Жаңа білім беру бағдарламасы

6B11107 Спорттық-сауықтыру фитнесі в Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстандық қоғамның даму тарихы заңдылықтарын, философиялық және этикалық нормаларды, коммуникацияның түрлі салаларындағы әлеуметтік-мәдени, саяси және психологиялық құндылықтарды меңгереді, экономикалық, экологиялық және құқықтық білім негіздерін біледі; дамыған ақпараттық қоғам жағдайында ақпаратты алу, басқару, интеграциялау, бағалау, құру және беру үшін цифрлық технологияларды, байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға қабілетті
  • Қазақ, орыс және шет тілдерінде кәсіби жұмыс істеу үшін тілдік және коммуникативтік дағдыларды қолдану, сондай-ақ өз пайымдауларын жазбаша және ауызша түрде кәсіби деңгейде жеткізе білу, мәдениетаралық коммуникация проблемаларын шешу үшін логикалық дұрыс, дәлелді және сыни ойлауды меңгереді; кәсіптік қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтына бағдарланады
  • Инклюзивті дене тәрбиесі негіздерінің теориялық және практикалық білімдерін қолданып, медициналық бақылаудың тиімді құралдары мен әдістерін дұрыс таңдап, спортпен шұғылданатын ағзаның бейімделу мүмкіндіктерін арттыру әдістерін талдап, спорт кешендерінде оңалту жаттығуларын жүргізу әдістемесін меңгеріп, шұғылданушылардың денсаулығын, физикалық дамуын, ағзаның функционалды мүмкіндіктерін және жаттығу деңгейін анықтайды
  • Сауықтыру-жаттығу бағдарламаларының жаңа түрлерін фитнес залдарында пайдаланып, туризм және спорттық бағдарлау техникасын қалыптастырудың құралдары мен әдістерін тәжірибеде қолданып, түрлі деңгейдегі аула жарыстары мен іс-шараларын ұйымдастырып, заманауи спорт түрлерінің кең спектрін талдап, сауықтыру және спорттық бағыттағы фитнес бағдарламаларын жасап, массаж түрлерін үйреніп, спорт теориясының ғылыми-әдістемелік ережелерін меңгереді
  • Спорттық жарақаттар мен төтенше жағдайлар кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмекті көрсетіп, жаңа сауықтыру технологияларын әзірлеп, анатомияның теориялық және практикалық негізерін меңгеріп, емдік дене шынықтыру және массажбен емдеудің тәсілдерін дамытып, сауықтыруға арналған жүзудің әртүрлі түрлерін жетілдіріп оқыту дағдыларын тәжірибеде қолданады
  • Фитнес негіздерін игереді, «жаңадан» келгендерді дұрыс тамақтандыруға үйрету үшін қазіргі заманғы маркетингтік бағдарламаларды әзірлейді, спорттық туризм саласындағы іс-шараларды ұйымдастыру кезінде сауықтыру сервисінің барлық түрлерін қолданады
  • Спорттық және қозғалыс ойындардың заманауи әдістерін меңгереді, гигиеналық білім беру жүйесін қарастырады, әр түрлі кардио жаттығуларында ритмикалық музыканы қолдана отырып, жүрек-қантамыр жүйесін нығайтады, спорт түрлерінің спорттық-сауықтыру құралдарын көрсетеді, дене тәрбиесінің жалпы негіздері туралы білім мен түсініктерді тәжірибеде қолданады
  • Фитнестегі инновациялық технологияларды үйренеді, спорттық-сауықтыру сервисінің барлық түрлерін меңгереді және игерген білімді тәжірибеде қолданады
  • Кәсіби қызметте заманауи спорт түрлерінің пайда болуын анықтап, дене шынықтыру және фитнестегі инновациялық технологияларды жоспарлады
  • Спорттық сауықтыру туризмде іс-шараларды ұйымдастыру барысында кәсіби этика мен қызмет этикетін сақтап, дене тәрбиесі жүйесінде сауықтыруға арналған жүзу түрлерін пайдаланып, ағзаны қалыпқа келтіруге арналған сауықтыру жаттығуларын тәжірибеде қолданады
  • Спорттық туризмге арналған іс-шараларды ұтымды басқаруды жоспарлайды, хореография, гимнастика, аэробика элементтерін қамтитын балаларға арналған фитнес-жаттығулардың әртүрлі түрлерін қолданады, академиялық жазу дағдыларын, кәсіби этиканы тиімді пайдаланады, спорт саласындағы жасанды интеллект негіздері туралы білімдерін көрсетеді
  • Спорт және белсенді демалыс индустриясындағы қызметтердің заманауи технологияларын тәжірибеде қолданады, спорт, демалыс және туризм саласындағы іс-шараларды ұйымдастырады, жас ерекшелік психологиясының қағидаттарын сақтайды, көшбасшылық қасиеттерді анықтайды
Top