Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Оқыту нәтижелері

  • мәтін құраушы тілдік категорияларға жататын тілдік универсалилерді прагматикалық тұрғыдан бағамдай білу
  • жалпы лингвистика теориясын, типологиялық лингвистиканың даму ерекшеліктерін, әлемдік лингвистиканың даму тенденциялары мен басым бағыттарын сыни тұрғыдан талдау
  • қазіргі қазақ тіл білімінің (әдебиеттанудың) жаңа бағыттары мен үрдістерінің дамуына антропоцентристік мәселелердің әсерін бағалау мақсатында талдау
  • академиялық жазу стилі мен әдіснамасының ерекшеліктері мен ғылыми зерттеу әдістерін ескере отырып зерттеу қызметін дербес ұйымдастыру арқылы ғылыми мәтіндер мен докторлық диссертация жазу үшін ақпаратты талдау мен синтездеуді жүзеге асыру
  • ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен заманауи әдістерін пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаттарын, міндеттерін, құрылымы мен кезеңдерін дербес жоспарлауға қабілетті
  • тілдің семантикасының ғылыми теориясын, суггестивті үрдістерді, мәтін мен дискурстың прагматикалық мүмкіндіктеріне байланысты сөйлеу қызметінде ақпаратты беру тәсілдерін интерпретациялау
  • әлемдік әдебиеттанудың қазіргі жай-күйін және оның даму тенденцияларын айқындай отырып, қазақ әдебиеті тарихындағы басым бағыттарды байланыстыра отырып, Қазақстанның жетекші ғылыми мектептерінің жетістіктерін сыни тұрғыдан талдау
  • зерттеуші әдебиеттанушылардың мәтіндік материалдары мен ғылыми еңбектерін зерттеу және талдау негізінде әдебиеттанудың эволюциялық дамуын сыни тұрғыдан бағалау
Top