Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M05301 Химия в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты «Химия» білім беру бағдарламасының мақсаты Химия және педагогика саласында кең іргелі білімі бар, заманауи білім беру технологияларын меңгерген, сондай-ақ ғылым мен білім беру саласында басқару қызметіне қабілетті магистрлерді даярлау. Бағдарлама мамандарды қалыптастыруға бағытталған:  химияны оқытудың классикалық және инновациялық әдістері негізінде білім беру процесінің нәтижелілігін қамтамасыз ету;  химия және педагогика саласындағы жаңа теориялар мен бағыттар туралы заманауи білімді түсіндіру және жалпылау;  химия және педагогика саласындағы ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыру;  химия және педагогика саласындағы ғылыми зерттеу нәтижелерін кейіннен алынған нәтижелерді жинақтай отырып интерпретациялау;  магистрлік диссертацияда және ғылыми жарияланымдарда зерттеу нәтижелерін рәсімдеу
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M089 Химия

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • іргелі және қолданбалы химияның тиісті мамандандырылған саласындағы ғылыми теориялар мен концепцияларды интерпретациялау;
  • математикалық модельдеу мен есептеулер әдістерін, әдіснамаларың, компьютерлік бағдарламаларын және басқа қосымшаларын дұрыс таңдауға, процесті бақылауға, соның ішінде ғылыми эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді өңдеу және жинақтау;
  • химия пәні бойынша қазіргі заманғы жетістіктер мен жоғары білім беру педагогикасының талаптары бойынша химиялық пәндерді оқыту бойынша оқу бағдарламаны дайындау;
  • белгілі бір тақырып бойынша жүйелі ізденіс жүргізіп, заманауи ғылыми зерттеулердің күйіне ғылыми шолу жасау;
  • физико-химиялық зерттеулердің негізгі және қазіргі заманғы білімдерін және әдістерін жаңа сипаттамалары және белгілі бір сипаттамалары бар заттар мен материалдарды және процестерді, зерттеу әдістерін, технологиялық процестерді немесе олардың сатыларың жетілдіріп өндеу үшін қолдану;
  • өз зерттеулерінің шеңберінде ғылыми гипотезаларды қалыптастыру үшін ғылыми ақпараттардың талдауын жүргізу;
  • ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, сондай-ақ химияның зерттеу / бейіндік салаларында қазіргі заманғы ғылыми тұжырымдамаларды, жетістіктерді және зерттеулерді сыни талдау және бағалау негізінде күтілетін нәтижені тұжырымдауды дербес жүзеге асыру;
  • шығармашылық өзін-өзі дамыту және жетілдіру үшін тәуелсіз және автономды білім алуын жалғастыру, барлық кәсіптік қызметтерде негізгі және пәндік құзыреттерді дамыту.
  • процестің механизмін, оның реттеу жолдарын белгілеу, оның сипаттамалары бар өнімді алу немесе оның өнімділігін арттыру, іске асыру мен басқарудың оңтайлы жағдайларын анықтау, процестің сапалық және сандық модельдеуін жүзеге асыру;
  • химия саласындағы ғылым мен тәжірибенің ең соңғы жетістіктерін зерттеуші-химик, химик-оқытушы кәсіби міндеттерін шешу үшін тәжірибелік қызметіне кең ауқымды пәнаралық контексте экологиялық, әлеуметтік, экономикалық бағыттарды енгізу;
  • алынған мәліметтерді (процестерді бақылау, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін) химия саласындағы заманауи тұжырымдамалар мен теориялар шеңберінде олардың сенімділігі мен құндылығын негіздеу үшін талдау жүргізу және түсіндіру;
  • химияның таңдаған саласында өзіңің ғылыми зерттеулеріңің нәтижелерін ғылыми жарияланымдар түрінде көрсету;
Top