6B01513 Информатика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және робототехника в Ы.Алтынсарин атындағы АПИ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты инновациялық педагогикалық идеяларды насихаттайтын, кәсіби саласы бойынша жүйелі білімге ие жоғары білікті, бәсекеге қабілетті информатика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және робототехника мұғалімін дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B011 Информатика мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Информатика
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Компьютерлік жүйелердің архитектурасы және теориялық негіздері
Білім алушы компьютерлік техниканың даму тарихы, компьютер архитектурасы, ішкі құрылғылардың физикалық қасиеттерімен танысады; ақпараттың сандық көрінісі және компьютердің арифметикалық, логикалық, алгоритмдік негіздерін қолданады; микрокомпьютердің оқу моделі мен машиналық кодтау мен жоғары деңгейдегі тілдердің айырмашылықтарын бағалайды; компьютерді құрастыру және жаңғырту, бағдарламалық жасақтаманы баптау жұмыстарын іс жүзінде шешуге дағдыланады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Python тілінде программалау негіздері
Білім алушылар Python тілінің құрылымын, тілдің мүмкіндіктерін, бағдарламалау ортасында алгоритмдер құру принциптерін сипаттайды; Python-ның басқару құрылымдарын, циклдерді, тізімдер, кортеждер, жиындар мен сөздіктерді игереді; Python-ның негізгі стандартты модульдерін, қолданбалы есептерді талдау, жобалау және бағдарламалау әдістерін, алгоритмдер мен бағдарламаны құрудың барлық кезеңдерінде дұрыс технологияны пайдаланады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
Курс салауатты, қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында мектеп жасындағы оқушылардың өсуі мен дамуының физиологиялық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Студенттер балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық және гигиеналық ерекшеліктерін, сонымен қатар физиологиялық функциялардың педагогикалық әсерге жауап беру ерекшеліктерін талдайды. Сонымен қатар, курсты оқу барысында студенттер мүшелердің, мүшелер жүйесінің, жалпы организмнің сыртқы ортамен байланысты қызметінің ерекшеліктерін салыстырады. Осыған байланысты студенттер оқу процесін ұтымды етуге, аурудың алдын алуды жүзеге асыруға бағытталған оқушының үйлесімді дамуы мен функционалдық мүмкіндіктерін арттыру әдістерін қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Дискретті математика
Дискретті математика пәні “Информатика” ББ студенттері үшін іргелі пән. Бұл пәнді меңгеру арқылы студенттер компьютердің логикалық негіздерін толық түсінетін болады, күрделі алгоритмдер құру, бағдарламалау барысында кездесетін қиындықтарды шешеді. Жиындар теориясы, предикаттар, күрделі графтар, Эйлер тізбектерін біледі, кодтау, криптография және логикалық желілермен жұмыс жасайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Объектіге бағытталған бағдарламалау
Бұл курста Python тілінің күрделі құрылымдарын зерттеуді сипаттайды, көптеген мәселелерді шешуге жарамды - деректерді талдаудан бастап жаңа бағдарламалық өнімдерді жасау және мәліметтер базасымен жұмыс істеу әдістерін игереді. SQLite дерекқорын пайдалану негіздерін зерттейді және ақпаратты сақтау үшін жергілікті дерекқорды қолданатын қосымшалармен жұмыс жасай алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Білім берудегі психология
Курс білім беру қызметінің психологиясы саласында теориялық білімдерді қалыптастыруға және практикалық біліктерді игеруге бағытталған. Пән мектепке дейінгі және мектеп жасындағы білім алушылардың ойын және оқу іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, сондай-ақ мұғалімнің педагогикалық қызметін ашады. Осы курс аясында мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінде оқу кезеңінде әр түрлі жас кезеңдерінде баланың дамуының заңдылықтары мен психологиялық ерекшеліктеріне баса назар аударылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Педагогика
Бұл курс педагогикаға ғылым ретінде шолу, оның диалектикалық, қарама-қайшылықты және әдіснамалық ерекшелігін ұсынады. Студенттер дүниетанымды, әлеуметтік және жеке маңызды педагогикалық мәселелерді талдайды, тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері туралы сыни тұрғыдан ойластырады. Білім беруді цифрландыру жағдайында педагогика, киберпедагогика, киберкеңістік және кибер әлеуметтендірудегі киберонтологиялық тәсілге ерекше назар аударылатын болады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ақпаратты қорғау және криптография
Білім алушы кодтау тарихы және алғашқы қадамы, кодтау және декодтау, абстрактілі алфавит, цифрлық автоматтар теориясы және компьютердің логикалық негіздерін сипаттайды. Курс аяқталғаннан кейін студент криптографиялық, шифрлау және дешифрлау әдістерін пайдаланып берілген альфавиттер, мәтіндерді, цифрларды Морзе әліппесі, Цезарь коды және әліппелік кодтауда кодтайды және декодтайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экологиялық мәдениет
Экологиялық мәдениет курсы экологиялық сауаттылық және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес салауатты, қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету үшін экологиялық мәдениеттілікті дамыту жолдарын және тіршілік қауіпсіздігі негіздерін үйренуге бағытталған. Студенттер қоршаған ортаның өзара әрекеттесуін сыни тұрғыдан бағалайды, төтенше жағдайларда қорғанудың әдіс тәсілдерін меңгереді, экологиялық мәдениет дамыту үдерісін белсенді ұйымдастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Робототехника негіздері
Бұл пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер робототехниканың даму тарихы мен қазіргі уақыттағы қолданылу салаларын игереді. Сонымен қатар Mindstorms NXT, Arduino, Fischertechnik платформаларында түрлі конструкциялар құрастырады, ардуино бағдарламалау, Mblock және басқа робототехника бағдарламалау жабдықтарымен жұмыс жасайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік негіздері және қаржылық сауаттылық
Курс қазіргі нарықтық экономика жағдайында табысты кәсіпкерлік қызметке қажетті құзыреттерді дамытуға ықпал етеді. Студенттер оңтайлы экономикалық шешімдер қабылдауды үйренеді, кәсіпкерлік пен қаржының негізгі ұғымдары мен білімдерін меңгереді, қаржылық операцияларды жүргізуге қажетті дағдыларды дамытады. Студенттер қаржы институттарының (банктер, қор нарығы және т.б.) қызметін талдайды, қаржылық-экономикалық құбылыстарды (несие беру, инвестициялау және т.б.) жіктейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жоғары математика
Білім алушы математиканың негізгі ұғымдары, ережелері мен әдістерін сипаттайды; математикалық білім жүйесіндегі қазіргі заманғы математиканың рөлін анықтайды; анықтамалар мен теоремаларға тұжырымдамалар жасайды; математиканың әртүрлі бөлімдерінің тәжірибелік сипаттағы есептерін шешу дағдысы қалыптасады; алған білімдерін математиканың басқа салаларында пайдаланады; есептер шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Компьютерлік графика және 3D модельдеу
Пәнді оқу барысында графиканың негізгі функцияларымен, анықтамасы, қолдану аясымен танысады. Компьютерлік графиканы, векторлық графиканы, растрлық графиканы қолданып үйренеді. Векторлық кескіндерді жасау, векторлық кескіндерді құрып өңдейді. Пәнді оқуты нәтижесінде Blender, Sweet Home 3D, Scultris, SketchUp Make, nanoCad free және т.б. бағдарламалармен жұмыс жасайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Адал азамат құндылықтары
Студенттердің бойында жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында адал азаматтың құндылықтарын қалыптастырады. Адалдықтың құндылығы мен азаматтық ұстанымды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жүйелі білім арқылы меңгереді. Рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық құқықтық мәдениетке тәрбиелеу контекстінде адал азаматты қоғам ортасында қалыптастыру мәселелері жүйеленеді. Білім алушылардың ішкі тұлғалық мәдениетін нығайту негіздерінің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, адамгершілік-этикалық аспектілері талданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект негіздері
