6B01402 Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау в QYZPU
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау саласындағы міндеттерді инновациялық білім беру технологиялар негізінде шеше алатын, шығармашыл және сыни ойлайтын, ынтымақтастық және коммуникативті дағдыларын дамыту деңгейі жоғары педагог мамандарды даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
Пәндер
-
Экология және тұрақты даму
Экология және тұрақты даму курсы студенттердің экологиялық дағдыларын дамытуға, заманауи экологиялық мәселелерді шешуге, қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты дамыту жолдарын қалыптастыруға, студенттердің экологиялық санасын және қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілігін арттыруға бағытталған.Нәтижесінде студенттер экологиялық тенденцияларды талдау және басым бағыттарды қалыптастыру, табиғатты қорғау бойынша нақты міндеттерді қою арқылы өмірлік маңызды тұрақтылықты сақтауды үйренеді. Сондай-ақ студенттер қазіргі заманғы экологиялық саясаттың негізгі бағыттарын, жаһандық, аймақтық және жергілікті деңгейде экологиялық проблемаларды шешудің практикалық тәсілдерін анықтай алады, сонымен қатар тұрақты даму мақсаттарына жету үшін табиғи ортаның сапасын басқарудың әртүрлі құралдарын қолдана алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Визуалды өнер-1 (сурет)
Пәннің мақсаты білімалушылардың ой өрісін көлемді-кеңістіктіктің көрінісінде дамыту. Курста білімалушылар перспективаларды геометриялық денелердің негізінде және құрылымдық ой өрісін дамытып зерттейді, табиғаттан және ой қиялмен бейнелеуді меңгереді, композиция мен сызықтық перспектива саласындағы негізгі білім мен дағдыларды, сонымен қатар қарапайым геометриялық денелердің салу әдістерін көрсете алады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Шығармашылық сурет
Пәннің мақсаты білімалушылар табиғаттан және ой қиялдан сурет салу арқылы кәсіби дағды мен іскерліктерін қалыптастыру. Курста білімалушылардың перспектива, композиция заңдылықтары мен жарық-көлеңке ұғымдарын, материал технологиясын және т.б. теориялық және практикалық білімдерін дамытады. Шығармашылық суретте бұрыннан алған білімдер мен дағдылар негізінде жаңа және түпнұсқаны жасау мақсатында жүзеге асырылады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Пән студенттердің іскерлік дағдыларын және іскерлік ойлауын дамытуға бағытталған. Экономиғаканың қызмет ету заңдылықтарын, бизнесті жүргізу жағдайларын, оның ішкі және сыртқы ортасын жан-жақты көрсету арқылы студенттерде бизнес-жоспар құру, өз ісін құру және табысты жүргізу дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу
Курс әрбір студенттің жеке басындағы көшбасшылық қасиеттерді ашуға және дамытуға, оның бойындағы инновациялық бейімділік дағдыларын дамытуға, инновациялық процестерден туындаған жаңалықтарға бейімделу процесі ретінде, сонымен қатар оның өмірінде және ғылымиға-техникалық процестердің нәтижелерінің кәсіби қызметі. Ол көшбасшылық қасиеттер мен басқарудағы адам факторының қазіргі жағдайы мен даму болашағын зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Эмоционалды интеллект
Пән Қазақстанның мемлекеттік білім беру саясатының стратегиялық бағдарлары мен басым бағыттары контекстіндегі педагогтың тьютор рөлін игеруіне бағытталған. Студенттер қазіргі мектептің білім беру процесіндегі эмоционалды интеллекті мен икемді құзыреттіліктердің орнын анықтайды. Икемді дағдыларды, соның ішінде оны цифрлық ортада дамытуды ескере отырып, білім беру қызметін ұйымдастырудың заманауи әдіс-тәсілдері мен технологияларын қолдана алады. Әртүрлі жастағы оқушылардың эмоционалды интеллектісін бағалау мен дамытудың технологияларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математикалық статистика негіздері
