Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01513 Информатика және робототехника (көптілді білім беру) в Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • оқытылатын саладағы қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін математикалық цикл пәндері бойынша білім мен дағдыларды біріктіреді
  • есептеу жүйелерін құрудың архитектуралық ерекшеліктерін талдайды және деректер қорын басқару жүйелерін, сараптамалық жүйелерді, Интернет-қосымшаларды, робототехникалық жүйелер мен кешендерді, зерттелетін саладағы компьютерлік желілерді басқару жүйелерін жобалайды
  • оқытылатын саладағы қазіргі заманғы бағдарламалау тілдерінде практикаға бағытталған міндеттерді шешу үшін бағдарламалар әзірлейді
  • Қазақстан Республикасының Конституциясына және өзге де нормативтік-құқықтық құжаттарға, ұлттық саясат пен әлеуметтік басымдықтарды білуге, әлемдегі тарихи және қазіргі жағдайға сәйкес кәсіби қызметті ұйымдастыру процестерін сипаттайды
  • оқытылатын салада академиялық адалдық қағидалары мен мәдениетін, ғылыми зерттеу әдістері мен академиялық жазуды қолданады
  • оқу үрдісінде қолдану мақсатында статикалық және динамикалық 2D, 3D модельдер, графикалық бейнелерді, бейне-файлдарды және басқа да графикалық нысандар құрады
  • оқытылатын саладағы кәсіби міндеттерді сындарлы шешу үшін үш тілдің (мемлекеттік, орыс, ағылшын) бірінде өзінің және командалық пікірін сыни бағалайды және дәлелді түрде ұсынады
  • оқытылатын салада білім алушылардың танымдық және зерттеу қызметін жандандыру үшін заманауи ақпараттық-коммуникациялық, цифрлық технологиялар мен робототехникалық жүйелерді қолдана отырып, робототехника саласында жобалар әзірлейді
  • оқытылатын салада білім алушылардың жас және ерекше білім беру қажеттіліктерін (инклюзивті білім беру) ескере отырып, жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін информатика мен робототехниканы оқыту теориясы мен әдістемесі, оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологиялары, жеке әдістемелік әзірлемелер негізінде критериалды бағалау (қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді жоспарлау, ҚБ, БЖБ, ТЖБ материалдары және т. б.) білімдерін практикада қолданады
Top