Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01703 Шетел тілі: екі шетел тілі в Қызылорда "Болашақ" университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстан тарихы мен философияның, ұлттық және жеке қорлардың, мәдени ашықтық пен экономикалық білімдердің теориялық негіздерімен әдіснамалық тәсілдерін біледі, негізгі тарихи оқиғаларды, экономикалық деректерді және әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени даму үдерістерін талдайды, ағылшын тілін біледі, қазақша және орысша сөйлейді, тәрбие, оқыту және білім беру тәжірибесінің пайда болып дамуы және әр тарихи дәуірдегі тәлімдік ой-пікірлер мен теорияларды жүйелеп талдай алады. Табиғи ортаны сақтау мен қоғамның тұрақты дамуы туралы білімі толығады. Психологиялық көзқарасы қалыптасады. Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әртүрлі саладағы кәсіби қызметте пайдалана алады. ЖИ модельдерін құрастырып, оларды нақты мәселелерде қолдана алады. Қаржыны тиімді басқару дағдыларын меңгереді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіндегі халықаралық тәжірибені саралап, меңгереді.
  • Шет тілін оқытудың қазіргі жүйесіндегі шет тілі мен шетел мәдениетінің рөлін түсіне отырып, екі шет тілін оқыту әдістемесі мен сабақтарды ұйымдастыру саласында педагогикалық инновацияларды қолдана отырып, кәсіби дербестікті, қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіруге қабілетті.Инклюзивті білім және тәрбие беру мен әлеуметтендірудің психологиялық-педагогикалық негіздерін меңгереді.
  • Екінші шет тілін теориялық пәндердің барлық циклімен тығыз байланысты жүйе ретінде ағылшын тілінің грамматикалық, фонетикалық құрылымы туралы түсінікке ие бола отырып, кәсіби қызмет саласындағы ақпаратты алуға және бағалауға мүмкіндік беретін деңгейде меңгерген, коммуникативтік-интермәдениетті және кәсіби құзыреттілікті одан әрі жетілдіруге қабілетті.
  • Ритмикалық-интонациялық дағдыларды, қазіргі шет тілінің грамматикалық құрылымын, фонетикалық ұғымдар мен тілмен жұмыс істеу тәсілдерін қолдана отырып, мәтін интонациясының негізгі элементтерін талдауға қабілетті.
  • Лингвистикалық заңдар мен лексикалық бірліктерді қолдана отырып, қазіргі заманғы ағылшын тілінің сөздік құрамын, сондай-ақ ағылшын тілін ғылыми академиялық қарым-қатынастың негізі ретінде меңгере отырып, теориялық білім жүйесінде стилистикалық талдаудың қағидаттары мен әдістерін қолдана отырып, практикалық дағдыларды дамытуға қабілетті. Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдалана алады.
  • Тілдің дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтарын талдай алады, педагогикалық қызметті жүзеге асыра алады, оның мәні, функциялары, құрылымы мен ерекшелігі туралы біле отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдайларды қолданудың әлеуметтік маңыздылығын түсінуге қабілетті.
  • Ағылшын тілінің тарихи жолдары, тарихи даму кезеңдері, тілдің қазіргі және ерте тарихындағы маңызды мәдени, тарихи және әлеуметтік оқиғалар туралы білімге ие бола отырып, тіл тарихындағы лингвистикалық факторлардың өзара байланысы және оның фонетикалық, лексикалық және грамматикалық жүйесінің дамуы туралы білім жүйесін іс жүзінде қолдана алады.
  • Ағылшын және американ әдебиетінің ерекшеліктерін, түркі тілі әдебиетінің ұлттық ерекшеліктерін қолдана отырып, мәдени диалогты қолдауға, сондай-ақ аударма мәселелерінің ерекшеліктерін біле отырып, мәтіндегі интонацияның негізгі элементтері бар сөздің, фразаның, мәтіннің мағынасын талдай отырып, кәсіби аударма жүргізуге қабілетті.
  • Тіл құралдарын (фонетика, орфография, лексика, грамматика) қолдануға қабілетті, Екінші шет тілі тұлғааралық қарым-қатынас құралы ретінде, қоғамда табысты қарым-қатынас жасау үшін тіл білімін практикалық қолдану дағдыларын игере отырып, кәсіби қарым-қатынас шарттарына сәйкес тілдік мінез-құлық қағидаттарын қалыптастырады.
Top