Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B11102 Мәдени-тынығу жұмысы в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Мәдени-тынығу іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін маркетинг және менеджмент әдістері мен құралдарын қолданудың жан-жақты дағдыларын меңгерген. Ұлттық және әлемдік тәжірибені салыстыру негізінде демалыс индустриясының даму жағдайын зерттейді.
  • Кәсіби қызмет үшін қауіпсіз және тиімді цифрлық құралдар мен технологияларды пайдаланады. IT-индустрияның соңғы жетістіктерін және кәсіби қызметтегі техникалық прогресті қолданады.
  • Кәсіби тапсырмаларды орындау үшін өзін-өзі реттеу мен рефлексияға қабілетті, жоғары деңгейдегі сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын меңгерген.
  • Драматургия және сахна өнері заңдары негізінде ұжымда шығармашылық белсенділікті дамытудың креативті әдістерін (көркемдік, музыкалық) техникалық құралдар мен сахналық жабдықтарды пайдалана отырып, режиссерлік шеберлік дағдыларын меңгерген.
  • Кәсіби қызмет пен өз елінің азаматы мен патриоты болуы үшін адалдық, шынайылық, еңбекқорлық және парасаттылық сияқты қасиеттерге ие болады
  • Шығармашылық ұжымда инклюзивті орта мен эмоционалды тұрақты атмосфера құра алады, қоғамның мәдениетін, эстетикасы мен рухани құндылықтарын тәрбиелеу мен дамытудағы бос уақыт индустриясының рөлін түсінеді.
  • Сандық технологияларды зерттеулер мен қолдануда әдеп және құқықтық нормаларды сақтайды және біледі. Сандық ақпаратпен және деректерді қорғаумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қолданады, сандық ресурстарды белсенді, қауіпсіз және әдепті пайдалануға ықпал етеді
  • Мәдениет және өнер мекемелерінде мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыра алады, балалармен жұмыс жасауда коммуникативті және креативті қасиеттерге ие, өнерге деген оң көзқарасты тәрбиелейді және бойына сіңіреді.
  • Өнер тарихын, тынығу тарихы мен теориясын, технологиясын және көркем шығармашылықты біледі. Кәсіби қызметте практикалық дағдылар мен пәнаралық байланыстардың синтезін жүзеге асырады. Жеке және кәсіби өсу үшін жаңа білімге, зерттеулерге ашық
  • Бос уақыт басшысының кәсіби қызметін сапалы және бәсекеге қабілетті ұйымдастыру міндеттерін шешу үшін жеке және кәсіби дамуды бағалауды жүзеге асырады.
  • Әлеуметтік-мәдени әртүрлілікті ескере отырып, қарым-қатынастың әртүрлі форматтарын пайдаланады, әл-ауқатты және инклюзивті ортаны қалыптастыруда білім берудегі теңдік пен қолжетімділік қағидаларын құрметтейді, көшбасшылық қасиеттерге ие және оларды ұжымдық әлеуетті дамыту үшін қолдана алады.
  • Ұйымдастырушылық-шығармашылық, ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруда сыни және аналитикалық ойлауы бар, пәндік салада, оның ішінде шет тілінде академиялық жазу және зерттеу нәтижелерін таныстыру дағдыларын меңгерген.
Top