Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01703 Шетел тілі: екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау в Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

Пәндер

  • Практикалық грамматика

    Қазіргі ағылшын тілінің грамматикалық құрылымы, морфологиясы мен синтаксисіне қатысты барлық құбылыстар, грамматикалық құрылымдарды, грамматикалық формалар мен конструкцияларды аудару, сөзжасам кестелері, етістіктің жеке және жеке емес формалары, етіс түрлері, сонымен қатар сөйлемдерді байланыстыруға қызмет ететін тұрақты емес етістіктердің, ең көп қолданылатын предлогтардың, олардың ерекшеліктерімен, анатілінің ерекшеліктерімен таныстырады. Ағылшын тілін үйрену басырында грамматика саласынан теориялық және практикалық білімдерін, дағдыларын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тәшеневтану

    Тәшенев тұлғасы, студенттер арасында ұлттық таным мәселелерін қалыптастыру мен елжандылыққа тәрбиелеу, қоғамдық сананы жаңартудағы және қазіргі заманның жаһандық міндеттерін шешудегі білімалушылардың тұлғалық, көшбасшылық идеяларын және әдістемелік мәдениет негіздерін игереді. Негізгі дүниетанымдық ұғымдардың мағынасы мен рөлін адамның қазіргі әлемдегі жеке және әлеуметтік болмысының құндылықтары мәселелерін зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Практикалық фонетика

    Aғылшын тiлiнiң фонетикaлық ерекшелiктерi мен құбылыстaрын, дыбыс және олардың түрлері, тіл дыбыстары, дыбыс және таңба, дауыстың жоғарылығы, ұзақтылығы, күштілігі, тембр, дыбыс жасауда шу мен салдырдың ролі, дaуысты және дауыссыз дыбыстaр, дыбыстaрдың клaссификaциясы, буынның және екпiннiң түрлері, дигрaфтaр, әріп тіркестерінің оқылу ережелері мен ерекшелiктерін зерттейді. Aғылшын тiлiнiң фонетикалық құрылыс теорияларын оқуда интегративтік жолды қолдану зерттеледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ағылшын тілінің ауызша және жазбаша практикумы

    Ағылшын фонетикалық жүйесіне қатысты заңдарды, дауыстық жүйенің нақты әрекеттерінің ережелері мен анықтамаларын, айтылу ережелерін түсініп, табиғи дыбыстармен таныс болу, нақты мәтіндік материалдар мен зерттелетін мәдениет пен тіл мәдениеті арасында байланыс орнату, коммуникативті мәдениет-бұл лингвистиканың (тілдің), тарихтың (сөйлеудің), мәдениет пен қоғамның күрделі интеграциясын зерттейді. Студенттер шет тілінде еркін пікір білдіріп; сөйлеу, тыңдау, жазу, оқу шеберліктерін арттырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Тілдік қарым-қатынас мәдениеті бойынша практикум

    Қарым-қатынас тілін дамыту, коммуникативті және мәдени дағдыларды қалыптастыру үшін теориялық және танымдық негіздерді құру, ауызекі қарым-қатынаста тілдік бірлікті қалыптастыру теориялық және танымдық нормаларды құруға бағыттау мәселелері сипатталады. Сөйлеу әрекеттерінің төрт түрі (сөйлеу, оқу және жазу) негізінде студенттердің қарым-қатынастық және мәдениетарaлық біліктілігін қалыптастырады, шет елдер мен халықтардың мәдениетін сыйлау және құрметтеуге үйретеді, шетел тілінің тілдік бірліктерін қолдану шеберлігі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Екінші шетел тілі (А1,А2 деңгейлері)

    Неміс тілінде күнделікті қарым-қатынас процесіне жеткілікті лингвистикалық біліктілікті қалыптастыру, қажетті типтік жағдаяттарда қатысым жасай алу, тұрмыстық жағдай мен оқуын сипаттауға құзыретті болады. Тілдік қарым-қатынас үшін қажетті сөздер мен сөйлемдердің материалдық тұрпатын жасаушы тілдік жүйенің элементтерін қарастыру, сөз ағымындағы жекелеген дыбыстардың тілдің мазмұндық бірліктерімен байланысын зерттейді. Сөйлесу дағдыларын алу үшін арнайы әдебиеттерді оқу және аудару дағдыларын игеру, кәсіби қызмет саласында ақпарат алуға мүмкіндік беретін деңгейдегі екінші шетел тілін білу, оқудың жетекші рөлі мен сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде екінші шетел тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынасты жүзеге асыру сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениеті негіздері

