Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02312 Аударма ісі в Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты "Аударма ісі" бойынша магистратураның білім беру бағдарламасының мақсаты өз бетінше сыни ойлауға қабілетті, аударма теориясы мен практикасы және мәдениетаралық коммуникация бойынша жоғары білікті мамандарды бейіндік даярлауға бағытталған; аударма саласындағы өзекті мәселелерді талдай және кәсіби шеше алатын, сондай - ақ ғылымға негізделген компетенциялар жиынтығына ие қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды меңгерген мамандарды даярлауға бағытталған.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 1 год
  • Кредиттер көлемі 60
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M056 Аударма ісі, ілеспе аударма
  • Дайындық бағыты 7M023 Тілдер және әдебиет

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Қоршаған нақтылықтан ғылыми фактілерді, құбылыстарды бөліп алады және теориялардың заңдылықтарына сүйеніп оларды ғылыми тұрғыдан суреттейді
  • Мәдениетаралық қатысым «субъектісі» бола отырып тілдер мен мәдениеттер диалогына қатысады
  • Кәсіби қызметтің әртүрлі салаларынан білімді құрылымдау және біріктіру қабілетіне ие және кәсіби міндеттерді шешу барысында осы білімді шығармашылықпен пайдалана және дамыта алады
  • Аударматанудың маңызды теориялық концепциялары, эмпирикалық зерттеулері мен негізгі қағидалары жайлы толыққанды білімі болады
  • Қазіргі заманғы лингвистикалық теориялар саласында теориялық білімі мен практикалық құзыреттілігі бар, сондай-ақ прагма қойған кәсіби міндеттерді олардың когнитивті-лингвомәдени аспектілерін ескере отырып, мәтіннің аудармашылық әдістері мен әлеуетін пайдалана отырып шеше алады
  • Кәсіби іскерлікті жетілдіруге бағытталған ақпараттық іздестіру қызметін жүргізу және ақпараттық ізденіс жұмыстарын жүргізу үшін, медиакоммуникацияның әртүрлі салаларында аударманы жүзеге асыру және ресімдеу үшін қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдаланады
  • Өзіндік лингвомәдениетінің лингвомәдени концептілерін біледі, кәсіби коммуникацияны жүзеге асырады
  • Әлеуметтік-психологиялық талдау, бағалау және аударма саласындағы негізгі басқарушылық тәсілдерді жүзеге асыру әдістерін меңгерген
  • Қызметтің жаңа жағдайларына бейімделу, алған дағдылары мен құзыреттерін тар кәсіби саладан тыс шығармашылық тұрғыда пайдалану қабілетіне ие
  • Ана тілінде және шет тілінде ауызша және жазбаша сөйлеуді логикалық тұрғыдан дұрыс және анық құрастырады. Прагма-аударма процесінде кәсіби міндеттер мен мәселелерді шешуге қабілетті
  • Автоматтандырылған және машиналық аударманың мамандандырылған бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдыларын меңгерген, стильдер мен терминологияның бірлігін сақтау үшін мәтінді постредакциялау және форматтау үшін автоматтандырылған аударма жүйелерінің мүмкіндіктерін пайдаланады
  • Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін мәдени, экономикалық, әлеуметтік саланы ескере отырып теория мен практиканы ұштастыра біледі
Top