7M03201 Медиа зерттеулері және журналистика в Сулейман Демирель атындағы университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Медиа зерттеулерін жүргізу, коммуникациялық процестерді талдау, ақпараттық контентті жасау үшін журналистік әдістер мен заманауи технологияларды қолдану дағдылары бар жоғары білікті журналист зерттеушілерді даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Сулейман Демирель атындағы университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M067 Журналистика және репортерлық іс
-
Білім беру саласы 7M03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 7M032 Журналистика және ақпарат
Пәндер
-
Тереңдетілген репортаж
Курс жаңалық, деректі репортаж, т.б. түрлі жанрда, түрлі тақырыпта көрнекі визуалды баяндау тәсілдерін үйретеді. Сюжеттік идеяларды дамыту, сұхбат жүргізу және хикаяны құрылымдау - пәннің бас тақырыптары. Курс барысында магистранттар терең дискуссиялар арқылы сценарийді егжей-тегжейлі талдайтын болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік ғылымдардағы зерттеу әдістері мен статистика
Бұл курс қолданбалы әлеуметтік ғылымдардағы озық сандық зерттеу әдістерін қарастырады. Сонымен қатар, бұл пән дисциплинарлық білім деңгейіне қарамастан, кез-келген магистранттың статистикалық білімін тереңдетуге көмектеседі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Медиа құқық және этика
Бұл курста журналистің құқықтары мен міндеттері, медиаға қатысты құқықтық нормалар, ақпарат құралдарының этика қағидалары оқытылады. Магистранттарға конституциялық-құқықтық дәрежелермен ойлануға, азаматтардың ар-намыс іскерлік беделіне нұқсан келтірмеу, этикаға қатысты туындауы мүмкін мәселелерді білуіне көмектеседі. Оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне негізделген тәжірибелік білім, осыған дейін ісі сотта қаралған журналистердің жұмысымен танысу және оны талдау, рөлдік ойындар ойнау секілді жолдармен жүзеге асады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Бұл пән магистранттарға ұйымдық ортадағы менеджменттің психологиялық аспектілеріне қатысты негізгі қағидалар мен түсініктерді үйретеді. Курс қызметкерлердің көшбасшылыққа, коммуникацияға, мотивацияға және дамуына психологиялық процестердің әсері туралы түсінікті дамытуға бағытталған. Магистранттар психологиялық теорияларды, көшбасшылықты, стратегиялық мотивацияларды, шешім қабылдаудың психологиялық аспектілерін және конфликтологияны осы білімді адамдарды және ұйымдық процестерді тиімді басқару контекстінде қолдануға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Медиа мен коммуникациядағы зерттеу әдістері (сапалық және сандық талдау)
Пәннің мақсаты коммуникациялық зерттеулерге және жалпы әлеуметтік ғылымдарды зерттеуге байланысты сапалық және сандық зерттеу әдістерін енгізу болып табылады. Сондай-ақ, пән магистранттарға ғылыми зерттеулер жүргізуге, ғылыми мақалалар жазуға және зерттеу нәтижелерін ұсынуға қажетті дағдыларды дамытуға көмектеседі. Олар заманауи БАҚ және аудиторияны зерттеу әдістерімен өзара әрекеттеседі, этикалық дағдыларды дамытады және зерттеу гипотезаларын дұрыс құруды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Нарратив жазу
Пән журналистер үшін жазу машықтары және шығармашылық жазудың терең практикалық дағдыларын үйретуге бағытталған. Курс барысында магистранттар әртүрлі жанрдағы мақала мен материалдар жазуды үйренеді. Сондай-ақ олар журналистік мақалаларға арналған сторителлинг және баяндау, академиялық жазу және БАҚ мәтіндерін сыни тұрғыдан талдауға арналған жазу тәсілдерін үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Курс ғылыми ойлаудың дамуының философиялық негіздері мен тарихи жағдайларын терең зерттеуді көздейді. Магистранттар ғылыми әдіс негізінде жатқан философиялық концепцияларды, ғылыми теориялардың қалыптасуының тарихи кезеңдерін зерттейді, сонымен қатар осы аспектілердің қазіргі ғылыми парадигмалардың дамуына әсерін талдайды. Курс сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыруға, ғылымның философиялық негіздерін түсінуге және олардың құқық пен қоғамның әртүрлі салаларына ықпалына ықпал етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Медиа және коммуникациялардағы теориялар және тұжырымдар
Бұл курста әлеуметтік ғылымдарға пәнаралық көзқарастан медиа мен коммуникацияны зерттеудегі негізгі теориялық және тұжырымдамалық мәселелер қарастырылған. Ол бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникация құбылыстарын кең әлеуметтік және саяси теориялар шеңберіндегі талдауды үйретеді осылайша жаһанданған білім қоғамындағы мемлекет, нарық және қоғамдық саладағы қатынастар үшін медиа ортаның өзгермелі маңыздылығын ашады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Медиа және салалық зерттеулер
Пән бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеу дағдыларын тереңдетуге және кеңейтуге мүмкіндік беретін аналитикалық құрылым мен тұжырымдамаларға және медиа мен мәдениеттің өндірісін, тұтынылуын және таратылуын сыни тұрғыдан бағалау үшін медиа және мәдениеттану саласындағы негізгі теориялық негіздерді, мәтіндер мен теорияларды жүйелі түрде түсінуге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Медиа экономика
Курс медианарықта қолданылатын экономикалық теориялар жайлы негізгі түсініктерді үйретеді. Курс аясында магистранттар медианарықтың негізгі қағидаларымен танысып, БАҚ-тағы қысым және бәсекелестік түрлері туралы, сондай-ақ бұл феномендердің мемлекет тарапынан реттелу жолдары туралы білімге қол жеткізеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Деректер және дерекқорлармен жұмыс жасау
Датаға қатысты сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға бағытталған, оның көмегімен магистранттар үлкен деректерге негіздей отырып гипотеза құрыды үйренеді. Осылайша, олар өнделген деректердің арасындағы байланысты табуға және сол арқылы оқиға мен құбылыстың интегралды бейнесін қалыптастыруға машықтанады. Содай-ақ магистранттар дерекқорлардың түрлерімен танысып, олармен жұмыс жасаудағы құқықтық, этикалық және саяси тұстарын меңгеріп шығады. Ашық дерекқорларды сүзгіден өткізуді, верификациялау тәсілдерін үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
Курс магистранттардың заң терминологиясы және тілді халықаралық құқық салаларында практикалық қолдануы туралы білімін тереңдетеді. Ол халықаралық құқықтық ортада табысты жұмыс істеу үшін кәсіби лексикаға, мәдени аспектілерге және коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Гендер және медиа
Курстың мақсаты – қазіргі медиадағы гендерлік аспектілер туралы білімді кеңейту, гендерге қатысты қолданыстағы нормалар мен стереотиптерге сыни көзқарасты қалыптастыру, сондай-ақ гендерлік көзқарас негізінде медиа материалдарын талдау және құру бойынша практикалық дағдыларды дамыту. Сондай-ақ курс теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білу дағдыларын дамытуға және гендерлік мәселелерге байланысты медиа саласындағы жұмысқа дайындауға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Медиа және құқық
Пән федералды, мемлекеттік және халықаралық баспасөз, хабар тарату және сандық медианы реттейтін заңнамаларға бағытталған. Пән бірнеше салаларды қамтиды, соның ішінде жала жабу, жек көру, жарнама, әлеуметтік желілер және т.б. тақырыптардың құқықтық негіздерін қамтиды. Негізгі мақсат - Қазақстанда және әлемде сөз бостандығы мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты құқықтық принциптерді сыни және жан-жақты түсінуді дамыту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жоғары мектеп педагогикасы
Курс магистранттарға университет жағдайында оқыту әдістері туралы терең білім береді. Магистранттар жоғары оқу орындарында анағұрлым құзыретті оқытушы болуға көмектесу үшін тиімді оқыту стратегияларын, оқу жоспарын құруды және бағалауды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Медиасоциология
Бұл курста магистрантар әлеуметтік қарым-қатынастағы ақпарат және ақпараттық құралдардың рөлімен танысады. Медиа социологияның тарихымен қоса, теориялары да қазіргі заман оқиғаларын талдау арқылы қарастырылады. Заманалы медиа жұмысының қызмет жасауына қандай факторлар әсер ететіні және медианың қоғамдық құбылыстарға ықпалы айтылады. Модуль аудиторияның медиа мәтіндерді қалай түсінетініне назар аударады. Сонымен қатар, әлеуметтік медианың жеке тұлғаның кімдігін қалыптастырудағы рөлі де қамтылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қоғаммен байланыс қағидалары мен тәжірибесі
Курс компаниялар мен ұйымдардың бренд қалыптастыруын, тұтынушы және мақсатты аудиториямен жақсы қарым-қатынасты сақтау үшін жүзеге асыратын нақты және мұқият ойластырылған қадамдарын қамтиды. Оқу барысында магистранттар түрлі медиа каналдар арқылы қоғаммен байланыс мәселесін шешуді үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Саяси коммуникация
Бұл курсты оқу кезінде магистранттар саяси институттар және БАҚ қарым-қатынастарын, саясаткерлер және үкімет институттарының халықпен байланыс орнатуындағы түрлі мәселелерді қарастырып талқылайтын болады. Медиа ретінде биліктің дұрыс шешімдеріне ықпал етуде саяси коммуникацияны үйренудің маңызы зор екенін ескере отырып, нәтижеде, магистранттар саяси мәселелердің кәсіби бақылаушысы және олардың белсенді қатысушысы бола алатындай білім және дағдыларды меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Журналистерге арналған машиналық оқыту, нейрондық желілер және AI