    Қоғамға қарсы құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша азаматтық ұстанымды қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жетілдіру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін моральдық-адамгершілік және құқықтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттер; Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері талданады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері және кәсіпкерлік

    Жеке қаржыны басқару, қаржы нарығының негізгі құралдары туралы білім жүйесі, тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін тиімді орындауға мүмкіндік береді және кәсіпкерлік қызметті қаржыландыруды, кадрлік қамтамасыз етуді, кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасын үйретеді. Халыққа кәсіпкерлік қызметті қалыптастыруға және дамытуға, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға және көтеруге, қазіргі таңда қызмет атқарып жүрген кәсіпкерлерге де қолдау көрсету бағдарламаларын қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экожүйе және құқық

    Экологияның ғылым ретіндегі міндеттері, оның негізгі бөлімдері; экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы менеджмент; табиғатты қорғаудың құқықтық аспектілері; негізгі экологиялық түсініктердің сипаттамасы және табиғи жүйелердің қызмет етуіндегі заңдылықтар; қоршаған ортаны бақылау, өткізіліп жатқан оқиғалардың заңдылығы; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдеби мәтінді лингвистикалық талдау

    Лингвистикалық зерттеуге байланысты тілдік бірліктер, мәтіннің позициялары, лингвистикалық технологиялар, көркем мәтінді талдау әдістемесі, лингвистикалық, социолингвистикалық, дискурсивтік, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік, стратегиялық компоненттерінің құрамын дамыту арқылы шетел тілін меңгеру жұмысын жетілдіру және тереңдету мәселелерін зерттейді. Көркем мәтінге тілдік түсініктеме беру, тілдік талдау, лингвистика саласы көркем ойды жеткізудегі негізгі құрал есептеледі, лингвистикалық мәтіндерді стилін, принциптерін, мазмұнын, құрылымын түсініп, оны әдеби талдауға үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Ғылыми-зерттеудің әдістемесі, ерекшеліктері; ғылыми зерттеудің процедурасы; ғылыми зерттеу бағдарламасы, ғылыми зерттеу мақсаты; ғылыми-зерттеудегі математикалық әдіс; бастапқы ақпаратты жинақтау әдістері (сауал әдістері: анкеталау, интервью, эксперттік сауал, эксперимент, контент-талдау, социометриялық сауал) туралы мәліметтер қамтылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі

    Педагогика ғылымының негізінде анықтала отырып, педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі пәнінің мақсат-міндеттері, категориялары, құрылымы, әдіснамалық негіздері, негізгі даму кезеңдері, педагогикалық процестің түсініктері, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері және қолданылатын құралдары қарастырылады. Педагогика ғылымының өзекті мәселелері, ҚР қазіргі заманауи тәрбие тұжырымдамалары, мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі және тәрбие жұмысының диагностикасы сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мәдениетаралық қарым-қатынас мәнмәтініңдегі базалық шетел тілі

    Қарым-қатынас жасау үшін шетел тіліндегі көп мәдениетті деңгейдің дағдылары мен жеке қасиеттеріне негізделген білім төрт түрдегі сөйлеу әрекетінен тұратын тыңдау, оқу, жазу, қарым-қатынас, коммуникативті және мәдениаралық дағдылар, сөйлеу әрекетінің негізгі сапалық деңгейлері, мәдениетаралық дағдыларға қол жеткізу, бақылау және жазбаша қарым-қатынас жасау зерттеледі. Пәндік мазмұнды деңгейлік іріктеу және оқыту, тілді меңгерудің бірыңғай бақылау және бағалау механизмін енгізу мәселелерін мәдениетаралық қарым-қатынас мәнмәтініңдегі базалық шетел тілі пәні зерттеледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Елтану

    Тілін үйренетін ел туралы толық мәлімет беру, ел туралы тарихи, географиялық, экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени және әлеуметгік сипаттағы мағлұматтарды қамтитын білім кешенімен қаруландыру, студенттерге басқа ел туралы жан-жақты мағлұматқа ие болу, танысу, интеграциялық мүмкіншіліктерін пайдалану, шетел тілін мәдениетаралық қатынас құралы ретінде меңгеруге қажетті елтану, лингво елтану және іскерлік ағылшын тілі біліктілігін қалыптастыра отырып, оқыту қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы

    Балалар мен жасөспірімдердің физиологиясы мен дамуыныңмодельдері, денсаулықты сақтау мен нығайтуғабайланыстыжекежәнепсихологиялық тұлғалық ерекшеліктер, оқушылардың, баламен және мұғалімнің дағдыларын анықтау және дамыту, оқушылар мен балалардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын жүргізу, және оны ұстанудың артықшылықтарын түсіндіру, жұмыс орнында денешынықтыру және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Лексикология

    Сөзді және сөздердің жиынтығы–тілдің сөздік құрамын (лексикасын), сөздердің ауыспалы топтарын, тілдің негізгі бірлігі, лексикалық бірліктердің семантикалық құрылымы, сөз тіркестері, морфемалар, фразеологиялық бірліктер, сөздік құрамның этимологиялық сипаттамасы, лексикографияны зерттейді. Лексикалық және грамматикалық валенттілік ауқымын кеңірек зерттеп, полисемантикалық және сөз кластерлері мен жиынтық өрнектерді құрады. Лингвистика ғылымының заңдары мен заңдылықтарын талқылау, осы саладағы қазіргі заманғы ғылыми-теориялық көзқарастарды талдау зерттеледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіби қазақ (орыс ) тілі

    Адам іс-әрекетінің еңбек қызметі саласын қамтамасыз ететін пәндік феномен ретінде кәсіби қазақ (орыс) тілінің рөлі; пәндік-тілдік материалдарды меңгеруді басты құрылымдары; қазақ (орыс) тіліндегі кәсіби терминология; арнайы кәсіби бағытталған материалдар және оларды кәсіби жағдаяттарда берілген тапсырмаларда қолдану; кәсіптік құзіреттілік: орыс тіліндегі мәтіндерден бағдар алу, кәсіби мазмұнда монологты баяндау және т.б.; Кәсіби қазақ (орыс) тілінің мамандық пәндерімен байланысы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ағылшын тілін оқытудағы CLIL технологиясы

    Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыратын бірқатар материалдардағы білім, дағдылар, қажетті ақпаратты іздеу, талдау, іріктеу, өңдеу және беру қабілеті мен қабілеті, тілдік оқыту шет тілі білімін қосымша пайдалануды, коммуникативтік дағдыларды дамытуды, тыңдай білуді, сұрақтар қоюды және сұрақтар қоюды қамтамасыз етуді үйренеді. CLIL әдісі бойынша ағылшын тілінде жүргізу метапәндік байланыстарды қамтамасыз етеді және жаңа білім беру стандарты принциптерін дамытуда практикалық нәтижелерге жеткізеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мамандандырылған кәсіби шетел тілі

    Кәсіби ақпарат пен сөйлесу дағдыларын алу үшін арнайы әдебиеттерді оқу және аудару дағдыларын игеру, кәсіби қызмет саласында ақпарат алуға мүмкіндік беретін деңгейдегі шетел тілін білу, оқудың жетекші рөлімен сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде шетел тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынасты жүзеге асыру, танымдық, тұжырымдамалық, коммуникативтік, әлеуметтік-мәдени, рефлексивті-дамытушы, тұтасбілім беру жүйесін қалыптастыру, білім беру үдерісіне қойылатын талаптарды анықтау, пәндік мазмұнды деңгейлік іріктеу және оқыту, тілді меңгерудің бірыңғай бақылау және бағалау механизмін енгізу мәселелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Стилистика

    Стилистиканың теориялық негізіндегі зерттеулер мен жаңа зерттеулер, теориялық білімді орындау, стилистикалық лингвистердің дағдыларын қалыптастыру, стилистикалық мәтін үлгілерін өз бетінше жазу мүмкіндігі, стилистикалық лингвистердің сезімін дамыту, тілдің әдеби нормалары басым, жазбаша тіл мен мәдениетті жетілдіреді, тіл процесінде тілдің қалай қолданылатынын тексереді және тіл мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті, прагматикалық және эстетикалық әрекеттерді зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект негіздері

    Жасанды интеллекттің іргелі принциптерімен және оны тиісті салаларда қолданумен, негізгі ұғымдарымен, әдістерімен және технологияларымен және олардың әртүрлі салаларда практикалық қолданылуымен танысады. Студенттер болашақ кәсіби қызметіне сәйкес машиналық оқыту, нейрондық желілер, жасанды интеллект қолдану салалары сияқты негізгі технологияларды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Теориялық грамматика

