Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04107 Әлемдік экономика в Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін жалпы теориялық және кәсіби білім мен дағдылар жүйесін қолдану арқылы ұлттық және одан тыс деңгейдегі экономикалық процестерді және сыртқы экономикалық қызметті іс жүзінде жүзеге асыруға қабілетті әлемдік экономика және халықаралық экономикалық қатынастар саласында білікті мамандарды даярлау
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B044 Менеджмент және басқару
  • Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Экономикалық мәселелерді зерттеуді өз бетінше талдау дағдысы мен шеберлігін қалыптастыру, өз жұмысын ғылыми тұрғыда жетілдіру жолдарын дамыту; қазіргі халықаралық бизнестегі ХЭҚ проблемалары бойынша зерттеулер жүргізу кезінде өз ұстанымын экономикалық сауатты тұжырымдау және дәлелдей білу
  • Мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінде ауызша және жазбаша түрдегі әлеуметтік өзара әрекеттестіктерге, тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынасқа қабілетті болу. Шет тілін кәсіби қызмет құралы ретінде пайдалану: Кәсіби бағытталған және ғылыми мәтіндерді аудару және мәтінге қысқаша мазмұн жасау, көпшілік алдында сөз сөйлеу, іскерлік құжаттарды жасау. Шет елдердің және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен сауда келіссөздерін жүргізуге қатысу
  • Нақты елдегі іскерлік жағдайды және ағымдағы экономикалық жағдаятты ескере отырып, бизнесті жүргізудің тиімді әдістерін таңдау; сыртқы экономикалық қызметті реттеудің оңтайлы құралдарын (тарифтік, тарифтік емес, қаржылық) таңдауды жүзеге асыру
  • Базалық және бейіндік пәндерді оқу кезінде микро және макроанализ санаттары мен әдістерін қолдана білу. Маркетингтік бағалаудың қазіргі заманғы, ғылыми принциптері мен әдістерін пайдалану, нарықтың қанықтығын бағалау және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін бағалай білу дағдыларына ие болу, сондай-ақ сатып алушының қылығын талдау үшін, тауарлар мен қызметтер нарығында туындайтын нақты жағдайларды сауатты талдау үшін әлеуметтік-психологиялық әдіспен және тұтынушылардың типологияларын ескере отырып, жарнаманы жайғастыру
  • Елдің немесе жеке фирманың Халықаралық экономикалық қатынастарға қатысуының оңтайлы тактикасы мен стратегиясын әзірлеу үшін сенімді негіз құратын тұтастай алғанда әлемдік нарықтың немесе жекелеген тауар нарықтарының нақты болжамдарын әзірлеу
  • Жеке және кәсіби бәсекеге қабілеттілігін, азаматтық ұстанымын, физикалық және экологиялық мәдениетін, жасампаздылығын және коллаборацияға дайындылығын көрсете білу
  • Кәсіпкерлік идеялар банкін қалыптастыра білу, бизнес жоспар құру, кәсіпкерлік құрылым құру және оның қызметін ұйымдастыру. Ұйымның жұмысы, оның күрделі мәселелері мен келешегі туралы объективті ақпарат алу қабілетіне ие болу. Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне талдау және диагностика жүргізу әдістері мен тәсілдерін меңгерген. Халықаралық қаржылық есептемелік стандарттарына сәйкес, бухгалтерлік есеп пен қаржы есептемесін ұйымдастырудың тиімді жүйесін ұйымдастұру үшін білімді қолдану
  • Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың әр-түрлі түрлерін пайдалану: интернет-ресурстар, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша бұлтты және мобильді сервистер. Аналитикалық қабілеттерді математикалық дәлелдеуді қолдану, кәсіби қызметте қолданбалы есептердің қабылданатын шешімдерін негіздеу және таңдау үшін қазіргі заманғы бағдарламалық және техникалық құралдарды теориялық және эксперименттік модельдеу. Кәсіби қызметте экономикалық-математикалық және статистикалық талдау мен модельдеу әдістерін қолдану
  • Тауарлар, қызметтер, капитал, қаржы құралдары, жұмыс күші нарықтарының қазіргі заманғы даму үрдістерін талдау үшін зерттеу дағдыларын меңгеру
  • Ұйымның адами ресурстарын басқару өнерін, өзін-өзі бағалауға, өз іс-әрекеттерін конструктивті талдауға және үздіксіз біліктілікті арттыруға қабілетті болу, серіктес-ұйымдармен және басқару органдарымен сыртқы байланыстар орнату қабілеті
  • Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда грамматикалық білім мен сөйлеу құралдарын пайдалана отырып, тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби коммуникацияларды жүзеге асыру, қарым-қатынас жағдайына сәйкес ақпаратты талдай алу қабілеті
  • Экономиканың тарихи даму заңдылықтарын, халықаралық экономиканың үрдістерін талдау
Top