Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B05101 Биология в Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Еңбек нарығында түлектің әлеуметтік ұтқырлығы мен тұрақтылығына ықпал ететін жалпы және арнайы құзыреттерді меңгеру үшін жағдай жасау және жаңғырту арқылы бәсекеге қабілетті биологтарды дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 6B051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Пәнаралық білім беру модулі (Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері, Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, Экология және өмір қауіпсіздігі)
Биологияға кіріспе
Зоология
Цитология және гистология
-
2 Оқу жылы
Ботаника
Адам анатомиясы
Жеке даму биологиясы
Микробиология
Ұлттық руханият
Өсімдіктер, жануарлар және микроағзалар биоалуантүрлілігі
Адам және жануарлар физиологиясы
Өсімдіктер физиологиясы
Органикалық және биологиялық химия
Ғылыми зерттеу әдістері
-
3 Оқу жылы
Орнитология және құстардың тұлыбын дайындау технологиясы
Орман биологиясы
Жылыжай шаруашылығы
Сәндік көгалдандыру, ландшафт жұмыстарын ұйымдастыру негіздері
Гүл шаруашылығы ландшафттық дизайн негіздерімен
Көшеттік материалдарды өсірудің заманауи технологиясы
Кәсіби биолог мамандар дайындау әдістемесі және жасанды интеллект
Аймақтық флористика
Орман-парктік шаруашылығы
Биотехнология негіздері
Териология
Салыстырмалы флористика
Өсімдіктер биотехнологиясы
Фитопатология
Менеджмент және көшбасшылық
Өсімдіктер жамылғысының қауымдастығы
Топырақ биологиясы
Генетика
Топырақтану және геология негіздері
Селекцияның генетикалық негіздері
Дала қауымдастық өнімділік динамикасы
Ақтөбе облысының карантиндік фитосанитарлық жағдайы
-
4 Оқу жылы
Ауылшаруашылық дақылдарын өсіру негіздері
Ақтөбе облысының орман шаруашылығы
Ихтиология және балық шаруашылығы
Жеміс-көкөніс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
Қолданбалы биология топырақтану негіздерімен
Молекулалық биология
Жасушаның молекулалық биологиясы
Герпетология
Қазақстанның флорасы мен фаунасы
Ауыл шаруашылық негіздері
Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының флорасы мен фаунасы
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Биологиялық объектілердің – өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің алуан-түрлілігін түсіндіреді, бақылайды, сәйкестендіріреді, жіктейді, өсіру және түсіну үшін, құзыретті шешімдерді әзірлеу үшін биологиялық ғылымдар саласындағы іргелі білім мен дағдыларды қолданады;
- Цифрлық революциялар әлеміндегі жаратылыстанудың интеграцияланған тәсілі - жасанды интеллект технологиясы туралы түсінігі болады, табиғи, зертханалық және өнеркәсіптік жағдайларда тірі ағзалар жұмысының морфологиялық-физиологиялық, анатомиялық, биохимиялық, цитологиялық-гистологиялық, молекулалық-генетикалық ерекшеліктерін анықтау үшін биологиялық объектілермен жасалатын тәжірибелер негізінде зepттeлeтін oбъeктіні, құбылыcты нeмece пpoцecті, oлapдың ішкі құpылымы мeн бaйлaныcтapын жaн-жaқты зepттeyгe жәнe aдaм өміpінe пaйдaлы нәтижeлepді eнгізyгe бaғыттaлғaн іc-әpeкeттepді анықтау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді;
- Өсімдіктер жамылғысының орман, дала, шалғай қауымдастықтарының ерекшелігін, өнімділік динамикасын, тірі организмдердің қазіргі заманғы ғылыми зерттеу әдістерінің мүмкіндіктерін тиісті салада қолданады, тірі және жансыз табиғатта кездесетін негізгі процестер мен құбылыстарды сипаттайды;
- Қоғамның биотехнологиялық өнімдерге қажеттілігіне, селекциялық-генетикалық бағдарламалардың құрылуына бағытталған микробиологиялық, биотехнологиялық, молекулалық-генетикалық және іріктеу әдістерін қолдану негізінде тіршіліктің ұйымдастырылуның әртүрлі деңгейлеріне талдау жүргізеді;
- Тірі организмдерде кездесетін нақты химиялық процестерді түсіндіру және пайдалану үшін негізгі химиялық заңдарды, үлгілерді және теорияларды, сондай-ақ қазіргі заманғы технологияларды қолданады; ағзаның жеке дамуының негізгі мәселелерін - жыныс жасушаларының түзілуін, ұрықтану үрдісін, эмбриогенез бен постнатальды даму кезеңін, цитодифференциацияны, морфогенез мен клондау механизмдерінің негізі мен мәнін меңгереді;
- Топырақтың құрылысын, қасиеттерін, геологиясын, ондағы топырақ организмдерінің ерекшеліктерін зерттеудің қолданбалы биологиялық әдістерін меңгеру арқылы ауылшаруашылығы, жеміс-көкөніс дақылдарының өнімін арттыру мәселесін шешуге ықпал етеді; ашық топырақта және жылыжай жағдайында көшеттік материалдарды отырғызудың замануи технологияларын іс жүзінде қолданады.
- Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының флорасы мен фаунасының ерекшеліктерін, олардың шекараларын, орналасуын, түрлерін, маңызын зерттейді;
- Биология және экология салаларындағы өмірлік жағдайларда базалық білімді қолданып, табиғи және техногендік апаттардың, экологиялық жағдайлардың ықтимал салдарларында өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
- Өсімдіктер мен көкөніс дақылдарының ауруларының ерекшеліктерін, солардың ішінде өңірдің карантиндік фитосанитарлық түрлерін, аурудың жіктелу принциптерін, диагностикалық әдістерін, нақты зақымданулар кезінде қолданылатын замануи бақылау шаралары мен жалпы технологиялық процестерді біледі, аурулардың алдын алуға арналған қажетті әдіс-тәсілдерді таңдау арқылы ауыл шаруашылығы, жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру технологиясын меңгереді;
- Жасанды интеллект пен ғылым арасындағы байланыс тұрғысынан кәсіби биолог мамандарды даярлауда жасанды интеллекттің интеграциясының негізін біледі, қаржылық сауаттылыққа ие, мемлекеттік және шет тілінде дайындауда заманауи цифрлық, компьютерлік технологияларды қолданып, практикалық қызметтерінде экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздерін түйсіну арқылы менеджмент пен көшбасшылықтың міндеттерін, «Ұлттық руханият» қағидаларын түсінеді және тарихи оқиғалар, құбылыстар, фактілер бойынша философиялық ой қозғайды; құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке үйрене отырып, әлеуметтік дүниетанымдары туралы көзқарастарын қалыптастырады.
- Бауырымен жорғалаушылардың, құстардың, сүтқоректілердің құрылысы мен табиғатын, ерекшеліктерін, табиғаттағы маңызын теориялық тұрғыдан түсініп, практикада құстардың тұлыбын жасаудың технологиясы мен сүтқоректілердің терілерімен жұмыс жасау әдістерін меңгеріп, түрлі экспозициялар жасау дағдыларына үйренеді;
- Гүл, орман-парктік, балық шаруашылықтарының, орман биологиясының ерекшеліктерін түсініп, олардың ландшафттық дизайндағы орнын сараптап, сәндік көгалдандыру мен ландшафт жұмыстарды ұйымдастыруда қолданады; әлемдегі, Республикадағы және өңірдегі жалпы биологиялық ресурстарды біле отыра, Қазақстанның, туған өңірдің флорасы мен фаунасын, биологиялық әртүрлілігінің потенциалын топшылайды, оларды болашақта ұтымды және кешенді пайдаланудың стратегиялық жоспарлау жұмыстарын жүргізеді;
Ұқсас БББ
6B05101 Биология
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B05101 Биология
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
6B05101 Биология
Торайгыров университеті
6B05101 Биология
Астана халықаралық университеті
6B05101 Биология
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B05101 Биология
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B05101 Биологиялық инженерия
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B05101 Биология
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
6B05101 Биология
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
6B05101 Биология
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B05101 Өсімдіктер биотехнологиясы және микробиология
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
6B05101 Биология
Шымкент университеті
6B05101 Биология
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B05101 Биология
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B05101 Биология
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
6B05101 Биология
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi