7R01114 Радиология в Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Визуализацияның медициналық әдістері арқылы аурулар мен жарақаттардың диагностикасын өз бетінше жүргізуге қабілетті, медициналық ұйымдарда жұмыс істеуге жоғарғы білікті мамандарды дайындау
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 140
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R014 Радиология
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
Ультрадыбыстық диагностика
Ультрадыбысты зерттеу қызметін ұйымдастыру; бұйрықтар, инструкциялар, нұсқаулар, УДЗ есептері. УДЗ әдістері; эхография, доплерография, дуплексті сонография. Ересектер мен балалар ауруларын ультрадыбысты зерттеу. Емшек безінің УДЗ. Нәрестелердің УДЗ ерекшеліктері. Нейросонография.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 20
-
Рентгенология
Рентгенологиялық қызметті ұйымдастыру туралы, директивалық құжаттар туралы, биологиялық рентген сәулелерінің және сәулелік диагностикалық зерттеулерді регламенттеудің; зерттеудің рентгенологиялық әдістерін жүргізу дағдылары: флюорография, рентгеноскопия, рентгенография, томография; бірқатар зақымданулар мен ауруларды тану, рентген сәулелерін қолдана отырып органдар мен тіндерді зерттеу; рентгенологиялық зерттеулер жүргізу кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету. Жалпы рентгеносемиотика және рентгендік диагностика, дәлелді медицина және цифрлық технологияларды қолдану тұрғысынан органдар мен жүйелер ауруларының дифференциалды диагностикасы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 30
-
Маммологиядағы радиология
Сүт безі ауруларының клиникалық - рентгенологиялық диагностикасының білімі мен дағдыларын қалыптастыру; нормативтік құқықтық актілерге сәйкес профилактикалық радиологиялық (скринингтік) зерттеулерді, медициналық тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу. Сүт безі ауруларын диагностикалаудың сәулелік әдістерінің (маммография, томосинтез, цифрлық контрастты маммография, компьютерлік томография, магнитті-резонанстық томография, компьютерлік томографиямен позитронды-эмиссиялық томография, радиоизотоптық диагностика) нормасы мен интерпретациясы. BI-RADS жүйесі бойынша маммографиялық жіктеу. Сүт безі қатерлі ісігінің скринингі. Сандық ақпараттық технологиялар. Рентгенологиялық зерттеулер жүргізу кезінде тексеруді және шұғыл медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациентпен өзара іс-қимыл жасау кезінде инклюзия қағидаттарын сақтау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 10
-
Ядролық медицина
Радионуклидті препараттар. Жасанды интеллекті радионуклидті зерттеу әдістерінде қолданады; сканирлеу, сцинтиграфия, бірфотонды және позитронды эмиссионды томография. Эндокринді, жүрек-қан тамыр, тірек-қимыл жүйелерін, бауыр мен бүйректі радионуклидті зерттеу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 10
-
Онкорадиология
Онкологиялық аурулардың сәулелік диагностикасы және семиотикасы, ісіктердің ерте диагностикасы, онкологиялық аурулардың скринингі, анықталған онкологиялық өзгерістердің диагностикасы мен ажыратпалы диагностикасы, позитронды эмиссионды томографияның(ПЭТ) қолданылуы кейінгі КТ немесе МРТ-мен, ісіктік процестің бүкіл ағзаға таралу деңгейін анықтау үшін.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Ағзалар мен жүйелер ауруларының кешенді сәулелік диагностикасы
Торакальды радиология: кеуде қуысы ағзаларының және сүт безінің патологиясы. Абдоминальды радиология: құрсақ қуысы мен ішперде арты кеңістігінің патологиялары.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 12
-
Балалар рентгенологиясы
Балаларды емдеу ұйымдарында рентген қызметін ұйымдатыру. Науқастың жағдайын диагностикалау үшін жасанды интеллектті пайдалану: (ағзалар мен жүйелердің ауруларын дәлірек диагности калау үшін пациенттің деректерін, оның ішінде ауру тарихын, радиологиялық кескін нәтижелерін (мысалы, рентген немесе КТ, МРТ) балаларда талдай алады. Балалардың тыныс алу, жүрек -қан тамыр, ас қорыту, зәр шығару, тірек-қимыл жүйелерінің ауруларының рентгеносемиотикасы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 12
-
Интервенционды радиология
Интервенционды радиология туралы түсінік. Даму тарихы. Ангиографияны өткізуге материалдар. Тамырларға негізгі түсулер. Артериялық және венозды жүйенің ангиографиясы. ӨАТЭ және жүрек-қантамыр аурулары кезіндегі интервенционды радиология.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Рентгеноэндоваскулярлық диагностика және ем
Жүрек-тамыр, онкологиялық, нейрохирургиялық, гинекологиялық, урологиялық, кардиологиялық және хирургиялық аурулармен ауыратын науқастарды тексеру үшін эндоваскулярлық әдістерді қолдану мүмкіндіктері туралы білімдерін дамыту. Рентгендік эндоваскулярлық диагностика және емдеу әдістерін қолдана отырып мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың негізгі принциптері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Магниттік резонансты томография
Магнитті- резонансты томография жұмысын поликлиника мен стационарларда ұйымдастыру. МРТ физико – биологиялық негіздері, әдіс принциптері,құрылым түрлері, технологиялар, скандеу хаттамалары, контрасттау технологиясы, томография реконструкциясы, барлық ағзалар мен тіндердің ауруларын ересектер мен балаларда МРТ зерттеуінде жасанды интеллекті пайдаланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 20
-
Кардиорадиология
Жүрек-қантамыр ауруларының сәулелік диагностикасы мен семиотикасы: жүрек ақаулары( туа біткен жіне жүре пайда болған), жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, перикардиттер, жүрек жеткіліксіздігі, инфаркттер, аорта аневризмалары.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Компьютерлік томография
Компьютерлі томография жұмысын поликлиника мен стационарларда ұйымдастыру. КТ физико – биологиялық негіздері, әдіс принциптері, құрылым түрлері, технологиялар, скандеу хаттамалары, контрасттау технологиясы, томография реконструкциясы, барлық ағзалар мен тіндердің ауруларын ересектер мен балаларда КТ зерттеуі. Тыныс алу, жүрек қан тамыр, ас қорыту, зәр шығару, тірек-қимыл жүйелерінің КТ диагностикасында жасанды интеллекті пайдаланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 20
-
Нейрорадиология
Жүйке аурулары кезіндегі визуальді әдістердің маңызы. Тамырлық және тұқымқуалайтын аурулардың сәулелік диагностикасы. Шашыранды склероздың визуальді диагностикасы. Жедел бассүйек-ми жарақаттарының және олардың салдарларының визуальді диагностикасы. Бас миының ісіктерінің визуальді диагностикасы. Балалар мен жасөспірімдердегі неврологиялық аурулардың визуальді диагностикасы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Пациентті тексеру: зерттеу жоспарын тағайындауға, зерттеу жүргізуге және алынған мәліметтер, дәлелді тәжірибелер мен цифрлық құралдар негізінде медициналық қорытындыны инклюзия қағидаттарын сақтай отырып түсіндіруге қабілетті.
- Коммуникация және коллаборация: медициналық құжаттаманы, оның ішінде электронды түрде жүргізуге және оны жүргізу сапасын бақылауға қабілетті. Бейінді медициналық бөлімше жұмысының Медициналық-статистикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу.
- Қауіпсіздік және сапа: радиологиялық зерттеулер жүргізу кезінде қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету және шұғыл медициналық көмек көрсету үшін тәуекелдерді бағалауға және ең тиімді медициналық бейнелеу әдістерін қолдануға қабілетті.
- Қоғамдық денсаулық: өзінің мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастырушылық шеңберінде әрекет етуге, нормативтік құқықтық актілерге сәйкес профилактикалық радиологиялық (скринингтік) зерттеулерді, медициналық қарап-тексерулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қабілетті.
- Зерттеу: адекватты зерттеу сұрақтарын тұжырымдауға, визуализацияның медициналық әдістері бойынша кәсіби әдебиетті сыни бағалауға , өзінің күнделікті қызметінде Халықаралық деректер базасын тиімді пайдалануға, зерттеу командасының жұмысына қатысуға қабілетті.
- Оқу және даму: өздігінен оқуға және кәсіби құрамның басқа мүшелерін оқытуға, үздіксіз кәсіби дамудың пікірталастарында, конференцияларында және басқа да түрлерінде белсенді қатысуға қабілетті
Ұқсас БББ
7R01114 Радиология
Қазақстан-Ресей медицина университеті
7R01114 Радиология
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
7R01114 Радиология
Астана медицина университеті
7R01114 Радиология
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
7R01114 Радиология
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
7R01114 Радиология
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті