7M04101 Экономика в Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Экономикалық бейіндегі, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, қазіргі заманғы кәсіпорындар мен нарықтық құрылымдарға талап етілген, серпінді өзгермелі әлеуметтік және кәсіби қызмет жағдайларына тиімді бейімделуге қабілетті, негізгі кәсіби функцияларды іске асыруға жоғары дайындық деңгейіне ие, өз қызметінің кәсіби салаларын дамытудың сипаты мен бағытына конструктивті ықпал ете алатын, ұйымдастырушылық жұмыс пен басқару қызметінің дағдыларын меңгерген ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M070 Экономика
-
Білім беру саласы 7M04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару
Пәндер
-
Білім экономикасы және цифрлық трансформация
Пән магистранттардың цифрландыру мен жедел технологиялық прогресс жағдайында экономикалық дамудың жаңа тұжырымдамасы – білім экономикасы туралы жүйелі түсінігін қалыптастыруға бағытталған. Бұл үдеріс цифрландыру және жедел технологиялық прогресс жағдайында жүзеге асады. Ерекше назар адами капиталдың, цифрлық технологиялардың және инновациялардың ұйымдар мен мемлекеттердің тұрақты өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы өзара байланысына аударылады. Курс білім экономикасының теориялық-әдіснамалық негіздерін және бизнесте мен мемлекеттік басқарудағы цифрлық трансформацияның заманауи тәжірибелерін қамтиды. Магистранттар жасанды интеллект, үлкен деректер, цифрлық платформалар мен экожүйелердің басқару, өндіріс және еңбек нарығына әсерін зерттейді, сондай-ақ цифрландырудың мемлекеттік стратегияларын талдап, ұйымдарға арналған ұсынымдар әзірлеуді үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектеп педагогикасы
Пән жоғары мектеп педагогикасы бойынша әдіснамалық және практикалық білімдерін дамытуға, магистранттардың оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және жобалық қызмет құзыреттерін дамытуға бағытталған. Студентке бағытталған оқыту үрдісінде сандық және ЖИ-технологияларына, критериалды бағалауға, академиялық коммуникацияға, сондай-ақ әлеуметтік құндылықтарды ілгерілетуге және университет жағдайында білім беру процесін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Экономиканың теориясы мен практикасының өзекті мәселелері
Пән теориялық негіздерді меңгеруді және ұйымда қабылданатын стратегиялық шешімдерді ғылыми негіздеу үшін ұйымның стратегиялық жоспарын әзірлеудің практикалық тәсілдерін меңгеруді береді. Магистранттар экономиканы басқарудың негізгі экономикалық түсініктері мен категорияларын, экономикалық теория және экономикалық талдау әдістері, экономикалық жүйелер теориясы мен мүліктік қатынастар пәніне қазіргі көзқарастарды зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пән арнайы философиялық талдаудың пәні ретінде ғылым феноменінің мәселелерін қарастырады, ғылымның тарихы мен теориясы, ғылымның даму заңдылықтары және ғылыми білімнің құрылымы, ғылым мамандық және әлеуметтік институт ретінде, ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістері, ғылымның қоғам дамуындағы рөлі туралы білімді қалыптастырады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Шет тілі (кәсіби)
Осы пәнді оқу кезінде магистранттар зерттелетін лексикалық және грамматикалық тақырыптар шегінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгереді. Кәсіби қызмет саласында арнайы және ғылыми әдебиеттерді түсіну дағдыларын дамытуға көп көңіл бөлінеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инновациялық экономиканың теориясы
Пән магистранттардың инновациялық экономиканы талдау, бағалау және басқару методологиясының даму тарихы бойынша базалық білімдерді меңгеруіне бағытталған. Магистранттар нновациялық механизмдерді қалыптастыру жағдайында экономиканың қызмет етуінің теориялық негіздері мен заңдылықтарын, экономикалық дамудағы инновацияның рөлі мен маңызын жүйелі талдау әдістерін үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономикалық дамудың қазіргі заманғы теориялары
Бұл пәнді оқу экономикалық дамудың қазіргі заманғы концепцияларын оқып, экномикалық дамудың қазіргі заманғы теорияларына әртүрлі көзқарастарды талдауға мүмкіндік береді. Осы пәнді оқу кезінде магистранттар экономикалық дамудың қазіргі теорияларының мазмұнын, экономикалық дамудың қазіргі теорияларының негізгі концепцияларын біледі, экономикалық дамудың қазіргі теорияларына талдау жасай алады, әртүрлі елдердің экономикалық даму теориясына қатысты негізгі концепциялардың әртүрлі тәсілдерін анықтай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Пән адамдарды басқарудағы негізгі психологиялық білім мен практикалық дағдыларды игеруге, қазіргі тенденцияларды ескере отырып, кәсіби басқару құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған: эмоционалды интеллекті дамыту, тұрақты көшбасшылық, командалық өзара әрекеттесу және коммуникация, бейімделу менеджменті. Бағдарлама сыни және басқарушылық ойлауды, өзіндік талдау және рефлексия дағдыларын дамытуға бағытталған, бұл әсіресе инновациялық технологияларды енгізу, цифрлық трансформация, ЖИ қолдану, инклюзивті білім беру және еңбек нарығының тұрақты дамуы жағдайында маңызды
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Экономикадағы ғылыми және қолданбалы зерттеулердің әдістері
Бұл пән магистранттарда экономикадағы ғылыми және қолданбалы зерттеулер әдістемесінің теориялық және практикалық негіздерін, нарықтық қатынастардың қызмет етуі жағдайында әр түрлі меншік түріндегі кәсіпорындардың экономикалық қызметін бағалауды қалыптастыра алады, Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызметін тиімді дамыту үшін негізгі бағыттарды анықтай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстанның экономикалық тарихы
Бұл пәнді оқу барысында магистранттар Отан тарихы туралы ғылыми білімді меңгеріп, қазақ және басқа халықтардың барлық үздік дәстүрлерін құрметтеу және қабылдауды үйренеді. Республика экономикасының қалыптасу және "өткен-қазіргі-болашақ", "сала–өңір-жалпы халық шаруашылығы" тұрғысынан даму ерекшеліктерін білетін болады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында Қазақстанда өндіргіш күштерді орналастыру
Бұл пән орналастыру процестерінде іргелі білім алуға, ойлаудың дербес түрін қалыптастыруға, Қазақстанның өндіргіш күштерін орналастыру және дамыту процестерінің іргелі теорияларын талдауға бағытталған және төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында ерекше өзектілікке ие болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инвестициялық талдау
Курс қазіргі нарықтық жағдайда инвестицияларды бағалау және басқарудың теориялық әрі практикалық аспектілерін қамтиды. Инвестициялық шешімдерді қабылдауда жүйелі тәсілге, олардың тиімділігін бағалауға, инвестиция нысандарының тартымдылығын талдауға және инвестициялық жобаларды басқаруға ерекше көңіл бөлінеді. Курста дәстүрлі инвестициялық талдау әдістерімен қатар жасанды интеллект, үлкен деректер және зияткерлік жүйелерді пайдалану негізіндегі заманауи тәсілдер қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі экономикалық ойды жаңа экономикалық жүйеге айналдыру ретінде өзгерту
Бұл пән әлемдік экономикалық ойдың дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтары, көрнекті экономист ғалымдардың зияткерлік өмірбаяны мен негізгі жұмыстарының мазмұны, экономикалық теорияның негізгі ағымдары мен даму тенденциялары туралы нақты түсінік алуға мүмкіндік береді. Қазіргі жағдайда объективті әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты экономикалық ойдың модификациясы орын алады, бірақ оның көптеген ұстанымдардағы маңызды жағы өзгеріссіз қалады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инновациялық менеджмент
Бұл пән магистранттарда экономиканың нақты секторындағы инновациялық үдерістерді ұйымдастыру және басқару бойынша білім және дағды кешенін қалыптастырады, қабылданатын инновациялық шешімдердің тиімділігін бағалаудың қазіргі заманғы әдістерін үйретеді. Магистранттар алған теориялық білімдерін практикада қолданып, экономикалық теория шеңберінде бар негізгі әдіснамалық тәсілде еркін бағдарлай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Интернет технологиялары
Пән бүкіләлемдік ғаламторды жетілдіру тарихы, негізгі ұғымдар мен терминдер, Интернет-қосымшаларды құру және пайдалану үшін бағдарламалық жасақтама нарығында анықтау мүмкіндігі, HTML және CML бағдарламаларының тілдерін қолдана отырып, веб-қосымшаларды құрудың практикалық қабілеттерін алу, кәсіби интернет-ресурстар саласындағы жалпы және ерекше көкжиектерді арттыру туралы ақпарат қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономикалық зерттеулердің ретроспективтік әдістемесі
Бұл пәнді оқу кезінде магистранттар экономикалық талдаудың баламалы әдіснамалық тәсілдері мен құралдарын, экономикалық ғылым эволюциясының барлық кезеңінде негізгі теориялар мен доктриналар туралы теориялық білімді игере алады. Сондай-ақ экономикалық ғылымның теориялары мен әдіснамалық құралдарының эволюциясын, экономикалық ғылым тарихының негізгі кезеңдері мен бағыттарын кезеңдеуді, экономикалық ғылымда оның эволюциясының әртүрлі кезеңдерінде әдіснамалық және теориялық позициялардың мәнін аша біледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпорынның инновациялық қызметінің бизнес-жоспарлау жүйесі
Бұл пән инновациялық жобаларды бизнес-жоспарлаудың теориялық сұрақтары мен тәжірибелік аспектілерін кешенді түрде оқып үйренеді. Магистранттар инновациялық жобаларды бизнес-жоспарлаудың мәнін, құрылымын және ерекшеліктерін; инновациялық бизнес-жобаларды құрайтын және іске асыратын инвестициялық процеске қатысушыларды; басым инновациялық жобаларды анықтау және қаржыландыру саласындағы мемлекеттік саясатты біледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Биоэкономика негіздері
Пән биотехнологияларды қолдануға негізделген экономиканың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеуге бағытталған. Магистранттар Қазақстан экономикасының аграрлық секторында биоэкономиканың қалыптасуының басты мәселелерін талдап, аграрлық биоэкономиканы дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу қажеттілігі мен мазмұнын негіздейтін болады. Биоэкономикалық салалар мен өндірістерге инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістерін қолдану дағдыларын меңгереді
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Микро-макроэкономикалық талдау
Осы пәнді оқу кезінде магистранттар теориялық негіздерді меңгереді және ұйымда қабылданатын тактикалық және стратегиялық шешімдерді ғылыми негіздеу үшін ұйымның стратегиялық жоспарын әзірлеудің практикалық тәсілдерін меңгереді. Экономиканы басқарудың негізгі экономикалық түсініктері мен категорияларымен танысады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан экономикасын басқарудың қазіргі мәселелері
Бұл пән Қазақстан экономикасының қазіргі мәселелерін зерттеуге, экономиканы басқарудың мемлекеттік тұжырымдамасын жүзеге асыруға кедергі келтіретін неғұрлым күрделі сұрақтар мен мәселелерді анықтауға, Қазақстан экономикасын басқарумен байланысты сұрақтарды, экономиканы басқарудың әдістері мен формаларын білуге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Инновациялық жобаларды бизнес-жоспарлау
Бұл пән экономика магистрлерінде инновациялық үдерістерді, инвестициялар мен инновацияны бизнес-жоспарлау негізінде жобаларды ұйымдастыру және басқару бойынша білім мен дағды кешенін қалыптастыруға, олардың экономиканың нақты секторында жұмыс істеуіне, өндірісті ұйымдастырудағы қауіп-қатерді болдырмау мақсатында қабылданатын инновациялық шешімдердің тиімділігін бағалаудың қазіргі заманғы әдістерін зерделеуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Фирмаішілік жоспарлау
Бұл пәнді оқу кезінде магистранттар кәсіпорындағы жоспарлау негіздерін меңгереді, сонымен қатар ұйымның ағымдағы қызметін жоспарлауға назар аударылады. Магистранттар кәсіпорындағы жоспарларды әзірлеуге қойылатын заманауи әдістемелер мен талаптарды, кәсіпорындарда фирмаішілік жоспарлаудың ерекшеліктерін зерттей біледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Фирманың экономикалық қауіпсіздігі
Бұл пән магистранттарда мемлекеттің, Қазақстан Республикасы субъектілерінің, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қауіпсіздігі саласында теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру және алған білімдерін өзінің практикалық қызметінде қолдану арқылы қалыптастырады. Осы пәнді оқу кезінде магистранттар анықталған ауытқулардың, бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептері мен салдарын зерттеу және қорыту және оларды жоюға бағытталған ұсыныстар дайындау қабілетіне ие болады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін заманауи теориялар мен ғылыми тәсілдерді қолдану. Ұйымдарды дамытудың стратегиялық бағыттарын әзірлеу. Теориялық үлгілер мен экономикалық талдау әдістерін пайдалана отырып, жаһандық және ұлттық экономикадағы үдерістерді интерпретациялау. Макро- және микроэкономикадағы өзекті мәселелер мен экономикалық категорияларды жүйелі түрде түсіне отырып, ғылыми негізделген шешімдер қабылдау.
- Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды тарта отырып, ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыстарды жүргізу мен кәсіби қызмет саласында ақпараттық және компьютерлік технологияларды пайдалану.
- Шетел тілінде кәсіби ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, дайындық профилі бойынша арнайы және ғылыми әдебиеттерді түсіну. Академиялық және кәсіби ортада шетел тілін пайдалану.
- Нақты экономика секторындағы инновациялық және инвестициялық үдерістерді бағалап, оларды басқару тәсілдерін талдау. Инновацияларға инвестиция салу бойынша бизнес-жоспарлау негізінде жобалар әзірлеп, тиімді шешімдер ұсыну.
- Әлеуметтік маңызды мәселелер мен үрдістерді талдау және әлеуметтік-гуманитарлық және іргелі ғылымдар әдістерін қолдану.
- Ғылыми әзірлемелерді практикалық қызметке енгізу механизмі, ғылыми қоғамдастықтағы өзара іс-қимыл нормалары және педагогикалық және ғылыми этика туралы түсінікке ие болу.
- Инвестициялық-экономикалық нысандардың қызметін талдау, ғылыми негізделген қорытындылар жасау және тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау; инвестициялық қызметті ұйымдастырудың оңтайлы нысандарын таңдау; инвестициялық үдерістерді сипаттау және болжау үшін үлгілерді қолдану, сондай-ақ жасанды интеллект технологиялары мен үлкен деректерді өңдеу құралдарын қоса алғанда, сандық және сапалық талдау әдістерін пайдалану.
- Ұйымда қабылданатын стратегиялық шешімдерді ғылыми негіздеу үшін ұйымның стратегиялық жоспарын әзірлеудің теориялық негіздерін меңгеру және практикалық тәсілдерін меңгеру.
- Өндірістік күштерді әлеуметтік-экономикалық талдау тәсілдерін меңгеру және бұл әдістерді практикалық қызметте қолдану.
- Кәсіпорын деңгейіндегі басқару қызметінің барлық функционалдық бағыттарының іргелі негіздері; жоспарлау мазмұны мен басқарудағы негізгі тәсілдер, өндірісті ұйымдастыру, кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын негізгі сипаттамалар мен үрдістер туралы білімі болу.
- Заманауи теориялар мен әдістер негізінде дербес ғылыми зерттеу жүргізу, зерттеулер ақпаратын талдау және өңдеу.
Ұқсас БББ
7M04101 Экономика
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
7M04101.1 Экономика
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
7M04101 Экономика
«Тұран» университеті
7M04101 Нақты сектор экономикасы
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (ХИТУ)
7M04101 Экономика
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
7M04101 Экономика
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
7M04101 Инновацияның экономикасы
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ)
7M04101 Экономика
Esil University
7M04101 Өнеркәсіп экономикасы
Астана халықаралық университеті
7M04101 Экономика мен басқарудағы бизнес-аналитика
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
7M04101 Экономика
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
7M04101 Экономика
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
7M04101 Әлемдік экономика
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
7M04101 Экономика
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
7M04101 Экономика
Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты
7M04101 Экономика
Торайгыров университеті
7M04101 Экономика
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
7M04101 Экономика
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
7M04101 Экономика (бейіндік)
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
7M04101 Экономика
Алматы технологиялық университеті (АТУ)
7M04101 Экономика
Инновациялық Еуразия университеті
7M04101 Экономика
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
7M04101 Экономика
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
7M04101 Экономика
Қызылорда "Болашақ" университеті
7M04101 Экономика
Шымкент университеті
7M04101 Экономика
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
7M04101 Экономика
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
7M04101 Экономика
«Тұран-Астана» университеті
7M04101 Экономика
Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті
7M04101 Экономика
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
7M04101 Экономика
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
7M04101 Нақты сектор экономикасы
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (ХИТУ)
7M04101 Экономика
Esil University
7M04101 Инновацияның экономикасы
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ)
7M04101 Экономика
«Тұран» университеті
7M04101 Экономика
Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты
7M04101 Экономика
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті