Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01102 Педагогика және психология в Қызылорда ашық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты БББ мақсаты – Сала жұмыс берушілерінің талаптарына жауап беретін, бәсекелестікке бейімделген педагогика және психология саласы бойынша барлық үлгідегі мекемелердің педагогикалық процесінде психологиялық-педагогикалық қолдауды, сүйемелдеуді және түзету қызметін жүзеге асыруға қабілетті құзыретті білікті бакалаврларды даярлау
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B001 Педагогика және психология
  • ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
  • Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

  • Оқушылардың физиологиялық дамуы

    Курс педагогика, психология, дене шынықтыру сияқты пәндерді оқудың негізі болып табылады және педагогикалық бағыттағы бакалавриатқа арналған. Оқушылардың физиологиясы туралы білім мұғалімдерге оқу процесінде қажет, өйткені қазіргі педагогика балалардың денсаулығын сақтау мәселесін шешуді талап етеді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • «Педагогика-психология» мамандығына кіріспе

    Болашақта игерілуі тиіс кәсіптің әлеуметтік тиімділігін қалыптастыруға ықпал ететін кәсіби білімді меңгеру, кәсіби -педагогикалық қызметті ынталандыру тетіктерін, болашақ маманның кәсіби қызметінің нәтижесінің сапасына жауапкершілікті қалыптастыру. Педагогикалық іс -әрекеттің мазмұны, оның мағыналық сипаты, функциялары, құрылымы, ерекшелігі және педагогикалық іс -әрекетке кәсіби даярлығы туралы жан -жақты түсінік қалыптастыру

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі

    Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарына сипаттама. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты. Қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануы. Жаңартылған білім беру жүйесінің шетелдік мемлекеттердегі дамуының ерекшеліктері. Білім беру жүйесіндегі жаңаша бағыттардың теориялық негіздері

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Білім берудегі менеджмент

    Пән студенттердің білім беру жүйесі саласындағы менеджменттің теориялық негіздерін зерделеуіне, білім беру жүйесінде басқарудың негізгі қағидаттары мен әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Курс аяқталғаннан кейін студенттер менеджменттің инновациялық технологияларын қолдана отырып, басқару процесін өз бетінше ұйымдастыра және зерттей білуі керек

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жас ерекшелік психологиясы

    Онтогенездің әртүрлі сатысындағы психикалық даму бойынша ғылыми-теориялық негіздері туралы жүйелі түсініктерді қалыптастыру, әрқилы жас кезеңіндегі психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын психологиялық сапаларын, адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезін зерттейді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жалпы психология

    Пәннің міндеттері: оқытылған психологиялық құбылыстардың заңдылықтары негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру; әр – түрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі-психологиялық талдау процесінде студенттерде танымдық дағдылар мен ептіліктерді дамыту;

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Педагогика

    Пән студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің теориялық негіздерімен таныстырады, педагогикалық құзіреттілік деңгейін арттырады, оқу және кәсіби іс-әрекеттерді игерудің және жүзеге асырудың табыстылығының факторы ретінде адамның жеке ерекшеліктері туралы тұтас көзқарасты қалыптастырады; оқу дағдыларын дамыту, ақыл-ой еңбегінің мәдениеті, өзін-өзі тәрбиелеу; педагогикалық білімге сүйене отырып тиімді шешім қабылдау мүмкіндігі

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және өміртіршілік қауіпсіздігі

    Курста экология мәселелері, экологияның жаһандық, ұлттық мәселелері баяндалады. Табиғи ресурстар, есепке алу, бағалау, ұтымды пайдалану және қорғау мәселелері, жасыл экономика мәселелері қарастырылады. Студенттерді әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларда халықты және аумақтарды инженерлік қорғау негіздерімен таныстырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнін меңгеру барысында студент өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу. Жалпы адамзаттық құндылықтарды кеңінен насихатау, баршаның заң алдындағы теңдігі, еңбексүйгіштігі және адалдығын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, яғни сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға, оның ішінде заң талаптарын орындау, білім және мәдени деңгейін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономика және құқық

    Пәннің мақсаты экономикалық мəселелер бойынша ғылыми жинақталған негізгі теориялық көзқарастарды білу. Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін, мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік

    Пәнді оқытудың негізгі мақсаты кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет туралы білімді кеңейту және нақтылау, өз ісін, коммерциялық қызметті құру дағдыларын қалыптастыру, құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау, бизнес-жоспарды әзірлеу, ҚР-дағы кәсіпкерліктің экономикалық проблемаларын білу болып табылады. Бизнесті жүргізудің нақты ережелері мен тәсілдерін және кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастыру негіздерін меңгеру, кәсіпкердің іскерлік этикалық мінез-құлық қағидаттарын білу; бизнесте IT қолдану.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Арт-психология

    Артпсихологияны ғылыми-теориялық негіздеу. Білім беру және түрлі проблемалық түзету жұмыстарында артпсихологияны пайдалануды меңгеру. Артпсихология пәні және мақсат-міндеттері. "Арт" ұғымына түсінік. Психология ғылымындағы артпсихологияны зерттеу мәселелері

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Мектептегі педагогикалық- психологиялық қызмет

    Мектептегі педагогикалық-психологиялық қызметті ұйымдастыруды теориялық негіздеу. Педагогикалық-психологиялық іс-әрекетті жүзеге асырудың типтік ережелері. Қазақстан Республикасындағы бiлiм беру ұйымдарында педагогикалық-психологиялық қызметті ұйымдастыру спецификасы. Мектептегі педагог-психологтың қызметінде қоданылатын құжаттар құрылымы

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Пәнде негізгі теориялық ережелер, заңдар, принциптер, терминдер, ұғымдар, процестер, әдістер, технологиялар, құралдар, ғылыми қызметті жүзеге асыру операциялары, ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру әдістері, ғылыми дизайнның, шығармашылықтың жалпы әдістемесі, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру схемасы қарастырылады. Зерттеудің ғылыми тақырыбын таңдау және зерттеу тақырыбы бойынша қажетті библиографиялық жарияланымдар мен ақпараттық материалдарды таңдау, ақпараттық процестердің ғылыми мәселелерін қою және шешу процедуралары және кәсіпорындар мен ұйымдарды ақпараттандыру дағдылары игеріледі

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Эмоциялық интеллект

    Адамның эмоцияларды танудың теориялық мазмұны, эмоционалды интеллекті зерттеу әдістері туралы, тұлғааралық қарым-қатынас барысында басқа адамдардың мотивтерін түсінудің тәсілдері туралы білім, өзара әрекет барысында эмоцияларын басқарудың практикалық мәні тұжырымдалады. Жағымды эмоционалды байланыс орнату жолдары туралы білім және субъектінің өзара әрекеттесу барысында мақсатқа бағытталу тәсілдері туралы, ұжымдағы психологиялық ахуалды қалыптастыру мәселесі сипатталады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны

    "Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны" пәні таңдалған мамандық бойынша студенттердің кәсіби дайындығын қалыптастыратын теориялық курс ретінде әрекет етеді. Басқа педагогикалық және әдістемелік пәндермен бірге бұл курс қашықтықтан оқыту, электронды оқыту, электронды оқытудың теориясы мен ұйымдастырушылық негіздері контекстінде дизайнер-мұғалімнің мәні туралы білімді қалыптастырады, олардың мағынасын, білім беруде қолдану механизмін тереңірек түсінуді қамтамасыз етеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогика тарихы

    Әлемдік педагогикалық ойлар мен көзқарастардың пайда болуы, қалыпптасуы мен дамуы. Адамзаттық рухани құндылықтарды сіңірту, студенттердің тарихи педагогикалық мұраларға деген ынталы қызығушылықтарын арттыру, педагогикалық танымын, педагогикалық ойлау қабілетін дамыту. Педагогика тарихының негізгі категорияларын игерту

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Конфликт психологиясы

    Қоғамдық өмірдің әр саласында пайда болатын конфликтілердің себептерін, мәнін, динамикасы мен формаларын зерделеу, алдын-ала ескерту, шешу жолдарын меңгерту, конфликт психологиясының нысаны, принциптері, әдістері, конфликтілерді шешу мен зерттеуде қолданатын негізгі теориялық бағыттар және әдістер, жалпы конфликтологияның қазіргі уақыттағы ғылым ретіндегі жағдайы мен дамуы, конфликт психологиясы курсының әлеуметтік тартыстарды реттеудің заңдылықтары, конфликтология саласындағы конфликтілердің шығутегі мен динамикасы, шешу жолдарын зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Арнайы педагогика және психология