Пәнді игеру нәтижесінде білім алушылар жасанды интеллект саласындағы жұмыстың негізгі бағыттары мен жасанды интеллектке арналған бағдарламалау тілінің синтаксисі мен жұмыс жасау принципін сипаттайды; білімді көрсету модельдерін және сараптамалық жүйені құру кезеңдерін талдайды; кез-келген бағдарламалау тілін қолдана отырып, сараптамалық жүйені құруды қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Бұл курс болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының міндетті компоненті болып табылады. Бұл пәнді игеру студенттерге «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясына сәйкес мектеп оқушыларымен тәрбие жұмысын жүргізуге, жоспарлар мен конспекттер жасауға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге мүмкіндік береді. Курс студенттерге заманауи мектепте сынып жетекшісінің қызметін қайта қарауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Инклюзивті білім беру
Бұл курс қазіргі әлемдегі инклюзивті білім беруге шолу жасап ұсынады. Студенттер «инклюзия» ұғымын ажырата алады, арнайы білім беруді реформалау мәселесін аша алады, ұлттық арнайы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихын қарастырады, балаларды интеграциялау модельдерін талдайды және салыстыра алады, мүмкіндігі шектеулі, инклюзивті білім беруді басқарудың құқықтық және этикалық негіздерін түсіндіреді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физика
Білім алушы физиканың іргелі заңдарын, классикалық теорияларын, физикалық идеяларды дұрыс сипаттайды; есептерді талдап шығаруда заңдылықтарды қолданады; физикалық аспаптарды қолданып өлшеулер жүргізеді; алынған нәтижелерді өңдеп саралайды; физика пәнінің әртүрлі салаларына қатысты теориялық және эксперименталдық оқу мәселелерді шешуге дағдыланады; оқу әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерді пайдаланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми-зерттеу жұмысы және академиялық жазылым
Білім алушы академиялық жазбада мәліметтерді ұсыну принциптері мен әдістерін сипаттайды; ғылыми мақалалар мен ғылыми еңбектер жазу әрекеттерінің алгоритмін, мақсат пен міндеттерді қою, зерттеу әдістерін сипаттауды қолданады; статистикалық ақпаратты, графиктер мен диаграммаларды сипаттау, зерттеу қорытындыларын тұжырымдау, ғылыми әдебиеттерді жинақтау, дереккөздерге сілтеме құруды жасайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Информатиканы оқыту әдістемесі
Бұл курста - ҚР Білім беру саласындағы нормативтік актілерін, мектептегі іс жүргізу әдістерін, бағалаудың негізгі тәсілдерін біледі, информатикадан сыныптық және сыныптан тыс сабақтарын жоспарлап, ұйымдастырып, өзіндік талдаулар жүргізе алады, қазіргі АКТ құралдарын қолдана алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Физика есептерін шығару практикумы
Білім алушы шығармашылық, суреттік, графиктік, кестелік есептерді анықтайды; физика есептерін шығарудың ортақ амалдарын табу арқылы уақытты ұтымды пайдаланады; есеп шартының талапқа сай жазылуын, формулалар мен сызбалардың дұрыс қолданады; тізбек арқылы есептеулердің жүргізу алгоритімдерін сипаттайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектептегі цифрлық сауаттылық пәнін оқыту әдістемесі
Білім алушылар оқу мен күнделікті өмірде есептей білу, робототехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасауды іс тәжірибе түрінде тиімді қолдану әдістемесін біледі. бастауыш сынып оқушыларының бойында бағдарламалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату, байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, авторлық құқықтарды құрметтеу дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Олимпиадалық есептерді шығару әдістемесі
Деректер құрылымдарымен жұмыс істеу алгоритмдері, графиктердегі алгоритмдер, іріктеу және динамикалық бағдарламалауды ұйымдастыру алгоритмдері, бүтін арифметика алгоритмдері, ойын теориясының алгоритмдері, компьютерлік геометрия алгоритмдерін біледі; бағдарламалау бойынша олимпиадалық есептерді шешу дағдыларын көрсетеді; алған білімдерін кәсіби саласында оқу-практикалық қызметіндегі мәселелерді зерттеу және шешу үшін қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Инклюзивті білім беру жағдайында информатика мен робототехниканы оқыту әдістемесі
Білім алушылар ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуда маңызды бағыттар мен тұжырымдарды түсінеді; инклюзивті білім беру шеңберінде әртүрлі қабілеттері мен қажеттіліктері бар балаларға компьютермен жұмыс істеудің және бағдарламалауды оқытудың, робототехниканың негізгі принциптерін игереді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық– педагогикалық зерттеулер нәтижелері мен әдістерін талдау үрдісін зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім берудегі смарт технологиялар
