Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01403 Дене шынықтыру және спорт в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Сандық технологияларды зерттеулер мен қолдануда әдеп және құқықтық нормаларды сақтайды және біледі. Сандық ақпаратпен және деректерді қорғаумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қолданады, сандық ресурстарды белсенді, қауіпсіз және әдепті пайдалануға ықпал етеді.
  • Оқушылардың жынысы-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу және бәсекелестік іс–әрекет процесінде мектеп бағдарламасы бойынша спорт түрлерімен шұғылданатындарды оқытудың туындайтын ситуациялық міндеттеріне сәйкес оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу, техникалық-тактикалық даярлаудың кәсіби маңызды әдістері мен нысандарын модельдеу және жетілдіру қабілетіне ие.
  • Дене шынықтыру және спорт саласындағы әлеуметтік және кәсіби қызметтегі білім беру, тәрбие және сауықтыру міндеттерін шешу үшін ойлаудың тәуелсіздігін, аналитикалық және диагностикалық дағдыларды қалыптастырады.
  • Дене шынықтыру мен спорттағы қазіргі заманғы үрдістерді талдау үшін білім алушылардың жас, физиологиялық, тұлғалық, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін түсінуді көрсету және жаңартылған білім беру мазмұны, оның ішінде критериалды бағалау технологиялары шеңберінде оқыту әдістерін, құралдары мен нысандарын практикада қолдану.
  • Кәсіби тапсырмаларды орындау үшін өзін-өзі реттеу мен рефлексияға қабілетті, жоғары деңгейдегі сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын меңгерген.
  • Әлеуметтік-мәдени әртүрлілікті ескере отырып, қарым-қатынастың әртүрлі форматтарын пайдаланады, әл-ауқатты және инклюзивті ортаны қалыптастыруда білім берудегі теңдік пен қолжетімділік қағидаларын құрметтейді, көшбасшылық қасиеттерге ие және оларды ұжымдық әлеуетті дамыту үшін қолдана алады.
  • Дененің физиологиялық мүмкіндіктеріне, қалпына келтіру құралдарына байланысты дене белсенділігінің төзімділігін бақылаудың жаратылыстану-ғылыми, медициналық-биологиялық әдістерін, олардың жаттығу көрсеткіштеріне әсерін бағалау кезінде, кәсіби қызмет процесінде қолданады.
  • Санитарлық-гигиеналық, климаттық және аймақтық жағдайларды ескере отырып, халықтың әртүрлі санаттарының физикалық, функционалдық, психологиялық және спорттық дайындық деңгейін жоспарлау және басқару технологиясын меңгерген.
  • Дене шынықтыру бойынша мектептік білім беру жүйесінде, оңалту саласында, оның ішінде қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдалана отырып, ЕББ қажетіліктері бар балалармен педагогикалық, оқу-тәрбие, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті ұйымдастыруды жіктейді.
  • Дене шынықтыру қызметінің түрлі салаларында, оның ішінде балалар-жасөспірімдер және паралимпиадалық спорт саласында оқу-әдістемелік, дене шынықтыру-бұқаралық, сауықтыру және оңалту жұмыстарын құру іскерліктері мен дағдыларын іске асырады.
Top