Жаңа білім беру бағдарламасы

6B11102 Мәдени-тынығу жұмысы в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • мәдени-тынығу қызметінің даму үрдістерін, нормативтік құқықтық актілерді және электрондық құжаттарды жүргізу негіздерін білу арқылы кәсіби этика қағидаларын сақтайды;
  • көркем ой–өрісін кеңейту және көркемдік даму жолында, өз бетінше ойлайтын шығармашылық тұлғаны тәрбиелеуде эстетикалық талғамды қалыптастыру үшін қазіргі қоғамның дамуында ақпараттың мәні мен маңызын түсінеді;
  • Әлеуметтік және кәсіби міндеттерді шешуде гуманитарлық, әлеуметтік және тарих ғылымдарының теориялық және практикалық білімдерін қолданады;
  • кәсіптік міндеттерді шешуде әртүрлі кәсіби құрылымдармен өзара қарым-қатынас жасауға қатысады, өзгермелі еңбек нарығына бейімделу үшін қажетті құзыреттерді дамытады, ұтқырлықты және үздіксіз өз бетінше білім алуға дайындығын көрсетеді.
  • этномәдени және конфессиялық айырмашылықтарды және қоғамның әлеуметтік-мәдени құрылымының ерекшеліктерін ескере отырып, полимәдени ортада кәсіби қызметті ұйымдастыру тәсілдерін меңгереді;
  • зияткерлік тәрбиеге, тұлғаның физикалық және рухани дамуына, сыни ойлауға, өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайларда өмір сүруге дайын мәдени-білім беру үдерісін модельдейді және іс жүзінде іске асырады;
  • сараптамалық-аналитикалық және шығармашылық қызметтің кешенді құралдарын меңгерген және шығармашылық институттардың теориялық және қолданбалы аспектісінде жұмыс атқару үрдісін талдайды;
  • Мәдени-тынығу қызметі саласында кәсіби шешімдер қабылдау үшін әлеуметтік-мәдени саланың, халықаралық практиканың даму үрдістерін, ішкі факторлардың әсерін интерпретациялайды;
Top