Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01502 Математика-Физика в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Математика және физика саласында іргелі білімді меңгереді, пәндік дүниетаным мен ойлау мәдениетін бойына қалыптастырады.
  • Кәсіби тапсырмаларды орындау үшін өзін-өзі реттеу мен рефлексияға қабілетті, жоғары деңгейдегі сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын меңгерген.
  • Әлеуметтік-мәдени әртүрлілікті ескере отырып, қарым-қатынастың әртүрлі форматтарын пайдаланады, әл-ауқатты және инклюзивті ортаны қалыптастыруда білім берудегі теңдік пен қолжетімділік қағидаларын құрметтейді, көшбасшылық қасиеттерге ие және оларды ұжымдық әлеуетті дамыту үшін қолдана алады.
  • Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар мен АКТ-ны тиімді пайдаланады, интеграция қағидаттарын ескере отырып, математика мен физиканы оқытуда кәсіби дағдыларды көрсетеді, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылады
  • Сандық технологияларды зерттеулер мен қолдануда әдеп және құқықтық нормаларды сақтайды және біледі. Сандық ақпаратпен және деректерді қорғаумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қолданады, сандық ресурстарды белсенді, қауіпсіз және әдепті пайдалануға ықпал етеді.
  • Физиканың салалары бойынша теориялық-практикалық білімдер негіздерін қолдана отырып кәсіби іс-әрекетте физикалық құбылыстарды, процесстерді және заңдылықтарды түсінеді.
  • Өз тәжірибесінде рефлексия жасай алады, конструктивті сын мен ұсыныстарға барабар жауап бере алады және өзгерістер енгізе алады
  • Математиканың, физиканың негізгі қолдану бағыттары мен ережелерін біледі және есептер шешу барысында ақпараттық ресурстарды, пәндік саланың заманауи әдістерін қолдана алады
  • Математиканың әртүрлі бөлімдері бойынша білімді интеграциялау дағдыларын қолдана отырып қолданбалы есептердің математикалық модельдерін құрады.
Top