Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B01402 Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері (IP) в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • қазіргі ғылымның тарихи-саяси, философиялық, әлеуметтанулық, мәдениеттанулық және психологиялық аспектілерінің заңдылықтарын, фактілері мен құбылыстарын, Абайтану ережелерін еңбекке баулу және кәсіпкерлік саласындағы білім беруді байыту үшін талдау;
  • заманауи ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды пайдалану, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде арт-білім беруді дамытудың проблемалары мен перспективалары бойынша өз пікірін дәлелдеу, сондай-ақ зерттелетін салада одан әрі оқытуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын меңгеру;
  • еңбек және кәсіпкерлік саласындағы оқу-практикалық және кәсіптік міндеттерді шешу үшін экономика және кәсіпкерлік, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экология және өмір тіршілік қауіпсіздігі саласындағы талдау әдістерін қолдану, сондай-ақ академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің маңыздылығын түсіну;
  • әртүрлі жастағы балалардың физиологиялық дамуы негізінде педагогикалық-психологиялық зерттеулер, өзара іс-қимыл және коммуникация, бағалау және даму негіздерін, сонымен қатар еңбекке баулу және кәсіпкерлік саласындағы инклюзивті білім беруді меңгеру;
  • Материалдарды өңдеу технологиясы, цифрлық электротехника және электроника бойынша жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып, білім алушылардың ғылыми зерттеулері мен оқу жетістіктерінің әдістерін пайдалану;
  • Педагогикалық және шығармашылық қызметте сурет, кескіндеме, композиция, өнер тарихы, инженерлік графика және сызба геометриясы, түрлі материалдарды өңдеу технологиясы, үй және тамақтану мәдениеті саласындағы білімі мен практикалық дағдыларын қолдану.
  • арт-менеджмент пен кәсіпкерліктің, маркетингтің, жарнаманың фактілері мен заңдылықтарын талдау, оларды мектептің оқу-тәрбие процесінде және өз қызметінде қолдану, сондай-ақ өзін-өзі тәрбиелеуге қажетті оқыту дағдыларына ие болу;
  • Білім алушыларды оқу-әдістемелік қызметті ынталандыратын құндылықтар жүйесімен таныстыру арқылы еңбекке баулу және кәсіпкерлік саласындағы оқу процесін жүзеге асыру;
  • сурет және кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер (түрлері бойынша), мүсін, керамика, дизайн, өнердің цифрлық формалары саласында колористика мен түстану негізінде шығармашылық жұмыс жасау
  • шығармашылық орта құру және оқу-зерттеу жобаларын іске асыру мақсатында еңбекке баулу және кәсіпкерлік саласындағы отандық және әлемдік білім беру әдістері мен технологияларын жалпылау;
  • қолмен және машиналық әдістерді қолдана отырып, жобалау және макеттеу саласында сызбаларды, бұйымдар схемаларын және басқа да графикалық құрылымдарды жасау әдістемесін меңгеру
  • Еңбекке баулу және кәсіпкерлікті оқытудың әлемдік және отандық әдістемесінің соңғы жетістіктерін өзінің оқытушылық қызметінде пайдалану.
Top