Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D02201 Тарих в Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу даярлығы бар, ғылыми ақпаратты алу, өңдеу және сақтау әдістерін қоса алғанда, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды меңгерген, тарих ғылымы бойынша ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыра және жүргізе алатын жоғары білікті ғылыми және педагог кадрларды даярлау.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D053 Тарих
  • Дайындық бағыты 8D022 Гуманитарлық ғылымдар

Пәндер

  • Академиялық хат

    Курс оқу мәтіндерін жазудың практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Курс ғылыми мақала жанрындағы ғылыми зерттеулерді сипаттау үшін қолданылатын метатілдің ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Бұл курста ғылыми мәтіндердің, соның ішінде ағылшын тілінде рефераттар мен презентациялар жазу тақырыбы бойынша материал бар. Курстың мақсаты: академиялық стильде мәтін дайындау дағдысын дамыту, докторанттарда оның құрылымы, мақсаттары, стильдік және жанрлық ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Пәннің мақсаты – Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуына үлес қосу мақсатында бүгінгі қоғамдағы өзекті ғылыми мәселелерді зерттеу әдістерін үйрену. Пәннің мазмұны ғылыми жобаларды құрастыру мақсатында ғылыми зерттеулердің әдістері мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің нәтижелерін жұртшылыққа танымалдандыру тетіктерін қарастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тарихи процестің теорияларындағы көшпелі қоғамдастықтар

    Көшпенді мал шаруашылығының және көшпенділер қоғамының дамуының номадтардың тарихи даму деңгейі мен ерекшелігін бағалауда, номадизмді зерттеу аймағындағы және Отандық ғылымның пәніне, ұзақ да көптеген көзқарастардың пікірталастарына айналды. ХІХ ғасырдың аяғынан бастап номадизмнің әлеуметтік тарихының мәселесі, мемлекеттің пайда болуы өзекті мәселелері және оның негізгі қалыптасу кезеңдері. Жаңа парадигмалар мен тәсілдер аясында Қазақстанның мәдени мұрасын жан-жақты насихаттау мүмкіндіктерін тиімді пайдалану. «Мемлекеттің пайда болуының жаулап алу» теориясы (Ф. Ратцель, Л. Гумплович, Ф. Оппенгай¬мер). Көшпенділік өркениеттік немесе евразиялық парадигма көзқарасы тұрғысынан (А. М. Буровский, Э. С. Кульпинаның, И. С. Урбанае-ваның жұмыстары).

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан тарихының дәуірлерге бөлу мәселелері

    Қазақстан тарихын обьективті тану ғылыми әдіснамалармен қамтамасыз етіледі – бұл ғылымның зерттеу принциптерін айқындайтын маңызды көзқарастық аспектілер мен теориялар жүйесі. Замануи қоғамдық таным әдіснамасының негізі диалектикалық-материалистік әдіс, нақты бір бағыттарды зерттеуде теоретикалық-әдіснамалық және ғылымда да қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тарих философиясы

    Осы пәннің аясында тарихи үдерістің рухани адамгершілік және обьективті заңдылықтарды білу, тарихта адами күштерін жүзеге асыру жолдары, жалпы адамзаттық бірлікті иемдену мүмкіншілігі сипатталады. Оқу барысында тарих философиясының тарихты гуманитарлық ғылымдармен әлеуметтану, мәдениет философиясымен, антропология философиясымен сондай ақ нақты тарихи ғылымдармен бөлісіп қарастырылған.. Тарих философиясын екі қырдан оқу: 1) философия білімінің бір тармағы ретінде, 2) әлеуметтану ретінде. Тарих философиясын дамытудың негізгі бағыттары, формациялық, ғаламдық формациялық, өркениетанушы, тарихтың жаңа ғылымы, әлем жүйесі, әрбіреуі негізгі бағыттармен айқындалған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тарихи зерттеудің өзекті мәселелері

    Әртүрлі тарихнамалық мектептер дамытқан тарихи мәтіндерді және әдіснамалық бағыттардың мәнінің ұғымдарын қазіргі үдерістерді ескере отырып анализдеу. Отандық және шетелдік тарихи ғылымдарды дамуының замануи басты мәселелері және замануи өзекті мәселелер қарастырылған.Әлемдік тарих ғылымындағы жаңа парадигмалар, жаңа концептуальді бағыттар; тарихи зерттеудің жаңа әдіснамалық мүмкіншіліктері; қазіргі тарих ғылымының институциализациясының жаңа түрлері айқындалған, сондай-ақ ұлттық идеологияны, тарихи өзін-өзі тануды қалыптастырудағы тұжырымдамалық негіздер.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тарихи ғылым және заманауи теориялар

    Пәннің негізгі мазмұны жаһандандыру үдерісі және тарих ғылымындағы замануи теориялар болып табылады.Гуманитарлық ғылымдағы құрылымдық революция және оның тарихқа ықпалы айқындалады.Клод Леви-Стросстың құрылымдық антропологиясы айқындаушы фактор болып табылады. Мазмұнында семиотика және Чарльз Пирстің ізбасарлары, тарихи нарративизмнің теориясы ашылған. Теорияның мазмұнында тарих ғылымының дамуына еңбек сіңірген Жак Дерриданың деконструктивизмі және оның ізбасарлары құрайды. Қазақстанның жаңа тарихи мектептерінің негізгі бағыттары,Қазақстан және дүниежүзілік тарих бойынша Қазақстан пәнаралық зерттеулер, Қазақстанда тарихи ғылымның қазіргі кезеңдегі үдерістері қарастырылған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Тарихи ғылыми мектептердің,теориялар мен концепциялар бойынша білімдерді демонстрациялау, әлемдегі ғаламдық саясат пен қазіргі Қазақстанның тарихи оқиғаларын алғышарттарын болжау үшін;
  • Тарихи зерттеудің және ғылыми зерттеу тақырыптары бойынша цифрлық және ақпараттық технология әдіснамасының құрылымын қолдану;
  • Кәсіби міндеттерді аргументті өзіндік қорытындылармен эвристикалық бағыттар бойынша шешу.Ғылыми қоғамдастық идеялар мен ойларды талдауда, диалог өткізуде, іскери хат алмасуда толерантты болу және обьективті бағалау;
  • Тәжірибелік іс- әрекеттерде білімдерді қолдану мен стандарттарға сай міндеттерді шешу үшін орындаушы құзыреттіліктер, іскери тәжірибе, іскерліктер мен білімдердің негізінде кәсіби міндеттерді шешу, талқылауға мәселелерді шығару, ой-пікірлерді бағалау және қорытындыларды қалыптастыру, сыни сараптау;
  • Тарихи дереккөздермен, арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу үшін жаңа және күрделі идеяларды синтездеу, соның ішінде зерттеу өнімділігі мен жариялау белсенділігін арттыру
  • Тарих бойынша стандартты емес ғылыми негізделген зерттеулерді ұсыну және ұлттық және халықаралық мәліметтер базасындағы материалдарды талдай білу
  • Гуманитарлық пәндер аймағында негізгі тенденцияларды түсіну және білімдерді көрсету, Қазақстан тарихының ақтаңдақ беттерін зерттеу үшін танымал тарихшылардың көзқарастарын сараптау барысында аргументтер айқындау;
  • Өзіндік зерттеулерді еліміздің тарихи ғылымымен бірегейлендіру, өзінің білімдері мен жетістіктерін монография және оқулықтар шығару арқылы, халықаралық және ұлттық деңгейде жаңа мазмұнды мақалалар түрінде әріптестеріне және жалпы қауымға ашық жариялау.
Top