6B01704 Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау в Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Еңбек нарығының талаптарына сәйкес жалпымәдени және кәсіби құзыреттіліктерге ие, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімін даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
Тәшеневтану
Студенттердің бойында сананың ашықтығы, өзіндік ұлттық код, ұлттық сана-сезім, рухани жаңғыру, бәсекеге қабілеттілік, реализм және прагматизм, сыни ойлау, білімге ұмтылыс қасиеттерін қалыптастыруға, олардың әділдік, намыс, еркіндік және тағы басқа дүниетанымдық ұғымдарды игеруіне, сонымен қатар, толеранттық құндылықтарын, мәдениетаралық сұқбат пен бейбіт өмір сүру мәдениетін нығайтуға және дамытуға бағыттау мақстатында оқытылады. Қоғамдық сананы жаңартудағы және қазіргі заманның жаһандық міндеттерін шешудегі «Тәшеневтану» пәнінің аясында білім алушылардың тұлғалық, көшбасшылық идеяларын және әдістемелік мәдениет негіздерін игереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Тіл біліміне кіріспе
Тіл білімінің тарихын, теориясы мен әдістемесін, осы саладағы түрлі мектептер мен ғалымдардың тұжырымдамалары мен ғылыми көзқарастарын біледі; өзбек тіл білімі, жалпы тіл білімі бойынша білім алады, тіл ғылымының өзекті мәселелерін меңгереді және оларды ғылыми қызметте қолдану жолдарын біледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы
Пән балалар мен жасөспірімдердің өсу және даму заңдылықтары, жүйке жүйесінің физиологиясы мен гигиенасы, ойлау жүйесінің психологиялық ерекшеліктері, темперамент ерекшеліктері, жоғары жүйке жүйесі, сенсорлық жүйелердің физиологиясы және гигиенасы, оқу және тәрбие жағдайларының оқушылардың денсаулығына әсері, балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру жағдайлары туралы білімді меңгеруге бағытталған
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Компьютер лингвистикасы
Лингвистикалық мәселелерді шешуде компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу бойынша білім, дағды, құзыреттіліктерін қалыптастырауда АКТ-ны қолданады; лингвистикалық пәндер жүйесіндегі өзбек тілінің заңдылықтары жайлы негізгі ұғымдарды қарастырады; қазіргі өзбек тілі саласындағы фонетикалық, лексикалық талдаудың негізгі тәсілдерін қамтыған білімдер жүйесін инновациялық техноло-гиялар арқылы тәжірибеде қолданады, сы-ни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өзбек терминологиясы
Өзбек терминологиясының қалыптасу және даму кезеңдері, өзіндік және меңгерген сөздік қорлары туралы алдын ала білім алады, сөздікпен жұмыс жасайды, терминдерді іс жүзінде талдай алады, лексема мен терминнің айырмашылығын ажырата алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Өзбек диалектологиясы
Өзбек әдеби тілі, оның нормалары, тілдегі жергілікті ерекшеліктер, кәсіби сөздер, сөйлеу ерекшеліктерінің, диалектілердің пайда болу, қалыптасу жолдарынан, зерттелу тарихынан хабардар етеді; өзге ғылымдармен байланысына көз жеткізіп, талдау нәтижесінде тілдік заңдылықтарды тұжырымдайды, әдеби тілді практикада дұрыс қолдануды үйретеді
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Әдеби зерттеу негіздері
Әдеби шығарманың көркемдігін қамтамасыз ететін факторлар, оның эстетикалық тартымдылығын құрайтын элементтер, жазушы стилі, көркем шығарма және жасаушының дүниетанымы туралы білімдерін көрсетеді; көркем шығарма мен қоғамның көзқарасы, көркем шығармашылықтағы адам рухының көрінісі сияқты мәселелерді зерттейді, оларды конфликттік жағдайларда талдайды, орынды ғылыми баға беру жолдарын үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Әдебиеттану негіздері
Әдебиеттің спецификалық сипаттамалары, көркем бейне, көркем бейне құралдары, әдеби түрлері мен жанрлары; әдебиеттану ғылымындағы теориялық мәселелерді және әдеби процесті, көркем шығарманың формасы мен мазмұнын, поэтикалық жүйеге қатысты теорияларды жан-жақты меңгереді
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Экожүйе және құқық
Экологияның ғылым ретіндегі міндеттері, оның негізгі бөлімдері; экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы менеджмент; табиғатты қорғаудың құқықтық аспектілері; негізгі экологиялық түсініктердің сипаттамасы және табиғи жүйелердің қызмет етуіндегі заңдылықтар; қоршаған ортаны бақылау, өткізіліп жатқан оқиғалардың заңдылығы; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
Тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттерін, категорияларын, құрылымын, әдістемелік негіздерін, негізгі даму кезеңдерін, педагогикалық процестің тұжырымдамаларын, формаларын, әдістерін, құралдарын қарастырады. Пәннің ғылымдар жүйесіндегі рөлі мен құндылығын талдайды; өмір бойы білім алу дағдыларын қалыптастырады; оқыту мен тәрбиелеудің күтілетін нәтижелеріне сәйкес педагогикалық инновациялық технологияларды қолдану әдістерін меңгереді
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Қоғамға қарсы құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша азаматтық ұстанымды қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жетілдіру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін моральдық-адамгершілік және құқықтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттер; Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері талданады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өзбек тілі орфографиясы мен пунктуациясының өзекті мәселелері
Студенттерде өзбек тілінің орфографиялық және пунктуациялық нормаларын тарихи қалыптасқан жүйе ретінде қабылдау, орфографиялық принциптері туралы нақты түсінік қалыптастырады, ол өзінің тұрақтылығы мен дәстүріне қарамастан баспа мәтіндерінде қалыптасқан өзгерістерді көрсете алады, студенттердің емле және пунктуация нормалары туралы бұрыннан бар білімін бекітеді және түзетеді; студенттерді өзбек емле ережелерін түзетудің негізгі бағыттарымен таныстырады; әртүрлі сөздіктермен және басқа да әдебий анықтама түрлерімен жұмыс істеу қабілетін дамытады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сөйлеу дағдыларын дамыту негіздері
Ана тілін оқытудағы сөйлеу дағдысының педагогикалық-психологиялық негіздері, ауызша және жазбаша сөйлеудің спецификалық ерекшеліктері, сөйлеуді дамытудың мазмұны мен әдістері, оқу-тәрбие процесінде жазба жұмыстарын жүргізу мен бағалау критерийлері туралы білімді игереді, ауызша және жазбаша сөйлеуді дамытуға байланысты әдістемелік жұмыстарды құрастыру және ұйымдастыру дағдылары, сөйлеуге үйрету сабақтарын анық және мақсатты ұйымдастыра білу; білім беру үрдісінде студенттердің ауызша және жазбаша сөйлеуін дамыту дағдыларын меңгереді
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өзбек фольклоры
Өзбек фольклорының тарихи қалыптасқан әдеби-лингвистикалық мектептері мен ілімдері, классикалық және қазіргі әдістері, олардың маңызды белгілері, өзбек фольклорындағы мифологиялық дүниетанымның орны, фольклорлық шығармаларды орындау дәстүрлері, жанраралық байланыс критерийлері туралы білім алады, қолдана алады, алған білімдерін практикада дұрыс қолдануды, өз идеяларын ұсынуды, шығарманы талдауды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қаржылық сауаттылық негіздері және кәсіпкерлік
Жеке қаржыны басқару өзінің әл-ауқаты мен отбасының әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін, қаржы нарығының негізгі құралдары туралы білім жүйесі, бұл тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін тиімді орындауға мүмкіндік береді және кәсіпкерлік қызметті қаржыландыруды, кадрлік қамтамасыз етуді, кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасын үйретеді. Халыққа кәсіпкерлік қызметті қалыптастыруға және дамытуға, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға және көтеруге, қазіргі таңда қызмет атқарып жүрген кәсіпкерлерге де қолдау көрсету бағдарламаларын қарастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Ғылыми-зерттеудің әдістемесі, ерекшеліктері; ғылыми зерттеудің процедурасы; ғылыми зерттеу бағдарламасы, ғылыми зерттеу мақсаты; ғылыми-зерттеудегі математикалық әдіс; бастапқы ақпаратты жинақтау әдістері (сауал әдістері: анкеталау, интервью, эксперттік сауал, эксперимент, контент-талдау, социометриялық сауал) туралы мәліметтер қамтылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өзбек әдебиеті тарихы: ерте дәуірдегі жазба әдебиет нұсқалары
Пәнаралық байланыс негізінде өзбек әдебиеті тарихын қалыптасуы кезеңдері,“Авесто”, “Ўрхун-Энасой” ескерткіштері, “Тўмарис”, “Широқ” және Күлтегін мен Тоныкөк ескерткіштері, ҮІІІ-ІХ ғасырлардағы жазылған ерлік эпостары т.б. халықтың дүниетанымы мен наным-сенімі т.б. жайында жазған шығармалары жайлы білім мен түсініктерін қалыптастыруды қарастырады; әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты сыни тұрғыдан талдауды, шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді шығармашылық ізденіс арқылы талдайды
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект негіздері
«Жасанды интеллект негіздері» пәнін оқытудың әртүрлі бағыттарының студенттеріне арналған мақсаты жасанды интеллекттің іргелі принциптерімен және оны тиісті салаларда қолданумен танысу болып табылады. Пән студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекетінде инновациялық технологияларды қолдану қабілетін дамытуға бағытталған. «Жасанды интеллект негіздері» пәні жасанды интеллекттің негізгі ұғымдарымен, әдістерімен және технологияларымен және олардың әртүрлі салаларда практикалық қолданылуымен таныстыру болып табылады. Студенттер болашақ кәсіби қызметіне сәйкес машиналық оқыту, нейрондық желілер, сондай-ақ жасанды интеллект қолдану салалары сияқты негізгі технологияларды меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тіл мәдениеті және шешендік өнер
Мәтін құрастыру, оқу мәдениеті, ережелері, әлеуметтік-тарихи, рухани-адамгершілік, әдеби-эстетикалық процестердің талаптарын түсінеді, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытады; бармақ пен аруздік стилдегі өлеңдерін, көркем мәтінді мәнерлеп оқиды, сөйлеу мәдениетін және шешендік өнер бойынша дағдыларын қалыптастырады, сыни ойлау арқылы шығармашылыққа, проблеманы бірлесе шешуге дағдыланады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өзбек тілі мен әдебиетін оқытудағы заманауи технологиялар
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, лингвистикалық, әдеби және әдістемелік міндеттерді шешуде критериалды бағалау технологиясын қолдану тәсілдері қарастырылады. Өзбек тілі мен әдебиетін және қашықтықтан оқыту сабақтарын жобалау кезінде іс жүзінде пайда болатын мәселелерді шешудің шығармашылығы анықталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі өзбек тілі фонетикасы
Өзбек тілінің дыбыстар тізімі құрамы, дыбыстардың орындалу орнына қарай және тәсіліне қарай түрлері, сөйлемдің бөлшектерін ажырата алады: фраза, такт, буын және екпіннің түрлері, олардың атқаратын қызметтері, фонетикалық құбылыстар жайлы мәселелерді түсіндіреді. Фонетикалық талдауды практикалық тұрғыдан меңгертеді, ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып талдау арқылы фонетикалық заңдылықтарды тұжырымдауды үйретеді
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өзбек әдебиетін оқыту әдістемесі
Пән бойынша базалық-нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді талдап, тануға үйретеді; оларды басшылыққа алып, пайдалану дағдыларын қалыптастырады; қазақ әдебиеті материалдарын мектепте оқытудың әдістемелік жүйесін меңгертеді; білім берудің жаңа технологияларымен таныстырып, оны оқу үдерісінде пайдаланудың жолдарын үйретеді; кәсіби біліктілік пен құзыреттіліктерді үздіксіз дамытып, өмір бойы білім алуға, қарым-қатынаста коммуникативтілік танытуға төселдіреді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Өзбек әдебиеті тарихы (VIII-XVI ғасырлар әдебиеті)
VIII-XVI – энциклопедик ғалымдар: Ал-Бухорий, Абу Райхан Беруний, Ал-Форобий, Ибн Сино, Ал-Хоразмий... Н.Кубро, Рабғузий, Дурбек, Қутб, С.Сароий, Хоразмий, Атоий, Лутфий, Саккокий, З.Бобур, М.Солиҳ, Хожа т.б ақындар шығармашылығын метапәндік тәсілге негізделген білімдерін қарастырады және сыни тұрғыдан ұлттық мүддемен байланыстыра талдауды, алған білімін практикада қолдануды, мәтінді интерпретациялауды үйретеді, критериалды бағалаудың технологияларынан дұрыс пайдаланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазіргі өзбек тілі лексикологиясы мен фразеологиясы
Сөздер, олардың шығу тегі (этимологиясы), мағынасы мен дамуы (өздік және ауыспалы мағыналар, форма мен мағына қатынасына қарай түрлері, т.б.), сөздің семантикалық құрылымы және оған қатысты құбылыстар, тұрлаулы сөздер (фразеологизмдер) және басқа да осыған ұқсас мәселелерді зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өзбек тілін оқыту әдістемесі
Өзбек тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздерін меңгертеді және әдістеменің негізін қалаған ғалым-әдіскерлердің еңбектері мен ой-тұжырымдарына қатысты еңбектерімен, педагогика және әдістеме ғылымындағы жаңа қағидалармен, әдістеме бағыттарымен таныстырады. Инновациялық технологияларды практикада тиімді қолданудың жолдарын үйретеді; өзбек тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерін меңгертіп, кәсіби деңгейін көтеру мақсатында өмір бойы білім алуға дағдыландырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Инклюзивті білім беру
Инклюзивті білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары, білім беру қыз-метінде инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбие процесінде психологиялық-педа-гогикалық қолдау көрсетудің заманауи моделдері мен оны іске асыруы жолдары қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өзбек әдебиеті тарихы (XIX ғасырдың ІІ жартысы )
XIX ғасырдың ІІ жартысында ағартушылық дәуірі әдебиеті ақындарының өмірі мен шығармашылығы және әдеби мұралары, З.Фурқат, Завқий, Муқимий, Аваз Ўтар, Анбар отин, Дилшоди Барно т.б. шайырлардың шығармаларындағы қоғамдық-әлеуметтік мәселелердің көрінісін осы кезеңдегі тарихи оқиғалармен салыстыра отырып түсіндіреді, шығармаларды жанрлық тұрғыдан талдап, зерделеуге үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазіргі өзбек тілінің күрделі сөйлем синтаксисі
Курс материалы қазіргі өзбек тілі синтаксисі курсының негізі болып табылатын күрделі сөйлемдер синтаксисі бағдарламасының айтарлықтай бөлігін қамтиды. Күрделі сөйлемнің кез келген түрін талдау дағдыларын дамытуға, сонымен қатар мәтін бірліктеріне – күрделі синтаксистік тұтастыққа, абзацқа, біреудің сөзін, диалогтық бірлікке синтаксистік талдау жүргізуге көмектеседі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазіргі өзбек тілі синтаксисі
Қазіргі өзбек тіліндегі сөз тіркестерінің түрлері, олардың жасалу жолдары, байланысу формалары мен тәсілдері, сөйлем мүшелері, сөйлемнің түрлері, тыныс белгілері және олардың қолданылу ерекшеліктері жайлы пәннің теориялық негіздерін түсіндіреді; синтаксистік талдаудың ерекшеліктерін меңгертіп, болашақ кәсібінде дұрыс қолдануға машықтандырады; синтаксистің даму тарихын зерттеп, дұрыс тұжырым жасауға дағдыландырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазіргі өзбек тілі морфологиясы
Морфология бойынша ғылыми еңбектерді зерттеу қабілетін дамытады; морфологияның теориялық негіздері жайлы мәселелерді меңгертіп, талдаудан алған білімін практикада дұрыс қолдануға дағдыландырады; морфологиядағы өзекті мәселелерді ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйене отырып тұжырымдауды үйретеді
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Науаитану
Ә.Науаи әдеби мұрасын зерттеу, оның теориялық және педагогикалық негіздері, “Хамса” шығармасының тарихы, хамсашы ақындар шығармаларын үйренуде интеграциялық тәсілдерді зерттеу; Науаидың шығармалары; поэзия жанрының дамуы, әлем әдебиетінің және түркі халықтары әдебиетінің дамуы жөнінде түсінік қалыптастастыруды қарастырады, ақын шығармалары туралы өз ойларын сыни көзқараспен талдауды, идеялық-көркемдік ерекшеліктерін зерттеудің негізгі концепцияларын талдауды үйретеді
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Өзбек әдебиеті тарихы (XVII-XIX ғасырдың І жартысы)
Өзбек әдебиетінің XVII-XIX ғасырдың І жартысында хандық дәуірдегі әдебиетте ақындық поэзиясының табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері және ғылыми-теориялық білім мен түсініктерін қалыптастыруды қарастырады, практикада қолданады, ақын-жазушылар шығармаларының ұлттық әдебиет деңгейін биіктетудегі маңызын, пәнаралық білімді интеграциялау арқылы талдауды, мәтінді интерпретациялауды үйретеді, критериалды бағалау, диагностикалау технологияларны қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Ұлттық реннесанс дәуірі әдебиеті (ХХ ғасыр өзбек әдебиеті)
ХХ ғасыр басындағы өзбек әдебиетінде қоғамдық-әлеуметтік жағдайымен байланысын, ой-сананы оятудағы міндеттері туралы білім мен түсініктерін қалыптастыруды қарастырады, ХХ ғасырдың І жартысындағы әдеби байланыстарды, дәстүрлі әдебиет үлгісін, шығармашылық ізденіс арқылы әдеби бағыттар мен олардың басты өкілдерінің шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктері туралы өз ойларын сыни тұрғыдан талдауға үйретеді, АКТ-ны тиімді қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі әдеби үдеріс
Тәуелсіздік жылдарындағы және соңғы онжылдықтағы өзбек әдебиетінің дамуындағы әдебиет өкілдерінің проза, драма, поэма шығармалары арқылы драматургия, сын жанрларының даму ерекшеліктерін, жаңа бағыттардың дамуын пәнаралық салалармен байланысты-ра отырып интеграциялайды, сюжеттік-композициялық талдау жасауды, шығарманың көркемдік құндылығын критериалды бағалауды, мәтінді интерпретациялауды практикада дұрыс қолдануды үйретеді
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Журналисттің риторикалық мәдениеті
Өзбек тілінде сөйлеу мәдениетінің парасат пайымы, тілдік амалдар, ойдың және сөйлеудің дамуы, сөйлеу мәдениетіндегі шешендік өнер, халық даналығы, сөз мәдениетінің орны, мәдениет мәйегі тура-лы түсінік беріледі. Журналистің интеллектуалдық мәдениетін, білім-білігін, зерде-зейінін дамытып, шешеннің интеллектуалдық мәдениетін қалыптастыру, цифрлық ресурстарды практикада дұрыс қолдану, командада тиімді жұмыс жасау жолдарын меңгертеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Шетел әдебиеті
Антикалық әдебиеттің ролі; әлемдік әдебиеттің теориялық мәселелер жайлы білім мен түсініктерін қалыптастыруды қарастырады, жаһандық үздік туындылар-ды сыни тұрғыдан талдау, әлем әдебиеті ақын-жазушылары туралы алған білім мен түсініктерін тәжірибеде қолдау дағдыларын қалыптастырады, шығарманы гуманистік тұрғыдан талдауды, оны прак-тикада қолдану жолдарын меңгертеді
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Жалпы тіл білімі
Тіл білімі теориясының әдіснамалық негіздері, жетекші ғылыми бағыттары, лингвистикалық мектептері, дәстүрлі және қазіргі тіл білімі тарихындағы кезеңдері, лингвистикалық мектептердің жетекші концепциялары мен идеялары қарастырылады; тілдің дамуы мен қызмет ету тетіктері түсіндіріледі; тілдерді ғылыми сипаттаудың әдістері мен принциптері зерттеледі; АКТ пайдалана отырып, тілдік заңдылықтардың мәселелерін талдап, қорытындылайды, алған білімдерін іс жүзінде қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Әдебиет теориясы
Әдебиет теориясы, әдеби жанрлар, көркем әдебиет, оның қоғамдағы орны мен маңызы, қалыптасу кезеңдері, әдебиеттің танымдық, әлеуметтік, көркемдік-эстетикалық қасиеттері, әдеби процесс, әдеби құбылыстардың түрлері, шығарма табиғаты туралы алған білімдері мен түсініктерін іс жүзінде қолдана білу дағдыларын көрсетеді; күрделі көркем шығармаларды талдайды, тарихи-әдеби процесті критериалды бағалау әдістерін қолданады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Публицистика және әдебиет
Публицистиканың пайда болуы, ерекшелігі, көркем әдебиет, журналистика және публицистиканың байланысы, өзбек публицистикасының жаңашылдықтүрі, тәуелсіздік дәуірндегі публицистикадағы тақырыптық, проблемалық пішіндік ізденістер жайлы білім жүйесін қалыптастырып, О.Шарафиддинов, У.Норматов, И.Ғофуров, Н.Каримов және т.б. көсемсөз шеберлерінің еңбектері жайлы мағлұмат береді; өз практикасында АКТ-ны дұрыс қолдану, қоғамдық қарым-қатынаста коммуникативтілік, креативтілік көрсету жолдарын меңгертеді
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Түркі халықтар әдебиеті
Түркі халықтар әдебиеті тарихының кезеңдері, түркі халықтар алыптарының шығармалары, түркі әлемнің мәдени-философиялық идеялары, көркем мәдениетіндегі табиғат пен адам болмысы жөніндегі мәселелер пәнаралық байланыс арқылы түсіндіріледі; ақпаратқа сүйене отырып, білімін практикада қолдануды, жүйелі және гуманистік тұрғыдан талдап, шығармаға баға беруге дағдыландырады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет және қазіргі әдеби үдеріс
Тәуелсіздік жылдарындағы және соңғы онжылдықтағы өзбек әдебиетінің дамуындағы әдебиет өкілдерінің проза, драма, поэма шығармалары арқылы драматургия, сын жанрларының даму ерекшеліктерін, жаңа бағыттардың дамуын пәнаралық салалармен байланыстыра отырып интеграциялайды, сюжеттік-композициялық талдау жасауды, шығарманың көркемдік құндылығын критериалды бағалауды, мәтінді интерпретациялауды практикада дұрыс қолдануды үйретеді
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Өзбек тілінің стилистикасы
Өзбек тілі стилистикасының іргелі заңдарын және олардың теориялары туралы жүйелі білім негізінде тілдік заңдылықтарды зерттеу нәтижесіне сәйкес тұжырымдайды; стилистика ғылымының даму кезеңдері туралы негізгі ережелерді түсіндіреді, АКТ-ны пайданлану арқылы білімін практикада дұрыс қолдану, тілдік заңдылықтарды зерттеу нәтижесіне сәйкес тұжырымдау жолдарын үйретеді
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Өзбек әдеби сыны
Әдеби туындының идеялық - көркемдік құнын белгілеу, мәні мен маңызын анықтау арқылы шығарманың бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетуге, оқыған шығарманың байыбына барып, оны дұрыс бағалауға, сын-пікір айтуға, ұлттық мүдде тұрғысынан талдауға, салыстыру арқылы көркем мәтінді интерпретациялауға баулиды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Метапәндік тәсілге негізделген өзбек тілі мен әдебиеті саласындағы білім мен түсініктерді көрсетеді
- Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы ақпаратты ескере отырып, теориялық білімді практикада қолдану
- Пәнді оқытуда АКТ-ны, цифрлық білім беру ресурстарын және жасанды интеллектті сәтті пайдаланады, оқушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып оқыту және тәрбиелеу әдістерін әзірлейді
- Пән бойынша таңдалған мақсатқа және мазмұнына сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалауды және диагностикалауды қолдана біледі
- Оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыруда, өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялай білу
- Ортақ мақсатқа жету үшін командада тиімді жұмыс істеуде, ғылыми-зерттеу қызметінде, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, креативтілік және көшбасшылық көрсете алады
- Педагогикалық заманауи инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсатына, күтілетін нәтижелеріне және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдана біледі
- Қазіргі өзбек әдеби тілінің нормаларына сәйкес келетін әр түрлі стильдегі және жанрдағы мәтіндер құра алады; өз ойын дұрыс және мәнерлі түрде жеткізу, сендіру әдістері, өз ұстанымын дәлелдеу дағдыларына ие болады
- Өзінің және басқалардың идеялары, әрекеттері мен пайымдауларына қызығушылық таныту негізінде сыни тұрғыдан саралау, идеяларды, қорытындыларды және проблемалық шешімдерді көпшілікке түсінікті және нақты жеткізуді ұйымдастыра алады
- Көркем шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін, шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талқылайды
Ұқсас БББ
6B01704 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B01704 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01704 Қазақ тілі мен әдебиеті
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
6B01704 Қазақ тілі мен әдебиеті және түрік тілі
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
6B01704 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
6B01704 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)