    Шетел тілінің грамматикалық құрылымына мысал келтіре отырып, тілдің семантикалық құрылымы мен грамматикалық бірліктердің ұйымдастырылуы туралы түсінік, графикалық тыныс белгілерін білу және орфографиялық білімдер қалыптастырады, әр түрлі жанрлардағы түпнұсқалық мәтіндер негізінде оқу техникасын дамытады. Қазіргі теoриялық грамматикада морфологиялық және синтакгистік құрылымдар арасындағы айырмашылықтар, мысалы, еуропалық тілдерде, кем дегенде, синтаксистік конструкциялардың дұрыс болуы мүмкін екендігі қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Коммуникативтік грамматика

    Грамматикалық нормалар, сөз таптары, синтаксис, орфографиялық және оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу, фондық, лингвомәдени, коммуникативтік және прагматикалық, қарым-қатынас кезінде мәдениетаралық қатынас, сөйлеу этикеті, ұлтаралық коммуникациянызерттеу, грамматикалық дағдыларды дамыту, студенттердің коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырады. Тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі бастапқы қызметі грамматика арқылы жасалады, сондықтан коммуникативті грамматика сөйлемдерді құрылымдық тұрғыдан емес, олардың мазмұны, семантикасы тұрғысынан зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Іскерлік ағылшын тілі

    Ағылшын тілінде іскерлік келіс-сөздері, іскери идиомалар, әртүрлі келісімшарттарды құрастыру, кәсіби презентацияларға қолдануға болатын терминология мен дағдылар және басқа да іскерлік құжаттарды жүргізу, кәсіби контексте ағылшын тілінде тиімді қарым-қатынас жасауға үйрету, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынаста ағылшын тілінде жазу және сөйлеу қабілетіңізді жақсарту, іскерлік қарым-қатынастың сөздік қоры, арнайы терминдер және олардың грамматикалық, лексикалық және стилистикалық аспектілері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Кәсіби-бағытталған шетел тілі

    Тілді меңгеру деңгейі В1және В2 деңгейлері, кәсіби шет тілін оқытылатын пән ретінде қарастырады, кәсіби және ғылыми терминологиямен қатар жаңа заман талабына сай инновациялық технологияларды пайдалану, кәсіби жабдықтар мен ерекше еңбек жағдайлары, шет тілдеріне негізделген мамандандырылған пәндердің мазмұндық сипаттамалары, негізгі шартсыз тұжырымдамалық аппарат және оның шетел тіліндегі түрі, "Шетел тілін кәсіби бағытта оқыту", "Шетел тілі бойынша кәсіби біліктілік" ұғымдарының анықтамалары сонымен қатар болашақ мамандарға арналған шет тілін оқытудағы негізгі әдістері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Екінші шетел тілі (В1 деңгейі)

    Неміс тілінде күнделікті қарым-қатынас процесіне жеткілікті лингвистикалық біліктілікті қалыптастырады, қажетті типтік жағдаяттарда қатысым жасай алады, тілдік қарым-қатынас үшін қажетті сөздер мен сөйлемдердің материалдық тұрпатын жасаушы тілдік жүйенің элементтерін қарастырады, сөз ағымындағы жекелеген дыбыстардың тілдің мазмұндық бірліктерімен байланысын зерттейді.Неміс тілінде әлеуметтік- тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-кәсіби аялар мен тілдік материалдар негізінде құрылған тақырыптар мен тақырыптар бойынша қатысымдық іс-әрекеттің продуктивті түрлерін орындайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ағылшын тілінде бұқара алдында көркем сөйлеу

    Сөйлеу мәдениеті, әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрлерінің ерекшеліктерін; қазіргі заманғы ағылшын тілінің стилі, «тілдік норма» үғымын, оның түрлері мен типтерін;тіл тазалығы мен тіл анықтығы негізі ретінде лексикалық нормаларды; ағылшын тілінің кәсіби мәтіндерін талдау, мәтінге стилистикалық талдау жасау, кәсіби мәндегі монолог түрінде ойын жазу, мәтіндегі қателерді табу, жөндеу, берілген стильдік және жанрлық тапсырмалар бойынша өзіндік мәтін құра білу, бұқаралық коммуникация мәтіндерін құрауда түрлі жанрлық сипаттағы мәтіндерді жазудың заңдылықтары мен құрылымын анықтау дағдыларын қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • TOEFL курсы

    Жазбаша жаттығулар, мәтіндері тыңдап түсіну, деңгейлер бойынша тестілеу, тақырып бойынша әртүрлі мәтіндер, сөздік, диалектикалық вариациялар, прагматика және дискурстық талдау, оқылған түпнұсқа мәтінді түсіну үшін сұрақтардың барлық түрлерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін түсініктемелері бар жаттығулар мен практикалық тесттер, ағылшын тілі біліміне қатысты сәттері мен TOEFL емтихан ережелерін меңгеру зерттеледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Үйден оқу

    Студенттердің, сөйлеу тематикасына сәйкес диалогтық және монологтық аутенттік мәтіндерді дыбыстап айту, сөйлесу кезінде түсіну қабілетін дамыту, коммуникативті компетенцияны дамыту процессіндегі студенттердің үлкен көлемде грамматикалық материалдарды қабылдау біліктілігін қалыптастыру. Студенттердің оқудағы материалдарының мазмұны және оны оқытуәдістері мен формаларына, танымдылық процессіне сәйкес тәрбие беру жүйелі түрде іске асырылады, грамматикалық материалдарды қабылдау біліктілігінің арттырылуы сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Базалық шетел тілі (В1 деңгейі)

    Сөйлеудің тақырыптық мазмұнының мәдениетаралық түпнұсқалық байланыстылығы әртүрлі тілдік материалдар арқылы жүзеге асыру, жазу және жазба іскерлігінің қалыптасу деңгейін қарастыру, шетел тілдерін оқып-үйренудің бастапқы деңгейінде функционалды сауаттылыққа сөз әрекетінің төрт түрінде коммуникативтік іскерліктерін қалыптастыра білу, коммуникативтік әрекеттің продуктивтік түрлерін үйретеді. Базалық шетел тілі пәнінде танымдық, тұжырымдамалық, коммуникативтік қалыптастыру, білім беру үдерісіне қойылатын талаптарды анықтау, пәндік мазмұнды деңгейлік іріктеу және оқыту, тілді меңгерудің бірыңғай бақылау және бағалау механизмін енгізу мәселелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Инклюзивті білім беру

    Балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есініңж ағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу жолдары мен тәсілдері сипатталады. Инклюзивті білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары, білім беру қызметінде инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, инклюзивтібілім беру жағдайында оқу-тәрбие процесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудіңз аманауи моделдері мен оны іске асыруы жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Іскерлік неміс тілі

    Бүгінгі іскерлік неміс тілі ең маңызды пәндердің бірі болып табылады. Іскерлік карым-қатынас, іскерлік тіл деген ұғым арнайы анықтамасы және ғылыми негізінің жоқтығына карамастан, іскерлік. неміс тілі әртүрлі деңгейде,гүрлі мақсатта оқитын топтарда пән ретінде оқытылады. Неміс тілінде келісім шарттар құру және іскерлік құжаттарды жүргізу, іскерлік қарым-қатынас лексикасы, арнайы терминдер және олардың грамматикалық, лексикалық, стилистикалық тараптары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Салыстырмалы типология(ағылшын және қазақ)

    Тарихтың негізгі тұжырымдамаларын қолдана отырып, тілді үйренуге және үйретуге кіріспе, тілдің негізгі принциптерін қолдана отырып ағылшын тілін ана тілмен салыстыра білудің ерекшелігі, қазақ және ағылшын тілдеріндегі айырмашылықтарды зерттеуге арналған нұсқаулық және ұқсастықтарын кәсіби қызмет негізінде қарастыру және тілді анықтаудағы айырмашылықтар, салыстырмалы тілдерді трансформациялық түсіндіру, болашақ кәсіби қызмет үшін ұтымды негіз құруды қалыптастыруға бағытталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Ағылшын тілінің тарихы

    Ағылшын тілінің қайнар көздері, жазба ағылшын бастамасы, ағылшын және неміс тілдерінің тарихи байланыстылығы, ағылшын тілінің маңыздылығын зерттейді. Тілдің тарихында басқа тілден енген сөздер, әдетте тілдің бар болуының кезеңінде қарастырылады. Ағылшын тіліне қатысты лексикалық сөдердің түсінігін анықтайды, ағылшын тіліне басқа тілдерден енген сөзерді қарастырады және ол материалды білім алушылар қабылдау біліктілігін арттырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Британдық және американдық ағылшын тілі

    Британдық және американдық ағылшын тілдері арасындағы негізгі айырмашылықтар, айтылу пен үнсіздік, стресс пен интонациядағы, сөздік – зат есімдері мен етістіктердегі айырмашылықтар, фразалық етістіктерді пайдалану және нақты құралдар немесе элементтердің атаулары, емле, сөздік айырмашылық, Британдық грамматикадағы америкалық әсер, британдық ағылшын тілінің «американизациясы», Британдық ағылшын және американдық ағылшын тілінің сөздігі ұқсастықтарын анықтау, қолдану жолдарын зерттеледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Тіл және мәдениетаралық коммуникация

    Қоғамдағы мәдениетаралық коммуникацияның ерекшеліктері, мәдениетаралық, халықаралық қарым-қатынас пен байланысты келелі мәселелер, коммуникацияға ықпал ететін факторлар және әртүрлі мәдениет өкілдерінің қарым-қатынасы, тіл мен мәдениеттің арақатынасы, тілдің өзіне ғана тән ерекшеліктері мен оның жасалу жолдары, құрылымы, тіл жаратылысы, жеке тұлғаның қалыптасуына тілдің ықпалы, ұлттық мінез және оның қалыптасуындағы тілдің рөлі, тіл және мәдениет арқылы әлемнің жаңа бейнесінің қалыптасу мәселері зерттеледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Базалық шетел тілі (В2 деңгейі)

    Қарым-қатынастың арнайы кәсіби аясы, білім және ғылым, шетел тілдік құзырлығын, лингвистикалық және социолингвистикалық дискурсивтік, әлеуметтік-мәдени дамыту арқылы шетел тілін жоғары деңгейлерде меңгеру жұмысын одан әрі жетілдіру және тереңдету дағдыларын қалыптастырады, ауызша және жазбаша сөйлеу қатынас, полемика іскерліктерін одан ары толық жетілдіруді, шығармашылық іскерліктерін дамытуды, критикалық ойлау қабілетінің дамуына және мәтінді талдау кезінде өз ойларын ағылшын тілінде дұрыс жеткізуге үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Шетел тілін мектепте оқытудың өзекті теориясы мен әдістемесі

    Шетел тілін оқытудың қалыптасу процесі және оның негізгі ерекшеліктері, шетел тілін оқытудың мазмұндық негіздері, замануи әдістемелік ғылым мен жаңа үлгідегі мектептегі шетел тілдерін тиімді түрде үйретуді іске асыра алатын мұғалімдерді жоғары кәсіби деңгейде дайындау, қазіргі даму перспективасы туралы түсінік, когнитивтік-типтік шеттілдік білім беру туралы түсінік, әдістемелік жүйенің негізгі категорияларын, инновациялық педагогикалық және коммуникативтік-ақпараттық технологияларды меңгеруді қамтамасыз ету жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Ағылшын тілінде тыңдау және сөйлеу

    Қарым-қатынас процесінде студенттерді әдеттегі дұрыс жағдайларға бейімделуге, өмір сүру жағдайларын сипаттауға ыңғайландыру, тілдік жүйенің ерекшеліктерін зерттей отырып, тақырып сөздік үшін мәтіннің мазмұнын байыту, мәтіндік мазмұнды, оқиғаларды, кейіпкерлерді, жағдайларды талдау, шет тілін қатынасу құралы ретінде және қатынастың тыңдау және сөйлеу формаларын ресми және биресми жағдайларында қолдана алады, әр деңгейдегі қиындықтардағы арнайы, ғылыми, көркем мәтіндермен жұмыс жасай біледі, шетел мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық ерекшелігі жайында толық хабардар болады .

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Екінші шетел тілі (В2 деңгейі)

    Екінші шетел тілінде әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-кәсіби аялар мен тілдік материалдар негізінде құрылған тақырыптар мен тақырыптар бойынша қатысымдық іс-әрекеттің продуктивті түрлерін орындайды, сөйлеудің пәндік мазмұнын меңгереді, тілдің лингвомәдени нормасына сәйкестік сөйлеудің лингвистикалық дұрыстығын ажырата біледі және меңгереді. Екінші шетел тілінде күнделікті қарым-қатынас процесіне жеткілікті лингвистикалық біліктілікті қалыптастырады, қажетті типтік жағдаяттарда қатысым жасай алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Жазбаша аударманың практикасы

    Жазбаша аударма арқылы тіл аралық қатынастар жағдайында жазбаша аударманы қамтамасыз етуде лингвистикалық және аудармашылық хабардарлықты қалыптастыру, жазбаша аударма ерекшеліктері, түрлері, кезеңдері және технологиясы туралы түсінік беру, мәтінді талдау, бастапқы мәтінді кодтау, соңғы мәтінді редакциялау іскерлігін қалыптастыру, жалпы теориялық білімді бекіту, мәтіннің аудармашылық талдау қабілетін дамыту, әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазбаша аудару барысында практикалық қабілеттерін дамыту, аударма тәсілдерін қолдану әдісінд амыту зерттеледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • IELTS курсы

