Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01705 Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын) в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарын іске асыруға ықпал ететін Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы, философия, қолданбалы экономикалық, заңдық, жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша өзекті білімдерін көрсету. Экономикалық және идеялық-мәдени бағыт бойынша жеделдетілген жаңғырту кезеңінде дамудың қазақстандық моделін қалыптастыруға белсенді қатыстыру.
  • Оқытылатын шетел тілі елінің мәдени ерекшеліктерін, салт-дәстүрлерін білу, оқытылатын тілдің елі туралы елтану сипатындағы ақпаратты меңгеру. Қарым-қатынас кезінде оқытылатын тіл елінің сөйлеу этикеті мен лингвистикалық-аймақтық, ұлттық-мәдени ерекшеліктерін сақтай білу.
  • Шетел тілін (негзгі және екінші) меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілігінің (CEFR) А 1 - В 2 деңгейіне сәйкес тілді меңгеру. Шетел тілі (негзгі және екінші) қызметінің құрылымы мен заңдылықтарын білу, өз пікірін білдіре білу, басқалардың пікірін құрметтей және қабылдай білу; өз оқуын ұйымдастырудың стратегияларын меңгеру; бөгде мәдениетті түсіне және қабылдай білу.
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі, педагогикалық акмеология және инклюзивті білім беру саласында терең білімдерін көрсету; оқу процесін жобалау кезінде педагогикалық технологияларды, менеджмент негіздерін пайдалану. Орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқытудың заманауи технологияларын меңгеру.
  • Әр түрлі мәтіндерді ауызша және жазбаша аудару дағдыларын меңгеру. Мәдениетаралық қарым-қатынас саласындағы білімді түсіндіре білу, ана тілі мен оқытылатын шетел тілін (негзгі және екінші) тасымалдаушылар әлемінің тұжырымдамалық және тілдік суреттерінің негізгі айырмашылықтарын білу.
  • Ғылыми зерттеу әдістерін білу, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдау және оларды шетел тілін оқыту саласындағы ғылыми жұмыстарды жазу аясында нақты ғылыми-зерттеу мәселелерін шешуде қолдану. Психологиялық-педагогикалық диагностика, талдау және синтез негізінде кешенді педагогикалық мониторинг жасай білу, алынған нәтижелерді түсіндіру, педагогикалық өлшеуіштер мен индикаторлар жүйесін, бақылау-бағалау материалдарын білу.
  • Шетел тілінде (негзгі және екінші) ақпаратты таба білу, талдау, қайта өңдеу, жалпылау және жаңғырту, оқу процесінде цифрлық технологияларды пайдалану дағдыларын меңгеру: подкасттар, мультимедиялық презентациялар жасау; оқуға және оқытуға арналған Web–сайттарын пайдалану.
  • Қоғам туралы білімді тұтас жүйе және адам ретінде, қазіргі қоғамдағы рухани процестердің рөлі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың құқықтық мүдделері, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік шарттары, зиянды және қауіпті факторлардың адамға және табиғи ортаға әсері ретінде қолдану.
  • Кәсіби тақырып бойынша шетел тілінде диалогтік және монологтық сөйлеулерді (баяндамалар, презентациялар, сөз сөйлеулер, хабарламалар) құра білу; таныс тақырыптарды талқылау және оларға қатысу, аудитория алдында презентация жасау, сұрақтарға жауап бере білу және жағдайды сыни бағалай білу. Шетел тілінде көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын; кәсіби және ғылыми проблемалар бойынша шетел тіліндегі мәтінді талдап, түсіндіру және сыни ойлау дағдыларын игеру.
  • Лингвистикалық теориялар саласындағы қазіргі ғылыми-теориялық көзқарастардың негіздерін пайымдауды қалыптастыру үшін ақпарат жинау және түсіндіру, зерттелетін тіл теориясының негіздерін меңгеру.
  • Шетел тілдерін ерте жастан оқытудың теориялық негіздерін, әдістемесі мен технологиясын білу; шетел тілін оқытуды ұйымдастыру кезінде білім алушылардың жас және физиологиялық ерекшеліктерін, әртүрлі жастағы балалардың тұлғалық даму ерекшеліктерін ескеру; балаларды ойын және АРТ-технологиялар арқылы шетел тілін үйренуге ынталандыру.
  • Халықаралық стандарт (С1 деңгейі) талаптарына сәйкес академиялық (жалпы кәсіптік) және арнайы мақсаттар үшін шетел тілін меңгеру; академиялық қарым-қатынастың, академиялық оқудың түрлі жанрларының вербалды және вербалды емес нысандарын түсіну. Оқытылатын тілді кәсіби қызметте қарым - қатынас құралы ретінде қолдана білу: кәсіби бағытталған сипаттағы түпнұсқалық мәтіндерді түсіну (тыңдау және оқу).
  • Кәсіби қызметте желілік, мультимедиялық және интернет-технологиялар, Smart және Е-технологиялар сияқты цифрлық технологияларды қолдану, ДК аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету.
  • Қоғам мен адамды тұтас жүйе ретінде, білім алушылардың физиологиялық ерекшеліктері туралы білімдерін көрсету. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың құқықтық мүдделері, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік шарттары туралы білімі болуы тиіс.
  • Ауызша және жазбаша қарым-қатынас негіздерін практикалық меңгеруді қамтамасыз етуге арналған шетел тілінің фонетикалық және грамматикалық құбылыстарының негізгі негіздерін білу; В1-В2 деңгейінде сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгеру; В1-В2 деңгейлері үшін көзделген қарым-қатынас саласы мен жағдайларына сәйкес зерттелетін тақырып шегінде оқу, тыңдау, сөйлеу және жазу дағдыларын меңгеру.
  • Шетел тілін (негзгі және екінші) оқытудың стратегиялары мен әдістерін білу, оларды өз оқуларында қолдана білу.
Top