7M01105 Педагогикалық өлшемдер в Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты 7М01103 - Педагогикалық өлшемдер білім беру бағдарламасының мақсаты - білім және ғылым саласындағы сарапшылар (эксперттер) дайындаудың мазмұнын ғылыми негіздеу және табысты жүзеге асыру.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M001 Педагогика және психология
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M011 Педагогика және психология
Пәндер
-
Басқару психологиясы
Пәннің мақсаты - басқарушылық іс-әрекеттің заңдылықтарын, принциптерін, әдістерін зерттеу: басқарушылық іс-әрекеттің ерекшеліктері мен психологиялық жағдайларын талдау, осы процесте адамдар арасында пайда болатын басқару процесі мен қатынастарды ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтарын зерттеу. Курс психологиялық білім мен теорияларға негізделген басқарушылық қызмет мәселелерін анықтау және шешу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі
Курс барысында магистранттар білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің даму тарихымен, оның құрылымымен, сондай-ақ мақсат, міндеттерімен таныса отырып, білім беру қызметі сапасына жүйелі және салыстырмалы талдау жасау, білім алушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау, білім сапасын институционалды бағалау туралы түсініктер қалыптастырады. Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі аясында өткізілетін шараларды ұйымдастырушылық-технологиялық қамтамасыз ететін мекемелердің жұмысымен танысады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пән ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясы, ғылымның философиялық негіздері, эмпирикалық және ғылыми танымның генезисі, мәні, болашағы туралы білімді қалыптастырады, білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне қажетті әдістемелік аппаратты дамытады. Проблемалық оқыту, тақырыптық талқылау, жоба әдісі сияқты оқытудың белсенді әдістері қазіргі заманғы ғылым жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгеруге, өзіндік этикалық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Классикалық және заманауи тесттер теориясына кіріспе
Бұл курс тесттер теориясының негізгі ережелерін, сабақтастық принципін, тесттердің классикалық теориясының қазіргі заманауи тесттерден айырмашылықтарын, тесттердің валидтік мәселелерін қарастырып және олардың шешу тәсілдерін анықтайды. Магистранттарда тестілеу теориясындағы статистикалық тұжырымдаманың мәні туралы негізгі түсініктер, сондай-ақ тесттердің әділдігін, сенімділігін, бағалау процедураларын әзірлеу және шынайы бағалаудың классикалық концепциясы контекстіндегі олардың "сенімділік" негіздерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
Бұл курс ғылыми зерттеу әдістемесі, инновациялық экономика, ҒЗТКЖ, авторлық құқық және патент, жоба мен зерттеудің негізгі компоненттерін, оңтайлы идеяларды таңдау, ақпарат көздерін өңдеудің нақты әдістерін талдау, түрлі салаларда зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін замануй технологиялар мен әдістерді зерттеуге бағытталған. Ғылыми зерттеулердің енгізілуі мен тиімділігіне, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын рәсімдеу ережелеріне көп көңіл бөлінеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Шетел тілі (кәсіби)
Пәннің мақсаты: халықаралық деңгейде кәсіби салаға кірігу үшін шет тілін меңгеру дағдыларын қалыптастыру, ағылшын тілін мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде пайдалану, сонымен қатар шетел ғалымдарының ғылыми еңбектерін аудару үшін, аударматану және мәдениетаралық коммуникация саласындағы шетелдік тәжірибені дамыту, кәсіби қызметте қолданылатын ақпаратты ауызша және жазбаша түрде аудару дағдыларын жетілдіру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Педагогикалық өлшемдер теориясының негіздері
Курс мазмұны педагогикалық өлшемнің ғылыми-теориялық, әдіснамалық негізі, классикалық және заманауи өлшеу теориялары, педагогикалық өлшем ұстанымдары, өлшенетін шамалардың сандық және сапалық сипаттамалары, өлшем шәкілдері, білім берудегі өлшем компоненттері, өлшемдердің классификациясы, өлшем теориясындағы статистикалық тұжырымдамалар, стандарттау мен нормалаудың құқықтық және нормативтік негіздері туралы білімдерді меңгертеді. Магистранттарда педагогикалық өлшемдер теориясының концепциясы және білім беру процесін жобалау туралы түсініктер мен құзыреттіліктер қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектеп педагогикасы
Бұл пәнді оқудың мақсаты жоғары кәсіби білім берудің теориялық және практикалық мәселелері болып табылады. Жоғары оқу орындарының педагогикасы білім беру заңдылықтары мен принциптері, жоғары кәсіби білім беру құралдары мен әдістері туралы білімнің дамуын зерттейді. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінің дамуын, оның негізгі міндеттерін біледі. Сонымен қатар педагогикалық процесті басқарудың ғылыми аспектілері және заманауи педагогикалық технологияларды қолдану туралы білімдері қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Оқыту сапасын бағалау жүйесі
Курс оқыту сапасын бағалау жүйесінің даму тарихын, мақсат-міндеттері мен оның даму тенденциялары туралы сұрақтарды қамтиды. Магистранттар сондай-ақ білім беру мекемесі қызметіне ішкі талдау жүргізу мен білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие үдерісін бағалау шарттарымен танысады. Педагогикалық үдерісті бақылауда сандық көрсеткіштер мен талдау мәліметтерін қолдана білу, нәтижесі бойынша басқару шешімдерін қабылдау дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
Пән мазмұнығылыми педагогикалық зерттеулер жүргізудегі айқындаушы әдіснамалық құзіреттіліктің қалыптасуы мен академиялық, зерттеушілік мәдениет, зерттеушілік кәсіби дағдылар мен сапалық қасиеттер туралы білімдерді меңгертуді қарастырады. Білім алушыларды ғылыми педагогикалық зерттеулердің түрлерімен таныстырып, бүгінгі ғылымдағы өзекті мәселелерді айқындап, теориялық, эмпирикалық зерттеу әдістері, олардың тәжірибеде қолданылу үйлесімділігі туралы түсініктермен терең таныстыруды көздейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім берудегі психологиялық-педагогикалық сараптама
Пән мазмұны психологиялық білім беру қызметін дамытудың перспективалық бағыттарының бірі болып табылатын психологиялық-педагогикалық сараптаманың теориялық, әдіснамалық және практикалық негіздерін әзірлеуді қарастырады. Білім алушылар білім беру жобалары мен тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар, білім беруді дамыту бағдарламалары мен нормативтік-құқықтық құжаттарды сараптаудағы мақсат-міндеттермен танысады. Курс барысында білім беру саласындағы сарапшы қызметіне, сарапшылық жұмысты атқарудағы әдістер мен құралдарды қолдануды игереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім берудегі бағалау саясаты
Пәнді оқытудың мақсаты – білім алушыларға білім беру саласындағы бағалау саясатының теориялық негіздерін, принциптерін және тәжірибелік қолдану әдістерін үйрету, олардың осы саладағы түсінігін кеңейту, бағалау процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған дағдыларды қалыптастыру және оның сапасын қамтамасыз ету мақсатында бағалау саясатын әзірлеу және іске асыру бойынша қажетті білім мен дағдылармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім беру субъектілерін диагностикалау
Бұл пәнді меңгерудің мақсаты педагогикалық диагностиканы ұйымдастыру және жүзеге асыру саласында жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, педагогтың диагностикалық қызметі бойынша ғылыми білім жүйесін қалыптастыру болып табылады. Магистранттар әртүрлі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру процесінің сапасын бағалау мен диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістерін біледі және оларды болашақ кәсіби қызметте қолдануды меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептегі инновациялық педагогикалық технологиялар
ЖОО-ғы бүгінгі инновациялық білім берудің бағыттары, перспективасы және педагогикалық үдерісті заманауи технологиялар негізінде ұйымдастырып, жүзеге асырудың маңызы туралы білім, біліктерді қалыптастырып, жоғары білім беру жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелерімен таныстырады. Жаңа технологияларды дамытуда жасанды интеллектіні оқытудың маңыздылығы көп қырлы, өйткені ғылым, техника және қоғамның көптеген аспектілеріне айтарлықтай ықпал етіп, кеңінен қолданылып келеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Педагогикалық өлшемдерді сапалық және сандық модельдеу
Пәннің мақсаты болашақ мамандардың іргелі теориялық базисті, кең ой-өрісін, логикалық ойлауын және заманауи қоғамдық процестерді, құбылыстар мен оқиғаларды сандық және сапалық өлшеу мен бағалаудың практикалық дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етуге арналған.Білім алушылар курсты меңгеру барысында педагогикалық зерттеулер мен практикалық қосымшаларда өлшеу объектісін сандық және сапалық модельдеуді,оны практикалық қызметте ажырату және қолданумен болжам жасау дағдысын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Заманауи тесттік технологиялар
Білім алушылар пән арқылы тестілеу көмегімен оқушының білімін, іскерлігі мен дағдысын тексерудің немесе оқушы білімінің белгілі бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексерудің ерекше формасы екенін ұғынып, қазіргі кездегі тесттің деңгейлерімен таныстырылады. Тесттің ғылыми негізделуі және даму үрдісінде пайда болатын талаптарды анықтап, тестті құрастыру, өткізу, қорытындылау барысында қолданылатын және де алдағы уақытта зерттеуді қажет ететін тесттік технологиялармен танысады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық квалиметрия
Педагогикалық квалиметрия - педагогикалық зерттеулердің бір саласы, педагогтың, кәсіби қызметін әділ бағалау, кәсіби қасиеттерін диагностикалау мәселелерімен айналысатын ғылым. «Педагогикалық квалиметрия» ұғымы өткен ғасырдың 70-жылдары қалыптасты. Педагогикалық квалиметрияның объектісі білім беру саласының мазмұндық, процедуралық-іс-әрекеттік және критериалды-бағалау туралы идеялардың бірлігі болып табылады. «Педагогикалық квалиметрия» пәнін оқытудың мақсаты – магистранттардың кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін педагогикалық квалиметрия ғылымы бойынша теориялық білім беру және практикалық дағды қалыптастыру. Курс мазмұндық тұрғыдан «Білім мен ғылымның қазіргі проблемалары», «Ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен әдістері» сияқты жалпытеориялық пәндерге негізделеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіптік білім беру сапасын басқару технологиясы
Пән мазмұны магистранттардың кәсіптік білім берудегі сапаны басқару теориясы туралы жалпы түсініктерді қалыптастыруға бағытталған. Білім берудегі басқару деңгейлері, білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу мен пайдалануды, білім беру процесінің сапасын бақылау технологиясын басқарушылық шешімдерді қабылдау жүйесін меңгертеді. Білім беру процесін жаңғырту контексінде басқарудың қазіргі заманғы әдістері және стандартты және стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сараптамалық қызметтің нормативтік-құқықтық негіздері
Пәнді оқытудың мақсаты – білім беру қызметіндегі сараптаманың негізгі нормативтік-құқықтық және технологиялық аспектілерін қарастыру. Білім берудегі сараптаманы нормативтік-құқықтық реттеу мәселелерін ашуға көңіл бөлінеді. Пәнді зерделеу барысында сараптама жүргізудің ұйымдастырушылық шарттары және технологиялық мүмкіндіктері қарастырылады. Білім беру саласында сараптама жүргізу кезінде пайдаланылатын қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер зерделенеді. Оқыту нәтижесінде білім алушыларда білім беру қызметін сараптау саласындағы құзыреттіліктер қалыптастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ЖОО оқу пәндерінің нәтижелерін сараптау әдістері
Бұл курс мазмұны жоғары оқу орындарындағы оқу пәндерінің берілу деңгейін,нәтижелілігін сараптаудың әдістерін, табысты жұмыс істеу индикаторларын түзудің алғышарттарын қарастырады. Магистранттар пәнді меңгеру барысында білім беруді дамыту бағдарламалары, нормативтік-құқықтық құжаттар, білім беру жобалары мен тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар, аттестаттау барысындағы мұғалімдердің педагогикалық қызметі, олардың инновациялық әзірлемелері, авторлық бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендерді сараптау білігі мен дағдыларын үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім беру сапасының стандарттары
Пәнді оқытудың мақсаты – білім беру сапасын нормалау мәселелерін қарастыру. Пәнді оқу барысында білім беру сапасының көрсеткіштерін, оқыту нәтижелерін жасақтау мәселелері қарастырылады. Пәннің мазмұнына білім беру тиімділігін бағалау, білім беру сапасын мониторингілеу мәселелері енгізілген. Білім беру сапасын басқарудың теориялық және практикалық мәселелерін ашуға назар аударылады. Курс білім беру сапасын нақты бағалау және үрдістерін болжау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ғылыми зерттеулер әдіснамасы мен білім беру жүйесіндегі ғылыми-педагогикалық қызмет саласынан алған теориялық білімдерін қолданады және білім беру процесінде ақпараттық технологияларды, жасанды интеллект пайдалана отырып, стандартты ғылыми міндеттерді шешеді.
- Педагогикадағы өлшемдер мен бағалау әдіснамасын, өлшемдерді жүргізу процедураларының табиғатын, өлшемдердің негізгі түсініктерін талдап, бағалайды.
- Ғылым дамуындағы тарихи-философиялық білімдерді, ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың принциптерін, ғылыми білімдерге қол жеткізу мен қалыптастырудың тәсілдерін талдайды және креативті қолданады; білім алушылардың дайындық деңгейін өлшеу үшін сапалы тесттер әзірлейді.
- Практикалық қызметте теориялық квалиметриялық білімдерді қолданады; тестілеу нәтижелері мен олардың құрылымдық зерттелуін интерпретациялайды.
- Педагогикалық өлшемдердің негізгі түрлерін, соның ішінде кәсіби қызметте тест тапсырмаларының әр түрлі формаларын тиімді қолданады.
- Түрлі теорияларды, тұжырымдамаларды, педагогикалық өлшемдерге қатысты көзқарастарды сыни тұрғыдан бағалауды талдау қабілетін, оқыту сапасын талдау үшін бағалау жүйесін қолдану дағдыларын меңгереді.
- Сараптамалық қызметті ұйымдастырудың стратегиясы мен тактикасын қолданады.
- Күнделікті кәсіби қызметте және докторантурада білімін жалғастыру үшін қажетті білімдерін кеңейтіп, тереңдетеді.
- Білім берудегі өлшемдер саласындағы сандық талдау, логика және модельдеу, теориялық және эксперименталды зерттеу әдістерін қолданады.
- Жүйелердің жаңа бағдарламалары мен интерфейстерін әзірлейді, техникалық құжаттаманың қажетті жиынтығын құрастырып жасайды.
Ұқсас БББ
7M01105 Педагогика және психология
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
7M01105 Педагогика және психология
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)
7M01105 Педагогика. Білім берудегі менеджмент
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
7M01105 Оқыту бағдарламаларының дизайны (IP)
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
7M01105 Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті