Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B02302 Филология в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты ҚР еңбек нарығының талаптарына лайықты; өзгермелі әлемде игерген терең білімі, кәсіби дағдысы негізінде жеңіл бейімделе алатын, эмоционалды интеллекті деңгейі жоғары, қазақ филологиясын дамытуда жетекші рөл атқаруға дайын, жоғары білікті филолог мамандар даярлау. Әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдаса отырып заманауи талаптарға жауап беретін ұлттық филологиялық білім берудің моделін қалыптастыру.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B037 Филология
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ/Орыс тілі және Қазақ/Орыс әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B023 Тілдер және әдебиет
Пәндер
-
Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Мақсаты-білім алушыларды құқықтың негізгі салалары мен институттарымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздерімен, сондай-ақ мемлекет пен құқықтың пайда болу, даму және жүзеге асыру заңдылықтарымен таныстыру. Курс сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дағдыларын және мемлекеттегі және қоғамдағы құқықтың негізгі функциялары, оның құқықтық мемлекеттің, азаматтық қоғамның дамуына әсері, сондай-ақ әділ және тең құқықтық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде инклюзия құндылықтары туралы теориялық білімнің жоғары деңгейін қалыптастырады. Білім алушылардың әлеуметтік, мәдени, физикалық немесе өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, әр адамның құқықтарының маңыздылығын түсінуін қалыптастыруға ерекше назар аударылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Мақсаты – экология, тұрақты даму және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі негіздері бойынша білім қалыптастыру; бұл білімдер экологиялық үдерістерді талдауға, антропогендік қызметтің әлеуметтік-экологиялық салдарын бағалауға, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ төтенше жағдайларда қолданылатын қорғаныс әдістері мен технологияларын пайдалануға мүмкіндік береді. Адам денсаулығына экологиялық факторлардың әсерін бағалау дағдыларын қалыптастырады; тіршілік қауіпсіздігін арттыру және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында экологиялық үдерістерді болжау, сондай-ақ апаттар, техногендік және табиғи зілзалалардың салдарын ескере отырып, қолайсыз экологиялық және төтенше жағдайларда тұрақты даму қағидаттары негізінде негізделген шешімдер қабылдау қабілетін дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ілиястану
Пәннің мақсаты Ілияс Жансүгіровтың шығармаларын терең әрі жан-жақты зерделеу арқылы қазақ халқының әдебиетін, өнерін, дәстүрлерін, мәдениеті мен тілін бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары терең ойлы тұлғаны дамыту болып табылады. Ілияс Жансүгіров шығармаларының қазақ әдеби тілін дамытудағы маңыздылығын түсінуді, зияткерлік-шығармашылық ойлау дағдыларын, ұлттық-рухани мұра құндылықтарын бағалай білуді қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Мақсаты – студенттерді қазіргі қоғам өміріндегі экономикалық мәселелермен таныстыру, экономикалық ойлауды қалыптастыру және кәсіпкерлік саласындағы теориялық негіздер мен практикалық дағдылар бойынша білім алу. Бағдарлама студенттерге экономиканың жұмыс істеу заңдылықтары туралы кешенді түсінік қалыптастыруға, кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі салаларында қолданбалы құзыреттерді меңгеруге бағытталған іскерлік білім беруді көздейді. Курс барысында тұрақты даму, ресурстарды ұтымды пайдалану және ұқыпты өндіріс қағидаттарын енгізу арқылы тиімді әрі экологиялық жауапты бизнесті жүргізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, қазіргі заманғы кәсіпкерлікке қойылатын экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік талаптарын ескере отырып, жеке бизнесті құру мен табысты жүргізудің ерекшеліктері ашылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Мақсаты - ғалымдардың қазіргі жетістіктеріне негізделген ғылыми зерттеулер жүргізудің принциптері, технологиялары, практикалық әдістері мен әдістері туралы білімді қалыптастыру. Ғылыми мәдениет пен этиканың базалық негіздерін, ғылыми мәтіндерді икемді қабылдауды, ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруда алған білімдерін тиімді қолдану дағдыларын, зерттеу нәтижелерін талдау және жалпылау қабілетін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
"Қаржылық сауаттылық негіздері" курсы жеке қаржыны басқару саласында білім мен дағдыларды алуға бағытталған. Сондай-ақ, курс аясында білім алушылар қаржы саласындағы барлық құралдарды іс жүзінде қолдануға, жинақтарды сақтауға және көбейтуге, бюджетті сауатты жоспарлауға, қаржылық ақпаратты талдауға және инвестициялық стратегияны таңдау үшін қаржылық өнімдерге бағдарлануға үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Лингвистика негіздері
Лингвистиканың зерттеу нысанын, қалыптасып, даму тарихын, басқа ғылымдармен байланысын; тілдің қоғамдық мәні және оның жүйесі мен құрылымын; тілдің шығуы және тілдердің жасалуы мен дамуын зерттейді; тілдердің пайда болуы туралы теорияларды, тіл білімінің салаларын, олардың зерттеу нысанын, қызметін қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Іскерлік қазақ тілі
Ауызша және жазба іскери сөз әдебі, келсіссөз жүргізу, іскерлік кездесуде өзін-өзі ұстауды, таныстырылым, тұсаукесер өткізу дағдыларын; келіссөз жүргізу әдебін қарастырылады. Кәсіби іскерлік қарым-қатынас барысында үйлесімді сөйлеу және мінез-құлық стратегиялары мен тактикасын сауатты пайдалануды қалыптастырады. Қазақ тілінде іс қағаздар жүргізуді, құжат түрлерін, жіктелісін, деректемелерін, қазақ тілінде электронды құжат айналымды меңгертеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ лексикографиясының тарихы мен теориялық негіздері
«Қазақ лексикографиясының тарихы мен теориялық негіздері» пәні сөздік қорды байыту,білімгерлер меңгерген бірақ нақты қолданылмаған сөздердің мағынасын анықтау, сөздік қорды белсендіру және қазақ тіліндегі сөздердің лексика-грамматикалық топтарын, тілдегі лексика-семантикалық мағыналар мен сөздіктердің нысандары туралы ғылыми- теориялық білімді жүйелі жүргізу жайында мәлімет береді. Қоғамдық қызметіне байланысты лексикографияны меңгертуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Терминтану
«Терминтану» пәні терминологияның даму тарихын,теориясын, практикада қолдану ерекшеліктерін, терминдердің жасалу жолдарын, түрлерін, терминдерді өзге тілдерден өзгеріссіз қабылдау-қабылдамау немесе баламаның сәтті-сәтсіз жасалғандығын қарастырады. Жекелеген атауларды бір ізге түсіріп, жүйеге келтірген нұсқаларын меңгертеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Алаш дәуіріндегі тілтанушылар
Алаш тілтанушыларының грамматика, алфавит, орфография, терминология, түркі тілдері, тіл, таным, әдістемеге қатысты ғылыми тұжырымдарын игерту көзделеді. Ғалымдардың тіл дыбыстарын жіктеуі, әліпбиі жасауы, грамматикалық категориялар, сөз таптары, олардың категориялары, құрмалас сөйлем, түрлеріне қатысты еңбектерінің мазмұны, маңызы мен мәні қарастырылады. Алаш тілтанушыларының фонетика саласындағы; морфология саласындағы; синтаксис саласындағы; терминология саласындағы еңбектерін қамтиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
Дыбыстау аппараты, дыбыс пен фонеманың арақатынасы, аллофон, архифонема түсініктерін қамтиды. Вокализм, консонантизм, олардың классификациясы; эксплозив, фрикатив, альвеоляр; лабиаль, денталь, лингваль, фрикатив дауыссыздар; транскрипция, оның түрлері, буын, екпін, үндестік заңы, ықпал түрлері, фонетикалық құбылыстар және олардың түрлерін қарастырады. Орфография, орфоэпия, графика, жазу тарихы, жаңа қазақ әліпбиі жайлы білім беруге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Қазақ жазуының тарихы мен емлесі
Жазудың маңызы, қызметі, даму тарихы (пиктографиялық идеографиялық, буын, әріптік жазу), фонема, графема ұғымдары, жазудың негізгі категориялары, үндесім заңы және қазақ жазуын қарастырады. Қазақ жазуының тарихы, емле ерекшеліктері, негізгі орфографиялық қағидалар, ғалымдардың емле ережелері жайлы тұжырымдары, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселелерін сипаттайды. Жаңа емле ережесі бойынша білім беруге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Мұқағалитану
Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы ұлттық құндылықтардың идеялық ерекшеліктерін таныту арқылы елге, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу. Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын толық игерту, Мұқағали поэзиясының құдіретін таныту, ақын шығармашлығын әлем әдебиетімен салыстыра білу. Мұқағали өлеңдерінің, поэмаларының ішкі табиғатына талдай үңілу арқылы оларға ақын талантының көркемдік-эстетикалық мәнін игерту. Мұқағали өлеңдерінің барлық жанрын саралау, поэмаларының көркемдік-идеялық табиғатын ашу. Қазақ сөз өнеріндегі Мұқағалидың орны мен ақындық болмысын тану.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы
Сөз мағынасының дамуы, семасиология; сөз және мағына, сөздің көпмағыналығы, олардың пайда болу жолдары: метафора, метонимия, синекдоха; қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы, шығу арналары, қалыптасуы мен дамуы, сөздік құрамның тарихи арналары қарастырылады; қазақ лексикологиясының этимология, ономасиология; лексикография салалары бойынша білім беруге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Фольклор тарихы
Фольклордың ауызша сөз өнері ретіндегі табиғаты, ерекшеліктері, жазба әдебиетпен арақатынасы, фольклордың зерттелу тарихы жөнінде білім беруге бағытталған. Фольклор, халық даналығы, ауызша сөз өнері, ауыз әдебиетінің туу, таралу, сақталу ерекшеліктері қамтылады. Фольклор жанрлары, классификациялау принциптері, тұрмыс-салт жырлары, лирикалық өлеңдер, халықтық проза түрлері, эпос, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар фольклоры қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Лингвистикалық зерттеу әдістері
Жалпы лингвистикалық әдістер тілдің теориялық зерттеу тәсілі мен әдістерін құрайтындығын, олар белгілі бір лингвистикалық теория мен ортақ әдістемеге сүйенетіндігін меңгерту көзделеді. Тіл аспектілерін зерттеуде белгілі бір теориялық қондырғыларға сүйенетін тәсілдер, әдістемелер мен операциялардың жиынтығы, олардың көмекші техникикалық құрал ретінде қолданылуы (компонентті талдау, статистикалық талдау, эксперимент) қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 6
-
Лингвистикалық сараптама
Құқықтық кеңістіктегі тіл мен сөйлеу мəтіндерін саралау, жүйелеу; заң құжаттарына лингвистикалық сараптама; заңдық жəне нормативті-құқықтық актілерге ұсыныстар; заңдық мəтіндерді аударма; құқықтық баға берілуге тиіс мəтіндерге сараптама; дəлелдік ақпарат алудың тəсілі немесе құралы қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 6
-
Қазақ тілінің стилистикасы
Фонетикалық, лексика-фразеологиялық, сөзжасамдық, синтаксистік стилистиканы, қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдерін, стильдік қатенің түрлерін қарастырады. Стилистиканың ұғым-категорияларын, зерттеу әдістерін, қазақ тілінің стилистикалық құралдарын, стилистикалық мағына және синонимдерді меңгертуге бағытталған. Тілдік-стилистикалық мәдениетті қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Қазақ әдеби тілінің тарихы
Әдеби тілдің ұлттық дәуірі мен оған дейінгі кезең арасындағы сапалық айырмашылықтарды, қазақ әдеби тілінің даму кезеңдерінің жіктелуін, қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдерге тарамдалуы, қазақың ұлттық жазба әдеби тілі сияқты мәселелерді қарастырады. Қазақ әдеби тілі жайындағы пікірлер, қазақ әдеби тілінің даму кезеңдері барысындағы айырмашылықтар, ұлттық жазба әдеби тіл мәселесі меңгертіледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Көне түркі және ақын-жыраулар поэзиясы
Білге Қаған, Қорқыт, Ахмед Иүгінеки, Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани, Хорезми, Құтб, Сайф Сарай, Дүрбек, шығармашылығы, ХҮ - ХҮIII ғасырларда өмiр сүрген жыраулар өмірі мен шығармашылығы қарастырылады. Жыраулар мен ақындар поэзиясының өзiндiк даму ерекшелiктерi, басылу жайы мен зерттелуi, оның кейiнгi кезеңдегi әдебиетке әсерi, шығарманың идеялық-тақырыптық негізі, тілдік-көркемдік табиғаты сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Жалпы тіл білімі
Ежелгі заман, орта ғасыр тіл білімі, қайта өркендеу дәуірі тіл білімі, ХІХ ғасыр тіл білімі, ХІХ ғасыр тілі білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері, ағымдары, ХХ ғасыр лингвистикасы, кеңестік тіл білімі, қазіргі лингвистиканың антропоцентристік тұрғыда зерттелуі, жаңа бағыттары, тілді зерттеу әдістері қарастырылады. Қолданбалы, салыстырмалы-тарихи, типологиялық, структуралық, ареалдық, математикалық лингвистиканы меңгертеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
Сөздердің морфологиялық құрылымы, негізгі грамматикалық ұғымдар, грамматикалық мағына, граммтикалық форма, грамматикалық категория; сөздің құрамы және морфемалардың түрлері; сөз формалары және оалрдың жасалу тәсілдері, түрлері; сөз таптары, олардың жіктелуі; сөз таптарының лексика-грамматикалық сипаты, түрлену жүйесі, синтаксистік сипаты мен қызметі қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Алаш дәуірі әдебиеті
ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік жағдай және ұлттық әдебиеттің дамуы; алаш дәуірі әдебиетінің өкілдері мен олардың шығармашылығы; қазақ әдебиетіндегі ұлт-азаттық идея; алаш әдебиеттануының қазақ әдебиеттану ғылымынан алатын орны; алаш әдебиеті және ұлт мәдениеті; алаш дәуірі әдебиеті жаңаша көзқараста қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Көркем мәтінге лингвистикалық талдау
Көркем тіл мен әдеби тіл, олардың байланысы мен ерекшеліктері, нормалары, тілдің көркем әдебиеттегі эстетикалық қызметі, көркем мәтіннің түрлері, поэзиядағы ақындық еркіндіктер, олардың тілдік дәстүрлі қалыпқа қайшы жақтары, тілдік, стилистикалық эсперимент, мағыналық және салыстырмалы стилистикалық, статистикалық әдістер, қаламгердің дара стиліне тән ерекшеліктерді анықтау, талдау мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Жетісу әдебиеті
Жетісу өңірінен шыққан ақын - жазушылар өмірі мен шығармашылығын оқыту арқылы туған өлке тарихы, мәдениеті, әдебиеті меңгертіледі. Жергілікті әдебиетті оқытудың әдіснамалық негіздері мен әдістемелік жүйесі қамтылады. Жетісу жеріндегі ақын-жазушылардың әдеби мұрасы, оның идеялық-композицялық ерекшеліктері, поэтикасы, қазақ әдебиетіне қосқан жаңалығы, жергілікті әдебиет өкілдерінің бағдарламада қамтылуы, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
ХІХ ғасырдағы көрнек өнерінің тұтастығы (синкретизм), оның өкілдері: сал-серілер, әнші-ақындар шығармашылығы, ағартушылық, демократияшыл көзқарастағы ақын-жазушылар шығармашылығы, дәстүрлі айтыс өнері, нәзира дәстүрінің көріністері, зар заман поэзиясы қарастырылады. Жазба әдебиеттің дамуы, регресшіл және прогресшіл романтизм бағытындағы шығармалар, әдебеттегі «атамекен» концептісі, ХІХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі, шығармалардың идеялық-тақырыптық, поэтикалық ерекшеліктерін меңгертеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Функционалды грамматика
Функционалды грамматика теорияларының қалыптасуына, функционалды грамматиканың функция, функционалды семантикалық өріс, категориялық жағдаят ұғымдарына түсінік беріліп, қазақ тіл білімінде қарастырылған функционалды семантикалық өрістер қамтылады. Қазақ тіліндегі грамматикалық бірліктердің темпоралдылық- мезгіл, персональдылық- жақтылық, посесивтік- меншіктілік, компаративтік- салыстырмалы, каузальдық- себеп, локативті- мекен, таксис, модальділік, сандық, кеңістік т.б. қызметтері, семантикалық функциялардың өзектелінуінің тәсілдері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
Сөз тіркестері, тіркесу амалдары мен формалары, есімді және етістікті тіркестер; сөйлемді тану принциптері, сөйлем мүшелері, сөйлемнің түрлері, сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуін қамтиды. Құрмалас сөйлемнің жалпы сипатын, салалас, сабақтас аралас, көп компонентті түрлері, жасалу ерекшеліктері, құрмалас сөйлемнің интонациясы, тыныс белгілері және оны оқыту жайлы теориялық білім беруге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 7
-
Түркі халықтары әдебиеті
Қырғыз, өзбек, татар, түркімен, түрік, ұйғыр, әзірбайжан, башқұрт әдебиетінің қалыптасып даму тарихын, әдебиет өкілдері мен олардың шығармашылығын қарастырады. Түркі халықтары әдебиеті өкілдері шығармаларының мазмұнын, тақырыбын, поэтикалық, сюжеттік-композициялық ерекшелігін, образдар жүйесін, әдебиеттегі ортақтық мәселелері мен өзіндік ерекшеліктерін, ХХІ ғасырдағы түркі тілдес халықтар әдебиетінің даму арналарын меңгертеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
Түркі тілдері, олардың жалпы сипаты, фонологиялық ерекшеліктері; морфологиялық ерекшеліктері; лексикалық қабаты; синтаксистік құрылысы; түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері; түркі тілдерінің жіктелуі; салыстырмалы фонетика; салыстырмалы морфология; салыстырмалы синтаксис қарастырылады. Түркі тілдерінің зерттелу тарихы; түркі тілдерінің жүйесіне тән дыбыстық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктері; түркі тілдерін салыстыра зерттеуде тарихи-салыстырмалы әдіс меңгертіледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 7
-
Компьютерлік лингвистика
Компьютерлік лингвистика, лингвистикалық статистиканың теориялық мәселелері, фонема, әріп, буын, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем қолданыстарындағы математикалық сандық-статистикалық заңдылықтар, статистикалық әдіс, ықтималдық теориясы, жиілік сөздіктердің түрлері, ақын-жазушы тілінің сөздігі, сөздік қоры қамтылады. Студенттерге мәтіндерді лингвостатистикалық тұрғыда талдауды меңгертеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі дамуының негізгі ерекшеліктері, дауысты және дауыссыз дыбыстардың тарихи өзгерістері, қазақ тілі тарихи морфологиясын білудің әдістері мен көздері, есім сөз таптары мен етістік категорияларының дамуы қарастырылады. Тарихи грамматика пәнінің негізгі теориялық тұжырымдары көне әдеби жазба ескерткіштер тілі мен халықтың сөйлеу тілі ерекшеліктері меңгертіледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 7
-
Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің даму арналарын, проза, поэзия, драматургия жанрындағы жаңалықтарды, ұлттық рух, діл әдебиеттегі көрінісін, қазіргі қаламгерлердің соны ізденісін, дәстүр сабақтастығын қамтиды. Қазақ әдебиеттану ғылымының басым бағыттарын, алаш әдебиетін, әлемдік әдебиеттегі үрдістер мен бағыттарды, модернизм, постмодернизм, экзистенциализм т.б. ағымдарды меңгертеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
ХХ ғасырдағы әдеби процесс, түрлі ағымдар мен бағыттар, сол дәуірдегі әдебиет өкілдері, олардың әдеби мұралары, көркем шығармалардың тақырыбын, идеясын және поэтикасын қамтиды. Пән жазба әдебиет өкілдерінің шығармашылығы, діни-ағартушылық және ағартушы-демократтық бағыттағы шығармалар, қазақ әдебиетіндегі сыншыл реализм, қазақ прозасындағы жаңалықтар, әңгіме жанрының шеберлерін, қазақ романдарын меңгертеді. ХХ ғасырдағы қазақ қаламгерлері шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін, тақырыптық-идеялық мазмұнын, құрылымын, жанрлық-стильдік ерекшеліктерін меңгертеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Шетел әдебиеті тарихы
Шетел әдебиетінің тарихы мен даму кезеңдерін, классикалық шығармаларды, қазіргі әдебиетпен сабақтастығын, әлемдік әдебиеттің ХХІ ғасырдағы даму заңдылықтары, оған әсер етуші факторлар, жалпы әдеби процесс, оның даму жолы, бағыттары, қазіргі кезеңдегі түрлі ағымдар мен әдеби бағыттар, оның өкілдерінің шығармашылығы қарастырылады. Көне грек, рим әдебиетінен бастап, ағылшын, француз, герман, орыс әдебиеті өкілдерінің классикалық шығармалары, оның поэтикасы, образдар әлемі меңгертіледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект негіздері
Пән жасанды интеллектті құру мен қолданудың негізінде жатқан негізгі ұғымдарды, әдістер мен алгоритмдерді зерттеуге бағытталған. Осы пән бойынша студенттер машиналық оқытудың теориялық негіздерін, нейрондық желілер, табиғи тілді өңдеу алгоритмдері және компьютерлік көруді үйренеді. Олар сондай-ақ өмірдің әртүрлі салаларында жасанды интеллектті қолданудың этикалық, әлеуметтік және құқықтық аспектілерімен танысады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Когнитивті лингвистика
Когнитивтік лингвистиканың нысаны, мақсаты, міндеттері, қалыптасу тарихы, басқа ғылым салаларымен байланысы, қазақ тіл біліміндегі, шетел тіл біліміндегі көрінісі туралы мәселелер қамтылады. Когнитивтік лингвистиканың басты мәселелері - концепт ұғымы, концепт және концептуалдық құрылым, тілдік тұлға, дүниенің тілдік бейнесі, концептуалды метафора, танымдық фразеологизмдер, соның ішінде, этнографиялық фразеологизмдердің когнитивтік аспектісі жайлы ғылыми тұжырымдар меңгертіледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Этнолингвистика
Тіл және ұлттық мәдениет, қазақ этнолингвистикасының ғылыми зерттеу әдістері; қазақ этнолинвистикасындағы жүйелілік принципі, тіл арқылы мәдениеттанудың ғылыми бағыттары; елтану, лингвомәдениеттану, этнолингвистикалық арналар, ұлттық мәдениеттің қалыптасуына негіз болатын басты факторлар, қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы түпдеректер, дүниенің тілдік бейнесі, тілдің паремиологиялық қоры қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Психолингвистика
Психолингвистиканың теориялық негіздері, зерттеу нысаны, психолингвистика ғылымының пайда болуы мен дамуы, адамның сөйлеу әрекетіндегі психолингвистикалық ерекшеліктер қарастырылады. Психолингвистикада тіл бірліктерінің (дыбыстар, сөздер, сөйлемдер, мәтіндер) өзіне емес, сөйлеуші үшін психологиялық анықтама, сөйлемдердің түсінікті болуы, сол сияқты тілді меңгеруге бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Ономастика және елтану
«Ономастика және елтану» пәні қазақ тіл білімінің ономастика саласының қалыптасып, даму жолдарын, тарихын, салаларын танып біліп, ақпараттық-танымдық қызметі сипатталады, ономастиканың елтанудағы ролі туралы мәлімет беріледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік лингвистика
Тілдің қоғамдық табиғаты, әлеуметтік мәні, әлеуметтік қызметі, тілдік болмыстың формалары, тілдің әлеуметтік саралануы, тілдік қалып, тілдік жағдай, тіл саясаты, диглоссия, мультилингвизм, билингвизм, пиджинизация, креолизация үдерістері қарастырылады. Тілдің дамуы, қазіргі жай-күйі; қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі, тіл туралы заңдар; қатысымдық сапалардың тілге қатысы және олардың тілдің әсерлілігі мен эстетикасына тигізетін әсері қамтылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру
Ғылыми зерттеу әдістері – филологиялық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, жоспарлау, іске асыруды, зерттеу саласындағы теориялық тұжырымдарды бағалауды, салыстыруды, қорытынды жасауды, әртүрлі деректерден алынған ақпараттарды талдауды, өңдеуді,ғылыми танымның шекарасын кеңейте отырып тақырып таңдау, ақпарат іздеу, жазылым, ақпаратты сын тұрғысынан талдау, филологиялық зерттеу әдістері, гипотеза, сандық мәліметтерді өңдеу, мәтіннің құрылымы, дайындау кезеңдері қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 6
-
Іскерлік қарым-қатынас және сөйлеу мәдениеті
Қазақ тіл мәдениетінің негіздерін, шешен сөйлеудің логикалық-құрылысы, стилі, әдістерін, импровизация, сөзді әсерлі жеткізу тәсілдерін қарастырады. Ресми іс-қағаздар стилін, ғылыми стиль, сөйлеу мәдениетінің қатысымдық сапасын, пікірталастыру мәдениетін, жұртшылық алдында сөйлеуді, академиялық шешендік; таныстырылым, тұсаукесер өткізу дағдыларын; келіссөз жүргізу әдебін; сөйлеу этикетін, сөйлеу техникасы және дикциямен жұмысты; қарым-қатынастың бейвербальды амалдарын меңгертеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 6
-
Мәдениетаралық коммуникация
Мәдениеттердің ықпалдасуы мен диалогы идеяларынан туындаған мәдениаралық коммуникация мәселесі уақыт өте келе тұлғааралық мәдени коммуникация деңгейіне өткендігі, бүгінгі таңда мәдениетаралық коммуникация мәселесі жаһанданудың өзара әріптестік және өзара түсіністік аспектісінде аса өзекті екендігі, мәдениетаралық коммуникация дағдыларын халықаралық менеджмент және маркетинг саласында, БАҚ қызметінде, трансұлттық саясат саласында қолдану ерекшеліктері сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 6
Оқыту нәтижелері
- қазақ әдеби тілінің тарихын негіздейді; тілдік обьектілердің стильдік ерекшеліктерін бағалайды; жалпы тіл білімінің теориялық тұжырымдарына, функционалды грамматика теориясына қатысты пікір білдіреді, тілдің танымдық, мәдени, этникалық, психологиялық, қолданбалық ерекшелігін дәйектейді.
- лингвистика теориясы мен лингводидактиканың қазіргі ғылыми-зерттеулеріндегі жаңалықтарды сыни тұрғыда талдайды; тіл білімінің жаңа бағыттарындағы негізгі теориялар мен концепцияларды салыстырады; тілдік ортаның дамуына ықпал ететін экстралингвистикалық және интралингвистикалық, транслингвистикалық факторларды ажыратады, түркі тілдерінің грамматикалық тұлғаларын салыстырады.
- Құқықтық, экономикалық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада, сондай-ақ қаржылық сауаттылық, инклюзия құндылықтары, тұрақты даму және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат салаларында қоғамдық, әлеуметтік маңызы бар құбылыстар мен үдерістерді түсінуге зерттеу әдістері мен инновациялық тәсілдерді бағалап, қолдана білу қабілетіне ие болу.
- қазақ тілінің дамуына ықпал ететін әлеуметтік, ғылыми жобалар жасайды; қазақ тілі бойынша ғылыми жұмысты ұйымдастырады, бағалайды; лингвистиканы зерттеуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігін бағалайды.
- көптілді ортада тұлғааралық және мәдениаралық коммуникация барысында әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ғылым салаларындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде олардың казақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы рөлі аясында белсенді азаматтық позицияны танытады.
- қазақ тілінде сауатты, тілдік, стильді нормаға сай жазба жұмыстар, шығарма, эссе, әңгіме құрастырады; тіл блімінің жаңа бағыттарының даму үдерісіне қатысты болжам жасайды; қазақ тілі бойынша зерттеуді жоспарлайды.
- іскерлік коммуникацияның құралдары мен стратегиясын қолданады; мәдениетаралық деңгейде сұхбаттасады; қазақ тілінде іс қағаздар жүргізеді; академиялық мәтінді интерпретациялайды; қазақ-орыс тілдерінде ауызша және жазбаша аударма жасайды; тілдік объектілерге лингвистикалық сараптама жасайды.
- әлеуметтік, мәдени, кәсіби қызмет саласында сараптамалық, консалтингтік, аналитикалық қызмет көрсетеді; жасанды интеллектідегі қазақ тілі қолданысының мәселесін шешеді; тіл саясатының бағыттары мен әртүрлі бағдарламалардың тілдік ортаға ықпалын бағалайды.
- әдебиет теориясы мен сынын, поэтикасын сын тұрғысынан талдайды; қазақ әдебиеті тарихындағы негізгі кезеңдерді, бағыттарды, мектептерді, оның өкілдерін ажыратады; әдеби тұжырымдарды салыстырады.
- қазақ және шетелдік ақын-жазушылардың шығармашылығына идеялық-мазмұндық, жанрлық ерекшелік, сюжеттік-композициялық, стильдік, поэтикалық тұрғыда кешенді талдау жасайды; түркі халықтары әдебиетінің даму бағытын бағалайды.
- қазақ тілі грамматикалық құрылымының тарихи өзгерістерін зерттейді, көркем мәтінге лингвистикалық талдау жасайды, алаш дәуіріндегі тілтанушылардың ғылыми тұжырымдарын басшылыққа алады, түркі тілдерінің грамматикалық ерекшеліктерін жалпылайды.
- қазақ тілінің фонетика, лексикология, морфология, синтаксис салалары бойынша теориялық білімін көрсетеді; жоғары эмоционалды интеллекті, шешендік өнер мен сөйлеу әдебін көрсетеді; тіл тарихының негізгі кезеңдері мен өкілдері, ағымдары мен жаңа бағыттарын ажыратады; тілдерді генеологиялық, типологиялық, функционалдық тұрғыда жіктейді; қазақ жазуының тарихын, емлесін сипаттайды.
Ұқсас БББ
6B02302 Шетел филологиясы және кәсіби коммуникация
Қазақстан-Американдық еркін университеті
6B02302 Орыс филологиясы
Торайгыров университеті
6B02302 Филология: орыс филологиясы
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B02302 Филология: қазақ филологиясы
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B02302 Филология
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
6B02302 Филология
«Тұран-Астана» университеті
6B02302 Филология
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)