Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M04101 Экономика в Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

Пәндер

  • Кəсіпорынды экономикалық талдау

    Кəсіпорынды экономикалық талдау курсы- таңдау бойынша пəн, экономика саласының əр түрлі бағыттағы магистранттарының игеруіне арналған оқу жоспарының негізгі құрамының бөлігі болып табылады. Бұл пəн экономикалық мамандыққа мамандарды əзірлеудің деңгейін анықтауда, Қазақстан экомикасының нарықтық жүйеге айналуының иституционалдық дамуының ерекшеліктерін зерттейтін экономикалық пəндердің ішіндегі маңыздыларының бірі болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Оқытудың әдістері мен педагогикалық инновациялар

    Бұл пән магистранттарға жоғары білім беру жүйесінде қолданылатын оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық инновациялар туралы теориялық және практикалық білім береді. Пәннің мазмұны білім алушыларды оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыруға, оқыту әдістемесі мен технологияларын әзірлеуге және оларды академиялық курстарда қолдануға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Еліміздің маңызды ғылыми жетістіктері мен приоритеттері және жаңа ғылыми-техникалық бағыттар: биотехнология, нанотехнология, космостық қызмет және ақпараттық-коммуникациялық технология салаларындағы табысты зерттеулер жайлы мәліметтер жинақтау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және нәтижелерді коммерциализациялау

    Ғылыми зерттеу-ғылым мен практиканың, сондай-ақ проблемалық жағдаяттың өзара қарым-қатынасының жемісі ретінде. Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың өзекті мәселелері. Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың принцптері. Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі формалары. Зерттеушінің ғылыми-зерттеу құзыреттілігін қалыпастырудың маңыздылығы мен негізгі кезеңдері. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін коммерциализациялау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Курс білім алушыларда ғылыми ойдың тарихи дамуы туралы білімді және ғылым мен гуманитарлық ғылымдардың мәдени, әлеуметтік және институционалдық факторлармен өзара әрекеттесу әдістемесін, жалпы адамзаттық мәдениеттің ерекшеліктері ретінде ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясын терең түсінуге негізделген, пәнаралық дүниетанымды қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Микро-макроэкономикалық талдау

    Курс магистранттарда нақты теориялық білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады; микро және макроэкономикалық модельдерді талдаудың әдіснамалық принциптерін түсіну қабілетін дамыту; макроэкономикалық талдаудың практикалық дағдыларын, сондай - ақ микро және макро деңгейде шешім қабылдау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Цифрлық технологиялардың экономикалық тиімділігі

    Cтуденттерді ақпараттық технологияларды енгізу бойынша жобаларды Экономикалық талдаудың негізгі әдістері мен құралдарымен, сондай-ақ бизнестегі цифрлық шешімдердің рөлімен және олардың ұйымның бәсекеге қабілеттілігіне әсерімен таныстыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Курс білім алушыларда тұлғааралық және мәдениетаралық өзара іс-қимыл міндеттерін шешу үшін шет тілінде (ағылшын тілінде) ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасау қабілетін қамтамасыз ететін құзыреттерді қалыптастыру мақсатында зерделенеді; сыни ойлау қағидаттары негізінде өз көзқарасын нақты және дәлелді түрде баяндайды және қарым-қатынас жасайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Басқару психологиясы

    Курс білім алушыларда бизнес қоғамдастықтың әлеуметтік-экономикалық даму тенденцияларын ескере отырып, персоналдың, жеке адамның және топтардың мінез-құлқын басқарудың заманауи әдіснамасы туралы, бәсекеге қабілетті ұйымдастырушылық мәдениетті қалыптастырудағы психология әдістері және инновацияларға ықпал ететін персоналды ынталандыру; сыни ойлау, интроспекция және жеке қасиеттер арқылы ойлаудың біржақтылығын жеңе отырып, тиімді қарым-қатынас жасау қабілеті туралы білімді қалыптастыру мақсатында зерттеледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Кәсіпорында жоспарлау және болжау

    Кәсіпорында жоспарлау, жоспарлау процесін ұйымдастыру, кәсіпорын жоспарларының жүйесі, бюджеттеу: операциялық және қаржылық жоспар құру, инвестициялық талдау негіздері, бизнесті жоспарлау, бизнес-жоспар құру және оны қорғау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономиканы әртараптандыру теориясы мен практикасы

    Экономиканы әртараптандыру мен жаңғыртудың теориялық және практикалық негіздері туралы түсінік.Экономиканы әртараптандыру мен жаңғыртудың мақсаты, міндеттері мен қағидаттарын, экономиканы әртараптандыру мен жаңғыртуды іске асырудың негізгі бағыттары, экономиканы әртараптандыру мен жаңғыртуды іске асырудың мақсаты, міндеттері, бағыттары. Экономиканың басым секторларын, экспорттық әлеуеті бар ішкі сұраныс негізінде салаларды, болашақ экономикасының секторларын дамыту, басым секторларды дамытуды қолдау шаралары. Экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Экономикадағы жасанды интеллект

    Жасанды интеллектке кіріспе; машиналық оқыту терминологиясы; деректерді визуализациялау; сараптамалық жүйелердің мәселелері мен технологиялары; статистика негіздері; зерттеу деректерін өңдеу және түсіндіру мәселелерін шешу үшін жасанды интеллектті пайдалану; экономист жұмысына арналған AI бағдарламалық қамтамасыз ету; кәсіби мәселелерді шешуде жасанды интеллектті практикалық қолдану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Инновацияны басқарудағы статистикалық әдістер

    Инновациялардың енеуіне кедергі болатын факторлар, инновациялықшешемдерді қабылдау процессі. Жобалар қызмет етуінің экономикалық механизмін оқытуда магистранттардың экономикалық ойлауын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тәуекелдерді басқару және комплаенс

    Cәйкестік тәуекелі ұғымы. Комплаенс-тәуекелдердің түрлері мен көздері комплаенс ұғымы. Тәуекелді анықтау. Тәуекелдерді басқару. Ұйымды басқарудағы тәуекелге бағытталған тәсіл. Сәйкестік тәуекелдерінің түрлері мен көздері. Комплаенс-рискаларды басқару саласындағы нормативтік-құқықтық реттеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Өнеркәсіптегі ақпараттық технологиялар

    Aқпараттық технологиялардың анықтамасы. Кәсіпорындағы ақпараттық технологиялардың негізгі функциялары. Қажетті деректерді жинау, сақтау, іздеу, жүйелеу және өңдеу, жаңа ақпаратты әзірлеу, оңтайландыру мәселелерін шешу. Ақпараттық технологияларды дамытудың негізгі бағыттары. Өнеркәсіптегі ақпараттық технологиялардың құрылымы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Тәуекелдерді талдау және бағалау

    Пәннің мазмұны кәсіпкерлік тәуекелдердің мәнін, ішкі және сыртқы тәуекелдердің көздерін, кәсіпкерлік тәуекелдерді бағалау әдістерін, тәуекелдерді басқаруды, қаржылық, өндірістік, банктік тәуекелдерді бағалау әдістерін зерделеуге байланысты мәселелер шеңберін қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Өндіріс экономикасы және ұйымдастыру

    Кəсіпорынның өндірістік жəне жалпы құрылымы. Өндірістік процесс жəне оны уақытында ұйымдастыру. Өндірісті ұйымдастырудың типтері мен формалары. Ғылыми-техникалық дайындықты жəне өндірісті жетілдіруді ұйымдастыру. Кəсіпорынның инновациялық қызметін ұйымдастыру негіздері. Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру. Қоршаған ортаны қорғау жəне табиғи ресурстарды рационалды пайдалануды ұйымдастыру

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бизнесті зерттеу

    Бизнес зерттеудің теориялық негіздері. Ғылыми ақпаратты іздеу, жинақтау және өңдеу. Кәсіпорынды басқарудағы бизнес зерттеудің мәні мен маңызы. Бизнес зерттеудің рӛлі, тәжірибесі және пайдаланылмайтын мүмкіндіктері. Жеткізушілер мен тұтынушыларды зерттеу. Зерттеудің теориялық деңгейі: идеализация, формализация, гипотезаны қабылдау, теорияны құру. Зерттеудің эмпирикалық деңгейі. Ғылыми зерттеу тақырыптарын таңдау және бағалау әдістері. Теориялық және эксперименттік зерттеу әдістемесін әзірлеу. Эксперимент әдіснамасы эксперименттің жалпы құрылымы. Экспериментті метрологиялық қамтамасыз ету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Өнеркәсіп экономикасы

    Аталған білім беру бағдарламасының пəндерін оқу шаруашылық процесін модельдеу жəне кəсіпорын қызметіне кешенді диагностика жүргізуге, ауылшаруашылық өндірісін жəне шағын бизнесті ұйымдастыру, еңбекті мөлшерлеу жəне еңбекақы, менеджмент, маркетинг, баға белгілеу, компьютерлік технология жəне интернет-шешім төңірегінде қазіргі терең теориялық білім мен тəжірибелік дағдыны иеленуге, кəсіпорын шығындарын болжау жəне жоспарлауды, оңтайлы басқара білу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инновациялық бизнесті дамытудың ұйымдастыру формасы

    Осы курс студенттерге инвестицияны экономикалық бағалау туралы кең спектрлық көрініс береді: инвестиция экономикалық санат ретінде, инвестициялық қвзметін мемлекеттік реттеу теориясымен практикасы, инвестициялық жоба, оның негізі мен іске асыру сатылары, инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау принциптері мен əдістері;инвестициялық ұсыныс жəне талдау; кəсіпорын мінездемес жəне инвестиция үшін болжамды бағыттар; жобаны іске асыру үшін қаржыландыру көздерін қалыптастыру; инвестициялардың экономикалық талдау əдісі, пайдалылық əдісі(кіріс индексінің есебі); дисконтталған мерзімде инвестиция шығынының орны толтыру; кірістің ішкі нормасының əдісі. Жобаның қаржылық тиімділігінің салыстыру-талдау көрсеткіштерін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Стратегиялық және индекативтік жоспарлау

    Стратегиялық және индекативтік жоспарлаудың мәні мен принциптері. Стратегиялық мақсаттылық. сыртқы ортаны стратегиялық талдау. Ішкі ортаны стратегиялық талдау. Стартегиялық позициялар. Стратегияны таңдау және бағалау. Индекативті жоспарлаудың түсінігі. Стратегияны жүзеге асыру үрдісі. Стратегия және ұйымның басқару потенциалы. Қоғамның әлеуметтік дамуын стратегиялық жоспарлау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Институционалдық экономика

    Бұл пəн экономикалық мамандыққа мамандарды əзірлеудің деңгейін анықтауда, Қазақстан экомикасының нарықтық жүйеге айналуының иституционалдық дамуының ерекшеліктерін зерттеу, институционалдық экономика жəне оның қазіргі экономика теориясындағы орны.Институционалдық емес экономикадағы адам іс-əрекетінің үлгісі. Меншік мінездемесі жəне Коуз теорияасы.Трансакция жəне трансакциялық шығындар. Трансакциялық шығындар жəне келісім-шарттық қатынастар. Фирма экономикалық ұйым ретінде. Институтционалдық концепциядағы мемлекет. Институтционалық өзгерістер. Қазақстандық шаруашылықтың дамуының институционалдық теориясын оқып үйрену.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бизнес процестерді басқару

    Бизнес-үдерістердің нақты жағдайларында бағдарлануға дағдылану; кәсіпорынға қауіп-қатерлерді бағалау және мүмкіндіктерді анықтау бойынша білім мен дағдылар, нақты ӛндірістік-шаруашылық жағдайларды шешудің теориялық және практикалық дағдыларын меңгеру; Бизнес үдерістердің түсінігі және жіктелуі; кәсіпорында үдерістерді бӛлу ережесі, ерекшеліктері және әдістемесі; бизнес-үрдістерді құжаттау әдістемесі; бизнес-үрдістері моделдеу және сипаттамасы; бизнес-үрдістерді талдау талдау және олардың кӛрсеткіштерін ӛлшеу; үдеріс параметрлерін мониторингілеу және бақылау; бизнес-үрдістерді жoбалау; бизнес-үрдістерді жетілдіру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Фирманың экономикалық қауіпсіздігі

    Курс студенттің фирманың экономикалық қауіпсіздігі саласындағы құзыреттерін қалыптастыру мақсатында оқытылады, магистранттарды белгісіздік пен тәуекел жағдайында аймақ пен кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша білімді практикалық пайдалануға дайындау

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Инклюзивті білім беру процесін жобалау

    Курс білім алушыларда мектепке дейінгі, жалпы орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру бағдарламаларын әзірлеу, енгізу және бағалау үшін қажетті қағидаттарды, әдістемелер мен құралдарды жүйелі түсінуді қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Бизнес шешімдеріне арналған қаржылық-экономикалық талдау

    Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметін талдаудың мәні, мақсаттары мен міндеттері. Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметін талдаудың ақпараттық дерекқоры. Персоналды басқару әдістері. Жоспарлау-экономикалық бөлімінің жұмысын құру. Компанияның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жүйесі; Компанияның басқару және мониторинг жүйесі. Қаржылық-экономикалық есеп және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау. Қаржы активтерін бағалау. Қаржылық болжау және қаржылық-экономикалық жоспарлау жүйесі. Компанияларды дамыту стратегиясын қарастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • "Жасыл" экономика негіздері

    Cтуденттерге қазіргі әлемдегі "жасыл" экономиканы түсіну, оның мазмұны мен тұрақты дамудың негізі ретінде іске асыру құралдары туралы жан-жақты білім алуға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Экономикадағы логистикалық басқару

    Логистикалық менеджмент-бұл өнімнің қажеттілігі туындаған сәттен бастап компанияның тиімділігін арттыру үшін осы қажеттілікті қанағаттандыру сәтіне дейін өнім ағынын және онымен байланысты ағындарды ілгерілету мақсатында интеграцияланған бизнес-процестерді басқару. Логистика компанияның жабдықтау, өндіру, маркетинг, тарату, сатуды ұйымдастыру сияқты негізгі бизнес салалары арасындағы өзара әрекеттесуді біріктіруге және жақсартуға қабілетті.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7

Оқыту нәтижелері

  • мәселені шығармашылықпен шешу мақсатында негізгі концепциялары мен зерттеу құралдарын айқындай алады;
  • экономикалық саланың озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсете алады және кәсіби деңгейде білім мен түсінуді қолданып, дәлелдерді қалыптастыра алады;
  • ортақ мақсатқа жету үшін командада, көшбасшылықта креативтілік көрсете алады;
  • экономика саласында АКТ-ны және цифрлық ресурстарын пайдалана алады;
  • экономика саласындағы мәселелердің шешімін және қорытындылардың тұжырымдарын талдай алады;
  • өзінің және басқалардың идеялары, әрекеттері мен пайымдауларына қызығушылық таныту негізінде сыни және жүйелі ойлауын дамыта алады;
  • берілген ақпаратқа сүйене отырып, теориялық және практикалық білімді қолдана алады;
  • экономикалық есептеу әдістерін кәсіби салада қолдана алады және басқару шешімдерді қабылдай алады.
  • Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында педагогикалық идеяларды, жетістікті нәтижелер мен инновациялық тәсілдерді ілгерілете алады.
  • командада, тұлғааралық қарым-қатынаста, тиімді жұмыс істеуде коммуникативтілік көрсете алады;
  • экономика саласында кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдана алады;
  • экономикалық динамиканы және статиканы зерттеуді ұдайы өндірістік бағытта жүргізеді және байланыстар мен тәуелділіктерді экономикалық өсу бағытынан зерттеу жасай алады;

Ұқсас БББ

7M04101.1 Экономика

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті (Бөкетов ат. Қарұзу)

7M04101 Экономика

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

7M04101 Экономика мен басқарудағы бизнес-аналитика

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті (Досмұхамедов а. АтУ)

7M04101 Экономика

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

7M04101 Әлемдік экономика

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

7M04101 Экономика

Торайгыров университеті

7M04101 Экономика

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

7M04101 Экономика

Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)

7M04101 Экономика (бейіндік)

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

7M04101 Экономика

Алматы технологиялық университеті (АТУ)

7M04101 Экономика

Инновациялық Еуразия университеті

7M04101 Экономика

Қызылорда "Болашақ" университеті

7M04101 Экономика

Шымкент университеті (ШымУ)

7M04101 Экономика

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті (Бөкетов ат. Қарұзу)

7M04101 Экономика

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

7M04101 Экономика

«Тұран-Астана» университеті

7M04101 Экономика

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті

7M04101 Экономика

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

7M04101 Экономика

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

7M04101 Экономика

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

7M04101 Нақты сектор экономикасы

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (ХИТУ)

7M04101 Экономика

Esil University

7M04101 Инновацияның экономикасы

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ)

7M04101 Экономика

«Тұран» университеті

7M04101 Экономика

Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты

7M04101 Экономика

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

7M04101 Өнеркәсіп экономикасы

Астана халықаралық университеті

7M04101 Экономика

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті (Қозыбаев ат. СҚУ)

7M04101 Экономика

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті (Мұртаза ат. ХТУ)

Top