6B05206 Табиғи-техногенді қауіпті-қатерлер в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Табиғи және табиғи-техногендік құбылыстар мен процестерді талдау және бағалау үшін ғылыми ақпаратты пайдалануға, туындайтын табиғи қатерлердің мәнін анықтауға, инновациялық әдістер мен технологиялар негізінде олардың даму динамикасын болжауға және модельдеуге қабілетті география ғылымы саласында білікті мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B052 Жер туралы ғылым
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және География
-
Білім беру саласы 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 6B052 Қоршаған орта
Пәндер
-
Жерттану негіздерімен физикалық географияға кіріспе
Пәннің мақсаты: Жер құрамдасының дамуын және қызметін анықтау үшін оның географиялық қабатының заңдылықтарын түсіндіру қабылетін қалыптастыру. Курста географиялық қабатының қызметі мен динамикасы, Жердің геосферасының құрлысы, географиялық қабаттағы физикалық-географиялық үрдістер мен құбылыстар, географиялық қабаты құрамдасының арасындағы байланыстар, геосферада жүріп жатқан жергілікті және аймақты үрдістер мен құбылыстарды зерттеледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ғылыми зерттеудің әдістері
Мақсаты: әдіснамалық және ғылыми мәдениетті қалыптастыру; ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізуде білім, білік және дағдылар жүйесін қалыптастыру. Зерттеудің жалпы ғылыми әдістері, оның ішінде ғылыми білімнің объективті мазмұнын табу үшін ғылыми ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, талдау, синтездеу, жалпылау және дәлелдеу әдістері зерделенеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік
Мақсаты: экономикалық ойлау тәсілін; коммерциялық іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға бағытталуды қалыптастыру үшін қажетті өз бизнесін құрудың теориясы мен практикасы саласында базалық білімдерді қалыптастыру. Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнестің ішкі және сыртқы ортасының негізгі шарттары; мемлекеттік реттеу және мемлекеттің кәсіпкерлік орта үшін рөлі мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
Пәннің мақсаты: сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарды алдын-алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қағидалары мен нормаларын қолдануды іс-жүзінде көрсете білу, жауапкершілік қабілетін қалыптастыру, азаматтық-құқықтық жауапкершілікке ие болып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті, күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Оқытылатын болады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің жүйесі мен қызметі, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі
Мақсаты-адамның табиғатпен өзара әрекеттесу жағдайларын үйлесімді оңтайландыру қағидаттарын іске асыратын табиғатты пайдаланудың заманауи тұжырымдамаларына негізделген бірқатар негізгі құзыреттерді қалыптастыру. Оқытылатын болады: адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды тұрақты дамыту, сақтау және молайту қағидаттары, тәуекелдерді бағалау және азайту әдістері, қауіптерден, апаттардың салдарын жою шаралары, табиғи апаттар, қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаны ұтымды басқару.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Гидрология
Пәнді оқыту барысында студентке гидросфераның құрамын, Жер шарында су балансын анықтайтын жер беті суларының қалыптасу заңдылықтарын түсіндіре алатын қабылетін қалыптастыру. Курста ағынды судың гидрологиялық сипаттамасы, гидрологиялық бақылау әдістері; гидрологиялық өлшемдерді және ақпартты талдау және бағалау, алу, өндеу амалдар мен тәсілдерді; су деңгейін, тереңдігін, ағыстың жылдамдығын, су шығынын, судың гидрологиялық қасиеттерін өлшейтін құралдары зерттеледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жалпы геология
Пәннің мақсаты эндогенді және экзогенді геологиялық үрдістердің дамуын анықтау үшін жер қыртысының жалпы құрылысы мен даму тарихын түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Курста жер қабығының физикалық қасиеттерін, жер қабатының заттық құрамы және ондағы пайдалы қазбалардың орналасуы, тектоникалық қозғалыстардың жіктелуі мен қасиеттері, төрттік шөгінділердің генетикалық типтері, адамның геологиялық және технологиялық қызметі зерттеледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Абай ілімі
Мақсаты – болашақ мамандардың бойында өзін-өзі тану қабілетін қалыптастыру, Абай ілімін қазіргі Қазақстанның руханилығы мен зиялылығының негізі ретінде пайдалану, ел бірлігін және қоғамның азаматтық ынтымағын нығайту мақсатында өзінің кәсіби білімін, түсінігі мен қабілеттерін гуманизм және білім беру призмасы арқылы қолдана білу. Оқытылатын болады: Абай ілімі туралы түсінік; оқыту қайнары; Абай ілімінің құрамдас бөліктері; Абай ілімінің категориялары; Абай ілімін өлшеу құралдары; Абай ілімінің мәні мен мағынасы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қаржы сауаттылығының негіздері
Пәннің мақсаты: қаржылық ақпаратты түсіну мен олардың жеке қаржы мәселелеріне қатысты сауатты және негізделген шешімдер қабылдау үшін студенттерде ұтымды қаржылық мінез-құлықты қалыптастыру, сонымен қатар сыни тұрғыдан бағалау қабілетін арттыру, қаржылық құралдарды, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты процестерді талдау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әл-Фараби және қазіргі заман
Пәннің мақсаты: студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Картография
Пәннің мақсаты - тақырыптық, арнайы және кадастрлық жоспарлар мен карталарды жасау, жобалау және пайдаланудың заманауи әдістері мен технологиялары бойынша білім мен дағдыларды пайдалану мүмкіндігін қалыптастыру. Пәннің мақсаты: картографияның теориялық негіздері, компьютерлік технологиялар, тақырыптық жоспарлар мен карталарды жасау және пайдалану жолдары; картографиялық өндірістің жалпы принциптері, әдістері мен графикалық құралдарын пайдалануын бағалау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Климатология метеорология негіздерімен
Пәннің мақсаты: Жер шарында климаттың қалыптасу үрдісін анықтау үшін атмосфераның құрлысын, құрамын, физикалық құбылыстарды түсіндіре алатын қабылетін қалыптастыру. Курс әр ендікте климаттың өзгеруі, ауа қабытының жаһандық географиялық заңдылықтары, климатты қалыптастыратын географиялық факторлар, Жер шарында қысым, температура, ылғалдылықтың кеңістіктік таралуы, атмосферада күн сәулесінің өзгерілуі қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Геоинформатика негіздері
Қолданбалы есептерді шешуде геоақпараттық технологияларды қолданудың практикалық дағдыларын алу үшін геоақпараттық жүйелердің теориялық, әдістемелік және технологиялық негіздерін түсіну қабілетін қалыптастыру. Пән геоақпараттық және ГАЖ негізгі ұғымдарын, ГАЖ дамуының негізгі кезеңдерін, географиялық және виртуалды картографияны, геоақпараттық картография туралы ұғымды, ГАЖ геоақпараттық және деректер базасын, ГАЖ техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етуді зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Геоморфология және геодинамика
Пәннің мақсаты – жер бедері қалыптасуының заңдардын мен геодинамикалық үрдістерді бағалау және дамуын болжайтын заңдылықтарын түсіндіретін қабылетін қалыптастыру. Курста геоморфологияның концепциялары, геоморфологиялық зерттеу әдістері, жер бедерінің қалыптасу физикалық-географиялық факторлары, жер пішінінің морфологиялық, генетикалық ерекшеліктерін және олардың жіктелеуін, эндогенді және экзогенді үрдістердің типтері, геоморфология-лық картографиялаудың қағидалары мен әдістері зерттеледі
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Ландшафтану топырақтану негіздерімен
Пәннің мақсаты: табиғи комплексте климаттың, топырақтық-гидрологиялық және биологиялық факторлардың өзара байланыстарын анықтау үшін олардың ролін анықтай алатын қабылетін қалыптастыру. Курста Жердің ландшафт қабытының эволюция кезеңдері, морфологиялық құрлымы, ландшафтогенездің маңызды факторлары, ландшафттың қалыптасу механизмі, табиғи компоненттердің байланыстары, табиғи және антропогендік ландшафттардың динамикасы, картографиялау және үлгілеу әдістері, табиғатты тиімді пайдалану және аймақтық жоспарлау ландшафттық-экологиялық негіздеуі зерттеледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қауіпті табиғи процестер
Пәннің мақсаты – бедер түзуші қауіпті және қолайсыз үрдістер туралы, олардың қалыптасу факторларының себептерін және экологиялық мәнін анықтау үшін теориялық білімді қолдану қабілетін қалыптастыру. Курста табиғи қауіпті процестер мен құбылыстардың дамуының негізгі факторлары, ерекшеліктері мен заңдылықтары, оларды картографиялау принциптері мен әдістері, қауіпті процестерді зерттеу және мониторингілеу оқытылады
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Далалық геоморфологиялық зерттеулер
Пәннің мақсаты: рельефті геоморфологиялық картаға түсірудің және морфометриялық талдаудың негізгі принциптерін терең меңгеру үшін далалық кеңселік геоморфологиялық зерттеулердің ұйымдастырылуын, түрлері мен әдістерін зерделеу қабілетін қалыптастыру. Курста жалпы геоморфологиялық талдаудың әртүрлі әдістері: құрылымдық-геоморфологиялық, палеогеоморфологиялық және фациялық-геоморфологиялық; практикалық есептерді шешуге арналған рельефтің қазіргі динамикасы зертеледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 6
-
Геоэкология
Пәннің мақсаты: геоэкологиялық жағдайды және геоэкологиялық процестердің өту сипатын анықтау үшін геоэкологияның негізгі ұғымдарын, теориялары мен заңдарын түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Курс геоэкологияның негізгі ұғымдарын, объектілерін, міндеттерін, әдістерін, жердің геоосфералық қабықтарын және олардың экологиялық функцияларын, геоосфералардың антропогендік өзгерістерін, әртүрлі шаруашылық мақсаттағы аумақтардың геоэкологиялық
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 6
-
Техногендік жүйелер және техногендік қауіп-қатерлер
Пәннің мақсаты техногендік қауіптің жаһандық салдарын анықтау үшін қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде техносфера туралы түсінік қалыптастыру. Курс табиғи ортаның сапасын, әлеуметтік және табиғи объектілерді, техногендік шыққан жағымсыз оқиғаларды, технологиялық процестерді пайдалану және жүзеге асыру кезінде авария немесе апат ықтималдығын, жалпы қатерлі мәселелерін, техногендік қауіпті төмендету бойынша басқару іс-әрекетін зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Экологиялық қауіп-қатерлер
Пәннің мақсаты: қауіп-қатерлерді төмендету бойынша басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін экологиялық қауіптерді зерттеу әдістері туралы алынған білімді қолдану қабілетін қалыптастыру. Курста төтенше жағдайларға әкелетін қауіпті табиғи құбылыстардың көздері мен параметрлері; техногенді жүйелер және олардың қоршаған ортамен әсері; табиғатты пайдаланудың әртүрлі типтеріндегі қауіп сипаттамасы; қоршаған ортаның мониторингі оқытылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Урбоаймақтардағы экологиялық қауіп-қатерлер
Пәннің мақсаты: қазіргі қалалар мен қалалық агломерациялардағы экологиялық қауіптердің себептерін анықтау және қалалардың қоршаған ортасының жағдайына мониторингті ұйымдастыру үшін жеке экожүйе ретінде урбанизацияланған аумақтар туралы алынған теориялық білімді қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс урбанизацияланған аумақтардың қалыптасуын; қалалар мен қалалық жүйелердің дамуын; қазіргі қалалар мен қалалық агломерациялардың сипаттамалары мен мәселелерін зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Экологиялық сараптама және экологиялық қауіп-қатерлерді бағалау
Пәннің мақсаты: экономикалық қызметтің әртүрлі түрлерінің қоршаған ортаға әсер ету принциптері мен әдістерін талдау негізінде экологиялық қауіп-қатерлерді сараптау және бағалаудың негізгі заманауи мәселелері мен даму тенденцияларын көрсету қабілетін қалыптастыру. Курс экологиялық бағалау және сараптама әдістерінің жүйесін; шаруашылық қызметтің экологиялық негіздеуінің әдіснамалық принциптері мен ережелерін және сараптама жүргізу стандарттарын зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Экология биогеография негіздерімен
Пәннің мақсаты: табиғатты қорғау және қоршаған ортаны пайдалану саласында алған білімдерін қолдану үшін тірі организмдер мен олардың қауымдастықтарының географиялық таралу заңдылықтарын талдау негізінде экология мен биогеографияның негізгі ережелері мен принциптері туралы негізгі білімдерін көрсету қабілетін қалыптастыру. Курс экология және биогеография; экологияның негізгі принциптерін; биогеография және оның ғылымдар жүйесіндегі орнын; биологиялық таксондардың географиялық ареалын зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Мұздық және селдік геожүйелер
Пәннің мақсаты - мұздық және сел геожүйелері ұғымын түсіндіру, табиғи жағдайларды, кеңістіктік ғаламдық, аймақтық және жергілікті физиологиялық дифференциация заңдылықтарын зерттеу негізінде олардың қалыптасу ерекшеліктерін анықтау қабілетін қалыптастыру. Курс мұздық және сел геожүйелерінің пайда болу себептері мен механизмдерін, динамикасын; мұз түзілу және сел құбылыстарының заңдылықтары мен механизмдерін; мұздық жүйелер мен сел құбылыстарының таралу географиясын, оларды болжауды зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Цифрлы фотограмметрия
Пәннің мақсаты: топографиялық және кадастрлық карталарды жасау және жаңарту үшін аэроғарыштық материалдарды цифрлық фотограмметрияда қолдану қабілетін қалыптастыру және шикі деректерді өңдеу. Пән картографиялық модельдеуде кеңістіктік ақпаратты талдау мен синтездеудің әртүрлі әдістерін зерттейді, сандық фотограмметрияның сапасын бағалауды жүзеге асырады, әртүрлі тақырыптағы карталарды жасайды, картографиялық талдауды автоматтандыруда сандық фотограмметрия әдістерін қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Аэроғарыштық зерттеу әдістері
Пәннің мақсаты – жер бедерін зерттеудегі практикалық міндеттерді шешу үшін әртүрлі тасымалдаушы-лардан арақашықтықтан зерделеу мәліметтерін алу қабылеттін қалыптастыру. Курста суреттерді алу техникалық құралдар мен технологиясы, суреттердің фотограмметриялық қасиеттері, суреттен қажетті ақпаратты алу тәсілдер, ғарыштық суреттерді дешифрлеу әдістер, практикалық мақсатта қолданатын замануи ғарыштық жүйелер қарастырылады
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік-экономикалық қауіп-қатерлер
Пәннің мақсаты: қоршаған ортаға экологиялық қауіп-қатерлердің әсерін бағалау және қоғамдық сананың динамикасын бағалау үшін қоғамның әртүрлі салаларындағы өзгерістерді талдау негізінде аймақтық шындыққа қауіпті қоғамның негізгі тұжырымдамаларын көрсету қабілетін қалыптастыру. Курс экономикадағы дағдарыс құбылыстарын; дағдарысты басқару процесінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді; дағдарысты басқарудағы инновациялар мен әлеуметтік серіктестіктің рөлін зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 6
-
Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Пәннің мақсаты: : қоршаған ортаның сапасы және қоршаған ортаны ұтымды басқару мәселелері бойынша басқару шешімдерін қабылдау үшін табиғи-техногендік жүйелерге шаруашылық қызметтің әртүрлі түрлерінің әсерін экологиялық бағалаудың теориялық негіздерін пайдалану қабілетін қалыптастыру. Курс ҚОӘБ дамуының теориялық және құқықтық негіздерін; табиғи-техногендік жүйелерге әсерін бағалау әдістерін; ҚОӘБ процедурасын нормативтік және құқықтық қамтамасыз етуін зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Табиғи-техногендік қауіп-қатерлерді бағалаудағы ГАЖ
Пәннің мақсаты: табиғи және техногендік жүйелерді зерттеуге арналған ГАЖ бағдарламалық қамтамасыз етудің негізгі принциптерін дәлелдеу қабілетін қалыптастыру. Курс ГАЖ құрылымының теориялық негіздерін, олардың құрамдас бөліктерін, жұмыс істеудің негізгі принциптері мен қазіргі замануи ГАЖ технологияларының мүмкіндіктерін, геодеректерді алу, сақтау, өңдеу тәсілдері, геоөңдеу құралдары мен құралдарын, деректерді талдау және практикалық қолдану үшін нәтижелерді ұсыну тәсілдерін зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Жасыл экономика
Пәннің мақсаты: экономика салаларының дамуы тұрғысынан оның мазмұнын талдау негізінде «жасыл» экономиканы құру мен оның қызмет етуінің экономикалық, экологиялық және құқықтық негіздерін анықтау үшін «жасыл» экономика түсінігін түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Курс халықаралық құқықтағы жасыл экономика түсінігі мен мәнін; «жасыл» экономиканы қалыптастырудың халықаралық құқықтық негіздерні; тұрақты даму контекстіндегі «жасыл» экономика идеясын зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Тұрақты даму
Пәннің мақсаты: биосфераның тұрақтылығын сақтау және апатты дағдарыстарсыз қоғамның дамуын қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізудің дәстүрлі нысандарындағы және адамдардың өмір салтындағы жүйелі өзгерістерді талдау негізінде тұрақты дамудың әдіснамалық негіздерін түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Курс тұрақты даму тұжырымдамасын және оның тарихи аспектілерін; тұрақты дамудың негізгі тұжырымдамаларының жүйесін; тұрақты дамудың негізгі ғылыми принциптерін зерттейді
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Ғарыштық суреттерді дешифрлеу
Пәннің мақсаты - аэроғарыштық түсірілімдерді дешифрлеу бойынша арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуде практикалық жұмыс дағдыларын алу үшін ЖҚЗ материалдарын өңдеудің базалық негіздерін түсіну қабілетін қалыптастыру. Пән ғарыштық суреттерді компьютерлік өңдеу және дешифрлеудің теориялық негіздерін, аэроғарыштық суреттерді өңдеу және интерпретациялаудың заманауи технологиялары мен әдістерін, аэроғарыштық суреттерді дешифрлеуге арналған қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз етуді, дешифрлеуді автоматтандыру әдістерін оқытады
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Қоғам және қоршаған орта
Пәннің мақсаты – аумақтың табиғи жағдайын сипаттайтын ұғымды түсіндіре білу, оның экологиялық жағдайын анықтау қабылетін қалыптастыру. Курс аумақтың табиғи жағдайларын, оның жергілікті және жаһандық экожүйелерінің жағдайын, соның ішінде техникалық жүйелерді және олардың адаммен өзара әрекеттесуін, табиғи экожүйелердің, табиғи және табиғи-антропогендік объектілердің тұрақты жұмыс істеуін, қоршаған ортаны қорғау стандарттары мен рұқсат етілген әсер ету стандарттарын зерттейді
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Сейсмология
Пәннің мақсаты: сейсмикалық қауіпті аудандарды анықтау үшін сейсмикалық толқындардың таралу заңдылықтары және Жердің ішкі құрылысы бойынша алынған білімді жинақтау қабілетін қалыптастыру. Курста сейсмикалықты аудандастыру сұлбалары; сейсмология және жердің ішкі құрылысы; сейсмика-лық толқындар, Жердің меншікті тербеліс-тері; жер сілкіністерінің таралуының жалпы заңдылықтары; жер сілкіністерінің қарқынды-лығын бағалау және ошақтың координаттары мен уақытын анықтау оқытылады
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 6
-
Табиғи-техногендік жүйелерді бақылау
Пәннің мақсаты: халықтың және аумақтың қауіпсіздігіне әсер ететін жағымсыз факторларды анықтаудың заманауи әдістерін пайдалана отырып, табиғи ортаның және техногендік процестердің жай-күйін бақылау мен болжаудың ұйымдастырушылық мәселелерін шешу қабілетін қалыптастыру. Курс қауіпті табиғи және техногендік процестерді бақылаудың жалпы түсінігін; табиғи қауіптердің мониторингісін; қауіпті құбылыстар мен төтенше жағдайлардың дамуын; техногендік төтенше жағдайлардың мониторингісін қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Аймақтық экологиялық мәселелер мен қауіп-қатерлер
Пәннің мақсаты: қазіргі кездегі жаһандық экологиялық проблемаларды талдау негізінде аймақтық экологиялық проблемаларды түсіндіру қабілетін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының экологиялық проблемаларында оларды шешудің себептері мен мүмкін жолдарын анықтау қабылетін қалыптастыру. Курс аймақтанудың теориялық негіздерін, объектілерді зерттеу әдістерін; әлеуметтік маңызы бар мәселелер мен құбылыстарды; Қазақстанның және оған шектес халықаралық аймақтардың кеңістіктік құрылымының қалыптасу ерекшеліктерін, әлеуметтік маңызды аймақтық проблемаларды зерттейді,
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Табиғи және техногендік жүйелерді болжау және модельдеу негіздері
Пәннің мақсаты: табиғи және техногендік геожүйелерді бағалау, модельдеу және болжау үшін алған білімдерін негіздеу қабілетін қалыптастыру. Курс табиғи және техногендік жүйелердің қалыптасу және қызмет ету принциптерін, қауіп-қатерлерді модельдеу және болжау әдістерін; табиғатты табиғи және техногендік процестер мен қауіптерден қорғау және тұрақты дамуды қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау шараларын қабылдау бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеуді зерттейді;
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Қазіргі экзоморфогенез
Пәннің мақсаты: бедердің әртүрлі формаларын анықтау үшін олардың кеңістікте таралуын талдау негізінде экзогендік және эндогендік процестердің дамуының қазіргі заманғы принциптері туралы негізгі түсініктерді көрсету қабілетін қалыптастыру. Курс қазіргі заманғы процестердің негізгі факторларды, ерекшеліктері мен даму заңдылықтарды, процестерді зерттеу, бақылау және картаға түсіру әдістерді; қазіргі заманғы экзогендік процестердің карталарын құруға арналған қазіргі заманғы ГАЖ бағдарламаларды зерттейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Геожүйелерді экологиялық картографиялау
Пәннің мақсаты: экологиялық проблемалар мен жағдайларды зерттеу және кеңістікте көрсету үшін ГАЖ технологиялары негізінде экологиялық карта жасаудың тұтас көрінісін көрсету қабілетін қалыптастыру. Курс қоршаған ортаны картаға түсірудің теориялық және әдістемелік негіздерін; экологиялық карталардың тақырыптық топтарді; қршаған ортаны кешенді картаға түсіруді; қоршаған ортаның атлас картасын жасауын; географиялық ақпараттық жүйелер және экологиялық карталарды құрастыруды зерттейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Қоршаған ортаны медициналық-географиялық зерттеу
Пәннің мақсаты: адам денсаулығының жақсару дәрежесін анықтау үшін медициналық географиялық зерттеу әдісін қолдану үшін ғылым ретінде медициналық география туралы идеяларды талдау қабілетін қалыптастыру. Курс халықтың денсаулығының әлеуметтік қауіп-қатерін қалыптастыру-дағы табиғи факторларды, аурудың пайда болу көздері мен әлеуметтік жағдайла-рын, генетикалық факторлардың қоршаған орта факторларымен әрекеттесуін, медициналық-географиялық зерттеулердің принциптері мен әдістерін зерттейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Табиғи-техногендік жүйеледі геоақпараттық картографиялау
Пәннің мақсаты: экологиялық қауіп-қатерлердің цифрлық және электронды карталарын құрастыру үшін геоақпараттық картаграфиялаудың қазіргі даму тенденцияларын түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Курс экологиялық қауіп-қатерлер карталарын жобалау, құрастыру және редакциялаудың теориялық, әдістемелік тәсілдерін, автоматты картографиялау принциптері мен әдістерін, цифрлық деректер қорын құрастыру, экологиялық мәселелерді шешуде цифрлық және электронды карталарды пайдалануын зерттейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Шөлдену және геожүйелердің деградациясы
Пәннің мақсаты – табиғаттағы және адам өміріндегі экологиялық рөлін анықтау мақсатында геожүйелердің шөлейттену және деградация процестерінің себептерін анықтау қабілетін тұжырымдау. Пән қазіргі геожүйенің құрамдас бөліктерін, геожүйелердің деградациясының пайда болуына және шөлейттену процесінің дамуына әсер ететін факторларды, техногендік апаттарды, қоршаған ортаны қорғау және шиеленіс мәселелерін, геожүйелердің ластануының алдын алу шараларын зерттейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Антропогендік экожүйелер
Пәннің мақсаты: адамның экожүйелер эволюциясындағы рөлін анықтау үшін табиғи-антропогендік ландшаф-ттардың құры-лымы мен қызметін зерттеу саласында практикалық және теориялық бағдардың жүйелі білімдерін талдау қабілетін қалыптастыру. Пән антропогендік экожүйелердің кеңістіктік дифферен-циациясының табиғи факторларын; антропо-гендік ландшафттардың түрлері мен классифик-ациясы; антропогендік экожүйелердің жұмыс істеуін, динамикасы және тұрақтылығын; антропогендік ландшаф-ттарды ұйымдастырудың экологиялық аспектілерді зерттейді
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Төрттік геология
Пәннің мақсаты: төрттік кезеңді анықтайтын факторларды талдау негізінде, төрттік шөгінділерінің стратиграфиясы, сол кезеңнің морфолитогенезі туралы білімдерін көрсете білу қабылетін қалыптастыру. Курс төрттік кезеңнің жалпы сипаттамасын; төрттік кезеңінің стратиграфиясын; элювиальды шөгінділерді; коллювиалды кен орындарын; көлбеу шөгінділерді; төрттік шөгінділерінің жасын анықтау әдістерні; төрттік дәуірдің кен орындарымен шектелген пайдалы қазбаларды зерттейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерде заманауи әдістер мен тәсілдерді пайдалана отырып, жаратылыстану ғылымдарының базалық білімдеріне негізделген ғылыми-техникалық ақпаратты, озық отандық және шетелдік тәжірибені, эксперименттер мен бақылаулардың нәтижелерін талдау және қорыту.
- Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаға әсер етумен байланысты шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық стандарттарды, заңнамалық және нормативтік актілерді түсіндіру.
- Бақылау жоспарына сәйкес атмосфералық ауа, жауын-шашын, жер үсті сулары, топырақ, шөгінділер, радиациялық фон, гидробиологиялық бақылаулардың жағдайларын жүйелі бақылаулар ұйымдастыру және жүргізу арқылы қоршаған ортаның жағдайына мониторинг жүргізу.
- Аймақты геоэкологиялық зерттеу негізінде табиғатты қорғау объектілерінің технологиялық режимдерін бақылау үшін инженерлік-экологиялық зерттеулердің нақты түрін жүзеге асыруды ұйымдастыру.
- Әртүрлі инженерлік-геоэкологиялық әдістермен шешуге болатын міндеттерді анықтай арқылы далалық инженерлік және геоэкологиялық жұмыстар кешенін жоспарлау.
- Кешенді инженерлік- экологиялық зерттеулерді атқаратын қызметкерлермен байланысты қамтамасыз ету мен далалық жұмыстар жоспарын құрастыру арқылы инженерлік-экологиялық зерттеулерді жүргізу және далалық бақылаулар мен зерттеулердің нәтижелерін өңдеу әдістерін қолдана отырып, маршруттар бойынша дала журналын жазу.
- Инженерлік-экологиялық зерттеулер кезінде далалық және камералдық жұмыстарды басқару және бақылаулар және зерттеулер және бақылау жұмыстарын өңдеу үшін қолданылатын бағдарламалық пайдалана отырып, орындаушылардың қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету.
- Заманауи мамандандырылған бағдарламаны және жер қойнауын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді пайдалана отырып, жұмыс аймағының геоэкологиялық зерделенуін талдау, қорытындылау және бағалау арқылы геологиялық есептерді дайындау.
- Аймақтың табиғи жағдайлары туралы жаратылыстану ғылымдарының теориялық негіздерін пайдалана отырып, инженерлік-геологиялық және қазіргі процестерді талдау және жүйелеу.
- Пәнаралық әдістер мен аймақтың биогеографиясын пайдалана отырып, табиғи ортаның жағдайын талдау негізінде қауіпті техногендік геологиялық процестердің ықтималдылығы анықтау үшін зерттелетін аумақты бағалау.
- Жұмыс аймағындағы экологиялық қауіпсіздіктің нақты жағдайын талдау арқылы, геоинформатика негіздерін және геологияның, геоморфологияның ғылыми әдістерін пайдалана отырып арқылы, зерттелетін аумақтағы кен орнының әлеуетін геоэкологиялық бағалау.
- Қоғамдық ұлттық сананы жаңғырту бойынша құқықтық негіздерді және қаржылық сауаттылықты пайдалана отырып, көшбасшылық қасиеттерді, зейінділікті, әдептілік пен жауапкершілікті, өзін-өзі ұйымдастыруды, гуманистік көзқарастар мен ұлттық құндылықтарға негізделген ұжымда жұмыс істей білуді көрсету.