Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05101 Биология в ОҚМПУ

Пәндер

  • Экономика, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық негіздері

    Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады

    Несиелер - 5
  • Ботаника

    Өсімдіктердің құрылысы, дамуы, классификациясы, таралуы, табиғаттағы маңызы, таксономиялық категориялары, жеке және эволюциялық дамуы барысында қалыптасу процесі мен заңдылықтары қарастырылады. Өсімдіктер дүниесінің қазіргі жағдайы мен мәселелері, биологиялық теориялар мен базалық түсініктерді білу, негізгі концепциялар мен даму перспективаларын меңгеру, тірі организмдердің түрлері, құрылысы мен тіршілік әрекеті, далалық бақылауды ұйымдастыру жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Жалпы химия

    Химия пәнінің мазмұнында зат құрылысы туралы қәзіргі заманғы ұсыныстар және химиялық процестер (химиялық реакциялардың классификациясы, химиялық реакциялардың химиялық кинетикасы және химиялық тепе-теңдік) қарастырылған. Ғылыми-зерттеулерде модельдеуді қолдану, есептерді шешуде ЦБР-ды пайдалану, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Цитология және гистология негіздері

    Пәнді оқыту жасушаның құрылысы мен физиологиясының негізгі заңдылықтары, ағзадағы негізгі ұлпалар жүйесі мен жіктелуі, қызметі туралы түсініктерді қалыптастыруға бағытталған. Жасуша мен ұлпалардың құрылысы туралы биологиялық теориялар мен базалық түсініктерді, физиологиялық процестердің жүру механизмін білу, жүйелі ойлау негізінде білімдерін практикада қолдану көзделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Өсімдік ағзаларының әртүрлілігі

    Пәнді оқу курсында білім алушылар өсімдік детерминанттарымен, гербарий және коллекциялық материалдармен жұмыс істеу дағдыларын игереді. Өсімдіктерді негізгі белгілері, сипаттамалары, кеңістіктік таралуы, экологиясы және әртүрлілігі туралы білімді қолдана отырып жіктейді, олардың тіршілік формаларын, интродукциясын, тіршілік филогенезін сипаттайды, өсімдік ағзаларының шығу орталықтары мен практикалық маңыздылығын зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өсімдіктер физиологиясы

    Білім алушылар өсімдік жасушасының құрылымын, қызметін, физиологиясы мен биохимиясын, фотосинтез, тыныс алу, су алмасу, минералды тамақтану, өсімдіктердегі органикалық заттардың алмасуы мен тасымалдану процестерінің ерекшеліктерін, өсімдіктердің өсуі мен дамуын зерттейді. Абиотикалық, биотикалық және антропогендік әсерлерден туындаған әртүрлі орта жағдайларындағы физиологиялық процестердің өзгеруін зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Омыртқасыздар зоологиясы

    Пән жануарлар дүниесінің алуан түрлілігін, филогениясын, ұйымдасуын, экологиясын және омыртқасыз жануарлардың негізгі таксондарының практикалық маңызын қарастырады. Курс студенттердің биологиялық білімін кеңейтуге және тереңдетуге, жаратылыстану-ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған. Зоологияның ғылымдағы орны мен рөлін дәйектеу және тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру

    Пәннің мақсаты студенттерді білім берудегі инклюзивтік үдерістерді ұйымдастыру мен басқарудың базалық ережелерімен таныстыру. Пән білім алушыларда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен оқу-тәрбие және түзету жұмыстарын ұйымдастыру ерекшелігін қалыптастыруға бағыттайды. Пән мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне қосуды моделдеу схемасын қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Омыртқалылар зоологиясы

    Курста жануарлар дүниесінің алуан түрлілігі, филогениясы, ұйымдасуы, экология және омыртқалы жануарлардың негізгі таксондарының пракикалық маңызы қарастырылады. Курс студенттердің биологиялық білімін кеңейтуге және тереңдетуге, олардың материалистік жаратылыстану-ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған.Зоологияның ғылымдағы орны мен рөлін дәйектеу және тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Биохимия

