіктерін талдайды. Баспасөзде ғылыми-танымдық материалдар даярлауды, деректі фильмдер түсіруді, газеттер мен ғылыми басылымдарға ғылыми-танымдық мақалалар жазуды үйретеді. Мақсаты: ғылыми мақалалардың ерекешеліктері мен ғылыми зерттеулерді талдауды, ғылым тілінің стилін, терминология ілімін, ғылыми идеяларды зерделеуді үйрету және ғылыми мақала жазуға машықтандыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Аймақтық журналистиканың қалыптасуы мен даму жолдары
    Несиелер: 5

    Қазақстанның аймақтық баспасөзі мен оның тарихын, қалыптасу кезеңдерін оқып, біледі.Аймақтық басылымдардың жанрлық, пішіндік ерекшеліктері мен журналистердің талдамалы, зерттеу, экономикалық бағыттағы мақалаларымен, телеөнімдерімен танысады. Мақсаты: Ел дамуындағы өңірлік журналистиканың алатын орны, еліміздің ақпарат кеңістігіндегі аймақтық журналистиканың маңызын оқыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Спичрайтер
    Несиелер: 5

    Белгілі тұлғалардың, қоғам қайраткерлерінің мемлекеттік маңызы бар іс-шараларда және халық алдында сөйлейтін сөздерінің мәтінін жазу әдістері қарастырылады. Заманауи спичрайтерлердің тәжірибесімен танысады. Мақсаты: саяси маңызды мәтіндерді жазу дағдыларын қалыптастыру, қоғамдық пікірді тудыруға ықпал ету. Спичрайтер кәсібінің психологиялық аспектілерін үйрету және ақпарат ағынын талдай білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Бизнес журналистика
    Несиелер: 4

    Іскерлік медианың мақсатты аудиториясын айқындауды, бизнес журналистиканың жанрлық ерекшеліктерімен таныстыруды, қаржылық сала ақпараттарын (қаржылық қорытындылар, биржалар,баға белгілеулер, валюта бағамдары), дайындау әдістері мен құралдарын зерделеуді қарастырады. Пәннің мақсаты: Іскерлік саланың экономикалық-қаржылық заңдылықтарын мен терминдерін оқыту. Коммерциялық ақпаратты жедел жариялау, бизнестің дамуына ықпал ететін ақпараттық алаң құру, бизнес-идеологияның өзіндік түрін қалыптастыру, коммерциялық ақпараттың экономикаға әсерін талдауды үйрету

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON3

    Журналистік туынды жасау дағдысын, ойлау мәдениетін, сөйлеу техникасын, стилистика ережелерін, әралуан құбылыстар мен үдерістерді ғылыми талдау және жорамалдау негіздерін игереді. Журналистиканың саясаттағы ролін бағалай отырып, әр түрлі жанрларда, жаңалықтар қызметінде саяси тақырыптарды көтере алады.

  • Код ON7

    Желілік журналистиканың ерекшелік сипаттары, Интернеттің пайда болуы және дамуы, желіні пайдаланып жұмыс істеу әдістері, веб-парақшаларын әзірлеудің шығармашылық процесі, сайттарды басқара алады, онлайн режимінде жұмыс істей алады. Сандық технологияларды, оның ішінде әлеуметтік желілерді пайдалану нәтижелерін бақылау және бағалау, қазіргі заманғы әлеуметтік медиа құралдарын пайдалануға қабілетті. Ақпаратты беру мен таратудың жаңа нысанын-лонгрид әдісін игере отырып, оны жаңалықтар қызметтерінде, жарнама роликтерінде, тележобаларда, интернет-басылымдарда қолданады, БАҚ-тағы Ақпарат қауіпсіздігі мәселесі мемлекет пен Ұлттық қауіпсіздік мүдделерінің кепілі болып табылатынын, ақпаратты қорғауды және сақтауды ұйымдастыруға қабілетті екенін ұғынады.

  • Код ON2

    Шетелдік, отандық, сондай-ақ өңірлік журналистиканың тарихи дамуы саласындағы білімді пайдаланып, қазақ журналистикасының дамуын талдай алады, Қазақ мерзімді баспасөзінің пайда болуын бағалай алады, алашордашылардың публицистикалық еңбектерінің маңыздылығын анықтай отырып, қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктерін түсінуді дамытады, Ұлы даладағы Алаш идеясының рөлін бағалай алады. Аналитикалық журналистиканың талаптарын игере отырып, ол отандық журналистиканы лайықты түрде ұсынады және спичрайтердің қызметін журналистикамен байланыстырып, оның қолдану аясын анықтайды. Нәтижесінде кәсіби шеберлігін көрсетуге қабілетті.

  • Код ON8

    Ақпарат көздерімен жұмыс істей алады, журналистік зерттеу жүргізе алады, сандық бейнемонтаж, дыбысты өңдеу бойынша компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істей алады, журналистің кәсіби қызметінің мақсаттарын, әдістері мен тәсілдерін біле алады, желілік ақпарат тасымалдаушысы ретінде интернет-сайттар құра алады, фото және бейне материалдарды өңдей алады, түрлі форматтағы мерзімді басылымдарды айналдыра алады.

  • Код ON6

    Радио, теледидарда ақпарат даярлауды, өңдеуді және таратуды игере отырып, мемлекеттік және тәуелсіз телеарналардың хабар беру өзгешеліктерін, деректі фильмдерді әзірлеу тәсілдерін практикада қолдана алады. Түрлі жанрларда теле, радио хабарларды дайындап, фото ісін жүргізе алады, медиа менеджмент ерекшеліктерін меңгеріп, қазіргі БАҚ жүйесінде менеджмент маңызын анықтай алады. Ғылым мен техниканың жаңалықтарын пайдаланып, дерек пен дәйектерді жинауды, жиналған ақпаратты талдауды біледі, ғылыми тұжырымдар жасай алады.

  • Код ON5

    Журналистер мен құқықтанушылардың халықаралық ұйымдары туралы түсінікке ие бола отырып, сондай-ақ тілдік қарым-қатынас тәсілдері мен сөйлеу тәсілдерін меңгере отырып, БАҚ-тағы дизайнерлік процестерде әртүрлі стильдер мен жанрлардағы мәтіндерді редакциялау әдістемесін, заманауи техникалық базаны және жаңа цифрлық технологияларды пайдалана алады.

  • Код ON4

    Прививаются навыки журналистского мастерства, изучая права и обязанности журналиста в рамках Конституции РК и закона "О СМИ". Владеет особенностями отраслевой журналистики, умеет анализировать собранную информацию, собирая необходимые сведения и факты о различных сферах.

  • Код ON1

    Философиялық және әлеуметтік-саяси білімнің негіздерін, ғылыми дүниетанымды қалыптастыру үшін Қазақстанның тарихи дамуының кезеңдері мен заңдылықтарын пайдалана отырып, экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімділігін бағалау үшін экономикалық теорияның бағыттарын талдай отырып, қызметтің әртүрлі салаларында базалық құқықтық білімдер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты пайдалана отырып, сөйлеуді дұрыс интонациялық және лексикалық ресімдеу үшін орыс және шет тілдерін меңгеру дағдыларын қолдана отырып, салауатты және толыққанды өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін дене шынықтыру деңгейін қолдап, өзін-өзі ұйымдастыруға және өзін-өзі тәрбиелеуге, сондай-ақ патриотизм мен азаматтық ұстанымды қалыптастыруға қабілетті.

6B03201 6B03201 - Журналистика
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B03201 Журналистика
Бакалавриат

Қазақстан-Американдық еркін университеті

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B03201 Журналистика
Бакалавриат

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B03201 Бизнес-журналистика
Бакалавриат

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B03201 Журналистика
Бакалавриат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B03201 Журналистика
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский
6B03201 Журналистика
Бакалавриат

Инновациялық Еуразия университеті

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B03201 Журналистика
Бакалавриат

"Тұран" университеті мекемесі

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B03201 Журналистика
Бакалавриат

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B03201 Журналистика
Бакалавриат

Торайгыров университеті

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B03201 Журналистика және репортер ісі
Бакалавриат

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B03201 Іскерлік журналистика, SMM & PR
Бакалавриат

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B03201 Журналистика және жарнама
Бакалавриат

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B03201 Журналистика
Бакалавриат

Халықаралық білім беру корпорациясы

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B03201 Журналистика және ақпарат
Бакалавриат

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B03201 Журналистика
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B03201 Журналистика (ТВ және Мультимедиа)
Бакалавриат

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Ағылшын тілі
6B03201 Журналистика
Бакалавриат

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B03201 Журналистика
Бакалавриат

Орталық-Азия Университеті

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B03201 5B050400 - Журналистика
Бакалавриат

Қызылорда "Болашақ" университеті

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B03201 Сандық журналистика
Бакалавриат

Astana IT University

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Ағылшын тілі
6B03201 Журналистика
Бакалавриат

Университет КИМЭП

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Ағылшын тілі
6B03201 Журналистика: аналитика и расследования
Бакалавриат

M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top