Пәннің мақсаты: студенттерді жүйелі ойлаудың формалары мен заңдылықтарымен таныстыру, студенттерді жүйелі ойлауға үйрету, дұрыс дәлелдеу дағдыларын дамытуға көмектесу. Студенттер деректерді жинау, өңдеу және идеяларды жеткізу процесін түсінеді және қарастырылатын объектінің немесе құбылыстың күйін бағалауда сандық және сапалық деректерді талдауды қолдану дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
Пән білім алушылардың қаржы жүйесі, қаржылық тәуекелдер, қаржы институттары және олардың өнімдері туралы білімдерін игеруге бағытталған. Нәтижесінде студенттер әртүрлі дерек көздерден қаржылық ақпаратты іздеуді, талдауды, түсінуді, бағалауды үйренеді және алған ақпаратты қаржылық мәселелерді шешу үшін пайдалана алады. Жалпы бұл курс қаржылық алаяқтықтың жоғары тәуекелі жағдайында білім алушыларда сауатты, ұтымды қаржылық мінез-құлықты қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Курс құқықтық сауатты, заңға бағынатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Студенттер өздерінің құқықтары мен міндеттерін біледі және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік танытады. Студенттер өз қызметінде қазақстандық қоғамның әлеуметтік, құқықтық және этикалық нормаларын қолдана алады. Курс заңдылық түсініктерін, этикалық қағидалары мен қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес қағидаларын дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тұрмыстық технология мәдениеті және сервис
Пәннің мақсаты тұтынушыларға қызмет көрсету және тұрмыстық технология мәдениетінің факторлары мен жағдайларының осы қырларын зерттеу болып табылады. Қызмет көрсету тәртібі кәсіпорын қызметкерлері мен тұтынушылар арасындағы қарым-қатынас пен байланыс аймағының ерекшелігіне назар аударылады, білім алушылардың күнделікті өмір мен қызмет көрсету мәдениеті, психологиялық, этикалық, эстетикалық, ұйымдастырушылық-технологиялық аспектілерінің ерекшеліктері, білім, білік және дағдыларын қалыптастырады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тамақ даярлау технологиясы және үй мәдениеті (қыздар /ұлдар)
Пәннің мақсаты мектептегі көркем еңбек сабағында білімалушыларды білім мен тәрбиеге дайындау және жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Білім алушылар аспаздық және кондитерлік өнімдерді дайындауда практикалық дағдыларды қалыптастырады, технологиялық процесті ұйымдастырудың санитарлық-гигиеналық талаптарын зерделейді; өзіндік еңбек пен шығармашылық әрекетін үй мәдениетінде дамытады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Пән студенттердің әрбір мүшесі өзінің құндылығы мен маңыздылығын сезінетін инклюзивті қоғам қағидалары туралы түсінігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты физиологияны, анатомияны жақсы біледі, жасерекшелік физиологиясы туралы терең білімге сүйене отырып, танымдық дағдылардың қағидаларын түсінеді, ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасай алады, инклюзивті білім беру ортасын құрудың стратегияларын біледі және оны жүзеге асыра алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Педагогика және дидактика
Пәннің мақсаты ғылым ретінде педагогика туралы жалпы түсінік пен зерттеуге бағытталған оқыту концепцияларын қалыптастыру. Студенттер педагогика ғылымының дамуының тарихи алғы шарттарын меңгереді, дидактиканың негізгі заңдылықтары мен қағиаларын түсінеді. Студенттер цифрлық құралдарды пайдалана отырып, өзекті ғылыми ақпараттарды іздеуді және талдауды жүзеге асырады, педагогика мен дидактиканың іргелі негіздеріне сүйене отырып, өз көзқарасын білдіруге қабілетті.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Анатомиялық сурет
Пәннің мақсаты білімалушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, адамның, жануарлардың және құстардың анатомиясы туралы білімдер негізінде шындықты шынайы бейнелеудің ерекше қабілеттері мен дағдыларын меңгеру болып табылады. Білім алушылар өз бетінше шығармашылық жұмыстарын дайындайды, анатомиялық сурет саласынан кәсіби білім мен дағдыларын дамытады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Визуалды өнер-2 (сурет)
Пәннің мақсаты шығармашылық қабілеттерін, құрылымдық және кеңістіктік қиялын жетілдіруге көмектесетін графикалық дағдыларды меңгеру, кәсіби әрекетте білім беру. Курста адам қаңқасының пропорциялық ерекшеліктерін, оның фигураларын, шынайы табиғатын, адамның негізгі қозғалыстарын, пропорцияларын, адам фигурасының кеңістіктікте орналасуын зерттейді, олардың әрқайсысы алдыңғысымен логикалық байланыста және бұрын алған дағдыларын дамытады немесе сурет салу техникасын және оның қасиеттерін жаңа тәжірибеде меңгертеді
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
Пән студенттерде ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімн қалыптастырады, кәсіби қызмет саласында ақпарат пен деректерді жинаудың, сақтаудың және өңдеудің заманауи әдістерін меңгертеді, сонымен қатар сөйлеу әрекетінің оқу, сөйлеу, сөйлеу. жазу, тыңдау сияқты төрт түрі бойынша академиялық байланыс дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық жазылым
Академиялық жазылым пәні білім алушыларды функционалды стиль түрлері мен ғылыми мақала жазу, салалық пәндік терминология, іс-қағаздарын жүргізу, академиялық сауаттылық дағдысын қалыптастырады. Сондай-ақ ғылыми баяндамалар жасауға, мәтіндерді кәсіби тұрғыдан талдай білуге, сыни ойлауға, плагиаттан сақтану жолдарын меңгертеді және ғылыми деректер қорынан ақпаратты табуға, жазба жұмысын жүйеліндіруге машықтанады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Визуалды өнер (кескіндеме)
Пәннің мақсаты білімалушылардың көркемдік ой-өрісін кескіндеме негізінде дамыту, акварель және майлы бояу техникасында көркем жазу тәсілін меңгерту. Білімалушылар әртүрлі кескіндеме техникасы мен бейнелеу жүйелері бойынша тәжірибе жинақтайды, оқу-шығармашылық жұмыс нәтижесін анықтайтын объективті факторлар: табиғаты, қойылған мақсат және міндеттері, нақты бейнелейтін материалдар мен орындау техникасының қасиеттері туралы түсінік алады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық психология
Пәннің мақсаты әр түрлі жас кезеңдерінде оқыту және тәрбиелеу психологиясы саласындағы білімді қалыптастыру болып табылады. Оқушыларды мектепте жетістікке жетуге ынталандырудың психологиялық жолдары туралы нақты түсінік қалыптасады және танымдық процестердің сапасын бағалайды.Студенттер мұғалім-оқушы-ата-ана жүйесінде сындарлы қарым-қатынас үлгілерін ассимиляциялау арқылы коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытады. Курстың соңында олар білім берудегі психологиялық-педагогикалық тәсілдерді сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Визуалды өнердің тарихы және теориясы
Пәннің мақсаты мәдениет және өнер саласында іргелі білім алу. Білімалушылар өнердің теориялық және әдістемелік негіздерін түсінеді, өнер түрлері мен бағыттарының стилистикалық әртүрлілігін бағдарлайды, курс барысында алған білім, білік және дағдыларын іс жүзінде пайдаланады. Заманауи өнердің дамуының негізгі мәселелері мен тенденциялары туралы түсінік қалыптастыра отырып, өнер объектілері мен құбылыстарын талдау әдіс-тәсілдерін меңгереді
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Визуалды өнер-3 (сурет)
Пәннің мақсаты білімалушылар графикалық әдістерді қолдана отырып, адам фигурасын әртүрлі анатомиялық және пластикалық аспектілерде сауатты бейнелеу дағдыларын қалыптастыру. Бейнелеудің теориялық және практикалық білімдерін композициялық шығармашылық қабілеттерінде дамыту, ер мен әйел фигурасының пропорциялары туралы білімдерін қалыптастыру және адам фигурасының пропорционалды тұлғасын бейнелеу
