Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01602 Тарих-дінтану в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • тұтас педагогикалық процесс, оқыту әдістері, формалары мен құралдарының кең спектрі туралы жүйелі білімді көрсету; әртүрлі конфессиялар мен нанымдардың өкілдерінен тұратын ұжымды басқару, патриотизм рухын, толеранттылық пен діни төзімділікті ұстанады
  • Шет тілін ақпаратты еркін меңгеру деңгейінде қолдана біледі, мамандық бойынша әдебиеттерді оқылым, тыңдалым, конспектілеу қабілеттерін іс жүзінде қолданады, терминологиялық аппаратты, шет тілінде академиялық жазу және ауызша коммуникация дағдыларын меңгереді;
  • Тарих/дінтану ғылымының алдыңғы қатарлы жетістіктерін және ЖОО-да тарихты/дінтануды оқыту әдістемесін қолдана отырып, әр түрлі типтегі сабақтарды құрастыру кезінде шығармашылық әдіс пен инновациялық технологияларды қолдана отырып жүргізеге асырады;
  • шет елдердің, соның ішінде Орталық Азия мен Қазақстанның тарихы бойынша тарихнаманың, тарихты зерттеудің өзекті мәселелері мен негізгі бағыттарын сыни және пәнаралық талдауды, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және тарихты /дінтануды ғылыми зерттеудің басқа әдістері арқылы жіктейді.
  • дінтанудың, діни деректанудың қазіргі заманғы тәсілдері мен тұжырымдамаларын бағалайды және салыстырады, ханафит мазхабына, діни-саяси экстремизмнің әртүрлі көріністеріне сараптамалық талдау жүргізеді, ақпарат пен дереккөздерді олардың дұрыстығы, идеологиялық бағыты және ғылымы тұрғысынан түсіндіреді.
  • Шығыс елдерінің (Орталық Азия, Қазақстан) тарихи дамуының тұтастығы мен үздіксіздігін сипаттайтын негізгі оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді талдайды, олардың себеп-салдарлық байланыстарын орнатады, қоғам дамуының объективті заңдары туралы білімді негізге ала отырып, жергілікті тарихи-мәдени, әлеуметтік-саяси және конфессиялық процестерді сыни бағалайды.
  • ғылымның тарихы мен философиясы, Тарихи-дінтанулық зерттеудің қазіргі заманғы теориясы мен әдістері, цифрлық технологиялар саласындағы білімді пайдалана отырып, тұтас жүйелі ғылыми дүниетаным негізінде кешенді, оның ішінде пәнаралық зерттеулерді жобалайды және жүзеге асырады.
  • Оқытудың барлық нысандарында ақпараттық және цифрлық білім беру ресурстарын қоса алғанда, заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып, гуманитарлық ғылымдар саласындағы жаңа жетістіктермен жұмыс істеу құзіреттілігі артады;
  • тарихи/діни танымның теориялық негіздерін білу, деректерге жүгіну кезінде және, тиісінше, өзінің зерттеу жұмысы барысында (зерттеу жобасы, ғылыми мақала, диссертация және т. б.) әдіснамалық рефлексия дағдысын қалыптастырады.
  • Әлемнің ғылыми бейнесін, жаһандық, интеграциялық процестердің даму логикасын әлемдік даму жолы ретінде білу және түсінеді, діннің жаһандық тенденцияға әсерін өз бетінше тұжырымдау және баға беру қабілеті артады;
Top