Бұл курс магистрантты нейронды желі және жасанды интеллект технологияларымен, machine learning және оны шынайы өмірде қолдану әдіснамасымен таныстыруды көздейді. Жоғарыда аталып өткен жаңа технологияларды БАҚ және медиа-коммуникация саласында қолдану жолдарын түсіндіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қазіргі заманғы БАҚ бизнес модельдері
Курс БАҚ-тағы заманауи бизнес-модельдерді зерделеуге және қолданыстағы медиа-бизнес тұжырымдамаларының трансформациясы контекстінде медиаиндустриядағы инновациялық трансформацияларды ашуға бағытталған. Курсты аяқтаған соң магистранттар заманауи БАҚ дамуының негізгі тенденцияларын түсінеді, жаңа бизнес-модельдердің медиа-бизнестің дамуына әсерін талдайды, БАҚ үшін табыс әкелу құралдарын қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Бұқаралық мәдениеттегі бұқаралық коммуникация
Бұл курс мәдени перспективалар мен нормаларды қалыптастырудағы БАҚ рөлін қарастырады. Курс барысында магистранттар медиа хабарламаларды сыни тұрғыдан талдауды және түрлі БАҚ-тың кең аудиториясына арналған тартымды, сенімді және этикаға сай контент өндіруді үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Журналистикаға арналған жаңа технологиялар
Пән жаңа технологиялардың қоғамдағы журналистика рөлін өзгертуге әсерін зерттеуге бағытталған. Сонымен қатар, пән магистранттарды цифрлы және интернеттегі бұқаралық ақпарат құралдарында журналистика әдістерімен таныстырады және журналистерге тұжырымдамалық және практикалық құралдар мен жаңа технологияларды үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Медиа, активизм және әлеуметтік өзгерістер
Пән активизм, әлеуметтік өзгеріс және медианы және олардың арасындағы тығыз байланысты түсінуге бағытталған. Курс теориялық (белсенділік, медиа теориясы) және практикалық (кейс-стади) аспектілерін қамтиды. Магистранттар бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік өзгерістегі рөлін анықтай алады және ол үшін коммуникация құралдарын қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Медиа анализ
Магистратура студенттері медианың сыни анализін қалай жасауға үйретеді. Курс сонында магистранттар медиа теориясы және анализі жайындағы негізгі тәсілдерді толығымен түсініп медиа жүйе мен әлеуметтік контекстердің функциясы мен құбылмалы процестер жүйесін түсінетін болады. Сонымен қатар медиа индустриясындағы тұтыну, тарату және өнім өндіру процестерінің өзара байланысын, коммуникация және тұтыну, өнім өндірудің концепциялары және медиаға қатысы бар негізгі өнімдердің процесі жайлы терең түсінік алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Визуалды коммуникация технологиясы
Бұл курс визуалды коммуникацияның түрлі әдістерін және жазбаша контентке көрнекілік сыйлайтын бейнелерді дайындау жолдарын үйретеді. Сонымен қатар, курс барысында магистранттар түстердің мәні мен өзара байланысын, пішіндерді қолдана отырып біркелкі композиция құрауды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Философиялық концепциялар мен ғылыми танымның қалыптасуының тарихи процестері негізінде ғылымның даму заңдылықтарын жалпылау.
- Басқарудағы әдістемелік тәсілдер негізінде басқару іс-әрекетінің психологиялық сипаттамаларын талдау.
- Шығармашылық жазу дағдыларының кең ауқымын қолдана отырып, тиімді медиа мәтіндерін жасау.
- Медиа және коммуникациялар саласындағы ғылыми зерттеулерді тиімді ұйымдастыру мақсатында әлеуметтік ғылымдар саласындағы негізгі зерттеу әдістерін қолдану.
- Заманауи коммуникациялық технологиялар мен журналистік қызметті пайдалана отырып, конвергентті медиаконтент жасау.
- Қоғамдық саладағы медиа, құқық және этика өзара қатынастарды қарастыру.
- Журналист мамандығындағы құндылық өзгерістерін анықтау үшін әртүрлі сыни тәсілдерді қолдану
- Бұқаралық ақпарат құралдарының гендерлік мәселелер бойынша базалық білім жүйесімен өзара әрекеттесу ерекшеліктерін анықтау.
- Медиа сыни талдауын және бұқаралық коммуникацияның саяси-экономика теорияларын пайдалана отырып, медиа зерттеулерін жүргізу.
- Педагогикалық әдістерді қолдану дағдыларын қалыптастыру және оларды жоғары оқу орындарына бейімдеу арқылы оқу процесін ұйымдастыру принциптерін меңгеру.
- Шетел тілін меңгеру дағдыларын және болашақ кәсіби мансабында тиімді қарым-қатынас жасау үшін қажетті коммуникация дағдыларын дамыту.
Ұқсас БББ
7M03201 Халықаралық журналистика
КИМЭП университеті
7M03201 Журналистика
Торайгыров университеті
7M03201 Data - журналистика
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
7M03201 Журналистика
«Тұран» университеті
7M03201 Журналистика
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
7M03201 Журналистика
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
7M03201 Журналистика
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті