6B02101 Дизайн в ОҚМПУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ұлттық біліктілік жүйесі мен еңбек нарығы талаптарына сай жалпы мәдени және кәсіби құзыретіліктері қалыптасқан, бәсекеге қабілетті дизайн маманын даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 5 года
-
Кредиттер көлемі 300
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B031 Сән, дизайн
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B021 Өнер
Пәндер
-
Өнер тарихы
Дизайнның тарихы мен теориясына кіріспе. ХIХ – ХХ-да шет елдердегі дизайнның тарихы. Авангардизм кезеңіндегі дизайн тарихы. Неоклассицизм кезеңіндегі дизайн тарихы. Модернизм кезеңіндегі дизайн тарихы. Постмодернизм кезеңіндегі дизайн тарихы.Гипермодерн кезеңіндегі дизайн тарихы. Дизайн теориясы. Дизайннның мәні, мақсаты және мүмкікндіктері туралы түсінік, қоғам өмірінің өндірістік-экономикалық және мәдени сферасындағы оның орны жайлы түсінік қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Салалық материалтану
Көркем еңбек және сызуды оқытуда табиғи, жасанды талшықтарды, бейматериалдарды өндіру жолдары, тоқылуы, құрылысы, қасиеттері, жылытқыш, үлпекті, қосарланған, сәндік материалдар, тігін жіптері, тоқыма талшықтарды құрылысын зерттеудің әдіс-тәсілдері, маталар ассортименті жайлы білімі мен түсініктері қарастырылады. Тоқыма материалдарының өндірістік сипаты, зерттеу жұмыстарында инновациялық технологияларды қолдану, критериалды бағалау, диагностикалау, пәнаралық білімді интеграциялау білігі сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Костюм тарихы
Костюмнің шығу тарихы мен даму кезеңдері, стильдері, түстері, әшекейлерінің сән бағытына қарай тасымалдануы және тарихи дамуына байланысты маталарын таңдау ерекшеліктері, сыни бағалау қарастырылады. Тарихи мәліметтерді практикада қолдану, костюмнің адам өміріндегі орны мен рөлін дәйектеу және оларға қатысты жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау білігі сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Академиялық сурет
Заттардың конструктивті-көлемді формаларын салу, геометриялық денелер , геометриялық және тұрмыстық денелерден құралған натюрморт, мата қатпарларын салу, гипстен жасалған бас бөлшектерін салу және практикада қолдану қарастырылады. Адамның бас сүйегін муляждан салу арқылы оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін арттыруда АКТ-ны пайдалану, білімін критериалды бағалау сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Инженерлік графика
Сызбаларды салу мәселелері, инженерлік-техникалық есептерді шешу әдістері, техникалық бөлшектердің контурларын салу ережелері, проекция әдістері, Ромж диаграммалары, аксонометриялық проекциялар, Геометриялық денелердің секциялық жазықтықтармен қималары, Геометриялық денелердің қиылысы, техникалық сурет, кесінділер, қималар, бөлшектердің эскиздері, дизайн саласындағы жұмыс сызбалары қарастырылады. АКТ - ны қолдана отырып, инженерлік графика практикасында оқу ақпараты туралы білімді қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Білім алушыларда экономика және бизнес саласындағы құзыреттілікті, құқық негіздері туралы білімдері мен түсініктерін дамытады, ҚР Мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерін, экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздерін, кәсіпкерлік дағдыларын, көшбасшылықты, т.б. білім алушының тұлғалық дамуын қалыптастыруға бағытталған пәнаралық білімді интеграциялау жолдарын сипаттайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық кескіндеме
Заттардың көлемін түстік-тондық қасиеттері, кескіндеме құралдары арқылы бейнелеу, «Гризайль» техникасында кескінделген натюрморт, түрлі-түсті фондағы және қарама-қарсы түстерден тұратын тұрмыстық заттардан құралған натюрморт, портрет, жартылай дене, қолымен қоса салынған портрет, интерьерде орналасқан адам денесі қарастырылады. Білімдерін инклюзивті білім беру практикасында қолдану, инновациялық технологияларды пайдалану, диагностикалау, білімді интеграциялау білігі, критериалды бағалау сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Материалдық мәдениет және дизайн тарихы
Адам өміріндегі заттық ортаның мәдениет контекстіндегі рөлі, жалпы мәдениеттегі материалдық мәдениеттің орны, ежелгі әлемнің материалдық мәдениеті, материалдық мәдениет тарихы, дизайн дамуындағы стильдердің пәндік ортадағы көрінісі, ерекшеліктері, материалдық мәдениет дизайнның салалары мен өзара байланысын практикада қолдану қарастырылады. Дизайн саласындағы заңдылықтар негізінде қоршаған ортаны шындықты сыни бағалау мәселелерін шешу қабілеттілігі сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Экономика, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық негіздері
Бұл пән экономика негіздерін, кәсіпкерлік дағдыларды және қаржылық сауаттылықты қалыптастыруды көздейді. Студенттер нарықтық қатынастарды, бизнес жүргізудің жолдарын, жеке және отбасы бюджетін тиімді басқаруды үйренеді. Пән жеке бастамашылықты дамытуға, қаржылық жоспарлау мен тәуекелдерді бағалауға бағытталған. Нәтижесінде студенттер заманауи экономикада саналы әрі тиімді әрекет ете алатын тұлға ретінде қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Материалды өңдеу технологиясы
Технологиялық операцияларды орындау, түрлі материалдардан бұйымдар жасау технологиясындағы дизайнерлік білім сапасы, бұйымның жеке және негізгі бөліктерін пішу, қол жұмыстарындағы мәселелер пайдалану және өңдеу тәсілдері қарастырылады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі
Тірі организмдердің, ұйымның әртүрлі деңгейдегі экожүйелерінің, тұтастай алғанда биосфераның, олардың тұрақтылығының негізгі заңдылықтары; БиоСфера компоненттерінің өзара әрекеттесуі және адам қызметінің экологиялық салдары, әсіресе табиғатты пайдалануды күшейту жағдайында; экология, қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму мәселелері. Тіршілік қауіпсіздігі, оның негізгі ережелері. Қауіптер, Төтенше жағдайлар. Тәуекелді талдау, тәуекелдерді басқару. Адам қауіпсіздігі жүйелері. Әлеуметтік қауіптер, рухани саладағы қауіптер, саясат, олардан қорғау: экономикалық саладағы қауіптер, тұрмыстағы, күнделікті өмірдегі қауіптер.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түс теориясы
Түстердің қасиеттерін, өзара әрекеттесуін ,түс құбылыстарын, негізгі түстерді, түс үлгілерін және оларды біріктіру принциптеріқарастырылады. Түс үйлесімділігін, контрасттарын және түс қабылдаудың психологиялық аспектілерін зерттейді. Түстер теориясын зерттеу нәтижесінде студенттер дизайн, Бейнелеу өнері, маркетинг және жарнама сияқты әртүрлі салаларда түстерді қалай дұрыс сәйкестендіру және пайдалану керектігі туралы түсінік алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дизайндағы заманауи материалдар
Пәнді оқытуда заманауи өндірісте қолданылатын тоқыма материалдары, микроталшықты өңделген материалдар, инновациялық полимерлер, биоматериалдар, жоғары беріктікке, жеңілдікке ие материалдар, 3D-басып шығаруға арналған материалдар, жаңа өңдеу технологиясындағы лазерлік кесу, микрокапсулация мүмкіндіктері, дизайнерлік тиімділігі қарастырылады. Киім дизайнындағы жаңа материалдар мен технологиялардың даму трендтерін бақылау материалдарды дұрыс таңдау, функционалдық, инновациялық киім үлгілерін жобалау сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Шрифт
Қаріппен сауатты жазудың көркем мәдениет контексінде орындау, әріптерді құру графикасы, ұлттық, әлемдік дәстүрлер, қаріптің эргономикасы жайлы түсінік, қаріптердің жіктелуі, көркемдік-графикалық әдістер, белгі анатомиясы, қаріп морфологиясы, стиль ұғымы, заманауи қаріптік мәдениет қарастырылады. Қаріпті практикада сауатты қолдану, бағалау жарнамалық жоба құрастыру сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Дизайн негіздері
Дизайн саласындағы жобалар, техникалық және эстетикалық сауаттылықты арттыру, дизайн ортаның эстетикалық келбетін көркемдік жобалау ретіндегі, дизайндағы түс және стиль, дизайн стратегиясы мен тактикасы, композицияның көркем құралдары, ортаны жобалау ерекшеліктері қарастырылады. Әртүрлі графикалық тәсілдерді практикада қолдану, жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру, қоршаған ортаны критериалды бағалау сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Матадағы композиция
Мата бетінде көркем композиция жасау принциптерін меңгеру, түстерді үйлестіру, ритм мен құрылымды сезіну арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, матамен жұмыс істеу барысында композиция құрудың негізгі заңдылықтарын үйренеді. Симметрия, асимметрия, ритм, тепе-теңдік секілді көркемдік тәсілдер қолдану жолдары, матадағы өрнектер мен текстуралардың үйлесімі, колористика негіздері, стиль мен форма тұтастығы тереңдетіліп оқыту қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Арнайы сурет
Профильді саладағы кәсіби суреттің бағыттары, жеке көріністер, заттық орта, техникасы, әдістері, суреттегі геометриялық композициялар, әр түрлі позада, қозғалыста адам фигурасының айшықты суреті, силуэтті, интерьер суреті, адам фигурасының айшықты бейнесінің суреті, бағалау қарастырылады. Берілген көркем үлгіге сәйкес бейнелеу шығармашылық тапсырмаларын АКТ-мен шешумен сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бұйымды жобалауда компьютерлік технологияларды қолдану
Бұйымды жобалау бағдарламаның құралдарын қолдану, кескіндерді әртүрлі құрылымдарға түрлендіру, монокомпозициялар құру, ең сәттілерін таңдау және жеке фрагменттердің тонымен толтыру қарастырылады. Рапорттық композицияларды құру заңдылықтары, мотивпен жұмыс жасау, компьютерлік дизайнның технологиялық әдістері, осьтік және айна симметриясына негізделген элементтерді біріктіру тәсілімен ою-өрнек мотивтерінің нұсқаларын орындау, ою-өрнек құрылымының торлы бейнесін орындау сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Материалмен көлемді форманы орындау
Көлем, мөлшер, форма, сан деген ұғымдар, көлемді форманы материалмен әртүрлі орналастыру және әртүрлі жарықтандыру, түс бояуларын және түстік-көлеңкені ажырата білу, көлемді макеттеудің тәсілдері, модельдеу, ырғақ көлемдердің, тоқыма материалдары арқылы жұмсақтық, қаттылық, серіппелік, түктілік беру, аппликация жасау , форманың логикалық біртұтастығы қарастырылады. Материалмен көлемді форманы орындау өзекті тенденцияларға сай қолданады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ою-өрнек композициясы
Ою-өрнек композициялары мен өрнектерін жасаудың принциптері мен әдістері қарастырылады. Ою-өрнектерді практикада қолдану, композицияға қатысты тарихи және мәдени контексттерді зерттейді және әртүрлі мәдениеттер мен дәуірлердегі сәндік өнердің әртүрлі дәстүрлері мен стильдерін зерттейді. Ою-өрнектерді талдайды және түсіндіреді,жобалар жасаудаою-өрнекпен композиция құрастырумен сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тігін бұйымдарын конструкциялау
Конструкциялау негіздері, конструкциялау және модельдеу әдістері, балалар, әйелдер және ерлер киімдерін жобалау, құрастыру ерекшеліктері, базалық сызба негізінде иық, бел бұйымдарын үлгілеу түрлері, бөлшектерді градациялау негізінде лекала әзірлеу, жаңа модельдердің техникалық сипаттамасы қарастырылады. Графикалық бейнелерді оқу және шығармашылық тапсырмаларға сәйкес практикада қолдану, пәнаралық білімдерін дизайнерлік мәселелерді шешуді көздейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Заманауи дизайн (бейін бойынша)
Заманауи дизайн құралдары, әдістері, көркемдік жобалау формалары, пәндік-кеңістіктік орта, көркем объектілердің жағдайын жасау, дизайндағы түс, стиль, дизайн стратегиясы, тактикасы, дизайннің композициялық негіздері, жарық дизайны, пәндік ортаның дизайны қарастырылады. Затты ортадағы жеке көріністерді практикада қолдану, негізінде колористикалық құрылым тәсілдері негізінде көркемдік бейнені жасау және сыни бағалау, заманауи дизайндағы жобалау ерекшеліктері сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Заманауи дизайндағы жасанды интеллект
Заманауи дизайн мәселелерін шешу үшін жасанды интеллект құралдарын пайдалану. Жасанды интеллектті қолдана отырып, дизайн процестерін автоматтандыру және оңтайландыру әдістерін игеру. Жасанды интеллектті қолданумен байланысты этикалық мәселелерді зерттеу және шешу. Жасанды интеллект арқылы пайдаланушы тәжірибесін жақсартатын инновациялық дизайн шешімдерін әзірлеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Инклюзивті білім беру ортасы
Болашақ аудармашыларға инклюзивті білім беру туралы терең білім беру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс істеу ерекшеліктерін түсіндіру және түрлі әлеуметтік топтармен тиімді коммуникация орнату қабілетін дамыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Түсті графика
Дизайн саласындағы түсті графиканы құрастыру, көркем безендірудің визуалды процестері, графиканың қайнар көздері мен тарихы, түрлі-түсті графиканың ерекшеліктері, түрлі-түсті графикалық бейнені жасау әдістері, сәндік кескіндеме элементтері, түстердің түстік үйлесімі, дизайнерлік білімі қарастырылады. Көркемдік бейнелерді шешуді талдау қабілеттігі және білімді практикада қолдану, графикалық тәсілдерді түрлі бейнелер құрастыру, сыни бағалау жолдары сипатталады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Композиция
Композиция негіздері, заңдылықтары, композицияның тәсілдері мен құралдары, композицияның заңдары, заңдылықтары, принциптері, бейнелі және шығармашылық ойлау, кеңістік және пішін, пропорция. Cимметрия және асимметрия, үйлесімді композицияның қасиеттері, коллекцияны құру принциптері, текстурасы, фактурасы, жарық, түс, тон қарастырылады. Композициялық білімді практикада қолдану, графикалық бейнелерді саналы түрдегі көркемдік бейнелермен композиция құрастыру сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Тігін бұйымдарының технологиясы
Әртүрлі материалдардан тігін бұйымдарын өңдеу технологиясы, балалар, ерлер және әйел киімдерінің негізгі және сәнді бөліктерін өңдеудің технологиялық ерекшеліктері, сырт киім бөліктерін жинақтау, заманауи ұлттық колоритмдегі тігін бұйымдар өңдеу технологиясы, критериалды бағалау қарастырылады. Технологиялық білімін практикада қолдану тәсілдері, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау білігі сипатталады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Сәндегі ұлттық реңк элементтері мен үрдістері
Реңктердің үйлесу негіздері, даму теориясын зерттеу, түс табиғаты негізгі, құрама және қосымша түстер, түстердің араласуы, түс үйлесімі, түс тілі, түс үйлесімі және түс мәдениеті, ұлттық руханият, «қыстық – күздік тенденция» және «көктем – жаздық тенденция», алқызыл түстердің реңктері қарастырылады. Сәндегі ұлттық реңк элементтері мен үрдістерді ғылыми түрде жетілдіру үшін командаларда коммуникативтілік сипатталады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Коллекция бұйымдарын жобалау
Перспективалы, өнеркәсіптік базалық коллекциялар, авторлық коллекциялар, арнайы мақсаттағы коллекциялар, жеке гардероб, тұтынушылардың белгілі бір түрлері қарастырылады; топтық (белгілі бір адамдар тобы): нысанды киім (мектеп, муниципалды милиция формасы), фирмалық киім (Аэрофлот қызметкерлері, сауда фирмалары үшін), делегацияларға арналған өкілдік және киім топтамалары (ұлттық команда Олимпиада ойындары). Жаңа топтамалармен жұмыс сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 9
-
Ғылыми зерттеулердің негіздері
«Ғылыми зерттеулердің негіздері» пәні болашақ физика мұғалімдеріне ғылыми зерттеу процесінің теориялық және практикалық аспектілерін үйретеді. Курс ғылыми әдістемені, зерттеу жоспарлауды, деректерді жинау мен талдауды, сондай-ақ физика және педагогика саласындағы зерттеу нәтижелерін интерпретациялау мен ұсыну дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән студенттердің сыни ойлауын және ғылыми-педагогикалық мәселелерді шешу қабілетін дамытады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Материалмен жұмыс
Пән киім үлгілерін жобалау, конструкциялау процесінде материал таңдаудың теориялық және тәжірибелік негіздерін меңгертуге бағытталған. Маталардың құрылымдық, технологиялық, эстетикалық сипаттамаларын зерттейді. Пән мазмұнына әр түрлі функционалды маталар сияқты заманауи инновациялық материалдарды қолдануды, киімнің функционалдық, көркемдік талаптарына сәйкес материалдарды дизайнерлік тұрғыда талдап, оларды өңдеу, тігу және әрлеу технологияларын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Дәстүрлі емес материалдардан бұйым жасау
Дәстүрлі емес материалдардан бұйым жасау пәнінде киім дизайнеріне қалдық, қайта өңделген, табиғи емес бей материалдардан бұйымдар жасауға креативті заманауи тұрғыдан қарауды, жаңа сәндік киімдерді, аксессуарлар жасауды, киімді жобалауды, көркем безендіруді, авторлық бұйымдар, эскиз жасауды, макет құруды үйрету дағдылары қарастырылады. Бей материалдарды сән әлемінде пайдаланудың тиімділігін шағырмашылық түрде дәлелдеуді үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Арнайы кескіндеме
Профильді саладағы кәсіби кескіндеме әдістері, түсті реңдер, контрастпен, түсті кескіндеме құралдары арқылы сәндік кескіндеменің ассоциативті-бейнелі тілін меңгеру, сәндік кескіндеме мен сәндік композициядағы кеңістіктік құрылыс жүйесі, колорит, сәндік формаларға заттардың трансформациясын АКТ –ны пайдалану арқылы практикада қолдану, графикалық бейнелер қарастырылады. Көркем түрде берілген көркем шығармашылық тапсырмаларды шешу, сыни ойлаумен сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Костюм макетін жобалау
Киім функциясын және классификациясын меңгеру, көркемдік шығармашылық кезең, киімді жобалау және көркемдік бейне, түс және оның киімде қолданылуы, жеке бұйымды жобалау, жаңа идеяларды іздеу қарастырылады. Жоба жоспарын әзірлеу, бұйым макеттерін орындау технологиясын практикада қолдану қарастырылады. Дизайнерлік жобалардағы қазіргі тенденцияларды іске асыру мақсаттарына сәйкес инновациялық технологияларды қолданумен сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 9
-
Этникалық стильдегі бұйымдар әзірлеу
Пәнді оқытуда этностильдік заманауи үлгіде ұлттық көп қырлы бұйымдардың (киім, жиһаз т.с.с) типтік ерекшеліктерін жаңғырту мүмкіндігі, ерекшеліктері, әр түрлі елдердің мәдениеті мен ұлттық дәстүрлері, этносқа тән белгілері, сәнді бағыттың ежелгі тамырлары және өткеннің идеялары, заман келбетін анықтауға сыни тұрғыдан қарасырылады, көркем ағымдардың өмірдегі орны танымдық және жалпы мәдениет концепцияларымен сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Дизайн психологиясы
Дизайн психологиясының киімге, аяқ киімге, аксессуарға тән қолданылуы, психологиялық заңдылықтары, болжам мен теорияның кең спектрі, елестету эволюциясы, кәсіптік саласы бойынша өмір бойы білім алу қажеттілігі қарастырылады. Сәннің элеуметтік-психологиялық қызметтерін, сәншілдер мен сәншіл еместер парадоксін, сәннің адам психологиясына әсерін шығармашылық жоба жұмысы ретінде практикада қолдану, бағалау, диагностикалау сипатталады
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Эбру техникасы
Эбру техникасының негіздерімен танысу, түстердің бұл ыңғырлығын бақылауды үйрену, күрделі өрнектер жасау және шығармашылық түйсігін дамыту қарастырылады. Осы өнердің тарихи және мәдени аспектілерін зерттеу және оны заманауи дизайн мен декор контекстінде қолдану және әрбір жасалған үлгінің бірегейлігі мен сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Киім аксессуарларының дизайны
Материалда орындалатын қажеттілігі бойынша эскиздік формада костюмді толықтыратын, әртүрлі заттар: сөмке, әмиян, бөкебай, орамал, галстук, шляпа және т.б., кестемен, шеттікпен, ызбамен, шілтермен, уақ- түйекпен, батикпен әрлеуді қолдана отырып, жалпы конструктивті негізде жобаланған және жаппай тиражбен шығарылатын, өндірістік бұйымдарды түрлендіру мүмкіндіктері қарастырылады. Аксесуарларды әзірлеуде АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын қолданады.
Оқу жылы - 5
Семестр - 1
Несиелер - 10
-
Бұйымды жобалаудың инновациялық технологиялары
Бұйымды жобалау процесінде қолданылатын заманауи әдістер мен құралдарды қарастырылады.Жобалаудың инновациялық технологияларын зерделеудің мақсаты студенттердің шығармашылық және инновациялық ойлау дағдыларын, сондай-ақ инновациялық және бәсекеге қабілетті өнімдерді жасау үшін заманауи құралдар мен технологияларды қолдану дағдыларын дамыту болып сипатталады.
Оқу жылы - 5
Семестр - 1
Несиелер - 9
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Дизайнерлік жобалардың өзекті тенденцияларын заман талабына сай қолданады, сән өнерінің даму кезеңдерін, теориялық білімі мен түсініктерін, мәдениет негіздерін, заманауи материалдардың түрлерін, қасиеттерін эко бағытта талдайды.
- Силуэттік, эстетикалық, функционалдық, өзекті сән үрдістерін және олардың нарықтық бәсекеге қабілеттілігіне қойылатын талаптарды ескере отырып, практикада жеке киім үлгілерін әзірлейді.
- Жеке және топтық жобаларда, пәндік-кеңістіктік, инклюзивті білім беру ортасында коммуникативтілік қабілеттерін, ғылыми зерттеу әдістері, құқықтық, қаржылық сауаттылық, кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асырады
- Графикалық бағдарламаларға, ақпараттық-коммуникациялық технологияларға, жасанды интеллектке (CorelDRAW, Adobe Illustrator, CLO 3D және т.б.) негізделген жаңа тенденциялардың, әр түрлі киім үлгілерінің және этникалық стильдегі модельдеудің конструктивті шешімдерін айқындайды.
- Көркем-графикалық техника мен образдарды, тақырыптық орта мен табиғаттың өзіндік бейнесін зерделейді.
- Фигураның, матаның текстурасының, түс үйлесіміне, шрифтқа сәйкес ұлттық және заманауи мәдениет элементтері бар сәнді эскиздерді қолмен немесе цифрлық форматта әзірлейді.
- Дизайн тарихын, стильдік ерекшеліктерді зерделеп, жобалық шешімдерге сәйкес оқу жетістіктерін критериалды түрде бағалайды, сән саласында эксперимент жасау және инновациялық идеяларды іске асырады.
- Сыни ойлауға негізделген заманауи материалдардың сәнді дизайн объектілерін жасау кезінде, объективті-кеңістіктік ортада жеке көріністер мен түс құрылымдарын, жобалау, графикалық және кескіндеме әдістерін қолданады.
- Интерьер аксессуарларын, киімнің функционалды және адаптивті ерекшеліктеріне байланысты мата композицияларын жобалау және модельдеу принциптерін анықтайды.
- Авторлық коллекцияларды жасау үшін киімді автоматтандырылған жобалау жүйелерін, материалдармен жұмыс істеу техникасы мен технологиясын, өнер саласындағы инновациялық және цифрлық қызметті пайдаланады.
Ұқсас БББ
6B02101 Дизайн және компьютерлік графика
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
6B02101 Дизайн
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті (Бөкетов ат. Қарұзу)
6B02101 Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
6B02101 Дизайн
Шәкәрім университеті
6B02101 Шығармашылық дизайн және технология
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
6B02101 Дизайн
Алматы технологиялық университеті (АТУ)
6B02101 Дизайн
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
6B02101 Дизайн
"МИРАС" университеті (Мирас)
6B02101 Дизайн
«Тұран-Астана» университеті
6B02101 Дизайн
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B02101 Дизайн
Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)
6B02101 Дизайн
Астана халықаралық университеті
6B02101 Дизайн
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті (Қозыбаев ат. СҚУ)