Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02312 Аударма ісі в Қазақ-орыс халықаралық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Аударма ісінің қазіргі даму тенденциялары контекстінде аударма процесінің барлық кезеңдерін білу; аударма барысында тілдік интерференцияны және аударманың интерпретациялық үлгілерін ажырату; аударманы функционалдық-когнитивтік аспектіде талдау
  • Ғылыми, құрылыс, медициналық, техникалық және көркем аударма мәтіндерін өңдей білу; түпнұсқамен салыстырғанда аударылған мәтінге барабар баға беру; аударма қателіктерінің себептерін анықтау; аударманың нормативтік аспектілерін талдау
  • Аударматанудың заманауи теориясын талдау және ғылыми дағдыларды дамыту, лингвистикалық пәндер бағытында өз зерттеулерін ұйымдастыра білу
  • Аударманың жеке теориясын оқу пәні ретінде білу, аударма теориясы мен практикасының қазіргі әдіснамасына талдау жасау және аударманың дидактикалық принциптерін жіктеу
  • Аударма теориясының заманауи әдістерін қолдана білу, аударма процесінде лингвомәдени ерекшеліктердегі аударма трансформациялары мен аудармашының стратегиясын бағалай білу.
  • Топпен жұмыс істеуге байланысты дағдыларды жетілдіру және аударма ісінің шетелдік, халықаралық дағдыларын зерттеу, экскурсиялық бағыттардың мәдени, ғылыми-кәсіби процестерін зерттеу, шетел тіліндегі пікірталастарда өзінің теориялық ұстанымдарын дәлелдеу.
  • Аударма сапасын бағалау, редакциялау, рефераттау және аннотациялау дағдыларын меңгеру
  • Білім алушыларды оқытылатын тіл әдебиетінің ерекшеліктерімен таныстыру, көркем және аударма мәтіндерімен танысу негізінде әдеби жанрларды ажырату, аударманың лексикалық, грамматикалық, синтаксистік және стилистикалық нормаларын сақтау.
  • Көпмәдениетті, көпэтносты және көпконфессиялы қоғамда сындарлы диалог пен коммуникация жүргізу дағдыларын меңгеру
  • Мәселелерді анықтап, талдай білу, дәлелдей білу және ақпаратты сауатты өңдеу
  • Аударма процесін оңтайландыру әдістері туралы білімді біріктіру; аударма техникасында инновациялық әдістерді қолдану
  • Тілдің туыстық байланысын және оның басқа тілдермен типологиялық байланысын, сондай-ақ тілдің даму тенденцияларын зерттеуде аспектілік және кешенді көзқарасты білу
  • Берілген мәтінді терминологияға, грамматикаға, лексикаға және т. б. сәйкес, сондай-ақ аударманың мақсатты аудиториясы мен мақсатын ескере отырып аудара білу
Top