7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты еңбек нарығында сұранысқа ие, іргелі кешенді білімі, жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар, кәсіптік және өзге де міндеттерді жүйелі шешуге бағытталған тереңдетілген зерттеулер мен ғылыми-практикалық инновациялық әзірлемелерге қабілетті қазақ тілі мен әдебиеті саласындағы құзыретті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Тіл білімінің (әдебиеттанудың) өзекті мәселелері
Пәннің мақсаты тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының тарихын, теориясын зерттеудің заманауи әдістерімен, бағыттарымен, аспектілерімен байланысты сұрақтардың алуан түрлілігін, сондай-ақ магистранттардың филологиялық білімін кеңейту мен тереңдетуге, теориялық-методологиялық білімдерін өзектендіруге, жандандыруға бағытталған. Магистранттар тіл білімі мен әдебиеттанудың ғылыми және ұғымдық аппаратын зерделеп, олардың негізгі теориялық концепциялары, мәселелері мен әдістері туралы білімді қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 6
-
Әлеуметтік лингвистика
Пәннің мақсаты - тілдің функционалды жағын зерттеу, әлеуметтік лингвистиканың терминдерін, ұғымдарын меңгеру, қоғамдағы әртүрлі тілдік жағдайларды талдау. Магистранттар әлеуметтік тіл білімінің зерттелу сипаты, қызметі, гендерлік тіл білімінің қалыптасу тарихы, тіл болмысының қатынастық түрлері, тіл экологиясы мәселелері, тілдің әлеуметтік сипаттағы түрлері, билингвизм, диглоссия, пиджинделу, креолдану, мултьлингвизм процестері туралы теориялық білім қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Филологияның өзекті мәселелерін шешудегі жасанды интеллект технологиясы
Пәннің мақсаты – жасанды интеллект технологиясын, оны филологияның заманауи мәселелерін шешу тәжірибесінде қолдану мүмкіндігін меңгеру. Пәннің мазмұнымен танысу барысында магистранттар жасанды интеллект теориясы мен тарихын меңгереді, теориялық филология саласында жасанды интеллект әдістерін қолдану дәрежесі мен әдістерін бағалау қабілетіне ие болады. Пән интегративті сипатқа ие және білім алушылардың цифрлық және ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған, жоғары білім мазмұнын реформалау принциптерін жүзеге асырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 6
-
ЖОО-да филологиялық пәндерді оқытудың өзекті технологиялары
Курстың мақсаты білім алушылардың білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында филологиялық цикл пәндерін оқытудың өзекті технологиялары туралы білімдерін қалыптастыру болып табылады. Пән білім алушылардың педагогикалық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған, оларды әдебиеттану мен лингвистиканың әдіснамалық құралдарын игеруді, білім беру мақсаттарын іске асыру үшін заманауи технологияларды (ақпараттық-коммуникациялық, бірлескен, жобалық оқыту және т.б.) қолдану қабілетін игеруді көздейді.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 6
-
Функциональды грамматика
Пәннің мақсаты - грамматиканың функционалдық аспектісін, тілдің семантикалық кеңістігін, әртүрлі мәндерді білдіру құралдарының жиынтығын, тіл құрылысы бірліктерінің функцияларын және қоршаған ортаның әртүрлі деңгейлі элементтерімен өзара әрекеттестікте осы бірліктердің қызмет ету заңдылықтарын меңгеру. Магистранттар сөйлеу барысында атқаратын функциялары тұрғысынан грамматикалық формалар мен синтаксистік құрылымдар туралы теориялық және практикалық білімді қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 6
-
Басқару психологиясы
Пәнді оқытудың мақсаты психологиялық жағдайларды талдау арқылы қазіргі заманғы басқару қызметінің психологиялық механизмдері және ұйымдардағы адамдардың мінез-құлқын басқару жүйесі туралы білімді қалыптастыру болып табылады. Пән басқару ерекшеліктерін зерттеуге, диагностикалауға, психологиялық жағдайларды болжауға, жеке басқару принципі бойынша бағдарламаларды қалыптастыруға, диагностикалық құралдарды құруға, менеджерлерді оқытудың белсенді әдістерін жасауға, басқару объектісінің психологиялық заңдылықтарын зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 3
-
Психолингвистика
Пәннің мақсаты тіл біліміндегі психологиялық теорияның ғылыми негіздерін меңгертуге, басты тұжырымдары, негізгі қағидалары жөнінде білім беруге бағытталған. Магистранттар коммуникацияның бейвербалды экомпоненттері, бала тілінің онтогенезі, ментефактілер, коммуникативтік акт, дискурс туралы білімді меңгеріп, көптеген сыртқы және ішкі факторларды ескеретін, психикалық феномен болып табылатын тіл қызметінің ерекшеліктері жайлы теориялық және практикалық дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Ұлттық ономастиканың лингвомәдени негіздері
Пәннің мақсаты - жалқы есімдердің лексика-семантикалық, грамматикалық және этномәдени сипаттары жайлы білім жүйесін қалыптастыру. Магистранттар ономастикалық деректерді талдаудың лингвистикалық заңдылықтары негізінде, олардың лексикалық, морфологиялық сипаты мен ұлттық ерекшеліктерін айқындаудың теориялық, практикалық және әдіснамалық негіздерін қалыптастырады. Ономастикалық реалиялар лингвоелтану аспектісінде мәдениетті тіл арқылы және керісінше мәдениет арқылы тану жолы ретінде талданады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектепте филологиялық пәндерді оқытудың интербелсенді әдістері
Пәннің мақсаты білім берудегі жаңа тенденцияларды негізге алып, жоғары оқу орындарында филологиялық пәндерді оқытудың интербелсенді әдістеріне қатысты терминдер, ғылыми ұғымдар, басты қағидалар, философиялық, педагогикалық, методологиялық негіздерімен таныстыру туралы білім жүйесін қалыптастыруға, олардың мән-мағыналары мен ерекшеліктерін саралап көрсетуге бағытталған. Магистранттар оқытудың интерактивті әдістерін, формаларын, білім алушылардың бірлескен әрекет дағдыларын дамытуды меңгереді.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 6
-
Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Пәннің мақсаты қазақ тіл білімі тарихының дәуірлеу мәселелерінің жүйесін айқындауға, тереңдетіп оқытуға, ғылыми пайымдаулар жасауға бағытталған. Магистранттар қазақ тілінің тарихына қатысты шумер, тайпалық одақтардың тілі, түркі халықтарының тарихында белгілі қағанаттардың ресми тілі дәрежесіне көтерілгені жайлы теориялық мағлұмат алып, тілдің тарихын дәуірге бөліп зерттеудің кеңестік идеология тарапынан күштеп тежелуінің табиғаты туралы білім қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиеттегі ұлттық идея философиясы
Пәннің мақсаты көркем шығармашылықтың, көркем сананың сипатын зерттеуге, мәдениет феномені ретінде көркем шығарманы талдауға, ұлттық философия контекстіндегі дүниетаным мәселесін бағалауға бағытталған. Курсты оқу барысында магистранттар филологияның негізгі теориялық-әдіснамалық принциптеріне сүйене отырып, тіл мен әдебиет тарихының бағыттары мен үрдістерін зерттейді, шығарманың гносеологиялық табиғатына назар аудара отырып, аналитикалық ойлауды қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектеп педагогикасы
Пәннің мақсаты мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамытудың негізгі негізі болып табылатын жоғары оқу орнындағы біртұтас білім беру, тәрбие процесі туралы іргелі теориялық базаны игеру болып табылады. Курстың мазмұны ғылыми-педагогикалық қызмет саласындағы педагогикалық мәселелерді тиімді шеше алатын, студенттердің сыни және әдістемелік ойлауын қалыптастыруға бағытталған бәсекеге қабілетті тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Корпустық лингвистика
Пәннің мақсаты - корпустық лингвистиканың негізгі түсінігін, мәтін корпустарының типологиясын меңгеріп, әртүрлі типті корпустардың негізінде тілдің әртүрлі деңгейлерін эксперменталды зерттеу тәсілдерін әзірлеуді игеру. Пән ауызекі сөйлеу мен аудио-мұрағаттар корпустарын, қазақ ауызекі сөйлеу мен мультимедиялық корпустарды, тілдік материалда компьютерлік технологияларды қолдану кезінде қазақ тілі мәтіндері корпустарының даму тарихын, болашағын меңгеруге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Тілдік тұлға және тілдік сана
Пәннің мақсаты тілдік тұлға теориясын, тілдік тұлға типологиясын зерттеуге бағытталған. Білім алушылар мәтіннің лингвоперсонологиялық талдауын, лингвистика саласындағы ғылыми-зерттеу қызметін қалыптастырып, лингво-бағытталған оқыту жүйесіндегі педагогикалық қызмет, антропотекстерді талдау бойынша сараптамалық жұмыс, коммуникация саласындағы жобалау және қолданбалы қызмет мәселелері, көркем шығармадағы тілдік тұлға, тілдік сананың деңгейін көрсету туралы терең теориялық біліммен қамтылады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Әлемдік фольклордың теориясы мен типологиясы