    Кәсіби термин, сөйлеу дағдылары, аудио-визуалды тыңдап түсіну, түрлі лексикаларды меңгеру, деңгейлер бойынша тестілеу, тақырып бойынша еркін сөйлеу этикеті, ауызша және жазбаша түрдегі кәсіби қарым-қатынастың тиімді әдістерін оқып үйрену, сондай-ақ дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін түсініктемелері бар жаттығулар мен практикалықтесттер, ағылшын тілі біліміне қатысты сәттері мен IELTS емтихан ережелерін меңгеру зерттеледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жаңартылған білім негізінде оқытудың әдіс-тәсілдері

    Білім беру контентін жаңартудың мақсаты Қазақстандық білім берудің заманауи білім беру үрдістері мен үздік тәжірибелерін интеграциялау, барлық пәндерді оқу кезінде АКТ пайдалану дағдыларын дамыту, ақпаратты іздеу және өңдеу процесінде команда ішінде идеялармен алмасу, өз жұмысын бағалау және жетілдіру, әртүрлі құрылғылар мен қосымшалардың кең спектрін пайдалану және жаңа білім беру стандарты принциптерін дамытуда практикалық нәтижелерге жеткізу қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдеби мәтінді филологиялық талдау

    Әдеби мәтінді филологиялық талдау әдеби, лингвистикалық және мәдени-тарихи талдаудың үйлесімін болжайды, мәтінді мақсатқа сай тереңдей-зерттей оқу, мәтіннің мазмұнын, көркемдік сапасын жеткізетін тұстарын ашып, сипаттау, сөзбе – сөз мәтінді түсіндіру, лингвистикалық талдау, мәтіннің лексикасын, сөйлеуін және грамматикалық бірліктерін зерттеу, сонымен қатар оның мазмұнын анықтау және сипаттап көрсету қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ағылшын тілін академиялық мақсатта оқыту(С2 деңгейі)

    Академиялық қатынастың негізгі ұғымдарын, түрлерін, формалары мен функияларын; ақпарат жинау, өңдеу және сақтаудың түрлері, әдіс-тәсілдерін; ғылыми стиль ерекшеліктерін және олардың оқу және ғылыми академиялық қатынас аумағында жүзеге асыру тәсілдерін; оқу академиялық ортадағы вербальды және вербальды емес қарым – қатынас тәртібінің үлгілері мен стратегияларын, сонымен қатар қарым – қатынас интенцияларын жүзеге асыру амалдарын; академиялық мәтін (дискурс, әдеби – сөйлеу типтері, мазмұндама формалары, анализ және аргументация тәсілдері құрылымдық және мазмұндық ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Аударма теориясы

    Аударма теориясының салалары, принциптері, зерттеу әдістері мен тәсілдері, тілдердің арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары, эквивалент және бейэквивалент тіл бірліктері, аударма түрлерін зерттеу, аудармашылық ізденістер жүргізетін машықтық іс-әрекеттерді қалыптастыру, функционалдық стильдерге жататын мәтіндерді бір тілден екінші тілге аударуға үйрету жолдары сипатталады. Мәтіндік материалды аударудың негізгі принциптері, стратегиялары және алған дағдыларын практикада қолдану, аударма функцияларын, түрлерін, кезеңдерін және технологияларын ұсыну жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Шетел тілін арнайы мақсатта оқыту(С1 деңгейі)

    Коммуникативті-этномәдени біліктілік пен студенттердің кәсіби біліктілігін, кәсіби-негізделген қатынас стиліне негізделген тапсырмалар шешу арқылы кәсіби бағытталған қабілеттерді қалыптастырады,тілді меңгерудің өзінің стартегиясын анықтау, оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдану,коммуникативті-интермәдени және кәсіби біліктіліктерін дамыту,қарым-қатынас шеңберін аудио және бейне мәтіндер негізінде іске асыру, композициялық- қатысымдық сөз түріне және оқытылып отырған тілдің нормативтік талаптарына сәйкес продуктивті жазба сөзді меңгеру, ережелерді сақтай отырып өз пікірін білдіру мәселелері зерттейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инновацялық технологиялар мен мектепте оқыту процесін ұйымдастыру

    Шет тілдерін оқытудағы инновациялық технологиялар- білім беру жүйесіндегі инновацияны және инновациялық ұйымды қамтитын құбылыс, ол инновациялық процестің даму бағытын, ұйымдастыруды, жаңасын қалыптастыруды, тақырыпты құру, дамыту және дамыту тәсілдерін жүзеге асыру үшін жаңа әдістер мен технологияларды ұсынуды анықтау жолдарын зерттейді. Ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту, әрбір білім алушының қабілетіне қарай білім беруді, дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеру мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тілі оқылатын елдер әдебиеті

    Ағылшын әдебиетінің қалыптасуы мен әртүрлі ғасырлардағы маңызды этаптарын үйрету, әсіресе поэмалар мен мақал-мәтелдерді, нақыл сөздер сияқты прозалық шығармаларын меңгеру, шет тілінде әдеби және көркем мәтіндерді оқу дағдыларын белсендіру, студенттердің ағылшын тілінде проза мен поэзияға деген қызығушылығын оятуға көмектесу, сөздік қорын және жалпы дүниетанымын кеңейту, ағылшын әдебиетін тарихи кезеңдерін оқыту,проза және поэзияның даму үрдісімен таныстырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Оқып жатқан тілдің синтаксисі

    Тілдің теориялық, іс-тәжірибиелік, дүниетанымдық, шығармашылық іс-әрекеттерін зерттеу,тіркестер, сөйлемдердің жүйелері, заңдары, сөздердің семантикалық табиғатын, сөздің әсерлілігі, сөйлеудің қалыптасу ережелерін, аналитикалық сөйлеу шығармаларының тілдік ерекшелік терін білу, сөйлемнің құрылымын, сөйлемнің тіркесімін және осы тіркесімдерденқұрудызерттейді. Оқып жатқан тілдің синтаксисі студенттерге шет тілі сыныптарындағы таңдамалы және принципті оқыту түрлерін, жаңа инновациялық технологиялардықолдану арқылы оқытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Пәндік және пәнаралық саланың негізгі бөлімдері бойынша білімін және интеграциялауды көрсете алады, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғынады.
  • Дәстүрлі және жаңа бағыттағы аударманың тұжырымдамалық және когнитивтік қорын талдайды, тіл білімінің аударма сипатын таниды.
  • Оқып жатқан тілдің орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын меңгереді, зерттелетін саладағы фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы тілдік тәуелділіктерді біледі және түсінеді
  • Аударма теориясының танымдық негізін қалыптастырады, даму бағытын ынталандыратын тұжырымдамалық бірліктерді жүйелейді.
  • Ғылыми зерттеу әдістері мен тәсілдерін іріктеу кезеңін ұйымдастыра алады, педагогикалық экспериментті ұйымдастыру әдістерін жүйелей алады, қолдану орындарын, тиімділігін көрсете біледі.
  • Кәсіби және мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, өз ойларын қисынды түрде құрастыра алады, кәсіби деңгейде білім мен түсінікті қолдана біледі, дәлелдер қалыптастырады және зерттелетін саладағы мәселелерді шеше алады.
  • Шетел тілін оқыту саласында оқу процесін ұйымдастырудың әдіснамасын, теориясын, әдісін, түрін және тәсілдерін меңгереді,оқытылатын салада оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолданады.
  • Тіл мен әдебиет деректерін жинай және талдай біледі, баспасөз жарияланымдары мен ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу дағдыларын қалыптастырады және педагогикалық инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбилеудің мақсат-міндеттеріне, күтілетін нәтижелеріне және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдана біледі.
  • Шетел тілінің тілдік құбылыстарына қатысты өз бетінше зерттеу жүргізеді, мәдениетаралық шеттілдік қатынас құралы ретінде шетел тілінің барлық функцияларын толық қолдана біледі.
  • Өз көзқарасын дұрыс білдіруді, жаңа шешімдерді ұсынуды қамтамасыз ететін, практикалық білім мен дағдыларды меңгереді, зерттелген саласы бойынша білімді кәсіби деңгейде қолдана алады, әлеуметтік, этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады.
  • Стандарттарға сәйкес заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық жүйелердің бағдарламалық қамтамасыз етуінің барлық түрлерін әзірлейді, тестілейді, енгізеді және сүйемелдейді.
  • Тілдік ресурстар мен әдебиеттерді меңгереді, талдайды, пайдаланады, зерттелетін салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті дербес іздеу және шығармашылық қабілеттерін, оқыту дағдыларын дамытады.
Top