Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B11202 Тіршілік қауіпсіздігі в Satbayev University
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Өндірістік объектілерде, құрылыста және көлікте табиғи, техногендік, биологиялық-әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болуы мен дамуы шарттарында адамның өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге арналған тіршілік қауіпсіздігі саласындағы қазіргі заманғы мәселелерді тұжырымдауға және шешуге қабілетті, әлеуметтік, ғылыми және өндірістік қауіпсіздіктің жоғарғы мәдениетіне ие білікті мамандарды даярлау; жоғары кәсіптік білім берудің екінші сатысына (магистратура) өту мақсатында білім алушының шығармашылық әлеуеті, бастамашылдығы мен жаңашылдығын дамыту.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B094 Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B11 Қызмет көрсету
-
Дайындық бағыты 6B112 Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету негіздері
Инженерлік және компьютерлік графикасы
Математика I
Қауіпсіздіктің нормативтік-құқықтық мәселелері
Физика
Математика II
-
2 Оқу жылы
Экология және тіршілік қауіпсіздігі
Өндірістік кәсіпорындардағы қауіпсіздік техникасының негіздері
Өнеркәсіптік токсикология
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Қазіргі әлемдегі ғаламдық төтенше жағдайлар
Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің теориялық негіздері
Климаттық қауіптерден апат тәуекелдерін бағалау
Зияткерлік меншікті құқықтық реттеу
Төтенше жағдайлардың қауіпті факторлары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен құқық негіздері
Потенциалды қауіпті технологиялар мен техникалық құралдар I
Тіршілік ету ортасын бақылау
Қаржылық сауаттылық негіздері
Ғылыми зерттеу әдістерінің негіздері
Қазақстандағы тұрақты даму негіздері және ESG жобалары
-
3 Оқу жылы
Азаматтық қорғау саласындағы техникалық регламенттер
Медициналық-биологиялық қауіпсіздік негіздері
Кәсіпорындардағы апаттық және төтенше жағдайлар
Жану және жарылыс теориясы
Төтенше жағдайлардағы ақпараттық технологиялар
Төтенше жағдайларды қорғаудың техникалық шешімдері мен әдістері
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінде жоспарлау
Жасанды интеллект негіздері
Потенциалды қауіпті технологиялар мен техникалық құралдар II
Құтқару жұмыстарының тактикасы және төтенше жағдайды жою
Халық пен аумақтарды инженерлік қорғау
Жеке және сақтандырғыш қорғаныс құралдары
Құтқару ісінің негіздері және апаттар медицинасы
Авариялық-құтқару жабдықтары мен техникасы
Қауіпсіздіктің психологиялық аспектілері
-
4 Оқу жылы
Өрт-құтқару дайындығы
Өрт қауіпсіздігі негіздері
Өртті тергеу және сараптау
Өртті дамыту мен сөндірудің физика-химиялық негіздер
Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздіктің экономикалық аспектілері
Инженерлік желілер мен құрылыстарды пайдалану кезіндегі еңбек қауіпсіздігі
Өнеркәсіптік объектілердің электр қауіпсіздігі
Табиғи және техногендік төтенше жағдайларды болжау негіздері
Қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу
Радиациялық қауіпсіздік
Объектілердің жұмыс істеу тұрақтылығы
Тіршілік қауіпсіздігі саласындағы үнемді өндіріс
Өнеркәсіптік объектілердегі апаттық тәуекелдерді басқару
Өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату техникасы мен технологиясы
Өнеркәсіптік объектілерді қауіпсіз пайдалану
Авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Шет тілдерін меңгерген, ой-өрісі мен ойлау мәдениеті кең, жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндер саласында базалық білімге ие болу.
- Физикалық және математикалық (компьютерлік) модельдеу әдістері мен құралдарын, оның ішінде әмбебап және мамандандырылған бағдарламалық-есептеу кешендерін, автоматтандырылған жобалау жүйелерін, зерттеулерді автоматтандырудың стандартты пакеттерін пайдалана білу және сынау әдістерін меңгеру.
- Тіршілік қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық базаны, азаматтық қорғау жүйесі мен құрылымын, табиғи және техногендік қауіптер жағдайында қауіпсіздікті ұйымдастыру қағидаттарын меңгеру; тіршілік қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарын білу.
- Өнеркәсіп объектілерінің қауіпсіздігіне сараптама жүргізе білу, адамға қауіптің әсер ету тетіктерін талдай білу, зиянды заттардың уытты әсерінің ерекшелігін, энергетикалық әсерді және зиянды факторлардың аралас әсерін ескере отырып, адам ағзасының тіршілік ету ортасының қауіптілігімен өзара іс-қимыл сипатын айқындай білу, қауіптілік деңгейлерін өлшеуді, нәтижелерді нормативтік талаптарға сәйкес өңдеуді меңгеру; қауіпті факторларды ескере отырып, өлшеу және бақылау деректері негізінде кәсіптік тәуекелдерді бағалай білу.
- Өндірістік, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайларда қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтермен өзара іс-қимылды жүргізе білу, тіршілік қауіпсіздігі саласындағы күрделі инженерлік-техникалық әзірлемелерді орындай алу, жоғары техногендік тәуекел мен жоғары ластану аймақтарын болжау және анықтау қабілетіне ие болу.
- Өрт, өнеркәсіптік, энергетикалық қауіпсіздік факторларын жоспарлау және басқару, халықты және экономика объекттерін техногендік және табиғи қауіптерден қорғау үшін техника мен технологиялық процестер жұмысының қауіпсіздігін ұйымдастыра білу.
- Төтенше жағдайларда әртүрлі өндірістік процестердің негізгі техникалық және ұйымдастырушылық қауіпсіздік шараларының сақталуын қамтамасыз ете білу, жұмыс қабілеттілігі мен сенімділік критерийлері бойынша техникалық жабдық элементтерін есептеу әдістерін қолдануға қабілетті болу.
- Қауіпсіздік сұрақтары адамның өмірі мен қызметіндегі маңызды басымдықтар ретінде қарастырылатын қауіпсіздік мәдениетін және тәуекелге бағдарланған ойлауды меңгеру; төтенше жағдайларда психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстың нысандары мен әдістерін жоспарлауға қабілетті болу.
- Төтенше жағдайлар кезінде экономика объекттері персоналы мен халық шығынын азайту үшін зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын тәжірибе жүзінде қолдана білу.
- Табиғи және техногенді сипаттағы қауіптерден сақтау үшін техника мен технологияның даму жетістіктерін бағдарлау қабілетіне ие болу және кәсіби қызметін ұйымдастыруда техникалық объекттердің тұрақтылығы мен сенімділігін арттырудың, олардың функционалды тағайындалуының сақталуының жаңа әдістерін қолдана білу.
- Кәсіпорын деңгейінде тіршілік ету ортасын қорғау бөлімшелерінің, аумақтық-өндірістік кешендер мен өңірлердің қызметін және төтенше жағдай режимінде кәсіпорынның қызметін ұйымдастыру және басқара білу.
Ұқсас БББ
6B11202 Экологиялық инженерия
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B11202 Инженерлік экология және энергетикадағы қауіпсіздік
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ)
6B11202 HR: еңбек экономикасы және қауіпсіздігі
Академик Ебіней Арыстанұлы Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B11202 Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіпсіздігін инновациялық басқару
Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті