Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02302 Филология в ОҚМПУ

Пәндер

  • Әдебиеттануға кіріспе

    Әдеби шығарманың фабуласы мен сюжеттік дамуы, кейіпкерлер портреті мен образы, әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы, шығармадағы тілдік бейнелеулер,шығарманы өмірмен салыстырып бағалау жайлы түсінік қалыптастырады,эссе жазудың жолдарын, әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талдауды үйретеді;талдаудың ерекшелігіне сай сыни және жүйелі ойлауын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тіл біліміне кіріспе

    Дүниежүзі тілдерінің пайда болуы мен дамуы, генеологиялық, типологиялық ерекшеліктері, тілдің табиғаты, коммуникативтік қызметі, ойлау,тіл мен қоғамның диалектикалық бірлігі жайлы мәселелерді пәнаралық байланыста қарастырады. Пәннің ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын сыни ойлау тұрғысынан саралауды, ғылым мен әдістеменің соңғы жетістіктеріне сүйене отырып зерттеуді меңгертеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халық ауыз әдебиеті

    Ежелгі дәуірден біздің заманымызға дейінгі фольклордың тақырыптық-көркемдік ерекшеліктерінің дамуы, фольклордың тарихи құндылықтары,кейіпкер образы, көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшеліктері,оқиға желісі, шығарманың эстетикалық құндылығы, фольклор ғылымының жетістіктері және басқа салалармен, әсіресе әдебиетпен байланысы жайлы мәселелерден хабардар етеді;талдауды практикада дұрыс қолдануды, өз идеяларын ұсынуды, шығарманы талдауды үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Нормативті қазақ тілі

    Қазақ тілінің дыбыстарының жасалу, айтылу заңдылықтары, емлесі, үндестік заңы, сөздің мағынасы, сөз құрамы, сөз тұлғасы, сөз таптары, сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдері, сөйлем мүшелері, сөйлем түрлері жайлы теориялық мәселелерді меңгертіп, тілдік заңдылықтарды тұжырымдауға, практикада АКТ-ны дұрыс қолдануға машықтандырады; сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, қоғамдық қарым-қатынаста коммуникативтілік, креативтілік көрсету жолдарын меңгертеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазіргі қазақ тілі фонетикасы

    Қазақ тілінің дыбыстық құрамы, дыбыстардың жасалу жолы, жасалу тәсілі, сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері, сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ықпал заңдылықтары, үндестік заңы, буын және екпіннің түрлері, олардың атқаратын қызметтері, фонетикалық құбылыстар жайлы мәселелерді түсіндіреді.Фонетикалық талдауды практикалық тұрғыдан меңгертеді, ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып талдау арқылы фонетикалық заңдылықтарды тұжырымдауды үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы

    Лексикология тілдік бірлік ретіндегі сөздердің семантикалық құрылымы, сөздік құрамның толығу жолдары, сөздіктерді құрастыру принциптері мен оларды жасау жолдары, пәннің тұжырымдамалық және теориялық негіздері жайлы мәселелерді қарастырады; басқа ғылым салаларымен байланыстыра отырып, тілдік заңдылықтарды талдауды және оны практикада дұрыс қолдану жолдарын меңгертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті

    Пәнаралық байланыс негізінде Орхон ескерткіштері мен М.Қашғари, Қ.А.Ясауи, халықтың дүниетанымы мен наным-сенімі, ұлттық әдебиетіміздің алғашқы өкілдері - Асан қайғы, Қазтуғаннан бастап Доспамбет, Жиембет, Ақтамберді, Бұхар жырау сияқты ақындық поэзияның көрнекті өкілдерінің шығармашылығын қамтып, ежелгі түркілік және жыраулық поэзияның сабақтастығы, идеялық-көркемдік жалғастығын, жыраулық мұралардың тарихилығын түсіндіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Қазақ жазуының тарихы

    Жазудың пайда болуы мен даму тарихы жайлы түсініп, руникалық жазу, көне түркі алфавитінің шығуы жайлы зерттеулерді талдайды. Түркі этнографиясына сүйене отырып, көне түркі руникалық жазуының тарихын, қазақ жазуының тарихы мен дамуын меңгереді. Түркі тілдерінің классификациясы негізінде көне және қазіргі түркі әдеби тілдерінің графикалық жүйесі жайлы ақпарат алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Экономика, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық негіздері

    Бұл пән экономика негіздерін, кәсіпкерлік дағдыларды және қаржылық сауаттылықты қалыптастыруды көздейді. Студенттер нарықтық қатынастарды, бизнес жүргізудің жолдарын, жеке және отбасы бюджетін тиімді басқаруды үйренеді. Пән жеке бастамашылықты дамытуға, қаржылық жоспарлау мен тәуекелдерді бағалауға бағытталған. Нәтижесінде студенттер заманауи экономикада саналы әрі тиімді әрекет ете алатын тұлға ретінде қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы мен морфологиясы

    Сөздердің лексика–грамматикалық топтары, олардың әрқайсысына тән грамматикалық сыр–сипат, туынды сөздердің жасалу жолдары мен тәсілдері, сөзжасамдық бірліктері, сөздердің тұлғалық өзгеру, түрлену жолдары, тілдің грамматикалық құрылысы, оның атқаратын қызметі, негізгі грамматикалық ұғымдары, сөз таптарының грамматикалық ерекшеліктері, тұлғалану жолдары мен тәсілдері сияқты мәселелерді қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі

    Тірі организмдердің, ұйымның әртүрлі деңгейдегі экожүйелерінің, тұтастай алғанда биосфераның, олардың тұрақтылығының негізгі заңдылықтары; БиоСфера компоненттерінің өзара әрекеттесуі және адам қызметінің экологиялық салдары, әсіресе табиғатты пайдалануды күшейту жағдайында; экология, қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму мәселелері. Тіршілік қауіпсіздігі, оның негізгі ережелері. Қауіптер, төтенше жағдайлар. Тәуекелді талдау, тәуекелдерді басқару. Адам қауіпсіздігі жүйелері. Әлеуметтік қауіптер, рухани саладағы қауіптер, саясат, олардан қорғау: экономикалық саладағы қауіптер, тұрмыстағы, күнделікті өмірдегі қауіптер.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шешендік өнер тарихы

    Шешендік өнердің қалыптасуы мен даму тарихына байланысты мәліметтер беріледі. Ұлттық шешендік өнердің табиғатын, ұлттық әдебиет, мәдениет, фольклор тарихындағы орнын анықтайды. Шешен-билер мұрасындағы шешендік өнерге қатысты ой-пікірлерді саралай отырып, өзіндік болмысын, тақырыптық-композициялық құрылысын, түрлері мен стильдік ерекшелігін айқындайды. Қазіргі кездегі шешендік өнердің даму сипаты мен қолдану аясына талдау жүргізеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • XIX-XX ғасырдағы қазақ әдебиеті

    ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихындағы негізгі бағыттары мен көрнекті өкілдерінің шығармашылық ізденістері, әдеби мұралары, ақындар поэзиясы, жаңа үлгідегі жазба әдебиет түрі, Махамбет, Ы. Алтынсарин, Абай және т.б. шығармашылық мұрасы жайлы мәселелерді қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кеңес дәуіріндегі және тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті

    С.Сейфуллин, Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, А.Тоқмағамбетов, Ә.Тәжібаев, Т.Жароков, Ө.Тұрманжанов, т.б. шығармашылығын, проза, драма, поэма, драматургия, сын, эссе жанрларының даму ерекшеліктерін, жаңа бағыттардың дамуын пәнаралық салалармен байланыстыра отырып түсіндіреді. Сюжеттік-композициялық талдау жасауды, әдеби тілді құбылту мен айшықтауларды салыстыруларды, шығарманың көркемдік құндылығын бағалауды, мәтінді интерпретациялауды практикада дұрыс қолдануды үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Инклюзивті білім беру ортасы

    Пән студенттердің жан-жақтылығын есепке алуға және оқу процесінде олардың жеке қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді; сәйкес АКТ, оқыту және көмекші технологияларды пайдалана отырып, студенттердің оқуын және білім беру үдерісіне қосылуын қолдау; студенттердің өмір сүру деңгейін және оқу деңгейін ескере отырып, қоғаммен (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар/қамқоршылар) бірлесіп, психологиялық және этикалық тұрғыдан оқушылардың әл-ауқатын қолдау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • қазақ диалектологиясы

    Қазақ диалектологиясы тек Қазан революциясынан кейін пайда болып дами бастаған сала. Мұнда студенттер қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің сипаты, сөйленістер мен диалектілердің жіктелуі, олардың ұлттық әдеби тілге қатысы жайында хабардар етіледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазіргі қазақ тілі синтаксисі

    Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің түрлері, олардың жасалу жолдары, байланысу формалары мен тәсілдері, сөйлем мүшелері, сөйлемнің түрлері, тыныс белгілері және олардың қолданылу ерекшеліктері жайлы пәннің теориялық негіздерін түсіндіру, синтаксистік талдаудың ерекшеліктерін меңгертіп, болашақ кәсібінде дұрыс қолдануға машықтандырады, синтаксистің даму тарихын зерттеп, дұрыс тұжырым жасауға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тілтаным және жасанды интеллект

    Жасанды интеллекттің негізгі ұғымдары мен принциптерін зерттеу. Жасанды интеллект көмегімен оқу мотивациясын арттыру. Геймификация және ынталандыру әдістерін қолдану. ЖИ арқылы креативті және шығармашылық тапсырмаларды орындау. Білім алушылардың оқу барысын тиімді бақылау құралдары. Жасанды интеллект көмегімен болашақ білім беру жүйесін жобалау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Орфография және пунктуация

    Орфография және пунктуация

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әлем әдебиеті

    Әлем әдебиетіндегі шығармашылық мәселесінің өз елдерінің тарихымен, философиясымен, ғылымымен,тығыз бірлікте қарастырылады. Біздің жыл санауымызға дейінгі антикалық мәдениеттен бастап қазіргі заманымызға дейінгі әдебиет қарастырылады. Антикалық әдебиеттің ролі; ағартушылық реализмнің эстетикалық ұстанымдары; XIX ғасырдағы классикалық романтизм; натурализим, реализм, модернизм, постмодернизмнің эстетикалық ұстанымдары; әлем әдебиеті өкілдерінің шығармашылығы жайлы білімдер жүйесін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Антропоөзектік лингвистика

    антропөзектік парадигма аясында ұлттық мәдени кодты айқындайды. Аталған жүйені жүйелі құрылымдық парадигмамен салыстыра қарастырып, тілді антропоөзектік бағыттар – когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, паралингвистика т.б. негізінде зерттейді, адамның тілге қалай ықпал ететінін, тілдің адам санасына, ойлауына, мәдениетіне, ұлттық танымына, т.б. қалай әсер ететінін анықтап, ұлттық сана мен оның тілдегі көрінісін зерделеуді меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдебиет теориясы

    Болашақ мұғалімдер көркем шығарманы талдау, сараптау әдістемесін зерттеп, әдебиеттегі теориялық ұғымдардың негіздерін меңгереді. Олар мектептегі қазақ тілі мұғаліміне қажетті әдебиет саласының теориялық негіздерін көрсетеді. Сондай-ақ әдеби үдерістің анықтамасымен, әдебиеттің жанрлары мен түрлерімен, көркемдік тәсілдерімен, ағымдары мен бағыттарымен танысады. Болашақ ұстаздар көркем әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшеліктерін, оның идеялық мәні мен әлеуметтік болмысын, даму заңдылықтарын және көркем шығарманы талдау қағидаттарын зерттейді. Әдебиеттанудағы теориялық ұғымдар мен категорияларды меңгеруге үйренеді. Сондай-ақ олар мәтіннің кез келген түрін талдауды үйренеді және оқушыларды көркем шығарманың эстетикалық табиғатын тануға үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда инновациялық және компьютерлік технологияларды қолдану

    Пәнде инновациялық және компьютерлік технологиялар білім беру салаларында практикада кәсіби деңгейде қолданылуы, метапәндік идеяларға негізделген түсініктері, АКТ-ны білім алушының жас ерекшелігіне сай ұйымдастырылуы қарастырылады. Білімді функционалдықпен, шығармашылықпен пайдалануын көздейді. Тұлғаның коммуникативтік және әлеуметтік мәдени дамуы, заманауи білім беру технологиялары және пәнді оқытудың белсенді әдістерін қолдану мәселелері қаралады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ әдеби сынының тарихы

    Әдеби туындының идеялық-көркемдік құнын белгілеу, мәні мен маңызын анықтау арқылы шығарманың бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетуге, оқыған шығарманың байыбына барып, оны дұрыс бағалауға, сын-пікір айтуға, ұлттық мүдде тұрғысынан талдауға, салыстыру арқылы көркем мәтінді интерпретациялауға баулиды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі

    Пән білім алушылардың оқу барысында алынған білімін практикалық іс-әрекетте қолдану дағдысын қалыптастыру мақсатында оқытылады. Сонымен қатар, жан-жақты тарихи-әдеби, теориялық толық мәлімет пен практикалық дағдылар туралы түсініктерді игереді. Қазақ тілін педагогика және психологиямен байланыста оқыта отырып, оқытудың мазмұнын, түрлі әдіс-тәсілдерін, формаларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Тұлғатану (Абайтану, Ахметтану, Мұхтартану)

    Абай, Ахмет, Мұқтар шығармалары жайлы ақпарат ала отырып, ұлы ақындарымыз бен жазушыларымыздың туындыларының көркемдік-эстетикалық мәнін игереді; шығармаларының идеялық табиғаты мен көркемдік ерекшеліктерін, тәрбиелік мәнін ашу арқылы азаматтық позициясын қалыптастырады; білім алушылардың ұлтжандылық және рухани-адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіре отырып, ұлттық құндылықтарымызды бағалай білуге тәрбиелейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиет және публицистика

    Публицистиканың пайда болуы, ерекшелігі, көркем әдебиет, журналистика және публицистиканың байланысы, қазақ публицистикасының жаңашылдық түрі, тәуелсіз Қазақстан публицистикасындағы тақырыптық, проблемалық пішіндік ізденістер жайлы білім жүйесін қалыптастырып, А.Байтұрсынов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин және т.б. көсемсөз шеберлерінің еңбектері жайлы мағлұмат береді; өз практикасында АКТ-ны дұрыс қолдану, қоғамдық қарым-қатынаста коммуникативтілік, креативтілік көрсету жолдарын меңгертеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жалпы тіл білімі

    Тілдің мәні мен функциялары, оның жүйелік сипаты мен иерархиялық құрылымы, грамматикалық құрылысы, тілдің шығу тегі мен дамуы, әлем тілдерінің жіктелуі, лингвистикалық ғылымның даму кезеңдері және оның басқа ғылымдармен байланысы туралы негізгі ережелерді түсіндіреді, білімін практикада дұрыс қолдану, тілдік заңдылықтарды зерттеу нәтижесіне сәйкес тұжырымдау жолдарын үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

    Пән бойынша базалық нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды талдауға және тануға үйретеді; оларды басшылыққа алу және пайдалану дағдыларын қалыптастырады; Қазақ әдебиеті материалдарын мектепте оқытудың әдістемелік жүйелерін меңгертеді; білім берудің жаңа технологияларымен таныстырады, оны оқу процесінде пайдалану жолдарын үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ғылыми зерттеу негіздері

    Ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындығы мақсатында зерттеледі. Курс шеңберінде қоғамдық қатынастар жүйесіндегі ғылымның орны, ғылыми танымның әдістері мен деңгейлері, ғылыми зерттеуді іске асырудың негізгі кезеңдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Стилистика және тіл мәдениеті

