Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B01704 Қазақ тілі мен әдебиеті және түрік тілі в БҚИТУ

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • қоғамда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық құбылыстар мен үдерістерді бағалау, Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтарын және өзіндік ерекшелігін терең түсіну, ғылымда бар концепция, теория мен бағыттарға сыни тұрғыдан талдау жасау;
  • түрік тілінің тарихы, оның қалыптасуы мен даму ерекшеліктері туралы білімдерін көрсету; түрік тілінің фонетикалық, грамматикалық құрылысын, лексикалық құрамын оқып меңгеру арқылы түрік тілінде ауызша және жазбаша түрде еркін қарым-қатынас жасау;
  • қазіргі қоғамдағы этикалық нормаларды меңгеру, экологиялық мәселелерді талдау, құқықтық сауаттылықтың маңызын түсіну, дене шынықтыру әдістері мен құралдары арқылы толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтын ұстану, шаруашылық қызметтің құқықтық, әлеуметтік, қаржылық, этикалық және мәдени аспектілері туралы білімдерін, қаржы нарығының түрлі құралдарына ақша активтерін инвестициялауды түсінуін, Денсаулық сақтау және тіршілік қауіпсіздігі мәселелерінде хабардарлығын, ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін көрсету және оларды зерттелетін салада қолдану; негізгі интеллектуалды бағдарламалық жүйелерді құру үшін ұсынылған ЖИ теорияларын, әдістері мен принциптерін қолдану;
  • қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы мен теориясын терең меңгеру, оның жанрын, жаңа бағыттарын, бұрынғы және қазіргі таңдағы өзекті проблемаларын тану, оларға ғылыми принцип негізінде талдау жасау;
  • қазіргі түрік әдебиеті мен фольклорының қалыптасу және даму кезеңдері туралы білімін көрсету, қазіргі түрік әдебиетіне тән басым әдеби бағыттарды бағалау, әлемдік әдеби даму процесіндегі түрік әдебиетінің орнын анықтау;
  • қазақ тілін, әдебиеті мен түрік тілін оқытудың инновациялық әдістерін меңгеру, кәсіби қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әр алуан түрлерін қолдану;
  • түрік тілінде түрлі тақырыпта диалог құрастыру, әр алуан жанрдағы күрделі мәтіндермен жұмыс жасайды және түрік тілінің грамматикалық ережелерін қолдана отырып, оларды қазақ тіліне еркін аудара алу;
  • мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде тұлғааралық әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамыту, ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай білу, грамматикалық ережелерді сауатты қолдана алу;
  • академиялық жазылым дағдыларын меңгере отырып зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми мәтін құрастыруды, дереккөздермен, ақпараттар легімен жұмыс жасауды, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауды, кәсіби мәтіндік құжаттар әзірлеуді, академиялық адалдық қағидаттарын сақтауды білу;
  • тіл білімінің тарихи мен теориялық мәселелерін түсіну: фонетика, морфология, лексика, синтаксис, стилистика және қазіргі заманғы жаңа бағыттар бойынша білімдерді игеру, қазақ жазуының тарихын, орфографиясы мен пунктуациялық негіздерін білу.
  • Білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сабақ жоспарларын әзірлеу, оқытудың тиісті әдістемелері мен бағалау құралдарын айқындау, оқушылардың жас және тұлғалық даму заңдылықтарын білу, оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау және жүргізу; оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологияларын қолдану; педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынастарды ұйымдастыру мен басқаруда педагогикалық менеджмент дағдыларын білу, ұсынылған теорияларды, әдістерді қолдану қабілетін пайдалану және негізгі интеллектуалды бағдарламалық жүйелерді құруға арналған ЖИ қағидаларын білу.
  • психологияның, педагогиканың негізгі категорияларын, теориялық мәселелерін зерттеу, олардың негізгі тұжырымдамаларын қоғамның жалпы проблемаларымен, өмірдегі жағдайлармен байланыстыру, оқу-тәрбие жұмысындағы инклюзивтік білім беру ерекшеліктерін білу; ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескеру; оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру.
Top