Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01602 Тарих в ABU

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби іс-әрекетте танымның ғылыми әдістерін қолдану; педагогикалық іс-әрекеттің қағидалары мен мәдениетін білу; кәсіби іс-әрекетте қолдану үшін ғылыми-педагогикалық ақпаратты жүйелеу, қорытындылау, білім беру қызметін ұйымдастыру мен басқаруда ғылыми талдау және практикалық мәселелерді шешу дағдыларын меңгеру;
  • Заманауи психологиялық-педагогикалық ғылымның негізгі ережелері мен категориялары туралы білімдерін көрсету, практикалық педагогикалық іс-әрекетте білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тәрбие іс-әрекеті мен инклюзивті білім беру әдістемесі мен технологиясын қолдану, сондай-ақ мектептің тұтас педагогикалық процесін басқару дағдыларын қолдану;
  • Өркениеттер мен мемлекеттердің тарихи типтерінің дамуындағы үдерістер мен құбылыстарды талдау және бағалау, мемлекеттік-құқықтық институттардың, мәдениет ошақтарының қалыптасу және даму кезеңдерін анықтау; көшпенділіктің Тарихи түрлерінің типологиясын жіктеу; Қазақ ұлттық мемлекеттілігінің, Еуразиялық дала өркениетінің қалыптасуы мен даму проблемаларын тарихи зерттеудің қазіргі заманғы әдіснамалық қағидаттары мен әдістемелік тәсілдерін меңгеру;
  • Тарихи процестің даму фактілері білімін интеграциялау және қолдану, тарихтың әртүрлі кезеңдеріндегі мемлекеттердің тарихи бағыттылығын, даму серпінін сипаттайтын жалпы заңдылықтарды, негізгі фактілерді анықтау; Қазақстан мен әлем елдерінің табиғи-тарихи, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық даму модельдерін салыстыру;
  • Базалық тарихи ақпаратты жүйелендіру, тарихи процестің қозғаушы күштері мен заңдылықтарын түсіндіру және бағалау; Қазақстан мен Шығыс және батыс елдерінің тарихи дамуының жалпы үрдістері тұрғысынан саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестер пайымдауларын қалыптастыру үшін ақпаратты жинау мен түсіндіруді жүзеге асыру;
  • Отандық және әлемдік тарихтың, жаһандық процестердің даму логикасын олардың тарихи шарттылығында түсіну; тарих ғылымының дамуының теориялық және әдіснамалық негіздерін қолдану; отандық және дүниежүзілік тарихтың алдыңғы тарихнамасының жетістіктері, тарихтың жаңа тарихнамасының жетістіктерін тану, тарих ғылымының маңызды теориялық және әдіснамалық мәселелерінің шеңберін өзектілендіре білу;
  • Оқытудағы жаңа тәсілдерге қатысты заманауи білімді көрсете білу және қолдану; тарихи пәндер бағдарламаларын әзірлеу және талдау құзыреттеріне ие болу; мұғалімнің кәсіби қызметіндегі мазмұндық өзгерістерді түсіну және түсіндіре білу, ғылыми-педагогикалық қызмет барысында этикалық-педагогикалық білім мен этикалық нормаларды қолданудың заңдылықтарын меңгеру; тарихты оқытудың теориясы, әдіснамасы мен әдістемесін игеру; оқу-тәрбие үдерісінде білім беру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында инновациялық білім беру технологияларын, соның ішінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект технологияларын қолдану және олардың тиімділігін бағалау.
  • Тарих саласындағы теориялық және практикалық білімдерді жинақтап, интеграциялау; тарихи ғылымның, оның ішінде жаңа бағыттары – өңірлік және мәдени тарих мәселелерін анықтап, талдап түсіндіру; олардың шешу жолдарын бағалау; Қазақстандық және шетелдік тарихи ғылымның теориялық-әдістемелік жетістіктерін кешенді түрде зерттеу; оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды білім, ғылым және инновацияларды интеграциялау ескеріле отырып әзірлеу.
  • Ғылыми-зерттеу және сын тұрғысынан жазылған мәтіндерді құрастырудың ережелері мен принциптерін білу, академиялық сауаттылықты қалыптастыру, академиялық адалдық принциптерін және жазбаша коммуникация дағдыларын дамыту, академиялық және кәсіби ортада коммуникация стратегиялары мен механизмдерін білу; оқушыларды әлеуметтік құндылықтармен, таңдаған мамандығының құндылықтарымен таныстыру және насихаттау; ғылымның табиғатын, құрылымын, ұйымдастыру принциптері мен функцияларын анықтау; ғылымның, оның ішінде тарихи және педагогикалық ғылымдардың теориясы, әдістемесі мен методологиясы жөніндегі негізгі мәселелер бойынша жүйелі және тұтас түсініктер қалыптастыру; тарихи ғылымның даму заңдылықтарын және оларды отандық және шетелдік тарихтың өзекті мәселелерін зерттеудегі көріністерін анықтау; кәсіби салада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында пәнаралық зерттеу әдістері мен инновациялық технологияларды қолдану.
  • Оқу-ғылыми процесті жоспарлау және ұйымдастырудың негізгі талаптарын білу; сыртқы стейкхолдерлермен өзара әрекеттесу дағдыларын көрсету, жұмыс берушілерді болашақ мамандарды даярлау процесіне тарту арқылы практикалық әдістер мен оқу технологияларын қолдану дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру; білім алушыға бағытталған және практикаға негізделген оқыту мен бағалау принциптерін ескере отырып, оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау әдістемесі мен тәсілдерін білу және жетілдіру; оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды білім, ғылым және инновацияларды интеграциялау ескеріле отырып әзірлеу; мамандықтағы инновацияларды оқу процесіне енгізу; оқу-әдістемелік жұмыс жүргізу және әдістемелік құзыреттілікті дамыту; психологиялық-педагогикалық білім мен пәндік білімді интеграциялауды қамтамасыз ету.
  • Болашақ кәсіби қызмет шеңберіндегі міндеттерді шешу үшін оқытылатын шет тілінің лексикограмматикалық және стилистикалық ерекшеліктерін, кәсіби тақырып бойынша жазбаша және ауызша мәтіндерді құрудың құрылымы мен негіздерін білу; коммуникативтік және кәсіби қызметте тілдік құралдарды қолдана білу; ауызша және жазбаша қарым-қатынаста ақпаратты алудың және берудің әртүрлі тәсілдерін, заманауи коммуникативтік технологияларды, оның ішінде шет тілінде академиялық және кәсіби іс-қимыл үшін.
Top