6B11401 Әлеуметтік жұмыс в QYZPU
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Әлеуметтік жұмыс саласында әлеуметтік-басқарушылық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-оңалту қызметтерін сапалы атқаруға қабілетті, инновациялық технологияларды меңгерген маман даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B090 Әлеуметтік жұмыс
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B11 Қызмет көрсету
-
Дайындық бағыты 6B114 Әлеуметтік жұмыс
Пәндер
-
Қаржылық сауаттылық
Пән білім алушылардың қаржы жүйесі, қаржылық тәуекелдер, қаржы институттары және олардың өнімдері туралы білімдерін игеруге бағытталған. Нәтижесінде студенттер әртүрлі дерек көздерден қаржылық ақпаратты іздеуді, талдауды, түсінуді, бағалауды үйренеді және алған ақпаратты қаржылық мәселелерді шешу үшін пайдалана алады.Жалпы бұл курс қаржылық алаяқтықтың жоғары тәуекелі жағдайында білім алушыларда сауатты, ұтымды қаржылық мінез-құлықты қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және тұрақты даму
Экология және тұрақты даму курсы студенттердің экологиялық дағдыларын дамытуға, заманауи экологиялық мәселелерді шешуге, қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты дамыту жолдарын қалыптастыруға, студенттердің экологиялық санасын және қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілігін арттыруға бағытталған.Нәтижесінде студенттер экологиялық тенденцияларды талдау және басым бағыттарды қалыптастыру, табиғатты қорғау бойынша нақты міндеттерді қою арқылы өмірлік маңызды тұрақтылықты сақтауды үйренеді. Сондай-ақ студенттер қазіргі заманғы экологиялық саясаттың негізгі бағыттарын, жаһандық, аймақтық және жергілікті деңгейде экологиялық проблемаларды шешудің практикалық тәсілдерін анықтай алады, сонымен қатар тұрақты даму мақсаттарына жету үшін табиғи ортаның сапасын басқарудың әртүрлі құралдарын қолдана алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік институттар мен процесстер
Курс студенттерде әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар, ұйымдар, қоғамдағы жүйелер мен әлеуметтік процесстерді зерттеу туралы теориялық білім қалыптастыру мақсатында оқытылады, қоғамдағы әлеуметтік институттардың қызметін түсіндіреді, студенттер қазіргі әлеуметтік жүйелерге салыстырмалы талдау жасайды, баға бере алады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Курс өз құқықтары мен міндеттерін білетін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбейтін заңды сауатты, заңға бағынатын адамды қалыптастыруға бағытталған. Студенттер қазақстандық қоғамның әлеуметтік, құқықтық және этикалық нормаларымен жұмыс істеуге қабілетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математикалық статистика негіздері
Пәннің мақсаты - студенттерді жүйелі ойлаудың формалары мен заңдылықтарымен таныстыру, студенттерді жүйелі ойлауға үйрету, оларда негізделген дәлелдеу дағдыларын дамытуға көмектесу болып табылады. Студенттер деректерді жинау, өңдеу және идеялар ұсыну процесін түсінеді, қарастырылатын объектінің немесе құбылыстың жағдайын бағалауда деректерді сандық және сапалық талдауды қолдану дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Эмоционалды интеллект
Пән педагогтарға Қазақстанның мемлекеттік білім беру саясатының стратегиялық бағыттары мен басым бағыттары контекстінде тьютордың рөлін меңгертуге бағытталған. Студенттер эмоционалды интеллект пен икемді құзыреттіліктердің заманауи мектептің оқу-тәрбие процесіндегі орнын анықтайды. Олар икемді дағдыларды, оның ішінде цифрлық ортада дамытуды ескере отырып, оқу қызметін ұйымдастырудың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады. Әртүрлі жасерекшелік топтарындағы білім алушылардың эмоционалды интеллектін бағалау және дамыту технологияларын меңгерген.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу
Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді.Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік жұмыстың теориясы мен тарихы
Курс әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздер қалыптастыру мақсатында оқытылады. Әлеуметтік жұмыстың аймақтық ерекшеліктерін, мамандық ретіндегі ерекшелігін түсіндіру. Студент бойында әлеуметтік ойлай,сыни тұрғыдан талдау қабілетін қалыптастыру. Студент тарихи талдау әдісі мен тәсілін меңгерген, тәжірибе саласында әлеуметтік жұмыс тарихынан алынған тәжірибені қолдана алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг
Курс студенттерді әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг әрекетінің мәнін тану мақсатында оқытылып, бағдарлау, әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг әрекетінің тұғырларын, ұстанымдарын, кезеңдерін үйретіп, педагогикалық үдеріс барысында практикалық міндеттерді шешуде жобалау әрекетінің әдістерін қолдануды меңгеру мен біліктілікті қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Әлеуметтік жұмысты құқықтық қамтамасыз ету
Курс өмірлік қиын жағдайда клиентке әлеуметтік құқықтық көмек көрсету үшін құқық көздері мен нормаларын талдау қабілетін қалыптастыру мақсатында оқытылады. ҚР заңнамалары, халықаралық ережелер, өңірлік бағдарламалар, ҚР халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы ұлттық стандарттарын қолдану шарттарын үйретеді. Тұрғындардың түрлі санаттарына қатысты заңнамалық базаны іс жүзінде қолдану дағдысын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Әлеуметтік статистика
Курс студенттерге әлеуметтік саланы зерттеуге тән ерекше тәсілдерді қолдана отырып, қоғамның тіршілігін сипаттайтын көптеген мәліметтерді жинауғ өңдеу және талдау әдістерімен таныстыру мақсатында оқытылады.. Студент курс барысында математикалық, статистикалық есептеудің жаңа әдістердін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Инклюзивті білім беру
Пән студенттердің әрбір мүшесі өзінің құндылығы мен маңыздылығын сезінетін инклюзивті қоғам қағидалары туралы түсінігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты физиологияны, анатомияны жақсы біледі, жасерекшелік физиологиясы туралы терең білімге сүйене отырып, танымдық дағдылардың қағидаларын түсінеді, ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасай алады, инклюзивті білім беру ортасын құрудың стратегияларын біледі және оны жүзеге асыра алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
Пән студенттерде ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімн қалыптастырады, кәсіби қызмет саласында ақпарат пен деректерді жинаудың, сақтаудың және өңдеудің заманауи әдістерін меңгертеді, сонымен қатар сөйлеу әрекетінің оқу, сөйлеу, сөйлеу. жазу, тыңдау сияқты төрт түрі бойынша академиялық байланыс дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері
Курс студенттерге әлеуметтік жұмыстағы экономикалық сауаттылықты және экономикалық мәдениетті қалыптастыру мақсатында оқытылады. Әлеуметтік саладағы және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі экономикалық заңдылықтар үдерісін зерттейді Барлық санаттағы клиенттердің құқықтарын қорғау бағыттарын және сауатты бағдарланудың әдістері мен технологияларын қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Академиялық жазылым
Академиялық жазылым пәні білім алушыларды функционалды стиль түрлері мен ғылыми мақала жазу, салалық пәндік терминология, іс-қағаздарын жүргізу, академиялық сауаттылық дағдысын қалыптастырады. Сондай-ақ ғылыми баяндамалар жасауға, мәтіндерді кәсіби тұрғыдан талдай білуге, сыни ойлауға, плагиаттан сақтану жолдарын меңгертеді және ғылыми деректер қорынан ақпаратты табуға, жазба жұмысын жүйеліндіруге машықтанады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік жұмыс қайшылықтары
Курс әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік қайшылықтардың шығу тарихын, әлеуметтік қайшылықтар объектілері мен субъектілерін түсіндіру мақсатында оқытылады. Студент топтар мен таптар арасындағы әлеуметтік қайшылық үдерісін, динамикасын, үлгілері мен шешу жолдарының әдіснамасын меңгереді. Әлеуметтік жұмысағы қайшылықты басқаруды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Азаматтың әлеуметтік-психологиялық негіздері
Курс студенттерге азаматтардың жеке мұқтаждықтарына байланысты әлеуметтік жұмыс ерекшеліктеріне негізделген психологиялық кеңес беру білімі мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқытылады, студенттер түрлі топтармен, жеке азаматтармен түзету, оңалту, тәжірибеде кеңес беру, жеке қажеттіліктерді анықтау бойынша білік қалыптастырады. Студент Азаматтардың өмір сүру жағдайларына байланысты жеке сүйемелдеу жоспарын құра алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік әділеттілік: теориясы және практикасы
Курс әлеуметтік әділеттілік теориясы мен тәжірибесін қамтып, қоғамдағы әлеуметтік әділеттілік категорияларын қалыптастыру мақсатында оқытылады. Студент азаматтық жауапкершіліктің құндылығын зерттейді, әлеуметтік әділеттілік мүмкіндіктерін қолдану аясын ажырата алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік қауіпсіздік негіздері
Курс әлеуметтік қауіпсіздіктің негізгі ұғымдарын қалыптастыру мақсатында оқытылып, әлеуметтік қауіпсіздік мазмұны мен құрылымдарын, оның ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі орны мен рөлін, әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету органдарының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық базаны, жеке адамның және қоғамның қауіпсіздігіне қауіп-қатерлердің табиғаты мен сипатын әлеуметтік қызмет саласында үйретеді. Курсты оқи отырып, студент әлеуметтік қауіпсіздіктің көрсеткіштері мен индикаторларын есептей алады, қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, экологиялық процестерге ғылыми талдау жасай алады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік жұмыстың психологиясы
Курс студенттердің кәсіби және жеке тұлғалық өзін-өзі дамыту үшін психологиялық білімді қолдану дағдысын қалыптастыру мақсатына оқытылады, халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінің қызметін жетілдіру, клиенттердің түрлі әлеуметтік топтарымен Әлеуметтік жұмыстың психологиялық ерекшеліктерін көрсету дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік жұмыстағы қоғаммен байланыс
Курс PR қызметінің теориялық және тәжірибелік негіздерін қалыптастыру, студенттерге әлеуметтік жұмыстағы PR қыметінің ролін түсіндіру мақсатында оқытылады.Курс арқылы студент әлеуметтік ұйымдардағы қызметкерлерді басқару, әлеуметтік жобаларды жобалау және жүзеге асыру, маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру әдістерін меңгереді. Кәсіби салада әлеуметтік жобаларды әзірлеу, жүзеге асырудың инновациялық технологияларын шебер қолдана алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік жұмыстың технологиялары мен әдістері
Курс әлеуметтік жұмыс саласындағы креативті технологияларды қолдана отырып клиенттердің әртүрлі санаттары үшін әлеуметтік жұмыстың негізгі ұғымдарын қалыптастыру мақсатында зерттеледі. Азаматтардың әлеуметтік мәселелерінің шығуы мен салдарларын талдап, анықтар, диагностикалық сараптама жасауға студенттерді дағдылау. Студенттерді әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру саласында әлеуметтік жұмыс технологияларының әлеуетін зерттеуге үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Әлеуметтік жұмысты әлеуметтік-педагогикалық қамтамасыз ету
Курс әлеуметтік жұмыспен қамтамасыз етуді құрайтын педагогикалық технологиялар кешені туралы және клиенттердің біліміне, тәрбиесіне, оқуына байланысты мәселелерді шешуге бағытталған арнайы педагогикалық бағдарламалар кешені туралы түсініктерді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Курсты оқи отырып, студент әлеуметтік, педагогикалық білім тұрғысынан әлеуметтік қызметке қажеттілікті анықтайтын әлеуметтік, жеке, жағдайларды талдайды.Студент әлеуметтік қызметтерді ұсыну бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметті теориялық жобалау дағдысын меңгерген.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Жасанды интеллект негіздері
Бұл пәнді оқудың мақсаты жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы теориялық білім мен дағдыларды және жасанды интеллекттің заманауи құралдары мен әдістерін қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.Студенттер AI туралы негізгі түсініктермен танысады; негізгі AI тұжырымдамалары мен әдістерін үйренеді; негізгі интеллектуалды бағдарламалық жүйелерде ЖИ ұсынылған теорияларын, әдістері мен принциптерін қолдану қабілетін алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік жұмыстағы жаһандану мәселелері(ағылшын тілінде жүргізіледі)
Курс студенттерге адамзат баласының мәдени-өркениеттілік тәжірибесін игеруді, жаһанданудың тұтастығы мен ерекшеліктерін сараптау қабілетін қалыптастыру мақсатында оқытылады. Студенттер әлемдік өркениеттің қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын айқындау, мәдениеттің этноаймақтық және ұлттық феномендерін зерттеу және олардың болмыстық ерекшеліктерін анықтауды үйренеді. Студенттер жаһандану туралы түрлі философиялық мектептердің идеяларын, олардың бағыттарын талдап, жаһанданудағы қоғам мәдениетінің қазіргі даму жағдайы мен бағыттарын оқиды..
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Кәсіби этика және сәйкестік
Пәннің мақсаты студенттерді кәсіби педагогикалық ортада қабылданған көзқарастармен, құндылықтармен, білімдермен, сенімдермен және дағдылармен таныстыру. Студенттер педагогикалық немесе басқа да қызмет аясында көшбасшылық және белсенділік дағдыларын, Қазақстанның ұлттық және мәдени құндылықтарына деген сүйіспеншілігін дамытады, кәсіби этикамен танысады, оны құндылық ретінде қабылдай отырып, қатаң сақтауды үйренеді. Студенттер мансап жолын жоспарлай отырып, өзін-өзі талдау және өзін-өзі басқару дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Елдегі және шет елдегі әлеуметтік жұмыс (ағылшын тілінде жүргізіледі)
Курс елдегі және шет елдердегі әлеуметтік жұмыстың жүйесі туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.Әлеуметтік үдерістер мен әлеуметтік жағдайлардағы мәселелердің құрылымдық позицияларын көрсетеді. Студенттерге әлеуметтік жұмыстағы негізгі зерттеулер мәселесіне талдау жасап, халықтың әртүрлі категорияларына арналған әлеуметтік қызметтің әр алуандығын және олардың инновациялық техникалық жабдықталғандығын ашып көрсетеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Әлеуметтік жұмыстың этикалық негіздері
Курс студенттерге әлеуметтік жұмыс мамандарының бойындағы моральдық нормалары мен құндылықтары, этикалық талаптар мен дилемалар, категориялар туралы кәсіби-этикалық және теориялық білім беру мақсатында оқытылады. Студенттердің негіздерге бағытталған жоғары әлеуметтік мәдениетті қалыптастырады.Теориялық білім алған студент кәсіби коммуникацияны тәжірибеде клиентке қолдана алады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тұрғындардың түрлі топтарымен әлеуметтік жұмыс
Курс студенттерге ҚР Халықты әлеуметтік қорғау заңдарымен көзделген әлеуметтік қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды, әлеуметтік қорғауды ұйымдастыруды, тұғындардың қауіпсіздігі және халықты әлеуметтік қорғау туралы білім беру мақсатында оқытылады.. Ақпараттарды қорытындылауға, талдауға, қабылдауға, мақсат қоюға және оған жету жолдарын табу қабілетін қалыптастырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тәуекел топтағы отбасылармен және олардың балаларымен әлеуметтік жұмыс
Курс әлеуметке қатерлі балалармен және олардың отбасыларымен әлеуметтік жұмыс туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылып, оның қоғамды танып-білудегі орнын қарастырады. Студенттер әлеуметке қатерлі балалармен жұмыс жүргізу дағдыларын үйренеді және маман ретіндегі тәжірибелік зерттеулерді жүзеге асыру дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Әлеуметтік өзгерістер және әлеуметтік саясаты
Курс студенттерге қазіргі әлеуметтік өзгерістердің негізгі концепциялары мен теорияларын түсіндіру мақсатында оқытылады. Әлеуметтік өзгерістердің макро, мезо,және микро деңгейлеріне қоғамның саяси, әлеуметтік, демографиялық, мәдени және діни саладағы мәселелеріне әлеуметтанулық талдау жасайды. Студент ғылыми зерттеу жүргізе алады, тұжырымдар мен ұсыныстар бере алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Халықты әлеуметтік қорғаудағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты
Курс Қазақстан Республикасындағы Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жағдайын талдау жасау дағдысын қалыптастыру мақсатында оқытылады.Студенттер әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтік сүйемелдеу, әлеуметтік қолдау шаралары және мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызметті іске асыруға, сондай-ақ ҚР әлеуметтік қызмет көрсету қажеттілігін негіздейтін мән-жайлардың алдын алуға қабілетті.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік жұмыстағы кейс-менеджмент
Курс студенттерге әлеуметтік жұмыстағы жағдаяттарды (кейс) басқару технологиясымен және тәсілдері туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады. Курс барысында студент азаматтардың өмір тіршілігін жақсарту, оңалту, әлеуметтік диагноз қою, жеке сүйемелдеу жоспарын жобалауды үйренеді. Тәжірибеде әлеуметтік-бағдарға негізделген жағдаяттарды шешу технологиялары мен кейспен жұмыс алгоритмін қолдана алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Әлеуметтік геронтология
Курс Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық мәселелердің негізгі категориялары туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады. Қоғамдағы қарттықтың стериотиптері, қарттық кездегі денсаулық жағдайы, қарттық кездегі жалғыздық феномені, экономикалық және әлеуметтік аспектілерін оқытып, болашақ әлеуметтік қызметкерлерде әлеуметтік геронтология саласында білім жүйесін және әлеуметтік геронтологиялық бағыттағы іс-әрекетті тиімді қолдану іскерлігін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік медицина негіздері
Курс студенттерге әлеуметтік денсаулықты қамтамасыз етудің теориялық білімін береді, салауатты өмір салтын қалыптастыру қағаидалары мен механизімдерін түсіндіру мақсатында оқытылады. Курс барысында студент халыққа әлеуметтік-медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру және кеңес беру негіздерін меңгереді. Әлеуметтік жұмыс саласында тұрғындарды гигиенеалық ағарту мен тәрбиелеудің түрлі нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Коммуникативті менеджмент
Курс студенттерге ұйымдағы коммуникация, келіссөз жүргізу негіздері, коммуникациядағы байланыс, кедергілер, Digital-коммуникация ережелері, басқару жүйесіндегі шиеленістерді ретту әдістері туралы дағды қалыптастыру мақсатында оқытылады. Студенттердің бойында талдау, саралау, ынтымақтастық, қызметті басқару, шешім қабылдау, бастамашылық құзіреттілігін қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Әлеуметтік жұмыстағы әкімшілік ұйымдастыру және басқару
Курс студенттерге әртүрлі әлеуметтік мекемелерді ұйымдастыру және әкімшілік басқару тәжірибелері туралы таным қалыптастыру мақсатында оқытылады, басқарудың негізгі функцияларының бірі ретінде ұйымдастыру және әкімшілік басқару, әлеуметтік қызметті әкімшілік басқару және ұйымдастыру ерекшеліктері туралы түсініктерді қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу
Курс студенттерге әлеуметтік-экономикалық феномен мәні, еңбекпен қамтудың басты концепциялары, дамыған капиталистік елдердегі жұмыспен қамту саясатын реттеу тәжірибесі туралы білім беру мақсатында оқытылады. Курс барысында студент еңбекпен қамту бағдарламаларының нормативтік базасын меңгеріп, нарық сұраныстарына қажетті жұмыспен қамту бағдарламаларын әзірлеу, жобалау бойынша зерттеу жұмысын жүргізе алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулер негіздері
Пән болашақ маманның кәсіби қызығушылықтары аясында зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Студенттер зерттеудің негізгі сапалық және сандық әдістерін біледі, ғылыми әдебиеттерді талдай алады, қажетті құралдарды пайдалана отырып, өздерінің шағын көлемді (small-scale) зерттеулерін жобалауға және жүзеге асыруға қабілетті. Студенттер деректерді өңдей алады және көпшілікке ұсыну үшін зерттеу нәтижелерін ауызша және жазбаша түрде құрастыра алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 10
-
Әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі дағдарыс орталықтары
Курс әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі дағдарыс орталықтары, дағдарыс орталықтарының қызметі, дағдарыс орталықтарының рөлі мен шетелдік тәжірибелермен таныстыру мақсатында оқытылады. Студенттің бойында қарым-қатынас дағдысы қалыптасып, әлеуметтік әріптестік, педагогикалық, психологиялық, экономикалық білімді қолдану білігі қалыптасады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Әлеуметтік-мәдени әртүрлілікті ескере отырып, қарым-қатынастың әртүрлі форматтарын пайдаланады, әл-ауқатты және инклюзивті ортаны қалыптастыруда білім берудегі теңдік пен қолжетімділік қағидаларын құрметтейді, көшбасшылық қасиеттерге ие және оларды ұжымдық әлеуетті дамыту үшін қолдана алады.
- Кәсіби тапсырмаларды орындау үшін өзін-өзі реттеу мен рефлексияға қабілетті, жоғары деңгейдегі сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын меңгерген.
- Сандық технологияларды зерттеулер мен қолдануда әдеп және құқықтық нормаларды сақтайды және біледі. Сандық ақпаратпен және деректерді қорғаумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қолданады, сандық ресурстарды белсенді, қауіпсіз және әдепті пайдалануға ықпал етеді.
- Кәсіби қызметте мінез-құлық, адамгершілік, өмірлік және әлеуметтік құндылықтар этикасының ережелерін қолданады, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық, диагностикалық, кеңес беру саласының теориялық білімін қалыптастырады.
- Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік саясат сласы бойынша нормативтік-құқықтық актілерді біледі және қолданады.
- Әлеуметтік топтар мен жекелеген клиенттермен әлеуметтік жұмыс жүргізу саласында әлеуметтік инновациялық технологияларды енгізеді және әзірлеуге қатысады.
- Әлеуметтік қолдау саласында маркетингтік зерттеулерді қолданады, краудфандинг және краудсорсинг әдістерін қолдану арқылы әлеуметтік жобалар әзірлейді, әлеуметтік сала менеджментін меңгереді.
- Әлеуметтік қолдау желісін тиімді ұйымдастыру үшін кәсіби құзыреттер мен этикалық нормаларды сақтай отырып, игерілген білімді енгізеді, әлеуметтік қолдаудағы инновациялық бастамаларды, халықаралық, өңірлік, ұлтаралық ерекшеліктерді қолдайды.
- Қоғамдағы әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу білімін игерген, әлеуметтік мәселелерді шешуде талдау, модельдеу, эксперимент, диагностика зерттеу әдістерін меңгерген.
- Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда нарық және қоғам талаптарын болжайды, тәуекел топтармен жұмыста кейс-менеджмент әдістері мен тәсілдерін меңгерген, қолдау дағдысы қалыптасқан
- Әлеуметтік ортада азаматтардың мінез-құлқына төзімді, эмоционалды интелект білімін меңгерген.Тұрғындардың түрлі топтарындағы әлеуметтік мәселелерді шешу үшін консультациялық қызметті қолдауды ұйымдастырады және реттейді, тәжірибе жинауға бейім азамат.
- Әлеуметтік мәселелер мен құбылыстарды шешуде сандық және сапалық талдау дағдыларын меңгерген. Әлеуметтік бастамалар көшбасшысы мен жоғары азаматтық жауапкершілік дағдыларға ие.
Ұқсас БББ
6B11401 Әлеуметтік жұмыс
Esil University
6B11401 Әлеуметтік жұмыс
Торайгыров университеті
6B11401 Әлеуметтік жұмыс
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B11401 Әлеуметтік жұмыс
Нархоз Университеті
6B11401 Әлеуметтік жұмыс
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
6B11401 Әлеуметтік жұмыс
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)