    Стилистиканың зерттеу нысаны мен мақсатын, салаларын, тіл білімінде алатын орынын, стилистика мен тіл мәдениетінің арақанынасын, әдеби норма мен стилистикалық нормалар туралы мағлұмат алады. Жазба тіліндегі стилистиканың тіл мәдениетін қалыптастырудағы қызметін, стиль түрлерін ажырата алып, олардың қолдану аясының ерекшеліктерін айқындайды. Әдеби тілдің мәдениеті мен нормасын стильдік ережелерге сай дұрыс қолданудың принциптерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Сөздікпен жұмыс

    Сөздікпен жұмыс пәні түсіндірмелі, орфографиялық, омоним, синонимдік сөздіктермен жұмыс жүргізу жолдарын меңгертеді. Студенттерге оқушының ойын еркін жеткізу, басқаның сөйлеу тілін түсіну, сөздік қорын молайту жолдары жайлы мағлұмат береді; оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру жолдарын қарастырады; сөздіктерді пайдалана отырып, сөз тіркестері мен сөйлемді дұрыс құрау жолдары мен әдіс-тәсілдерін үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Әдеби аударма негіздері

    Көркем аударма бойынша болашақ мамандарды жалпы мәдени байыту және білім алушыларға кәсіптік қызметке қажетті аудармашылық, лингвистикалық және мәдениетаралық қарым-қатынастық біліктілік қалыптастырады. Пән білім алушыларға көркем мәтін құрастыру заңдылықтарымен және оның негізгі қызметтерімен танысуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жазбаша аударма практикасы

    Аудармашылық қызметтің қазіргі жағдайдағы ерекшеліктері; жазбаша аударма түрлерінің жіктелуі; жазбаша аударма процесінің ерекшеліктері мен аударма процесінің кезеңдері, жұмыс істеу технологиясы; аудармашыға жазбаша аударма саласында қойылатын талаптар жайлы мәселелерді қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Берілген ақпаратқа сүйене отырып, игерген білімін практикада қолдана алу
  • Педагогикалық инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсатына, күтілетін нәтижелеріне және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдана білу
  • Оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыруда, өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялай білу
  • Өзінің және басқалардың идеялары, әрекеттері мен пайымдауларына қызығушылық таныту негізінде сыни тұрғыдан саралау
  • Пән бойынша таңдалған мақсатқа сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалауды және диагностикалауды қолдана білу
  • Тілдік заңдылықтар мен тіл тарихының дамуы жайлы проблемаларды ғылым мен әдістеменің соңғы жетістіктеріне сүйене отырып тұжырымдау
  • Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты, гуманистік тұрғыдан шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру мақсатында көркем мәтінді интерпретациялау
  • Пәндік және пәнаралық саланың іргелі заңдылықтарының тұжырымдамалық және теориялық негіздерін интеграциялауды көрсету
  • Оқушыларды сыни ойлауға, шығармашылыққа, проблеманы бірлесе шешуге тарту мақсатында пәннің ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын, қазіргі жағдайын саралау
  • Көркем шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін, шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талқылау
  • Ортақ мақсатқа жету үшін командада тиімді жұмыс істеуде, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, креативтілік және көшбасшылық көрсету
  • Оқу мен оқытудың инновациялық стратегияларын, сондай-ақ пән бойынша ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді сабақ/сабақ жоспарлары, оқу және сыныптан тыс іс-шаралар негізінде білім беру үдерісін және/немесе сыныптан тыс іс-шараларды жобалау, өткізу және бағалау әдістері мен құралдарын қолданады; эксперименттердің нәтижелерін және/немесе жиналған деректерді талдап, қорытынды жасайды.
  • Біртұтас жүйе және адам ретінде қоғам туралы, қазіргі қоғамдағы рухани процестердің рөлі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың құқықтық мүдделері, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары, адамға және табиғи ортаға зиянды және қауіпті факторлардың әсері, негізгі ұғымдары туралы біледі.
  • білім беру ұйымдарында оқу үдерісін ұйымдастыруда инновациялық әдістерді қолданып, метапәндік білімді біріктіреді және жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдаланады.
Top