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Академиялык портрет
Пәннің мақсаты білім алушылар тұлғаны бейнелеудің негіздерімен, бас пішінін салу принциптерімен, портреттегі пропорциялар мен кейіпкерлерді жеткізумен таныстыру. Академиялық пәннің маңызды құрамдас бөлігі пластикалық анатомияны зерттеу болып табылады. Білім алушылар адам портретіне тән белгілерді жеткізе алады, пішінді анатомиялық талдау негізінде басын құрастырады, перспективаны жеткізе алады, кеңістіктегі пішінді қысқартады, жұмсақ материалдарды (көмір, сангвиник, сепия) пайдалана алады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Композиция
Пәннің мақсаты білімалушылардың жалпы кәсіптік және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, оларды кәсіби көркемдік әрекет саласында жүзеге асыра білу дағдыларын дамыту болып табылады. Курста білімалушылар пішіннің конструкциялық білім негізінде, оның кеңістікте орналасуын, анатомиялық және пластикалық көлемділігінің бейнеленуін кәсіби түрде суретін сала алады. Натюрморт, интерьер, пейзаж, портрет, фигуралық және көп фигуралы композиция жанрындағы жұмыс жасайды, түрлі композициялық техниканы қолданады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Арнайы графикалық техника
Пәннің мақсаты классикалық графикалық техникада жұмыс жасаудың тәсілдерін, әдістерін және технологияларын, гравюра, офорт және монотипия үш баспа түрінің техникасында жұмыстарды орындауға арналған теориялық және практикалық құралдарын зерттеу болып табылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білімалушылар баспа ісінің тарихын, баспада кітапты жасау кезіндегі технологиялық үрдістің құрылымын қазіргі өндіріс пен дизайндағы баспа графикасының қолданылу аясын меңгереді
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Визуалды өнер және көркем еңбекті оқыту әдістемесі
Пәннің мақсаты жалпы білім беру мекемелерінде визуалды өнер және көркем еңбекті оқытуға қажетті кәсіби білім мен дағдыларды қалыптастыру. Білім алушылар қазіргі заманғы оқыту құралдарын пайдалана отырып, визуалды өнер және көркем еңбекті оқытудың әдістемелік негізін және ерекшеліктерін, оның ішінде бейнелеу әрекетінің формаларын ұйымдастыру, әдістері мен тәсілдерінің сипаттамаларын зерттейді. Визуалды өнер және көркем еңбекке оқыту үдерісін қамтамасыз ететін құжаттаманы ресімдеуге қойылатын талаптармен танысады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Визуалды өнердің технологиясы және техникасы
Пәннің мақсаты, визуалды өнерде қолданылатын кескіндемелік-графикалық материалдардың негізгі қасиеттерін, олардың құрамы мен технологиялық қолданылу ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, ой-өрісін, қиялын дамыту, станоктік өнер туындыларын жасауда қолданылатын материалдармен жұмыс істеудің тәсілдері мен ережелері, құралдары туралы негізгі түсініктер алады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сызба геометрия және перспектива
Пәннің мақсаты білімалушылардың кеңістіктегі бейне мен көріністі конструктивті-геометриялық, абстракты және логикалық ойлауын дамыту. Кеңістіктің графикалық модельдері негізінде кеңістіктіктегі формалар мен қатынастарды талдау және синтездеу, кеңістіктіктегі нақты нысандарды сызбалар түрінде жүзеге асырылуы болып табылады. Білім алушылар ортогональды және центрлік проекция негізінде кеңістіктің белгілі графикалық модельдерін құру дағдыларын қалыптастырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Кәсіби этика және сәйкестік
Пәннің мақсаты студенттерді кәсіби педагогикалық ортада қабылданған көзқарастармен, құндылықтармен, білімдермен, сенімдермен және дағдылармен таныстыру. Студенттер педагогикалық немесе басқа да қызмет аясында көшбасшылық және белсенділік дағдыларын, Қазақстанның ұлттық және мәдени құндылықтарына деген сүйіспеншілігін дамытады, кәсіби этикамен танысады, оны құндылық ретінде қабылдай отырып, қатаң сақтауды үйренеді. Студенттер мансап жолын жоспарлай отырып, өзін-өзі талдау және өзін-өзі басқару дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көркемдеп әшекейлеудің техникасы мен технологиясы
Пәннің мақсаты білімалушылардың сәндік өнерде ағаш пен матаға көркемдеп әшкейлеп жазу дағдыларын қалыптастыру және эстетикалық жағынан сапалы заттар мен бұйымдарды жасауға бағытталған. Пәнді оқу барысында әшекейлеп жазу түрлері, оның пайда болу және даму тарихы, таралу аймағы, осы түрге тән ою-өрнек нақыштары, түстері, көркем бейнелері, сюжеттері қарастырылады. Білім алушылар материалда жасалған бұйымды зерттейді, көркемдеп әшекейлеудің техникасы мен технологиясы туралы ақпаратты талдай отырып, көлемді, кеңістікті және материалды берудің негізгі заңдылықтарын көрсете алады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сәндік-қолданбалы өнер (қыздар /ұлдар)
Пәннің мақсаты сәндік-қолданбалы және халықтық қолданбалы өнер саласындағы теориялық және практикалық білімдерді меңгеру, осы білімді кәсіптік қызметті имитациялайтын жағдайларда қолдану, жалпы және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады. Жеке және интерьерлік маңызы бар сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көркемдік-графикалық жобаларын жасайды және оларды материалда жүзеге асырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект негіздері
Бұл пәнді оқудың мақсаты жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы теориялық білім мен дағдыларды және жасанды интеллекттің заманауи құралдары мен әдістерін қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру. Студенттер AI туралы негізгі түсініктермен танысады; негізгі AI тұжырымдамалары мен әдістерін үйренеді; негізгі интеллектуалды бағдарламалық жүйелерде ЖИ ұсынылған теорияларын, әдістері мен принциптерін қолдану қабілетін алады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Графика және жобалауды оқыту әдістемесі
Пәннің мақсаты білімалушылардың бейнелеп көркемдеу әрекеттерін қалыптастыру, олардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Білімалушылар жобалау-зерттеу оқу іс-әрекетінде аспаптық және компьютерлік графиканың мүмкіндіктерінде бейнелеу теориясының негіздерін, проекциялау заңдылықтарын және графикалық үлгілеу әдістерінің меңгереді, дәстүрлі және қазіргі заманғы графика құралдарымен жұмыс істеудің мәдени бейнелеуін шығармашылық әрекеттінде дамыта, жобалау дағдыларын қалыптастырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шығармашылық қыш және мүсін
Пәннің мақсаты материалдың қасиеттерімен үйлестіре отырып, өз бетінше шығармашылық әрекетпен материал бойынша шығармашылық ойлау дағдысын дамыту болып табылады. Пән мүсін өнерінің көне түрлерінің бірі болып табылатын, кәсіби ойлауға, кеңістіктегі көлемді бейнелеу құралдары арқылы беруге негізделген көркем керамика негіздерін адамның шығармашылығымен зерттейді. Тапсырмалар ойлау мен есте сақтаудың әртүрлі түрлерін дамытуға және білімалушылардың шығармашылық даралығын, қоршаған әлем туралы түсініктерін көрсететін өзіндік туындылар жасауға бағытталған. Мүсін арқылы үш өлшемді пішінді, көлемді, пластикалық, қозғалысты беруге үйренеді
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Классикалық кескіндеме
Пәннің мақсаты білім алушыларға классикалық кескіндемеде түрлі материалдарымен жұмыс істеу әдістемесі мен техникасын қалыптастыру. Классикалық кескіндеменің бейнелеу тәсілдерінің негізгі заңдылықтарын, оның қасиеттері мен құрылысын меңгеру. Жарық пен көлеңкенің түстік шешімін қоршаған ортаға байланысты натураның сан алуан күйімен жеткізе білу дағдыларын игерту. Теориялық сабақтарда алған білімдерін кескіндеме саласындағы күрделі композицияның шешімін тәжірибеде біліктілік дағдыларымен қолдану, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Табиғи материалдардан жасалған мүсіндік бұйымдар
Пәннің мақсаты көркем шығармашылық тәжірибеде мүсін туралы білімді меңгеру, материалдарда (саз, ағаш, металл) және мүсін технологиясын игеруге бағытталған. Курста білімалушылар табиғи материалдардан (тақта, гүл ою-өрнектері) барельеф, рельеф, горельеф, гипсті геометриялық денелерден натюрморт, портрет, бюст, мүсіндік статуэтка жасау дағдыларын қалыптастырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Машинатану және материалды өңдеу технологиясы
Пәннің мақсаты білімалушылардың материалды өңдеу технологиясының үрдістері бойынша білімдерін қалыптастыру, тігін бұйымдарын өңдеу үдерісінің жаңа прогрессивті технологияда әзірлеудің практикалық іскерлігін дамыту. Курста конструкцияларды, әртүрлі типтегі машиналардың жұмыс істеу принципін және олардың практикалық қолданылуын, тігін жабдықтарының технологиялық сипаттамаларын, тігін бұйымдарын ылғалды-термиялық өңдеу мәселелерін, өнеркәсіптік өндірісте киім және басқа бұйымдарды жасаудың әртүрлі әдістерін оқуды қарастырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Дәстүрлі материалдарды көркемдеп өңдеу
Пәннің мақсаты білімалушыларға сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарына қолданылатын әртүрлі материалдардың қасиеті, оның маңыздылығы, сапасы және өңдеу технологиясымен таныстыру. Курста білім алушылар дәстүрлі материалдардың түрлері мен қасиеттерінің арнайы терминологиясын зерттейді. Жүн, киіз, ши өңдеудің тәсілдерін практикалық іс әрекеттерде меңгереді, шеберлік дағдыларын қалыптастырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Матаны көркемдеп безендіру
Пәннің мақсаты білімалушылардың матаға сәндік кескіндеме жазудағы практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курста білімалушылар матаға кескіндеп жазудың негізгі түрлерін, оларды безендіріп кескіндеудің техникасын зерттейді, суық және ыстық батикке арналған тәсілдердің композициялық шешімінде айқындайды
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Педагогикалық зерттеулер негіздері
Пән педагогикалық зерттеу саласында зерттеушілік дағдыларды дамытуға бағытталған. Студенттер зерттеудің негізгі сапалық және сандық әдістерін біледі, ғылыми әдебиеттерді талдай алады, Action research, lesson study әдістемелерін, бақылау мен рефлексияны меңгерген. Студенттер деректерді өңдей алады және көпшілікке ұсыну үшін зерттеу нәтижелерін ауызша және жазбаша түрде құрастыра алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 10
-
Дизайн және заманауи өнер түрлері
Пәннің мақсаты білім алушылардың дизайн саласындағы практикалық білім, дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Білім алушылар дизайнның кейбір түрлерін және заманауи өнер түрлерінің көркемдік ерекшеліктерін меңгереді. Графикалық дизайн, оның нысаны. Дизайн ортасын интерьер мен экстерьерде жобалау. Ландшафттық және экологиялық дизайн. Жаңа өнер, поп-арт, постмодернизм. Заманауи өнердегі фотосурет. Медиа-арт. Түстің сәндік қызметі мен түстердің сәндік үйлесімі, композицияс мен пішіннің бейнеленуі, стилизация, шартты түстер туралы түсініктерді қалыптастыру
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Компьютерлік дизайн
Пәннің мақсаты білімалушыларды компьютерлік графика және сандық дизайн негіздерімен таныстыру, графикалық векторлық және сандық бейнелерді компьютерде редактірлеу, өңдеу және түрлендірудің практикалық дағдыларын қалыптастыру. Білім алушылар практикалық сабақтарында растрлық графикалық редакторда кескіндермен және мультимедиялық презентациялармен жұмыс істеу тәсілдерін демонстрациялық материалдарда құру, фото және бейне құжаттармен жұмыс жасауды жұмыс жасауды және Adobe Photoshop, ABBYY Fine Reader, Microsoft Publisher және Microsoft Point т.б. меңгереді
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Әлеуметтік-мәдени әртүрлілікті ескере отырып, қарым-қатынастың әртүрлі форматтарын пайдаланады, әл-ауқатты және инклюзивті ортаны қалыптастыруда білім берудегі теңдік пен қолжетімділік қағидаларын құрметтейді, көшбасшылық қасиеттерге ие және оларды ұжымдық әлеуетті дамыту үшін қолдана алады;
- Кәсіби тапсырмаларды орындау үшін өзін-өзі реттеу мен рефлексияға қабілетті, жоғары деңгейдегі сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын меңгерген;
- Сандық технологияларды зерттеулер мен қолдануда әдеп және құқықтық нормаларды сақтайды және біледі. Сандық ақпаратпен және деректерді қорғаумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қолданады, сандық ресурстарды белсенді, қауіпсіз және әдепті пайдалануға ықпал етеді;
- Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалауды оқытудың оқу үдерісінде ынтымақтастық педагогикасы тұрғысынан көшбасшы ретінде, сондай-ақ инклюзивті білім берудің теориялық ережелері мен академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін сақтай отырып, заманауи педагогикалық технологияларды ұйымдастырады;
- Конструктивтік, анатомиялық және пропорционалды қатынастарды сақтай отырып, заттар мен адам фигурасын шынайы бейнелеуде кескіндемелік және графикалық шеберліктің әртүрлі көркемдік әдістері мен тәсілдерін қолданады;
- Әлем халықтарының ас үй мәдениеті мен дәстүрлерін, тағам дайындау технологиясын, өсімдік шаруашылығы негіздерін біледі, салауатты тамақтанудың ережелерін сақтайды, тұрмыстық құралдар мен жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қолданады;
- Қолданбалы өнер мен дизайнның сипаттамаларын, еңбек операцияларын орындау үшін өмір сүру ортасының эстетикалық, техникалық, экологиялық және эргономикалық жағдайларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, заманауи талаптар негізінде материалдарды көркемдеп өңдеудің технологиялық процестерінің нәтижелері мен көркем өнер туындыларының материалдылығын дизайнның даму тенденциялары негізінде талдайды;
- Үйдің ішкі және сыртқы интерьерін жасауда шығармашылық идеялармен компьютерлік технологияны пайдалана алады, «hand made» сәндеу элементтерін және көркемдеу тәсілдерін қолданады;
- Үш өлшемді кеңістікте композициялық өнер туындыларын тұрғызудың принциптері мен құралдарын, көркемдік элементтерін меңгереді, визуалды өнер теориясының негізгі ережелері, бейнелеу және көркем қабылдау психологиясы туралы білімді түсіндіреді;
- Қазіргі заманғы өнер түрлерінің көркемдік ерекшеліктерін сәндік-қолданбалы өнер және дизайн саласындағы практикалық білімдері мен дағдыларын біріктіретін өзінің шығармашылық жобаларын жасай алады;
- Көркем іс-әрекеттің әртүрлі түрлерін (сурет, кескіндеме, мүсін, көркемдік құрылым), сондай-ақ АКТ негізіндегі көркемдік әрекеттің арнайы пішіндерін (сандық фотосурет, бейне жазба, мультипликация элементтері және т.б.) практикалық білік дағдыларында көрсетеді;
- Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау сабақтарын ұйымдастыру және өткізу әдістемесін меңгереді, сызбаларды, конструкторлық және сәндік-қолданбалы жұмыстарды орындауда компьютерлік технологияның негіздерін тәжірибеде қолданады.
Ұқсас БББ
6B01402 Кәсіптік оқыту
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B01402 Бейнелеу өнері және сызу
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
6B01402 Көркем еңбек және бейнелеу өнері мұғалімі
Астана халықаралық университеті
6B01402 Бейнелеу өнері және сызу
Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)
6B01402 Кәсіптік оқыту, көркем еңбек және графика
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B01402 Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері (IP)
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті