Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B05202 Қоршаған орта және тұрақты даму в Нархоз Университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Тұрақты дамуды қамтамасыз ету барысында қоршаған ортаның қазіргі жағдайын талдай алатын, табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыстарды оңтайландыру бойынша ұсыныстар бере алатын, жер шары жүйесіндегі әртүрлі компоненттердің даму динамикасын болжамдай алатын мамандарды дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
ЖОО атауы Нархоз Университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B051 Қоршаған орта
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 6B052 Қоршаған орта
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Экология және тұрақты даму
Қолданбалы математика негіздері
Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама
Экономикаға кіріспе
Көшбасшылық және инновация
-
2 Оқу жылы
Шетел тілі (ағылшын В2)
Шетел тілі (ағылшын A2)
Шетел тілі (ағылшын B1)
Энергияның баламалы көздері
Тәуекелдерді статистикалық талдау
Жерүсті және су экожүйелеріндегі биоалуандылықты сақтау
Қазақстандағы экотуризм және табиғатты қорғау қызметтері
Жаратылыстану ғылымдарындағы академиялық зерттеулер
Экологиялық мониторинг
Статистика
Тең емес әлемде теңдікті ілгерілету
Климаттың өзгеруі және техногенді қауіптер
Эконарық және азық-түлік қауіпсіздігі
Тіршілікті қамтамасыз ету және денсаулықты сақтауды ұйымдастыру негіздері
Экологиялық биогеография
Жобаларды басқару
Әлеуметтік экология және тұрақты даму
Менеджмент негіздері
-
3 Оқу жылы
Экологиялық ресурстану
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару
Топырақтану
Қазақстан өңірлерінің индустриалдық-инновациялық даму негіздері
Экологиялық мәдениет және білім беру
Қоршаған ортадағы нанотехнология
Экологиядағы компьютерлік технологиялар
Экологиялық құқық
Орта-Азия өңірлеріндегі экологиялық-экономикалық аспектілер
Іскерлік коммуникация психологиясы
Тұрақты көлік
Тұрақты қала
«Жасыл» экономика және тұрақты кәсіпкерлік
Өнеркәсіптік экология
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Мүдделер қақтығысы мен ымыралар, белгісіз білім мен қарама-қайшылықтар жағдайында тұрақты дамудың құндылықтарын, принциптерін, мақсаттары мен міндеттерін үйлестіру үшін әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, дұрыс пайымдаулар жасауға, ақпаратты жинауға және түсіндіруге, олардың іс-әрекеттерінің негізін құрайтын нормалар мен құндылықтарды түсінуге және ойлауға қабілетті.
- ТД, қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруға және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті экологиялық-экономикалық жобалар саласындағы тиімді бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысуға, тұрақты дамуға қабілетті тұрақтылықтың күрделі мәселелерін шешу үшін шешімнің әртүрлі сызбасын қолдануға, өмірлік тұрақты, инклюзивті және әділетті шешімі бар нұсқаларын әзірлеуге қабілетті.
- Академиялық жазу және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын көрсете отырып, экономикалық, әлеуметтік және саяси компоненттерді ескеру арқылы қоршаған ортада болып жатқан үдерістер мен құбылыстарды талдауға және мазмұнды түсіндіруге қабілетті.
- Алынған ақпаратты жалпылау үшін табиғат пен қоғамның өзара байланысының негізгі мәселелерін талдай алуға және биогеохимиялық процестер негізінде қоршаған ортаның жағдайы мен қасиеттерін сипаттауға қабілетті.
- Өзінің кәсіби қызметі процесінде, оның ішінде шет тілінде коммуникативтік дағдыларын (ауызша және жазбаша тиімді қарым-қатынасқа түсуге дайындығы) көрсете отырып, елдердің тұрақты дамуы бойынша экологиялық, әлеуметтік және экономикалық шараларды талдау үшін экономикалық құралдарды пайдаланады.
- Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып және ақпараттық-кмоммуникативті технологияларды, қазіргі техникалық құралдарды қолданумен кәсіби іс-әрекеттерді ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз ету деңгейіндегі міндеттерін шешуге.
- Заңнамалық, құқықтық нормаларды қолдануда пайда болатын қауіптерде және белгісіздік жағдайында экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы шешімдерді қабылдау барысында кәсіби іс-әрекетпен байланысты туындайтын жағдайлар мен жағдаяттарға икемді әрі ұтқыр болуға қабілетті.
- Әр түрлі елдердің тұрақты дамуы бойынша экологиялық, әлеуметтік және экономикалық шаралардың даму тиімділігін бағалауға, сонымен қатар талдамалық, кәсіби және басқарушылық ақпаратты ұсынуға қабілетті.
- Әр түрлі деңгейдегі жүйелердің әлеуметтік-экологиялық-экономикалық дамуын бағалауға, қоғамның ұзақ мерзімді өмір сүруін қамтамасыз ететін экологиялық және әлеуметтік факторлардың рөлін ескеруге қабілетті, жергілікті қауымдастықтағы және (жаһандық) қоғамдағы рөлі туралы ойлауға; өз іс-әрекеттерін үнемі бағалап, ынталандыруға қабілетті.
- Зерттеу және қолданбалы есептерді шешу кезінде қоршаған орта туралы ғылым саласындағы білімді базалық деңгейде қолдануға, бұл ретте өзекті ақпаратты талдауға және әртүрлі талдамалық әдістерді пайдалануға; күрделі жүйелердің әртүрлі салаларға, әртүрлі масштабтарға қалай ауысатынын және белгісіздікпен қалай күресуге болады.
- Қоршаған ортаның жай-күйін бақылау үшін, ауаға, суға, топыраққа физикалық-химиялық және биологиялық әдістер арқылы талдау жүргізуге, қоршаған орта компоненттерінің өзгерісін айқындайтын қоршаған ортаны бақылау әдістерін пайдалануға қабілетті.
Ұқсас БББ
6B05202 Экология
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
6B05202 Экоаналитика
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B05202 Экология
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B05202 Экология
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B05202 Экология
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B05202 Агроэкология
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті