Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M04111 Менеджмент(РХДУ) в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты ішкі және сыртқы орта параметрлерінің өзгеруі жағдайында ұйымдарды, бөлімшелерді, қызметкерлер командаларын, жобалар мен инновацияларды басқару саласында қазіргі заманғы ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдай және шеше алатын және педагогикалық, ғылыми-зерттеу қызметін табысты жүзеге асыратын жаңа форматтағы білікті кадрларды дайындау болып табылады.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 121
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M072 Менеджмент
  • Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару

Оқыту нәтижелері

  • ұйымдардың табысты қызмет атқаруы мен дамуын қамтамасыз ететін тиімді бизнесті құру үшін қайта құрылымдау модельдерін құру;
  • корпоративтік қаржы жағдайын диагностикалау және стратегиялық менеджмент саласындағы тиімді басқару шешімдерін жобалау;
  • басқа адамдармен тез және оңай байланыс орнату, олардың ойлары мен қажеттіліктерін түсіне алу, өз әрекеттерін топ мүшелерімен үйлестіру, өз көзқарасын дұрыс қорғау, ұжымдық шешім қабылдауда белсенділік таныту, ұйым мақсаттарына жету мен міндеттерін шешудің жаңа заманауй нұсқалары мен жолдарын ұсыну.
  • кәсіпорынның шаруашылық және қаржылық қызметін ұйымдастыру және басқару саласындағы күрделі және стандартты емес жағдайларда басқарушылық шешімдерді әзірлеу;
  • маркетингтік, өндірістік және қаржылық талдау әдістерін пайдалана отырып жобаның тиімділігі мен табыстылығын негіздей алатын бизнес-жоспар әзірлеу.
  • жоспарлау, бақылау, шешім қабылдау және ақпараттық технологиялар әдістерін қолдана отырып ұйымның штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулықтарын және жалақы қорын құру.
  • мотивация, көшбасшылық, топтық динамика, қақтығыстарды басқару және жоғары корпоративтік мәдениет пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қоса алғанда, адам ресурстары мен ұйымдастырушылық мінез-құлықты басқарудың тиімді моделін дайындау.
  • ұйым қызметінің тиімділігін арттыру үшін басқарудың жаңа технологияларын әзірлеу
  • стратегиялық басқару жүйесіндегі мақсаттарға, міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігі мен ағымдағы стратегиясына мониторинг жүргізу және бағалау негізінде компанияның даму стратегиясын әзірлеу;
  • менеджменттің заманауи аналитикалық құралдарын, басқарудағы сандық әдістерді, диагностика, талдау және проблемаларды шешу әдістерін, сондай-ақ ұйым қызметінде шешімдер қабылдау және оларды іске асыру әдістерін анықтау;
  • басқару мен бизнес тиімділігінің әлеуметтік, экологиялық және техникалық-экономикалық көрсеткіштерін анықтау үшін ғылыми зерттеулер мен есептеулерді жүргізу әдістерін талдау;
  • жоғары оқу орнының талаптарына сәйкес пәндердің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу, ғылыми зерттеулер жүргізу, дәрістер мен семинарларда стратегиялық менеджменттің мәнін ашу, адам ресурстарын басқару, жобалық талдау және сапаны басқару әдістерін үйрету.
Top