Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B06306 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шетел тілдерінде байланыс жасау
  • Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу
  • Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын талдай білу
  • Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық қауіп көздерін талдау мен бағалау, тіршілік қауіпсіздігі жағдайларын ұйымдастыра білу, сондай-ақ орнықты даму стратегияларын әзірлеу және енгізу, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін бағалау, тәуекелдерді болжау және жаһандық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер жағдайында оларды төмендету жөнінде шаралар әзірлеу, қоғамда инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптерін қалыптастыру.
  • Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасауға жол бермейтін құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жеткілікті деңгейіне ие болу, кәсіби міндеттерін орындау және мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын сақтау.
  • Кәсіби мәселелерді шешу кезінде дискретті математика, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистиканың тиісті математикалық аппаратын дұрыс қолдану дағдыларын меңгеру
  • Міндеттің қойылымын қоса алғанда жоғары деңгейлі программалау тілдерінің және машинаға тәуелді программалау тілдерінің негіздерін игеру, мәселелерді шешу әдістерін таңдай білу, алгоритмдерді таңдау немесе құру, программалау тілінде алгоритмдерді жүзеге асыру, программаны өңдеу мен тестілеу жүргізуді игеру
  • Компьютердің архитектурасы туралы, көппроцессорлық және көпмашиналық есептеу жүйелерді ұйымдастыру принциптері туралы; дәстүрлі, параллельді және дәстүрлі емес архитектурасы бар компьютерлерді дамыту бағыттары туралы; қазіргі заманғы компьютерлік желілерді құру және негізгі OSI деңгейлерінің жұмыс істеу принциптері туралы; операциялық жүйелерді ұйымдастыру және олардың қауіпсіздігі бойынша; операциялық жүйелер мен компьютерлік жүйелер мен желілердің қауіпсіздік саясатын орнату туралы білімдерін көрсету; компьютерлік желі мен жүйелік ресурстарды жоспарлау және басқару; ұйымның АТ-инфрақұрылымын дамыту және бағалау; желілік құрылғылар мен операциялық жүйелердің ақауларын жою.
  • Деректер базаларының, операциялық жүйелердің, компьютерлік және телекоммуникациялық желілердің, есептеу жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқару дағдыларын көрсету; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің программалық және техникалық құралдарын қолдану; компьютерлік желілер мен жүйелерді жоспарлау және ресурстарды басқару; ұйымның АТ-инфрақұрылымын дамыту, бағалау; желілік құрылғылар мен операциялық жүйелердің ақауларын жою
  • Компьютерлік ақпаратты қорғау әдістері мен технологиялық құралдарын қолдана білу, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін процестер мен әрекеттерді жоспарлау және ұйымдағы бизнес-процестерді жақсарту. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қызметті реттейтін негізгі халықаралық және ұлттық заңнамалық, ұйымдастырушылық және процедуралық актілерді қолдана отырып, ақпараттың жайылып кетуін алдын алатын жүйелерін, АҚ мониторингілеу жүйелерін, осалдылықтарды мониторингілеу жүйелерін, АҚ қамтамасыз ететін аппараттық-программалық құралдарын қолдану дағдыларын меңгеру
  • Программалар мен ақпараттық жүйелерді жобалау және қауіпсіз әзірлеу, компьютерлік қылмыстардың алдын алу және зерттеу дағдыларын игеру. Деректерді жинау, өңдеу және қалпына келтіру үшін программалық және техникалық құралдарды қолдану. Ұйымда қолданылатын технологиялардың жүйелік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ақпаратты бақылау, құжаттау және қорғауды жүзеге асыру
  • Ақпараттар мен кодтау теориясының негіздерін, криптография және криптоталдау саласында формальды аппаратын, негізгі криптографиялық алгоритмдер мен хаттамаларын меңгеру және оларды деректерді қорғау мәселесінде қолдану
Top