Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B11401 Әлеуметтік жұмыс в Esil University

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Әлеуметтік салада саясатты басқару, құқықтық кеңес беру және менеджмент бойынша, сондай-ақ адамдармен жұмыс істеу дағдылары дамыған білікті мамандарды даярлау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • ЖОО атауы Esil University
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B090 Әлеуметтік жұмыс
  • ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
  • Білім беру саласы 6B11 Қызмет көрсету
  • Дайындық бағыты 6B114 Әлеуметтік жұмыс

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қызмет алуды өзектендіруге және көмекке жүгінген тұлғаның мәселелерын анықтауға мүмкіндік беретін тұлғаны диагностикалау әдістері туралы білімді қолдану; қиын өмірлік жағдайлардан шығу немесе олардың туындауының алдын алу шеңберінде мұқтаж адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік қолдау шараларының түрлері мен нысандарының көлемін бағалау.
  • Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін жоспарлау, ұйымдастыру, талдау және мониторингі (бағалау) бойынша іс-шараларды жүзеге асыру дағдыларын көрсету; көрсетілетін қызметтер сапасының өлшемдерін және халықты әлеуметтік қолдау шараларын әзірлеу.
  • Гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы негізгі білімдерін көрсету (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық); әлеуметтік жұмыс саласындағы ойларды, сезімдерді, фактілер мен пікірлерді ауызша және жазбаша түрде түсіндіру және көрсету; ағылшын тілінде коммуникациялық дағдыларды қолдану.
  • Әлеуметтік қызметтер мен мекемелерде рәсімдік талаптар мен қалыптасқан жағдайды ескере отырып, әкімшілік басқарудың нақты технологияларын (нақты әкімшілік іс-шаралардың нәтижелілігін жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау дағдылары) дәлелдеу.
  • Әлеуметтік қызметтерді басқарудың этикалық, әлеуметтік-саяси, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық негіздері және оларды тәжірибеде қолдану.
  • Айналадағылармен сәтті қарым-қатынас жасау қабілеті: қарым-қатынастағы әр түрлі жағдайларға қарамастан жылдам икемделу; топпен жұмыс істей алу қабілеті, өз көзқарасында өзгертімсіз қала отырып дұрыс қорғау, жаңа шешімдерді ұсыну; кикілжіңдер мен жан-жалдарды шешу мен келіссөздер жүргізу қабілеті.
  • Халықтың мұқтаж топтарына әлеуметтік қызмет көрсету және қолдау жүйесін жүйелендіру; әлеуметтік қызметтердің әртүрлі нысандары мен түрлерінің, әлеуметтік оңалту, бейімдеу, түзету және т.б. технологияларының оңтайлы үйлесімін қолдану; әлеуметтік қызметтерге немесе әлеуметтік қолдауға мұқтаж адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету қызметтерін жүзеге асыру.
  • Әлеуметтік жағдайдың индикаторларын білу және анықтай алу; халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуді іске асыруды болжау мен дамытуды жүзеге асыру; әлеуметтік жағдайды бақылаудың әртүрлі әдістерін қолдану және оның нәтижелерін халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің мақсаттарын анықтауда пайдалану.
Top