Пәннің мақсаты әлемдік фольклордың философиялық және эстетикалық мәні, ұлттық сөз өнерінің қайнар-бастаулары мен ілкі кезеңдері, әлемдік фольклортану тарихындағы ғылыми мектептер, фольклор мен өнер, фольклор мен мәдениет арасындағы сабақтастық жайлы теориялық білім беруге бағытталған. Магистранттар отандық, әлемдік фольклортанудың ғылыми бағыттарын, қазақ фольклорының қалыптасу кезеңдерін, зерттелу тарихын, қазіргі фольклортанудың өзекті мәселелерін меңгереді.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 6
-
Академиялық жазу тәжірибесі және ғылыми зерттеулер әдіснамасы
Пәннің мақсаты-зерттеуді дайындау бойынша теориялық, әдіснамалық білім жүйесін тереңдету және түсіну, академиялық жазудың ерекшеліктері, тұжырымдамалары және ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру тәсілдері туралы іргелі білім негізінде зерттеу құзыреттілігін дамыту. Пән ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың әдіснамасын, әдістемесін зерделеуге, зерттелетін процестің шарттарын тұжырымдау ерекшеліктері туралы білімді тереңдетуге, білім алушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту бағдарламалары мен әдістемелерін әзірлеуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі поэзия және стиль
Пәннің мақсаты ақындардың жеке стилін және олардың шығармаларының бейнелерін талдауға бағытталған. Пән мазмұнында композиция, бейнелеу-мәнерлі құралдарды қолдану, ақындар шығармаларындағы ритмика мәселелері қарастырылып, әдеби стиль мәселелері мен стиль категориялары оқытылып, поэтикалық мәтінді стилистикалық зерттеу әдістері беріледі, 20 ғасырдың 70-80 жылдарындағы ақындардың образдылығы, көркемдік шеберлігі талданады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіптік)
Пәннің мақсаты жазбаша және ауызша ақпарат алмасуды жүзеге асыру үшін шет тілін практикалық меңгеруді қамтамасыз ету; кәсіби қызметтің әртүрлі аспектілерін іске асыру үшін В2-С1 деңгейінде шет тіліндегі коммуникативтік құзыреттіліктің жеткілікті деңгейін қалыптастыру болып табылады. Пәнді оқу алынған тілдік білімді, сөйлеу дағдыларын жүйелеуге, кәсіби ауызша және жазбаша қарым-қатынас, оның ішінде ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетіндегі модернизм және постмодернизм
Пәннің мақсаты - қазақ әдебиетіндегі модернизм, постмодернизм ағымдарының ерекшелігін, пайда болу, даму сипатын, қазіргі әдеби процестегі көрінісін жан-жақты меңгеру. Курс постмодернизм құрайтын интертекстуалдылық, ойын, метапроза, пастиш секілді элементтерін талдауға, магистранттарды ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы Батыс және Шығыс әдебиеттеріндегі қазіргі заманғы үрдістермен таныстыруға, әдебиеттанудың бүгінгі жетістіктері туралы теориялық білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 6
-
Абайдың поэтикалық әлемі
Пәннің мақсаты Абайдың поэтикалық әлемінің табиғатын, поэзияның эстетикалық жеке жүйесін, "моделін" және Абайдың қазақ поэзиясындағы рөлі туралы теориялық білімді меңгеруге бағытталған. Курсты оқу барысында магистранттар Абай шығармашылығының үйлесімін, тұтастығын, мазмұнын, формаларын, идеяларын, стилін, құрылымы мен көркемдік ерекшеліктерін талдай келе, ақын поэзиясындағы эстетикалық құндылықтардың теориялық-әдіснамалық негіздерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Алтай тілдерінің тарихи-салыстырмалы грамматикасы
Пәннің мақсаты - алтай тілдерінің шығу төркінін тану, сол арқылы түркі тілімен туыстас тілдердің даму жолы туралы білім жүйесін қалыптастыру. Курс барысында магистранттар салыстырмалы-тарихи, компоративистикалық, дискриптивті әдістер негізінде алтай төркіндес тілдердің, түркі тілдерінің тілдік жүйесінің, даму заңдылықтарының теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады, тілдік деректерді салыстыра отырып зерттеуді, алтай тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін меңгереді.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 6
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пәннің мақсаты білім алушылардың ғылыми этосқа кіруіне, өздерінің зерттеу, білім беру, кәсіби қызметін әлемдік ғылым мен философия дамуының магистральдық желісімен байланыстыруға жәрдемдесу болып табылады. Білім алушылар қоғамның өркениетті дамуындағы ғылымның орны мен рөлін түсінеді, ғылымның әлеуметтік институт ретіндегі құрылымдық ұйымымен, әлемнің ғылыми картинасын құрудың философиялық негіздерімен, цифрландыру дәуіріндегі зерттеу процесінің ерекшеліктерімен танысады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 3
-
Ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістері
Пәннің мақсаты тіл білімі және әдебиеттану саласындағы ғылыми зерттеулердің заманауи әдістері мен ғылыми таным әдіснамасы саласында жүйелі білім мен құзыреттілікті қалыптастыру болып табылады. Пән жүйелі талдау, бағалау және түсіндіру әдістерін, кәсіби қызметте жобалық шешімдердің ғылыми-әдістемелік негіздемесін жасау әдістері мен құралдарын, қазақ тілі мен әдебиетінің қолданбалы және зерттеу міндеттерін шешуде заманауи және сапалық әдістерді қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Пәннің мақсаты қазақ әдебиеті тарихының дәуірлеу мәселелерінің жүйесін айқындауға, тереңдетіп оқытуға, ғылыми пайымдаулар жасатуға бағытталған. Магистранттар әдеби мұраны игеру ісіндегі әдебиет тарихын дәуірлеудің ұстанымдарын, үлгілерін, ғылыми тұжырымдарды меңгереді. Түрлі кезеңдерде орын алған дұрыс, сыңаржақ теориялардың әдебиет тарихын жүйелеуге тигізген ілгерішіл немесе кертартпа ықпалдарын зерделейді, дәуірлеудің типологиялық тұрғыдан пайымдау негізін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Лингвомәдениеттану
Пәннің мақсаты - тілдік бірліктерді жүзеге асыру тәсілдерін зерттеу, мәдениетті сақтауға, таратуға ықпал ету. Зерттеу барысында лингвомәдениеттанудың пәнаралық сипаты белгіленіп, негізгі мәдени-ұлттық ұстанымдары анықталады. Пәнде ХХ ғасыр мәдениетінде тілге деген қатынас трансформациясы, тіл – мәдениет – адам – этнос; лингвомәдениеттанудың лингвистикалық-мәдениеттану пәндері арасындағы, этнолингвистиканың лингвомәдениеттанудың қалыптасуындағы орны; лингвомәдениеттанулық ізденістердің теориялық негіздері мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- білім беру саласында менеджмент пен басқару психологиясының заманауи әдістерін қолдана отырып, тұлғааралық қарым-қатынастың тиімді моделін көрсету
- оқытудың классикалық, заманауи интерактивті әдістерін және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім беру процесін ұйымдастыру
- тіл және әдебиет тарихының теориялық негіздерінің, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану кезеңділігі мәселелерінің іргелі білімін көрсете отырып, филологияның түрлі салаларының заманауи теориялық және қолданбалы мәселелерін, ғылыми филологиялық парадигмалардың құрылымы мен қызметін сыни тұрғыдан талдау
- ғылыми-педагогикалық қызметте жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясы саласындағы заманауи білімді пайдалану
- бірегей жобаларды, оқу-әдістемелік құралдарды даярлау үшін пәнаралық филологиялық, педагогикалық тұжырымдамаларды біріктіру
- ауызша және жазбаша диалогтар, іскерлік хат алмасу, мемлекеттік және шетел тілдерінде ғылыми журналдар мен мерзімді басылымдарға мақалалар жазу
- тіл білімі саласындағы іргелі білімді пайдалана отырып, этнос, мәдени лексика, ономастика теориясы мен әдіснамасын, қазіргі лингвомәдени және ономастикалық зерттеулердегі тілдің кумулятивті функциясын интерпретациялау
- ғылыми-зерттеу қызметін академиялық хат ережелерін, оны ұйымдастыру принциптері мен құрылымын, филологиялық білім саласындағы бірегей әдістемелерді, эксперименттік қызмет нәтижелерін түсіндіру тәсілдерін білу негізінде жүзеге асыру
- әлемдік ғылым жетістіктерін игеру және өзінің ғылыми ізденістерінің нәтижелерін ілгерілету үшін дәйексөздеудің халықаралық жүйесінің деректері мен материалдарын пайдалану, филология саласында жасанды интеллект әдістерін қолдану
- тілдердің тарихи шығу тегін зерттеу барысында зерттеудің салыстырмалы-тарихи әдісін қолдана отырып, тілдік туыстықты дәлелдеу әдістемесі негізінде талдау жүргізу
- филология және педагогикалық ғылымның тарихы, философиясы және әдіснамасы негізінде кәсіби қызметті жүзеге асыру
- қазіргі заманғы лингвистикалық және әдеби ғылыми зерттеулердің нақты нәтижелерін жоғары мектепте тіл мен әдебиетті оқытудың озық тәжірибесімен біріктіру
Ұқсас БББ
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (Бейінді)
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Торайгыров университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Сулейман Демирель атындағы университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (н/п)
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шымкент университеті
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Қызылорда "Болашақ" университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)