Білім беруде SMART технологияларды пайдалану, қоғамның әлеуметтік жағдайларында электрондық оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдалану, оқу процесінде қашықтықтан және желілік технологияларды енгізу тәжірибесі мен мүмкіндіктерін игереді. Білім беру процесі субъектілерінің қажеттіліктеріне сәйкес ақпараттық ресурстарды құру және пайдалану, сондай-ақ кәсіби құзыреттерді игеру дағдаларын қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогикалық шеберлік
Бұл курс студенттерде қалыптастырады: мұғалімнің кәсіби қызметінің тұтас құрылымы, оның жеке басы туралы; кәсіби-педагогикалық шеберліктің мәні, мазмұны және ерекшелігі туралы; Педагогикалық шеберлік негіздерінің құрылымдық құрамдас бөліктері: педагогикалық қабілеттер, педагогикалық техника және педагогикалық ықпал ету құралдары, театр педагогикасы мен шешендік өнер элементтері туралы білімді. Педагогикалық қызметті педагогикалық және азаматтық сананы дамыту, студенттердің шығармашылық және жеке өсуінің шарты ретінде түсіну және қабылдау. Сондай-ақ, бұл курс мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесінде өзінің кәсіби өсуі мен жеке дамуының траекториясын жобалаудың педагогикалық техникасы мен дағдыларын практикалық игеруге ықпал етеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Бұлттық технологиялар негіздері
Пәнді оқыту барысында бұлтты технологияның негізгі ұғымдары мен терминологиясымен, бұлтты технологияларды қолдану салаларымен, бұлтты есептеу инфрақұрылымымен танысады. Оқыту нәтижесінде бұлтты инфрақұрылым контекстінде қауіпсіздік, масштабтау, орналастыру, резервті көшірме жасау мәселелерін қарастырып қана қоймай, бұлттарда қолданылатын қосымшаларды әзірлеу және қолдау үшін жүйелік басқару дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Big Data технологиялары
Бұл курста үлкен құрылымдалмаған және әлсіз құрылымдалған мәліметтермен, технологиялармен және деректерді манипуляциялау тілдерін сипаттайды; үлкен деректерді талдау әдістері мен құралдарымен, оның ішінде бөлінген жүйелер мен қазіргі заманғы сұраныстар тілдерін пайдаланумен жұмыс істеу ерекшеліктерін игереді; деректер базасын ұйымдастыру және баптау, қолданбалы міндеттерді шешу үшін ДББЖ таңдау, АЖ құру жобаларында деректер базасын пайдалануды қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
STEM оқыту
Білім алушылар орта мектепте STEM–оқытудың біріктірілген тәсілі туралы, оқытудың мақсатын, міндеттерін, пәнді енгізу мәселелері мен STEM білім беруді ұйымдастырудың негізгі тәсілдерін ажыратады. STEM бағыты бойынша алған теориялық білімін іс жүзінде тәжірибеде қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер
Мәліметтер қорының негізгі ұғымдарын, деректерді басқару және ақпарат қауіпсіздігі принциптерін біледі; мәліметтер базасын жобалау үлгілерін, MS SQL деректер қорын бағдарламалау негіздерін, ақпараттық жүйелерді өңдеудің әдістемесі мен технологиясын қолданады; ақпараттық жүйелерді жобалау, әзірлеу және басқару негіздерін талдайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Операциялық жүйелер және бағдарламалық қамтамасыздандыру
Білім алушы компьютер құрылысында операциялық жүйелердің даму бағыттары мен жіктелуін сипаттайды; жүйенің және пайдаланушы процестерінің жұмыс істеу принциптерін біледі; үрдістерді басқару және ұйымдастыру, сигналдар өңдеу жабдықтары, есепті көп процессорлық шешуді басқару тәсілдері, жүйелері, енгізу шығаруды басқаруды, заманауи операциялық жүйелер мен қабықшаларды, функционалдық және сервистік бағдарламаларды қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Web бағдарламалау
Білім алушылар интернет-сайттарды толық дамыту үшін жеткілікті болатын веб-негіздерді игереді; HTML веб-бетті белгілеу және стильдердің каскадты кестелері (CSS), сайттардың клиенттік бөлігін JavaScript-те бағдарламалайды; сайттардың серверлік бөлігін PHP-де бағдарламалау, MySQL дерекқорды басқару жүйесін пайдаланады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
IT Startup жобалау
Бұл курста ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды іске қосу және басқару негіздерін игереді; білім алушылар жобаларды жоспарлау, әзірлеу және масштабтау әдістерін, сондай-ақ ресурстарды басқару мен коммуникацияны қоса алғанда, стартап ортасында жұмыс істеудің негізгі принциптерін үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Компьютерлік желілер және желілік технологиялар
Білім алушылар компьютерлік желілердің, олардың құрылымдарының, функцияларының, хаттамаларының, іске асыруларының негіздерін игереді; компьютерлік желілердің тағайындалуы, жіктелуі, ұйымдастырылуы, домендік атаулар жүйесі, интернет желісіне қол жеткізу үшін шлюзді пайдаланады; веб-беттерді беру кезінде браузер мен интернет серверінің ерекшелігін, желі бойынша пакеттік деректерді беру принципін, желідегі жұмыс кезіндегі қауіпсіздік шараларын зерттейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Arduino платформасында бағдарламалау
Пәнді оқыту барысында робототехникадағы заманауи платформалар, датчиктер мен қозғалтқыштарды бағдарламалау тәсілдерін сипаттайды; бағдарламалау үшін Arduino IDE ортасын қолданады;. оқыту нәтижесінде алгоритмдерді әзірлеу және роботты басқару бағдарламаларын жасау негіздерімен, есептеу техникасы құралдарымен модельдерді арқылы жұмыс жасайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Информатика және робототехника бойынша жобалау қызметін ұйымдастыру
Бұл курста информатика және робототехника бойынша жобалау қызметінің негіздері, ұйымдастыру жолдарымен танысады; жобалау технологиялары, жобаларды енгізу және тиімді басқару, бастапқы деректерді жинау әдістері және жобалау әдістері, жобаларды зерттеуді жүргізу әдістерін қолданады; информатика және робототехника бойынша жобаны іске асырудың әрбір кезеңінде мақсаттар мен міндеттерді қою, ғылыми әдістерді меңгеру; әдістемені зерттеу; баяндамаларды дайындау іздеу мәселелерін шеше алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Виртуалды және кеңейтілген шындық
Білім алушылар виртуалды және кеңейтілген шындық жүйелерін қолдану саласы, жүйелерді дамытудың негізгі ұғымдары, принциптері мен құралдарын игереді. Алған білімдерін VR жүйелерін жобалау кезінде қолданады. Оқыту нәтижесінде VR/AR даму ортасына 3D модельдерін импорттау, виртуалды және кеңейтілген шындық қосымшаларын әзірлеудің тиімді алгоритмдерін, виртуалды және кеңейтілген шындық қосымшаларын жасау және құру құралдарын қолдаанады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- орта білім саласындағы цифрлық сауаттылық, информатика, математика, физика пәндерінің теориялық негіздерін біледі;
- компьютерлік жүйелердің архитектурасы, операциялық жүйелер, деректер қорын жинақтау мен талдау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мобильді қосымшаларды құруда практикалық дағдыларын жүзеге асырады;
- кәсіби стандарт талаптарына сәйкес меңгерген құзыреттіліктерін, информатика және робототехниканы оқыту әдістемесін, қолданбалы жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдері арқылы олимпиадалық есептерді шешудің әдістерін, ШЖМ оқыту, критериалды бағалау технологияларын, жасанды интеллект негіздерін кәсіби саласында қолданады;
- педагогика мен психологиядан алған білімдерін тұлғалық-бағдарлы, физиологиялық, құзыреттілік, инклюзивті тәсілдер қағидаттарын ескере отырып, білім алушыларды тәрбиелеу, дамыту, өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру үшін қолданады;
- ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, цифрлық білім беру ресурстарын, компьютерлік желілер мен бұлтты технологиялардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін, смарт-технологияларды, қашықтықтан оқыту технологияларын қолданады;
- мектеп жасындағы балалардың мақсатты тілдердегі қарым-қатынасқа бейімделуі үшін жағдай жасайды;
- роботтық жүйелердің нобайын жобалауда, 3D моделдеу принциптерін, мультимедиалық және виртуалды білімдік ресурстарды жобалауда оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын басқару, кәсіби салада зерттеу жүргізу дағдыларын көрсетеді;
- адал азамат құндылықтары мен құқығы, қаржылық сауаттылық, кәсіпкерлік қызметті жоспарлау мен ұйымдастыру, экологиялық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет саласындағы білімдерін көрсетеді.
Ұқсас БББ
6B01513 Информатика (IP)
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B01513 Информатика (IP)
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
6B01513 Информатика және робототехника (көптілді білім беру)
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
6B01513 Информатика (IP)
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)