    Дамуында ауытқуы бар тұлға психологиясының ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Арнайы педагогика пәні, мақсаттары мен міндеттері. Арнайы педагогиканың даму тарихы. Арнайы педагогиканың теориялық негіздері. Сурдо, тифло, олигофренопедагогикамен байланысы. Арнайы педагогиканың зерттеу әдістері мен принциптері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инновациялық педагогикалық технологиялар

    Болашақ педагогтарға қазіргі заман педагогикалық технологиялары жөнінде білім беру.Үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыра отырып, оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін екінші деңгей тапсырмаларын орындау кезінде күрделі материалдарды реттеу және жүйелеу, (эвристикалық) деңгей.тақырып бойынша меңгерген білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын, әртүрлі әдіс-тәсілдермен тапсырмалар орындауы мен сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі мониторинг

    Курс білім беру саласындағы маманның негізгі кәсіби дағдыларын қарастырады, студенттерді білім сапасының сипаттамалары туралы мәліметтерді жинау жүйесімен, үлкен деректерді (кәсіби қызметке қанағаттанушылық, әдістемелік қиындықтар деңгейі, мұғалімнің рейтингі, білім беру жүйесіндегі қызметтің сандық көрсеткіштері (қозғалыс, жас , санаттар)) талдау және өңдеу, интерпретациялау қабілетімен таныстырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру

    Бұл курс ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудегі кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Курс ерекше қажеттілігі бар балалармен түзету-дамытушылық жұмыстың заманауи формаларымен, әдістері мен технологияларымен танысу үшін негіз болып табылады. Психокоррекциялық сабақтардың әдіс-тәсілдерімен танысады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім беру ұйымдарындағы психологиялық кеңес беру

    Психологиялықменеджмент, басшытұлғасының ерекшеліктерін, басқарушы қажеттіліктері мен қабілеттерін, дара басқару тұжырымдамасын, басқаруережелері мен ұстанымдары туралы, жеке тұлғаның басқару жүйесіндегі іс-әрекетіндегі темперамент пен мінез, менеджмент іс-әрекетіндегі танымдық процестердің ерекшеліктері, ұжымдағы басқару мен әлеуметтік –психологиялық ахуал, дау-дамай жағдайларындағы менеджменттің психологиялық негіздері туралы біледі

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Коучинг негіздері

    Коучинг студенттердің танымдық мотивациясын белсендіру үшін мүмкіндік береді және өздігінен білім алуға және кәсіби өзін-өзі дамытуға үйретеді. Сондай-ақ, коучинг жоғары оқу орындарындағы түлектерді кәсіби қызметке дайындығын қалыптастыруда пайда- ланылуы керек.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Креативті педагогика

    Педагогикалық тұрғыдан ойлану және іс әрекет етуді, педагогиалық құбылыстарды өз бетінше талдауды үйрету. Педагогикалық технологиялар және мұғалімнің креативтілігі. Педагогикалық технологияның мәні. Педагогикалық креативтілік құрылымы. Педагогикалық тапсырмаларды шешудің кезеңдері. Педагогикалық әрекеттесу педагогикалық технологияның объектісі ретінде. Педагогикалық әрекеттесуде субъект қағидасы

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік педагогика

    Әлеуметтік педагогика курсында әртүрлі әлеуметтік ортада тәрбиеленген тұлғаның қалыптасуы, әртүрлі категориялардағы адамдардың әлеуметтік тәрбиесі жайлы білімді игереді, әлеуметтік мәселелердің педагогикалық бағыттарын танып-біледі, тұлғаның әлеуметтік педагогикалық ғылыми көзқарасы қалыптастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Практикалық психология

    Практик психологтың кәсіби іс-әрекеті жұмысының негізгі бағыттарымен таныстыру. Практикалық психология және психологиялық көмек туралы жалпы түсінік. Психологиялық кеңес беру түсінігі. Психоанализде қолданылатын кеңес беру әдістері. Психологиялық кеңес беру жұмыстарының мақсаттары мен қағидалары. Психологиялық кеңес беру қызметінің негізгі кезеңдері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогиканы оқыту әдістемесі

    Педагогикалық үдерісті ұйымдастыру формалары мен әдістерін және кәсіби педагогикалық білім беру ұйымдарында педагогиканы оқыту мазмұны мен формаларын, әдістерін, құралдарын білуі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Психология тарихы

    Психология бойынша студенттердің білімін жүйелеу және жалпылау.психология тарихына кіріспе. Антикалық психология. Орта ғасыр мен қайта өркендеу дәуіріндегі психология. Жаңа дәуірдегі психологиялық идеялар. Ағартушылық дәуірдегі психологиялық идеялар. ХІХ ғасырдағы психологияның дамуы. Психологияның дербес ғылым ретінде дамуы. Психологиядағы ХІХ-ХХ ғасыр шеңберіндегі теориялық тұжырымдамалар. Психологиядағы әлемдік мектептер.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тұлғаны педагогикалық-психологиялық диагностикалау

    Тұлғаны педагогикалық–психологиялық диагностикалау әдістерін теориялық негіздеу. Психодиагностика әдістерінің жалпы сипаттамасы. Психодиагностиканың стандартталған әдістері. Проективті әдістемелер. Психодиагностикалық әдістерді құру және тексеруіне қойылатын психометриялық талаптары. Тұлғаның кейбір параметрінің психодиагностикасы. Интеллект деңгейін диагностикалау

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Психологияны оқыту әдістемесі

    Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында психологияны оқытудың ғылыми-теориялық негіздерімен таныстыру; оқу пәні ретіндегі психологияның құрылымы мен принциптері туралы және сабақ мазмұнын ұйымдастыру тәсілдері туралы түсініктерді қалыптастыру; педагогикалық үрдісті басқару дағдысы мен біліктіліктерді қалыптастыру; өзіндік білім жетілдіру және өзін-өзі дамытудың тәсілдерін үйрену; мамандық шеңберінде білім алушының қабілеттері мен тұлғалық сапаларын дамыту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Отбасы психологиясы

    Бұл курс студенттерді отбасылық өмір ерекшеліктеріне, психологиялық заңдылықтарына педагогикалық психологиялық талдау жасауда өте манызды. Психолог қызметінін психологиялық механизмдерді және заңдылықтары, психологтын практикалык іс-әрекетінін негізі болып табылады. Пәннің негізінде қазіргі жаңа психологиялық теориялық түсініктерді және классикалық теорияларды ғылыми анализдеу арқылы психология ғылымының зерттеу объектісі психиканың табиғаты түсіндіріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Арт педагогика

    Артпедагогиканы ғылыми-теориялық негіздеу. Білім беру және түрлі проблемалық түзету жұмыстарында артпедагогиканы пайдалануды меңгеру. Артпедагогика пәні және мақсат-міндеттері. "Арт" ұғымына түсінік. Батыс және Ресей педагогтарының артпедагогиканы зерттеу мәселелері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Пcихологиялық тренинг әдістемесі

    Әлеуметтік-психологиялық және коммуникативтік құзыреттілікті арттыру, адам тұлғасын дамыту. Әлеуметтік-психологиялық тренинг туралы, өзін-өзі тану, өзіндік сана, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі актуализациялау, жеке тұлға белсенділігі, қарым-қатынастың субьект-субьект формаларын, қарым-қатынаста мәнді түлғалық қасиеттерді, мәдени құндылықтардың қарым-қатынасқа әсері жайлы біледі

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Этнопедагогика

    Этнопедагогика пәнінің ерекшелігін, оның пайда болуын, дамуын және қазіргі замандағы жағдайын, қоғамдағы орнын, адамзаттың педагогикалық мәдениетін дамытудағы алатын ролін анықтау және зерттеу. Халық педагогикасы, дәстүрі, еңбек оқыту және тәрбиелеу, адамгершілік тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, дене тәрбиесі, мақал-мәтелдер, ертегілер - халықтық тәрбие жүйесінде, ұлттық ойындар, отбасы тәрбиесі

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Конструктивті оқыту әдістемесі

    Курстың мақсаты - қазіргі мектептің білім беру кеңістігінде болып жатқан процестер туралы түсінік беру. Курс аясында студенттер заманауи мектепте оқытуды ұйымдастыру принциптерімен, теориясы мен оқыту әдістемесінің ерекшеліктерімен, қазіргі білім беру технологияларымен танысады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Психологтың түзету-дамыту жұмысының әдістемесі

    Курстың мақсаты психологиялық диагностика нәтижелері негізінде білім алушылармен түзету-дамыту және алдын алу міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін стандартты әдістер мен технологияларды меңгеру болып табылады. Курстың мазмұнына балалармен және жасөспірімдермен түзету-дамыту жұмысының ерекшеліктері, эмоционалды жағдайды түзету, сұрақтар кіреді . Мінез-құлық пен өзін-өзі бағалауды түзету, жеке тұлғаны қалыптастырудың тиімді әдісі ретінде дамыту ойындары мен жаттығулары, қиын жасөспірімдермен түзету және дамыту жұмыстары, мүмкіндігі шектеулі балалармен түзету және дамыту жұмыстары.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагог-психологтың кәсіби имиджін қалыптастыру

    Студенттер сыртқы визуалды бейнесі (костюм, шаш үлгісі, пластика, мимика), ішкі бейнесі (дауыс, басым эмоционалды күй, темперамент), менталитеті сияқты компоненттерді қамтитын педагог - психологтың имиджімен танысады. Педагог-психологтың сыртқы келбеті көрініс табады, яғни оның ішкі мәдениеті мен өзін-өзі бағалауы болжанады. Педагог - психолог білім алушылармен және педагогтармен жүзеге асыратын ауызша және вербалды емес қарым – қатынас құралдары, ол көрсеткен позалар мен қимылдар, мимика, сөйлеу интонациясы-мұның бәрі оның имиджінің маңызды компоненттері болып табылады. Мұның бәрі білім беру мекемесіндегі психолог қызметінің тиімділігіне әсер етеді. Бұл клиенттің алғашқы консультациясында басты рөл атқаратын маманның бейнесі. Көптеген жолдармен Имидж психолог пен клиенттің қарым қатынасын нығайтады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Дүниетанымы мен ойлау мәдениеті кең жоғары білімді адамды қалыптастыруға ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндер саласында базалық білімі бар, педагогика және психология саласындағы педагогикалық процестің даму заңдылықтары туралы түсінігі бар
  • Оқушылардың өсуі мен физиологиялық дамуының негізгі заңдылықтарын меңгерген, педагогикалық үдерісте дене дамуын анықтау әдістерін қолданады, алған білімдерін оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде қолданады; оқушылардың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына ықпал ететін жағдайларды қамтамасыз ету бойынша білімді практикада қолданады.
  • Білім алушылардың әлеуметтік, жас, психофизикалық және жеке ерекшеліктерін оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, педагогикалық қызметті, оқытуды, тәрбиелеуді және дамытуды жүзеге асырады.
  • Педагогикалық- психологиялық қызметті дамытудың негізгі кезеңдерін, кәсіби дайындықтың нормативтік негіздерін жіктейді, тиісті білім саласындағы ғылыми мектептерді, олардың теориялық және практикалық әзірлемелерін тану дағдыларын игереді.
  • Психологиялық қызмет көрсету үшін психологиялық-педагогикалық түзету бағдарламаларын түсіндіреді; педагог-психолог мамандығының әлеуметтік маңыздылығын түсінеді; білім беру процесінің барлық деңгейлерінде психологиялық-педагогикалық көмекті жүйелі ұйымдастырудың әдістері мен құралдарын меңгереді
  • Білім беру менеджменті саласында оқытудың инновациялық білім беру технологияларын, әдістерін анықтауға, цифрлық ортаның педагогикалық дизайнының ерекшеліктерін түсіндіруге, креативті педагогика мен білім беру мониторингінің негізгі бөлімдерін талдауға қабілетті; эмоцияларды басқарудың әртүрлі нұсқаларын әзірлейді және ұсынады, коучингтің негізгі құралдары мен әдістерін меңгереді.
  • Педагог-психологтың кәсіби қызметінің ғылыми негіздерін, ерекшеліктерін, педагог-психолог жұмысындағы зерттеу әдістері мен механизмдерін анықтайды.
  • Білім алушылардың бойында тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыру, кәсіби іскерлігі мен дағдыларды, сондай-ақ педагогикалық өзін-өзі тәрбиелеу қажеттіліктерін дамыту, педагогикалық және психологиялық қызметке шығармашылық, зерттеу тәсілдерін ұйымдастыру дағдылары бар
Top