Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау в ОҚМПУ

Пәндер

  • Тілдік жүйе және лингвостилистика мәселелері

    Тіл саласындағы іргелі ізденістердің бағыттарын айқындап, қазіргі қазақ тілі стилистикасының негізгі тілдік факторларын дәйектеу жолдарын қарастырады; тілдік жүйені ғылыми танымның әдіснамасына, заманауи тұжырымдамаларға, заңдылықтарға баға беру арқылы түсіндіреді. Лингвостилистика мәселелерін тілдік жүйемен байланыстыра отырып талдайды, тілдік жүйенің лингвистикадағы орнына сараптама жасауды анықтайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым мен білім берудегі педагогикалық технологиялар

    Педагогикалық технология арқылы әр түрлі жағдайлардағы оқыту және тәрбиелеу стандарттарына сай тәсілдер негізінде компьютер мен техникалық құралдарды қолдану жолдарын меңгертеді, болашақ маманға ақпаратпен жұмыс істеу, педагогикалық технология көмегімен білімді, іскерлікті, кәсіби дағдыны игерту арқылы тұлғалық қасиетті дамытады, өмір бойы білім ала отырып, ғылыми жобалар мен зерттеулерге сараптама жасауға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогиканың философиясы және әдіснамасы

    Пән ғылыми жетістіктердің қалыптасу үдерісін және адамзаттың философиялық ойларының дамуын зерттейді."Педагогиканың философиясы және әдіснамасы" пәнін зерттеудің негізгі теорияларын, зерттеу әдістерін, сондай-ақ философия ғылымындағы онтологиялық және эпистемологиялық бағыттарды толық қамти отырып, зерттеу әдістерін игереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Іргелі және қолданбалы зерттеулердің жетістіктері мен даму перспективаларын түсіну жолдарын, өмірлік жағдайларда зерттеу есептерін шешумен байланысты жобалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастрады, оқу үрдісінде белсенді позиция, теориялық-қолданбалы ойлау типінің негіздері жайлы материалдарды түсіндіреді. Заманауи әдістер жүйесіне негізделген базалық білімі мен түсінігін кеңейту, алған білімдерін практикада қолдану және зерттеу нәтижелерін өндіріске ендіру жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ауыз әдебиетінің поэтикасы

    Ауыз әдебиеті үлгілерін ғылымның басқа салаларымен байланыстыра отырып зерттейді, поэтикалық талдауларға әдебиеттанымдық тұрғыдан баға беруді меңгертеді. Ауыз әдебиеті үлгілерін теориялық тұрғыдан ғылыми негіздеп, фольклордың көркемдігін, өзекті мәселелерін терең түсіндіреді, ғылыми пікірлерін нақты деректермен тұжырымдау жолдарын меңгертеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттану ғылымындағы әдіснамалық мектептер

    Әдебиеттану ғылымының қалыптасу және дамуының негізгі кезеңдері (пайда болуы, ғылыми-философиялық алғышарттары), әдебиеттанудың тарихы, соңғы он жылдағы әдебиеттану ғылымының мәселелері қарастырылады. Қазіргі әдебиеттанудың теориялары мен концепциялары, әдебиеттанудағы негізгі бағыттар мен мектептер, көркем шығарманы зерттеу әдістемесі мен әдіснамасын меңгереді. Қазақ әдебиеттану мектептерінің бағыттарын айқындап, зерттеу нәтижесін халықаралық басылымдарда жариялауға, сараптама жасай алуға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық хат

    "Академиялық хат" пәнін меңгерудің мақсаты білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдыларын қалыптастыру, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі ғылыми-ақпараттық мәтіндермен жұмыс жасау жолдарын меңгерту. Пән докторанттардың жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық - прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, өзі ұстанатын тіл арқылы жазба тіл мәдениетін жетілдіреді, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптері жайлы мағлұмат береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми танымның әдіснамасына, заманауи тұжырымдамаларға, заңдылықтарға баға береді
  • Тіл мен әдебиет саласындағы іргелі ізденістердің бағыттарын айқындап, ғылыми зерттеу жүргізеді
  • Ғылыми зерттеулердің ұлттық немесе халықаралық басылымдарда жариялап, нәтижесін қолданысқа енгізеді
  • Менеджменттің практикалық проблемаларын білікті түрде шешеді, білім және ғылым саласындағы жаңашылдықтарды қолданысқа енгізеді
  • Академиялық адалдық мәдениетін ұстана отырып, мәтінге ғылыми-сараптамалық баға береді.
  • Тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелерін терең түсініп, ғылыми пікірлерін тұжырымдау, ғылыми зерттеу әдістерін меңгереді
Top