    Биохимия тірі организмдердің химиялық құрамын, ақуыздардың, нуклеин қышқылдарының, көмірсулардың, липидтердің тіршілік әрекетін, құрылымын, қасиеттерін, организмдегі химиялық түрленуді, тіршілік әрекетінің физика-химиялық негіздерін қамтамасыз ететін химиялық процестерді анықтайды. Теориялық білімді практикада қолдану, мәселені шешуді талдау, химияның нақты өмірдегі рөлі мен орнын, пәнаралық білімді біріктіру жолын дәлелдеу сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Эволюциялық ілім

    Білім алушылар макро - және микроэволюциялық деңгейлерде органикалық әлемнің дамуының негізгі заңдылықтарын, спецификацияның ерекшеліктерін, табиғи сұрыпталудың әсер ету механизмдерін зерттейді. Курс табиғатта болып жатқан процестерді түсіндіру үшін білім алуға, сондай-ақ пәнаралық деңгейде әртүрлі деректерді талдау дағдыларын дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Адам анатомиясы

    Пән білім алушыларда ғылымның қазіргі заманғы бағыттары тұрғысынан адам дамуының анатомиялық ерекшеліктері; органдар мен жүйелердің морфофункционалды сипаттамалары; құрылымы мен функцияларының жас, жыныстық, жеке, конституциялық ерекшеліктері туралы тұтас және ғылыми түсінік қалыптастыруға бағытталған. Жүйке, сенсорлық, тірек-қимыл жүйесі, бұлшықет және бұлшықет жиырылуы, қан айналымы, тыныс алу, ас қорыту, зәр шығару, эндокриндік жүйенің дамуының ерекшеліктерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биогеоценология

    Білім алушылар биогеоценоздардың ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуінің негізгі заңдылықтарын зерттейді, себеп-салдарлық өзара әрекеттесудегі табиғаттың тірі және өлі компоненттері кешенінің мәнін дәлелдей алады, биогеосферадағы күрделі экологиялық жүйелердің жиынтығын негіздей алады, әртүрлі табиғи-географиялық жағдайларда түрлердің коадаптациясының формаларын ескере отырып, ынтымақтастық дағдыларын қолдана отырып, биогеоценоздың құрылымдық компоненттеріне зерттеу жүргізе алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және тұрақты даму

    Курс жалпы экологияның негізгі мәселелерін, экологияның қазіргі экономикалық, әлеуметтік және саяси мәселелерді шешудегі рөлін, адамзаттың өндірістік қызметінің салдарынан туындаған жаһандық экологиялық проблемаларын қарастырады. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету жолындағы халықаралық ынтымақтастық қарастырылады, экологияның практикалық қолданылу салалары – табиғи ресурстар және қоршаған ортаның ластануы мәселелері талданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Молекулалық биология

    Молекулалық биология - бұл ағзаның тіршілік етудің молекулалық негіздерін зерттейді, зерттеулердің негізгі бағыттары, генетикалық ақпараттарды сақтау механизмдері, оларды іске асыру және тарату қарастырылады. Молекулалық биологияның қазіргі жетістіктері мен оның даму перспективалары, ғылыми зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру, тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің молекулалық механизмін, заңдылықтарын білу, нәтижелерін және білімін практикада қолдану сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Микробиология

    Тірі ағзалар жүйесіндегі микроорганизмдердің рөлін, жалпы белгілері мен ультрақұрылымдық ұйымдасуын, алуантүрлілігін, дақылдау және өсуін, гетеротрофтар және автотрофтардағы энергетикалық, биосинтетикалық процестердің байланысын қарастырады. Микроорганзмдердің əртүрлілігі мен құрылымдық ерекшеліктерінің теориялық негіздерін, физиологиялық процестердің жүру механизмін білу, жүйелі ойлау негізінде білімдерін практикада қолдану сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Биометрия

    Білім алушыларда математика және жаратылыстану ғылымдары саласында негізгі білімге ие болады, математикалық талдау және модельдеу, биология саласындағы теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін қолданады. Пәнді оқу барысында білім алушылар биометрия саласындағы практикалық білім мен дағдылардың негіздерін және оның басқа ғылымдармен байланысын игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Иммунология

    Иммунология организмнің әртүрлі антигендерге молекулалық, жасушалық және басқа физиологиялық реакцияларын және осыған байланысты организмде пайда болатын өзіндік ерекше және өзіндік емес құбылыстарды қарастырады. Иммунологиялық зерттеулердің нәтижелерін, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану, ізденушілік-зеттеушілік әрекет дағдысын игеру,пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазақстан биоресурстары

    Қазақстан биоресустары – еліміздегі өсімдіктер және жануарлар ресурстарының алуан түрлілігін, олардың өзіндік ерекшелігін, пайдалы өсімдіктер және жануарлардың жеке топтарын, олардан шикізат алу тәсілдерін және оларды қолдану жолдарын қарастырады. Биологиялық жүйелердің ұйымдасу деңгейін, өсімдіктер және жануарлардың биологиялық жүйедегі ролін, табиғи ресурстарды қорғау шараларын айқындау және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Адам және жануарлар физиологиясы

    Пән адам ағзасындағы мүшелер мен мүшелер жүйесіндегі үдерістердің физиологиялық механизмін түсіндірумен қатар ағзаның ішкі тұрақтылығын сақтаудағы (гомеостаз) мүшелер жүйесінің атқаратын қызметі жайлы айтылады. Пәнді оқып түсіну арқылы әрбір тұлға, әрбір мәдениетті адам өзінің денсаулығын сақтап және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін де мүшелер мен мүшелер жүйесінің атқаратын қызметін, ағзаға байланысын және реттеу механизмдерін жақсы түсіне білу керек.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Биологиялық ресурстарды ұтымды пайдаланудың технологиялары

    Курс білім алушыларға қоршаған ортаның оптимизациясы табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негізі, Жердің табиғи ресурстарының сипаттамасы: литосфера, гидросфера, атмосфера, табиғат ресурстарының классификациясы: сарқылатын, сарқылмайтын, қалпына келетін, қалпына келмейтін, биологиялық ресурстар және өнім қауіпсіздігі, табиғатты тиімді пайдалану, аз қалдықты және қалдықсыз технология туралы білім беруді қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Биотехнология

    Пән маңызды өнімдерді микроорганизмдер негізінде алу жайлы түсініктерді қалыпастырып, белок жетіспеушілік мәселелелерін шешудің биотехнологиялық әдістерін, клетка ішілік реттеудің молекулалық механизмдері және оларды микроорганизмдер селекциясында пайдалану туралы білімдері мен түсініктері, зерттеу әдістерін қолдануды қарастырады. Стандартты емес жағдайларда кәсіби проблемаларды шешу үшін өз білімі мен түсінігін жетілдіріп, қабілетін пайдалануды көздейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Генетика

    Генетика – геннің құрылымын, тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті туралы заманауи әдістер жүйесіне негізделген білім мен түсініктер қалыптастырады. Генетиканың интеграциялаушы рөлі – тірі материяның әмбебап қасиеттерін ағзаның барлық ұйымдасу деңгейлерінде және таксономиялық топтарына қатысты қарастырады. Ғылыми зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру, тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің молекулалық механизмін ,заңдылықтарын білу, нәтижелерін және білімін практикада қолдану сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Биологиядағы жасанды интеллект

    Жасанды интеллект технологияларын биологиялық білім беруге интеграциялау қазіргі педагогика саласындағы революциялық қадам болып табылады. ЖИ қолдану оқыту әдістерін жетілдіруге, оқу процесін білім алушылардың жеке қажеттіліктеріне бейімдеуге және биология саласындағы инклюзияны дамытуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жеке даму биологиясы

    Жеке даму биологиясы организмнің жеке дамуының барлық процестерін, яғни онтогенезін, әртүрлі форма түзілу процестерінің молекулярлы, биохимиялық және генетикалық механизмдерін, ұрықтың субклеткалық және клеткалық ерекшеліктерін қарастырады. Білім мен зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдауда сыни тұрғыдан қарау және жүйелі ойлау негізінде білімді практикада қолдану, комуникативтілігі мен ақпараттық мәдениетін көрсету жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Биологиялық алуантүрлілік

    Пән өмірдің барлық көріністеріндегі әртүрлілігін, сондай- ақ биологиялық жүйелердің күрделілік көрсеткіштерін, оның компоненттерінің әртүрлілігін, жануарлар мен құстардың биоәртүрлілігінің жіктелуін, жануарлардың бейімделу реакцияларының механизмдерін зерттейді. Әр түрлі деңгейдегі биологиялық әртүрлілікті модельдеудің жалпы тәсілдерін қарастырады биологиялық иерархия, сондай- ақ биологиялық әртүрлілікті сақтау жолдары, биосферадағы өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің рөлін анықтайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биоинформатика

    Биологиялық мәліметтерді сараптау үшін бағдарламалық әдістерді құрастыратын ғылым саласы. Биологиялық мәліметтерге дәл және эффектілі сараптама жасау, өңдеуді автоматтандыру процесін жүргізу әдістері туралы білім беруге бағытталған. Биоинформатикадан алған білімдерін жүйелі ойлау негізінде практикада қолдану, ақпараттық ресурстарды кәсіби қызметте қолдану, ақпараттық мәдениетін көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау көзделеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Биология практикумы 2

    Практикалық жұмыс студенттердің әртүрлі есептерді шешу жолдарын табуға, логикалық ойлау қабілетін дамытуға, оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік береді. Тәжірибелік жұмыс коммуникация, ақпарат, оқу сапасын арттыруға, шығармашылық - ғылыми жұмысқа тартылған студенттердің даралануына және мәселелерді шешу сияқты негізгі құзыреттерге шолуды қамтиды. Биология сабағында практикалық жұмыстарды жүзеге асыруды түрлендіріп әртүрлі бағытта ұйымдастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биологиялық ғылыми жобаларды жоспарлау және ұйымдастыру

    Биология саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің жетістіктері мен даму перспективаларын түсінуін, өмірлік жағдайларда зерттеу есептерін шешуге дайындықтарымен байланысты жобалық іс-әрекет дағдыларын меңгеруін, оқу үрдісінде белсенді позиция, теориялық-қолданбалы ойлау типінің негіздерін қалыптастырады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру, зерттеу нәтижелерін, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану, ізденушілік-зеттеушілік әрекет дағдысын игеру көзделеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биология практикумы 1

    Практикалық жұмыс студенттердің әртүрлі есептерді шешу жолдарын табуға, логикалық ойлау қабілетін дамытуға, оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік береді. Тәжірибелік жұмыс коммуникация, ақпарат, оқу сапасын арттыруға, шығармашылық - ғылыми жұмысқа тартылған студенттердің даралануына және мәселелерді шешу сияқты негізгі құзыреттерге шолуды қамтиды. Биология сабағында практикалық жұмыстарды жүзеге асыруды түрлендіріп әртүрлі бағытта ұйымдастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Аллергология

    Курс аллергиялық реакциялар мен ауруларды, олардың себептерін, даму және көріністер механизмдерін, оларды диагностика жасау, алдын алу және емдеу әдістерін зерттейді. Тәжірибелік тұрғыдан аллергология бүгінде әлем халқының өлім-жітімінде жетекші орын алатын аурулардың мәселелерін шешеді. Курс адамның иммундық жүйесінің құрылысы мен қызметі туралы, оның жас ерекшеліктері, иммундық жүйенің дамуы мен жұмыс істеуінің жасушалық және молекулалық механизмдері, оның негізгі кезеңдері және иммундық жауаптың генетикалық бақылауы туралы білімді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ғылыми зерттеулердің негіздері

    «Ғылыми зерттеулердің негіздері» пәні болашақ физика мұғалімдеріне ғылыми зерттеу процесінің теориялық және практикалық аспектілерін үйретеді. Курс ғылыми әдістемені, зерттеу жоспарлауды, деректерді жинау мен талдауды, сондай-ақ физика және педагогика саласындағы зерттеу нәтижелерін интерпретациялау мен ұсыну дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән студенттердің сыни ойлауын және ғылыми-педагогикалық мәселелерді шешу қабілетін дамытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биофизика

    Пән органдардың және жүйелердің физикалық негіздері, биологиялық ұлпалардың физикалық қасиеттері мен оларды зерттеу әдістері, физикалық факторлардың жасуша мен жасушалық құрылымдардағы ерекшеліктері туралы білім жүйесін қалыптастырады. Тірі организмдегі биофизикалық процестерді білу арқылы білімдерін жүйелі ойлау негізінде практикада қолдану, ақпараттық ресурстарды кәсіби қызметте қолдану, ақпараттық мәдениетін көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау көзделеді .

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін қолдану іскерлігін қалыптастыруда ізденушілік және зерттеушілік дағдыларын игереді.
  • Ғылыми зерттеу жұмыстарының, ғылыми таным мен шығармашылық ойлаудың әдіснамалық негіздерін меңгеріп, олардың нәтижелерін кәсіби салада тиімді қолданады.
  • Әр түрлі ақпараттық ресурстарды, компьютерлік және мультимедиялық технологияларды, сандық білім беру ресурстарын кәсіби қызметінде тиімді түрде пайдаланады.
  • Биологиялық тұжырымдарды дәлелдеу мен қорытынды жасау, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін сыни және жүйелі ойлау қабілетін пайдалана отырып талдау және оны практикада қолдану дағдыларын меңгереді.
  • Тірі ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігінің заңдылықтарын, сондай-ақ генетика мен биотехнологияның заманауи зерттеу әдістерін қолдану арқылы биологиялық процестерді талдайды.
  • Инновациялық технологияларды пәнді оқытудың мақсат-міндеттеріне және білім алушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкес қолданады.
  • Тірі организмдердің құрылысын молекулалық, клеткалық және ұлпалық деңгейде зерделеп, организмге тән қызметтер мен физиологиялық процестердің жүру механизмін, экологиялық қауымдастықтардағы заңдылықтарды және табиғи ресурстарды қорғау шараларын зерттейді.
  • Білім алушының тұлғалық дамуын қалыптастыруда, өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялайды.
  • Кәсіби қызметінің тиімділігін арттыру мен білімін өмірде қолдану тәжірибесінде, даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін бағалайды.
  • Биологиялық жүйелердің ұйымдасу деңгейлерін, қызметін, өзара байланысын, биологияның негізгі концепциялары мен даму перспективаларын сипаттайды.
  • Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғынады.
  • Биологиялық нысандардың əртүрлілігі мен құрылымдық ерекшеліктерінің теориялық негіздерін, кəсіби базалық түсініктерді, ғылыми ақпараттарды іздестіруді меңгереді.

Ұқсас БББ

6B05101 Биология

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

6B05101 Биология

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

6B05101 Биология

Торайгыров университеті

6B05101 Биология

Астана халықаралық университеті

6B05101 Биология

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B05101 Биология

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B05101 Биология

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

6B05101 Биологиялық инженерия

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

6B05101 Биология

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B05101 Биология

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

6B05101 Биология

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B05101 Өсімдіктер биотехнологиясы және микробиология

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

6B05101 Биология

Шымкент университеті

6B05101 Биология

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B05101 Биология

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B05101 Биология

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B05101 Биология

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

6B05101 Биология

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

6B05101 Биология

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

6B05101 Биология

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B05101 Биология

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B05101 Биологиялық инженерия

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

6B05101 Биология

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

Top